Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 Дәрістер Өсімд.систем..doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері:

- Тұқымбүршігі жеміс жапырақшаларының қойнауында орналасады;

- Аналық гаметофит 7 ядролы ұрық қалтасы түрінде болады;

- Аталық гаметофит – тозаң вегетативтік және антеридиалды клеткалардан тұрады;

- Қосарлы ұрықтану нәтижесінде бір спермия жұмысртқа клеткасымен қосылады, екіншісі – орталық клетканың ядросымен қосылады;

- Ұрықтың және тұқымның дамуы аз уақытта өтеді, әсіресе шөптесін (3-4 апта, немесе бір вегетациялық кезең);

- эндосперми триплоидты (3п);

- Тұқым жемістің ішінде орналасады.

Гүлді өсімдіктер, жабық тұқымдылар (Magnolіophyta немесе Angіospermae) – өсімдіктердің ең жоғарғы тобы. Бұлардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы – тұқым бүршігі жатын ішінде жетіледі. Гүлді өсімдіктер барлық құрлықта өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Биікте бірнеше мм-ден (балық оты) 150 м-ге (эвкалипт) дейін, шырмауықтар 200 м-ден асады. Олардың жалпы морфологиялық, анатомиялық, эмбриолиялық белгілері ұқсас болғанымен, өсімдіктердің тіршілік ортасының жағдайларына бейімделуіне байланысты кейбір мүшелерінің өзгеріп не тіпті жойылып кеткендері бар. Палеоботаникалық деректер бойынша алғашқы Гүлді өсімдіктер мәңгі жасыл жапырақтары, қос жынысты гүлдері бар, ағаш тәрізді өсімдіктер болған. Гүлді өсімдіктердің ең көп тараған уақыты – бор кезеңінің аяғы. Гүлді өсімдіктердің Жер шарына кең таралуына олардың құрғақшылыққа төзімді вегетативті органдарының болуы, қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімділігі, негізінен, жәндіктер арқылы тозаңдануы, тұқымдары мен жемістерінің жануарлар арқылы таралуы себеп болған. Қазір Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар және қосжарнақтылар деп 2 класқа бөледі. Олардың 450 тұқымдасқа бірігетін 12,5 мың туысы және 250 мыңнан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 125-тей тұқымдасы, 1000-нан астам туысы, 6000-дай түрі кездеседі. Гүлді өсімдіктердің ең ірі тұқымдастары: астық, бұршақ тұқымдастар, күрделігүлділер, еріндігүлділер, т.б.; Гүлді өсімдіктердің қатарына тағамдық (пияз,сарымсақ, қызылша, т.б.); техникалық (ши, құрақ, зығыр, қоза, т.б.); дәрілік (шайшөп, жөке, шүйіншөп, т.б.); әсемдік (раушан, қалампыр, т.б.) өсімдіктер жатады. Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген. Аталықтар мен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналықтың жатынында (Гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.

Қазіргі кездегі жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер жатады. Олар жер бетіндегі барлық құрлықтарда кеңінен таралған.

Жабық тұқымдылардың кейбіреулерінің өсімді кезеңі, яғни тіршілік ету ұзақтығы өте қысқа - бірнеше айға ғана созылады. Оған көкнәр тұқымдасының кейбір өкілдері мысал бола алады (сеппе көкнәр, т.б.). Екінші бір түрлері мысалы, емен ағашы жүз жылға дейін өмір сүреді. Жабық тұқымдылардың өте биік, сондай-ақ өте аласа түрлері де кездеседі. Жабық тұқымдылардың сабақтары тік, кейде шырмалып, өрмелеп, төселіп өседі. Жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі әрқилы болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі тұқымдас өкілдерінің де бірінен-бірінің елеулі өзгешеліктері бар. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелі орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы байқалады. Шалғынды жерде өсетін өсімдіктер құмды шөлдің, батпақты тундраның өсімдіктерінен өзгеше. Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер - адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жжем шөп қоры. Олар шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады. Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Мұның өзі адамның табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.

Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таң қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.

Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.

Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеулері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник-ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.

Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан мен дермене жусан бір туыстық — жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктің өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние жүзі ботаниктерінің барлығына түсінікті.

Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен астық тұқымдасына біріктіріледі.

Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар класы және қосжарнақтылар класы деп екіге бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнактылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында екі жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жабықтұқымды өсімдіктерге тән қаисеттер.

2. Жабық тұқымдылардың жалаңаш тұқымдылардан ерекшеліктері.

3. Жабықтұқымдылар табиғатқа және адам өміріне маңызы.

Дәріс №11

Тақырыбы: Қос жарнақтылар классы (Dicotyledoneae)

Негізгі сұрақтар:

1.Қос жарнақтылар класы (Diocotyledoneae) жалпы сипатамасы, белгілері, ерекшеліктері.

2.Классификациясы. Өкілдері. Практикалық маңызы.

