
- •Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
- •Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері.
- •Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta).
- •Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
- •Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
- •Тақырыбы: Плаун тәрізділер (Lycopodiopsida) класы. Плаундар (Lycopodiales ) қатары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері:
- •Гамамелидтер класс тармағы Hamamelididae. Шамшатгүлділер қатары Faqales. Қайыңдар (Березовые) Betulaceae
- •1. Тобылғылар (спирейные Spiraeoideae), 2. Раушандылар (розовые -Rosoideae), 3.Алмалылар (яблоневые - Maloideae), 4. Қараөріктер (сливовые- Prunoideae).
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Қосымша:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Жалаңаш тұқымдыларға тән қасиеттер.
Кәдімгі қарағайдың аталық және аналық бүрінің құрлысы.
Жалаңаш тұқымдылардың классификациясы
Жалаңаш тұқымдылардың тұқым бүршігінің құрлысы.
Жалаңаш тұқымдылардың тозаңдануы және ұрықтануы қалай жүреді.
Неге қылқан жапырақтыларды жалаңаш тұқымдыларға жатқызамыз.
Қылқан жапырақтылардың морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері.
Жалаңаш тұқымдылардың негізі тұқымдастары және олардың географиялық таралуы және халық шаруашылығында маңызы.
Гнетталықтар класының негізгі қасиеттері.
10.Эфедраның сыртқы морфологиялық құрлысы, көбейуі.
11.Саговниктер тұқымдастарының ерекшеліктері( замия, цикас, бовения)
12. Араукария тұқымдасының ерекшеліктері(агатис, араукария)
13. Тисстер тұқымдасының ерекшеліктері( тисс, торрия)
14.Қарағайлар тұқымдасының ерекшеліктері( Тсуга, қарағай, самырсын, шырша, кедр, балқарағай ).
15. Кипаристер тұқымдастары (кипарис, туя арша)
16.Таксоидтар тұқымдасының ерекшеліктері (секвоия, метосеквоия.
Дәріс №10
Тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктер (Angiospermae6 Magnoliphyta)
Негізгі сұрақтары:
1.Жабық тұқымдылар бөлімі немесе гүлді өсімдіктер бөлімі (Angiospermae, Magnoliphyta).
2.Жабық тұқымдылардың жалпы сипаттамасы. Даму циклы. Классификациясы. Практикалық маңызы.
Жабық тұқымдыларды Anqiospermatophyta немесе гүлділер Anthophyta деп әртүрлі атайды. Жоғары дамыған өсімдіктердің бұл бөліміне 350-ден астам тұқымдас, 13 мың туыс, 240 мыңға жуық түр біріктіріледі. Автотрофты гүлді өсімдіктер биосфераның ең маңызды компоненттері болып табылады. Биосферадағы жүретін барлық процестер газ құрамы, климат, жер бетіндегі ылғал, топырақ түзілу процестері өсімдіктердің, әсіресе гүлді өсімдіктердің тіршілік әрекеттерін тікелей байланысты. Жабық тұқымдылардың ең басты ерекшелігінің бірі – гүлдің пайда болуы. Гүл мүшелеріне саны бойынша бір немесе бірнеше көп аталық (сикроспорофилдер) жиынтығынан тұратын андроцей, саны бойынша бір, бірнеше немесе көп жеміс жапырақшаларынан түзілген аналық (мегаспорофилдер) – гинецей жатады. Жеміс жапырақшалары бос болуы мүмкін, бұл жағдай бұлардың әрқайсысы жиектермен кірігіп өсіп аналық түзеді. Бірнеше жеміс жапырақшаларының кірігіп өсуі нәтижесінде ценокарпті гинецей түзіледі. Мұнда аналық әрқашан біреу болады. Аналықтың маңызды бөліктерінің бірі жатын. Тұйық келген жатын қуысында түзілген тұқымбүршігі жабық тұқымдылардың ең маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Көбінесе жатын тұқымбүршігін жақсы қорғайды деп санайды. Гүлді өсімдіктердің спермиялары жұмыртқа клеткасына тозаң түтігі арқылы жеткізіледі.
Жабықтұқымды өсімдіктердің тағы басты ерекшелігі қосарынан ұрықтану.
Жабық тұқымды өсімдіктерге де диплоидты спорофаза мен гаплоидты гаметофаза тән. Сонымен қатар, бұл өсімдіктерде екінші реттік эндосперм түзіледі. Эндоспермнің түзілуі, ұрықтық түзілу сияқты, ұрықтану нәтижесі, яғни аталық(спермия) және аналық компонентердің қосылуы арқылы жүзеге асады. Басқа өсімдіктерден ерекшелігі- жабық тұқымдыларда гүлдерінен дамитын жеміс болады. Жемістің атқаратын қызметтері: 1) қорғаныш қызметі 2) таралу қызметі(диссеминация).
Әртүрлі тіршілік орталарына және жағдайларына бейімделгіштік қасиеті жабық тұқымды өсімдіктердің дүние жүзінің барлық аймақтарына таралуына әкеп соқты. Жабық тұқымдылар дара және қос жарнақтылар деп екі класқа бөлінеді.