Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletti_1187_shpory_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.1 Кб
Скачать

48. Қабілет туралы түсінік

Әрқандай іс- әрекетке байланысты адам қандай да қызметті  орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Қабілеттердің табысты іс - әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлықдара өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс - әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.Іс - әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

49. Қабілет түрлері және деңгейлері

50.Жеке адам туралы түсінік

Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері мен мінез-құлық тұрақтылығын шарттайтын индивидуалды сипаты және мінез-құлық тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы.Адам индивид болып дүниеге келгеннен кейін, қоғамдық өзара қатынастар және процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады.

51. Адам, жеке адам, индивид , даралық ұғымдарының арақатынасы

52. Жеке адам құрылымы

Тұлғаның өмірлік бағдарлануы. Бағдарлану – бұл көзқарастар және сенімдермен нығайтылған құндылықтар, қажеттіліктер, алдыға қойған мақсаттарының құрылымы. Бағдарлану – мақсаттар мен түрткілерде көрінеді. Мақсат бұл бағдарлануға талпыныс, ал түрткі қуат, ішкі мәнділік береді. Бағыттылық – тұлғаның негізгі жетекші өмірлік мақсатын анықтайтын мотивациялық құрылымы. Бір адамдар шығармашылыққа, біреулері қажеттілікке, кейбір адамдар жасампаздыққа, кейбіреулері бұзушылыққа, кейбірі қоғамда дұрыс, кейбірі жат, теріс бағдарланған. Кейде адамның бағдарлануында нақтылық, айқындылық көрінбейді. Адам бағыттылығы жайлы теориялар өте көп. Соның бірі австрия философы Эдуард Шпронгердің тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға байланысты бағдарлану типтері:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси,діни.

53. Іс – әрекет туралы түсінік

ІС-ӘРЕКЕТ– Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады. Адамның іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғалымдар зерттеді. Іс-әрекет-адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Психология-іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ой тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады.Іс-әрекет құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді.Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі — қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет субьект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеде көрінеді. . Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалдық құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Адам үшін ең маңызды іс-әрекет – үйрену. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды. Іс-әрекет- бұл адамның әлеммен қарым-қатынастарының динамикалық жүйесі.

54. Іс – әрекет түрлері

Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: Ойын, оқу, еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Ойын – өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет.Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды.Ойын түрлері: рөлдік ойын, құрастыратын ойын, сюжеттік-рөлдік ойындар.

Оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері алмаса отырып, әрбір адамның өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан кейін болып, еңбекке даярлайды. Жалпы мақсаты бойынша еңбекке жақындап, ойыннан ерекше түрде айрықшаланады: оқуда, еңбекте сияқты, тапсырмаларды орындау, тәртіпті сақтау керек және оқу жұмысы міндеттерден құралып келеді. Оқудағы тұлғаның жалпы мақсаты енді ойын емес – еңбек. Сонымен оқудың негізгі мақсаты – бұл болашақ өзіндік еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы – адамның алдыңғы еңбегі жасаған қорытынды нәтижелерді меңгеру.Еңбек. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен тығыз байланысты. Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні.

55. Іс – әрекет құрылымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]