Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletti_1187_shpory_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.1 Кб
Скачать

10.Жүйке жүйесінің құрылымы

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады.Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлталардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып,сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нефрит(немесе аксон), ал екіншісі- көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп, бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериалық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериалық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әртүрлі шеткі жүйкелер жатады.

11.Жануар психикасының дамуы

Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез-құлықтың әртүрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады. Жануарларда дағды дара тәжірибенің нәтижесінде қалыптасады. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да оңайырақ, тезірек болады. Дағды инстиктерге қарағанда өзгермелі мінез-құлықтың икемді түрі. Сондықтан жануар ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады.

12.Адам санасының дамуы

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.

13.Сананың ең жоғарғы даму сатысы

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]