Қос жарнақтылар классы (Dicotyledoneae). Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктер 292 тұқымдас пен 56 қатарға топтастырған. Бұл жабық тұқымдастардың 3/4 бөлігінен 4/5 бөлігіне дейіні қос жарнақтыларға жатады деген сөз. Қос жарнақтылар бөлек күлтелілер немесе алғашқы жабындықтылар(Archychlamydeae) және біріккен күлтелілер немесе екінші жабындықтылар(Metachlamydeae) деп бөлінеді.Бұл класс тармақтарының негізгі айырмашылықтары күлтелерінің құрлыс ерекшеліктеріне негізделген. Біріккен күлтелілердің қосарланған гүлсеріктері шеңбер бойымен орналасады және күлтелері үнемі кіріккен түрде болады. Бөлек күлтелілердің күлтелері керісінше үнемі жеке-жеке орналасады, ал күлтелері кіріккен түрлері эволюциялық жағынан дамыған кейбір формаларында ғана кездеседі. Бұл әдістемелік нұсқауда, қос жарнақтылардың Қазақстан аймақтарында кең таралған кейбір тұқымдас өкілдері ғана қарастырылады.

Ранункулидтер класс тармағы ( Ranunculidae )

Сарғалдақгүлділер қатары (Ranunculales)

Сарғалдақтар тұқымдасы- ( Лютиковые- Ranunculaceae).

Сарғалдақтар тұқымдастарының өкілдері негізінен шөптесін өсімдіктер көпшілік жағдайда жай жапырақты, кейде сәл тілімшеленген, сирек жағдайда күрделі жапырақты; қосалқы жапырақтары жоқ, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдерінің құрлысы әртүрлі актиноморфты(сарғалдақ), зигоморфты( бәрпі). Гүлсерігі жай және күрделі , саны көп аталықтары спираль бойымен орналасады, ал аталықтарының саны аз түрлерінде олар шеңбер бойымен орналасады.

Бұл тұқымдастардың ішінде ациклді, циклді және гемициклді гүлдері бар өсімдіктер кездеседі.

Гүлінің формуласы: *СА5 СО5 А~ G~

Жемістері таптама, жалғыз тұқымды ашылмайтын жаңғақша; өте сирек жағдайларда жидек не қорапша түрінде болады.

Гинецей мен жемістерінің құрлыс ерекшеліктеріне байланысы сарғалдақтар тұқымдасы екі тұқымдас тармақтарына бөлінеді: зимовниктер (Helleboroideae) және желайдарлар (Anemonoideae).

Зимовниктер (Helleboroideae) - тұқымдас тармағына тән қасиет жатынында бірнеше тұқым бүршігі болады. Гүлсеріктері қосарланған. Жемісі таптама, сирек жағдайда қорабша және жидек болады. Бұл тұқымдастар тармақтарына жататын түрлерге азия күнгелдісі (купальница азиятская- Trollius asiaticus), егістік соданасы (чернушка полевая- Nigella sativa), биік тегеурінгүл (живокость высокая- Delphinium elatum) тағы басқалары жатады.

Желайдар (Anemonoideae)- тұқымдас тармағына тән қасиеттердің қатарына бір ғана тұқым бүршігі түзілуі жатады. Сол сияқты, гүлсеріктері қосарланған немесе жай, жемісі жинақталған тұқымша түрінде болады.

Бұлардың қатарына көктемгі жанаргүл (горицвет весенний – Adonis vernalis), күйдіргіш сарғалдақ (лютик жгучий Ranunculus flammula), улы сарғалдақ (лютик ядовитый - R. scleratus), тілік құндызшөп (сон трава немесе прострел многонадрезеанный Pulsatilla multirida ), кәдімгі таушымылдығы (пион немесе марьин корень (Paеonia anomala) т. б. жатады.

Көкнәргүлділер (Papaverales ) қатары

Көкнәр (маковые - Papaveraceae) тұқымдасы.

Көп жылдық немесе бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұл тұқымдасқа буынтық келген түтігі және сүт жолдары бар клеткалар тән. Гүлдері зигоморфты немесе актиноморфты, тостағаншасы екі тостағанша жапырақшалардан тұрады. Күлте жапырақшаларының саны 4 кірікпеген екі шеңбер бойымен орналасады. Аналықтарының саны көп немесе 4, аналығы екі жеміс жапырақшаларынан тұрады. Апиын көкнәрінің аналығының саны 14-16 дейін барады.

Гүлінің құрлысы: * СА 2 СО2+2 A~ G(2)

Жемісі қорабша немесе жаңғақ. Тұқымы майлы эндоспермді. Бұлар энтомофильді өсімдіктер қатарына жатады. Құрамында морфин, кодеин, апиын тағы басқа алколоидтардың болуына байланысты бағалы дәрілік өсімдіктер болып саналады. Көкнәр тұқымдасының жиі кездесетін түрлеріне апиын көкнәрі (мак снотворный -Papaver somniferum), үлкен сүйелшөп (чистотель майский- Chelidonium maius), сеппелі көкнәр (мак самосейка- Papaver rhoeas), кәдімгі мүйіз көкнәр (дымянка аптечная- Fumaria officinalis) т.б. түрлері мысалы бола алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]