Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletti_1187_shpory_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.1 Кб
Скачать

46.Мінез бітістері

Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей: Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын  мінез   бітістері  әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін  мінез   бітістері кіреді. Бұларға: гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін  мінез   бітістері  де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, иницитивалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді. Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы әр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады. Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бақыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос "пысықтығын" мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді. Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге -мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т.б. жатса, әлсіз мінезге негативизм иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т.б. кіреді. Мінез ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастақ, итмінез т.б. түрлерге бөлінеді.

47. Мінездің құрылымы

Адамның мінезін оның құрылымын анықтау дегеніміз  мінездің  негізгі компоненттерінің не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Бірақ мінез – бір бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы  болып табылады. Сондықтан адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін жүйесі; және еріктік ерекшелектері білуге болады. Олар белплі бір жағдаида тұрақты көріністер беріп,  мінездің бітістеріне айналады.  Мінездің  бітістері деп осы ортамен қарым қатынаста, іс-әрекетте көрінетін мінез-құлықтарын айтамыз. Адамның мінез-құлқы оның іс-әрекеттің итермелеуші күші болып отырады. Мінез адамға туа бітпейді, бірақ ол оның табиғаты, мәселен нерв қызметінің ерекшеліктерімен байланысты келеді. Нерв процестерінің (козу мен тежеудің) тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі -осылардың бәрі мінез көріністеріне түрліше рең береді. Сөйтіп мінездің табиғи негізі жоғары нерв қызметінің типтерінен байқалып, адамның темпераментімен тығыз байланысты келеді. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының көтеріңкі -төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайда, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды.Мінездің дамуы, оның бітістеріңің қалыптасуы, айқындығы – табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуациаларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мінез құрылымы өмір барысында өзгермей тұрмайды. Өсу, даму процесінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайларыда өзгеріске түседі, адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке адам кұрылымда өзгерістер туғызып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]