
- •1.Психология пән міндеттері.
- •2.Психология ғылымының дамуы
- •3.Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
- •4.Психология ғылымдарының салалары
- •5.Байқау және оның түрлері
- •6. Эксперимент және оның түрлері
- •7.Қосалқы әдістер: тест,анкета,интервью,әңгімелесу,әлеуметтік өлшем әдісі.
- •8. Ми және психика.
- •9. Психиканың пайда болуы
- •10.Жүйке жүйесінің құрылымы
- •11.Жануар психикасының дамуы
- •12.Адам санасының дамуы
- •13.Сананың ең жоғарғы даму сатысы
- •14.Психика және сана эволюциялық дамудың жемісі және нәтижесі
- •15.Сананың дамуындағы еңбектің ролі
- •16.Сана және тіл
- •17.Зейін туралы түсінік
- •18.Зейін түрлері
- •19.Зейін қасиеттері
- •20.Түйсік туралы түсінік
- •21.Түйсік түрлері
- •22.Түйсік заңдылықтары
- •23.Қабылдау туралы түсінік
- •24.Қабылдау ерекшеліктері
- •25.Қабылдау түрлері
- •26.Уақытты және кеңістікті қабылдау
- •27.Байқау және байқағыштық
- •28.Ес туралы түсінік
- •29.Ес түрлері
- •30.Ес процестері
- •31.Ойлау туралы түсінік
- •32.Ойлау түрлері және формалары
- •33.Ойлау операциялары
- •34.Сөйлеу туралы түсінік
- •35.Сөйлеу түрлері функциялары
- •36.Қиял туралы түсінік
- •37.Қиял түрлері.Олардың жасалу тәсілдері
- •38.Эмоция және сезім туралы түсінік
- •39.Жоғары сезімдері
- •40.Күрделі эмоциялар
- •41.Ерік туралы түсінік
- •42.Ерік сапалары
- •43.Темперамент туралы түсінік
- •44. Темперамент типтері
- •46.Мінез бітістері
- •47. Мінездің құрылымы
- •48. Қабілет туралы түсінік
- •56. Л.С. Выготскийдің мәдени – тарихи теориясы
- •57. Зейінді зерттеудегі п.Я.Гальперин еңбегі
- •65. Стрес мәселесі
- •66. Мативацияның биологиялық формасы, олардың филогенезде дамуы
- •76. Ж.Пиаженің операцоналды интелект теориясы
- •77.А.Н.Ленттьевтің іс – әрекеттік және д.Б.Эльконеннің жас кезеңдері теориялары
- •78.Нәрестелік кезең
- •79.Сәбилік кезең
- •83.Жеткіншек жас
- •84.Балғын жастық кезең
- •85.Ересек жас
- •91.З.Фрейд бойынша адам тұлғасының моделі
- •92.Психикалық дамудың кезеңдері
- •93.Психоанализ теориясының мәні
- •94.Жас кезеңінің анықталуы
- •95.Д.Б.Эльконин бойынша жас кезеңінің бөлінуі
- •96.Жас кезеңге байланысты ұғымдар
38.Эмоция және сезім туралы түсінік
Тұлғаның эмоционалды белсенділігі бірнеше атауларға ие: сезім, аффект, құмарлық, эмоция. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан , қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы.Эмоция – оң немесе теріс бастан кешудің организмге мәнді өзгерістер әкелуі. Бұл өзгерістер органикалық өзгерістер нәтижесі немесе таным іс-әрекетіне байланысты рефлекторлы туындауы мүмкін. Эмоция тамаққа қажеттілікте, қандай да міндетті шешуде немесе адамның терең ойға, қиял кезінде көрінетін реакциялары. Сезім – эмоционалды реакциялардың белгілі түрлеріне деген тұрақты бейімділік. Олардың кейбіреулері туа берілген, ал кейбіреулері өмір барысындағы тәрбие мен тәжірибеден қалыптасады. Сезім мысалдары: патриоттық, ата-аналық сезім, әуенге деген сүйіспеншілік.
39.Жоғары сезімдері
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.Адамгершілік- моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайықты және лайықты еместігін сезінген көңіл-күйді білдіреді. Адамгершілік сезімді мопальды сезім деп те атайды. Интеллектік- ақыл-ой сезімі, адамның таным әрекетімен байланысты. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңдалудан басталады.Эстетикалық сезім- объективтік шындықты бейнелеп, әсемдігімен сұлулығын, жарасымдылығы мен мен сезімділігін қабылдап, оған әсерлесудегі көңіл-күй. Психологияда эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің жан-дүниесіне бейнелеп, оның мінез-құлқына , дүние –танымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс.
40.Күрделі эмоциялар
Күрделі эмоциялардың бірі-көңіл. Кейіп –адамның белгілі бір объектіге бағытталмай-ақ ұзаққа созылған көтеріңкі немесе жабырқау қалыптағы көңіл-күйі. Құмарлық- адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.Аффекттер дегеніміз –қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.Аффектер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайына өтеді(мәселен, зәре ұшу, қорқу, қамығу, жан түршігу т.б.)Импатия- қайғы қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп солардың халін өз басына түскендей сезіну.
41.Ерік туралы түсінік
Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттау.
42.Ерік сапалары
Адамның ерік- жігер қасиеттері сан қилы. Ерік сапаларына: тоқтамға келгіштік, табандылық, ұстамдылық, тәртіптілік пен жинақтылық, ерлік жатады. Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды.Табандылық-табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді.Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, олардың бірінен соң бірін жеңіп отырады. Ұстамдылық дегеніміз- адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Тәртіптілік дегеніміз- адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел блайлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.