Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletti_1187_shpory_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.1 Кб
Скачать

23.Қабылдау туралы түсінік

Қабылдау- адамның сезім мүшелерінің тікелей әсер етуі арқылы заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнеленуі.Сонда, қабылдау дәл түйсік сияқты, түйсік - бір ғана қасиеті бейнеленсе, ал қабылдауда тұтастай бейнеленеді. Қабылдауды түйсіктердің қосындысы деп санамау керек. Қабылдау сапалы түрде сезімдік танымның жаңа бір деңгейі болып табылады. Қабылдау сезімнен әлде қайда жоғары. Қабылдау тек бір заттың толығымен көрініс беретін жай механикалық бейнесі емес, қабылдау бір ақпараттың бөлінуі, бұл - әрекет. Философиялық түсінік бойынша, белсенді түсінік байқалады. Бірақ бұл түсінікті психикалық бейнеде қарастырсақ, белсенділікпен қатар, міндетті түрде құштарлықтың, яғни әрекет бейнесі және жеке бастың, адамның, әрекеттің субъектісінің нәтижелері де бар. Сондықтан да қабылдауда адамның психикалық өмірі мен жеке бастылығы көрінеді.

24.Қабылдау ерекшеліктері

1)Таңдамалылық – жеке адамның қызығушылығына, бағдарына және қажеттіліктеріне байланысты сыртқы орта заттары мен құбылыстарын қабылдау қабілеттілігі.2)Қабылдаудың заттылығы – адамының сыртқы орта заттарының құбылыстарының белгілі-бір топқа қатысты нақтылап қабылдауға қабілеті. Затты қабылдауда 3 нәрсе жақсы көріну керек: а) фон, б) контур, в) заттың өзі.

3)Апперцепция- бұл қабылдаудың адамның алдыңғы іс-тәжірибесінен, іс-әрекетінен тәуелділігі. Апперцепция бірден пайда болмайды.4)Қабылдаудың мағыналылығы – кез-келген қабылдау заты нақты бір мағынаға ие болады. 5)Қабылдаудың тұрақтылығы – бұл заттың физикалық қасиеттерін білумен және танымалдылығымен байланысты болып тұрақталынуы.6)Қабылдаудың тұтастығы - адамның санасында заттардың көптеген сипаттамаларымен, қасиеттерімен бірге қабылдануы.

25.Қабылдау түрлері

Қабылдау бейнелеудің формасына байланысты 3 түрлі болады:1.кеңістікті қабылдау 2.уақытты қабылдау 3.қозғалысты қабылдау

Қабылдаудың мақсатқа байланысты 2 түрі болады:

1.арнайы қабылдау (ырықты) 2.арнайы емес қабылдау (ырықсыз)

Қабылдаудың 3 түрі ұйымдастырылуына байланысты:1.ұйымдастыра қабыладу (байқау) 2.ұйымдастырылмаған қабылдау. Арнайы емес қабылдау – сыртқы қоршаған орта заттарымен, адамның ерік күшіне байланысты емес арнайы міндет қоймай қабылдануы.Ұйымдасқан – мақсат бағдарлы жоспарлы түрде сыртқы орта заттарымен құбылыстарының мида бейнеленуі. 2-ші сигнал жүйесінің (тіл) рөлі жоғары болады. Байқаудың қарапайым қабылдаудан айырмашылығы осы.Ұйымдаспаған қабылдау – сыртқы ортаны жоспарсыз, мақсат бағдарсыз қабылдау. Сонымен, қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерді және бөлшектерімен бірігіп сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.

26.Уақытты және кеңістікті қабылдау

Кеңістіктегі объектілерді қабылдау- күрделі процесс.Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түрі бар: ұзын-қысқа , енді-енсіз, биік-аласа, үлкен- кіші, т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр –түсі әртарапты байқалып, анық көруге мүмкіндік туады. Қашықтықпен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып, әрекет ету қажет. Бұл жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарағанда олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілегін аккомадация (көз үйрену) деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]