
- •1.Психология пән міндеттері.
- •2.Психология ғылымының дамуы
- •3.Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
- •4.Психология ғылымдарының салалары
- •5.Байқау және оның түрлері
- •6. Эксперимент және оның түрлері
- •7.Қосалқы әдістер: тест,анкета,интервью,әңгімелесу,әлеуметтік өлшем әдісі.
- •8. Ми және психика.
- •9. Психиканың пайда болуы
- •10.Жүйке жүйесінің құрылымы
- •11.Жануар психикасының дамуы
- •12.Адам санасының дамуы
- •13.Сананың ең жоғарғы даму сатысы
- •14.Психика және сана эволюциялық дамудың жемісі және нәтижесі
- •15.Сананың дамуындағы еңбектің ролі
- •16.Сана және тіл
- •17.Зейін туралы түсінік
- •18.Зейін түрлері
- •19.Зейін қасиеттері
- •20.Түйсік туралы түсінік
- •21.Түйсік түрлері
- •22.Түйсік заңдылықтары
- •23.Қабылдау туралы түсінік
- •24.Қабылдау ерекшеліктері
- •25.Қабылдау түрлері
- •26.Уақытты және кеңістікті қабылдау
- •27.Байқау және байқағыштық
- •28.Ес туралы түсінік
- •29.Ес түрлері
- •30.Ес процестері
- •31.Ойлау туралы түсінік
- •32.Ойлау түрлері және формалары
- •33.Ойлау операциялары
- •34.Сөйлеу туралы түсінік
- •35.Сөйлеу түрлері функциялары
- •36.Қиял туралы түсінік
- •37.Қиял түрлері.Олардың жасалу тәсілдері
- •38.Эмоция және сезім туралы түсінік
- •39.Жоғары сезімдері
- •40.Күрделі эмоциялар
- •41.Ерік туралы түсінік
- •42.Ерік сапалары
- •43.Темперамент туралы түсінік
- •44. Темперамент типтері
- •46.Мінез бітістері
- •47. Мінездің құрылымы
- •48. Қабілет туралы түсінік
- •56. Л.С. Выготскийдің мәдени – тарихи теориясы
- •57. Зейінді зерттеудегі п.Я.Гальперин еңбегі
- •65. Стрес мәселесі
- •66. Мативацияның биологиялық формасы, олардың филогенезде дамуы
- •76. Ж.Пиаженің операцоналды интелект теориясы
- •77.А.Н.Ленттьевтің іс – әрекеттік және д.Б.Эльконеннің жас кезеңдері теориялары
- •78.Нәрестелік кезең
- •79.Сәбилік кезең
- •83.Жеткіншек жас
- •84.Балғын жастық кезең
- •85.Ересек жас
- •91.З.Фрейд бойынша адам тұлғасының моделі
- •92.Психикалық дамудың кезеңдері
- •93.Психоанализ теориясының мәні
- •94.Жас кезеңінің анықталуы
- •95.Д.Б.Эльконин бойынша жас кезеңінің бөлінуі
- •96.Жас кезеңге байланысты ұғымдар
27.Байқау және байқағыштық
Байқау дегеніміз- белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Көріп қана қою жеткіліксіз, затты білу үшін көзқарас, пікір керек. Бақылау дегеніміз әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әрекет. Ой жүгірту зейін қою- бақылаудағы негізгі әрекеттер. Ұлы физиолог ғалым Павлов бақылауға ерекше мән беріп, лабораториясының маңдайшасына «бақылау» деген сөзді 3 қайтара жазып қойған. Байқағыштық- адамға ерекше бір пайдалы қасиет.Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін мысалдар көп.
28.Ес туралы түсінік
Өткен тәжірибені жадымызда қалдырып, сақтап, оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп аталады. Ес адамға өте қажет. Ол арқылы субьект жеке өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, пайдасына жаратады. ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты ес заңдылықтарын ашты. Естің жоғарғы формаларының дамуын орыс ғалымы Л.С. Выготский ХХ ғ. ашты. Әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін дәлелдеді. А.А. Смирнов, П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы заңын ашып, жадта қалдырудың алға қойған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеді. Келе-келе ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табу және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашушы зерттеулер пайда болды. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типін: 1. сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.(бұл сезім мүшеміз қабылдаған көріністерді толық дәл сақтау, бірақ 1 сек. еске түсіп, тез жойылып кетеді). 2. Қысқа мерзімді ес: ( Бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді). 3. Ұзақ мерзімді ес: ( жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді).
29.Ес түрлері
Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады. Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады.
Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады. Сөздік-логикалық мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде.Нақты қызметтік ес – адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандайда бір әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз.
30.Ес процестері
Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз. Мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерсіз есте қалдыру, яғни болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы, Өмірде кездесетіндердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: заттар, құбылыстар, оқиғалар және т.б, ал олардың әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Ырықты есте ақпараттың санада бекіп қалуы үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар ретімен өзгеріссіз есте қалады. Мұндай есте қалдыруда адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенсе, мағыналы есте қалдыруда материалдық ішкі логикалық байланыстарына сүйенеді. Сондықтан механикалықтан гөрі мағыналық есте қалдыру тиімді, механикалық есте қалдыру сан мәрте қайталау керек, ал ол жатталған нәрсе керек кезінде еске түсе бермейді. Материалды түсініп, ұғу үшін түрлі әдістер қолданылады.Материалды ұғынудың пайдалы әдісі – салыстыру, заттар, құбылыстар, оқиғалар арасындағы ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Есте берік қалдыру жолы – қайталап тұру. ол әртүрлі немесе белсенді болуы керек. (сұрақтарға жауап беру, схема, таблица) уақытқа байланысты қайталау: 1. Жинақты – материал қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. 2. Бөлшектенген – тиімді, қуат пен уақыт үнемделеді, білім берік есте қалады.