
- •Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
- •Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері.
- •Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta).
- •Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
- •Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
- •Тақырыбы: Плаун тәрізділер (Lycopodiopsida) класы. Плаундар (Lycopodiales ) қатары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері:
- •Гамамелидтер класс тармағы Hamamelididae. Шамшатгүлділер қатары Faqales. Қайыңдар (Березовые) Betulaceae
- •1. Тобылғылар (спирейные Spiraeoideae), 2. Раушандылар (розовые -Rosoideae), 3.Алмалылар (яблоневые - Maloideae), 4. Қараөріктер (сливовые- Prunoideae).
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Қосымша:
Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta).
Бұл бөлімге жататын өсімдіктер палеозой дәуірінде тіршілк етіп, жер бетінен мүлде м жойылған түр. Қазіргі кезеңде бұл топқа топтастырылған өсімдіктер тек жер асты қалдықтары арқылы ғана белгілі. Ең бастысы, жоғағы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы даму эволюциясын көрсететін белгілері сақталған өсімдіктердің қатарына жататды. Негізіенен батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер, сонымен қатар қайтадан сулы ортада және құрылықта тірішілк ететін формалары да болған. Бұлардың спорофиті дихотомиялық түрде тармақталған, тамырлары мен нағыз жапырақтары жоқ, телом деп аталатын сабақ түрінде болған. Қарапайым түрлерінде көбінесе бір клеткалы, кейде көп клеткалы ризоидтары, ал күрделі формаларында ризомоидтары (тамыр сабақ түріндегі теломның төменгі бөлігі) тамыр қызметін атқарған. Жапырақтары жоқ, тек күрделі формаларында жапырақ қызметін атқаратын тікенек тәрізді өскіндер – филлоидтер болған.
Псилофит тәрізділердің теломдарының анатомиялық құрылысы өте қарапайым. Сыртында устьицалары бар бір қабатты эпидермис, оның астында көп қабатты хлоропласты клеткалардан тұратын қабық, ортасында протостель (спиральді немесе сақиналы түрде, кейде басқаша жуанданған трахеидтерден тұратын, ксидеманы, флоэманың ұзынша келген клеткалары қоршап жатады) орналасқан. Камбий жоқ, өсімдіктің өсуін төбелік меристема атқарған.
Риниофиттердің төменгі дәурінде тіршілк еткен түрлері тек споралары арқылы, ал жоғарғы силур дәуірінде тіршілкк еткен куксония туысы макроқалдықтары бойынша сипатталған. 1895 Жылы американдық палеоботаник Даусон риниофиттердің ең алғашқы өкілі пилофит деп атаған. Ол тамыры мен жапырағы жоқ, жалаңаш өсімдік деген мағынаны береді.
Риниофиттер бөлімі екі кластан тұрады:
Риниопсидтер (Rhyniopsida) класы.
Риниялар (Rhynialis) қатары.
Тримерофитон (Trimeriphyales) қатары.
Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
Риниопсидтер (Rhyniopsida) класының негізгі ерекшеліктері спорангиялары бұтақтың ұшында орналасады және протостелі эндархты типті.
Риниялар (Rhynialis) қатары. Өсімдіктің дихатомиялы типті бұтақтары вегетативтік және спора түзуші бұтақтарға наық бөлінген. Осы қатарға жататын, жер асты қазба қалдықтарынан табылған куксония өсімдігі силурдың соңғы мерзімінде жіне девон дәуірінің бастапқы кезеңдерінде тіршілік еткен. Өсімдіктің бұтақтары әр типті дихатомиялық бұтақтанған. Кейбір бұтақтарының ұшында шар немесе бүйрек тәріздес орналасқан спорангиялары жоғарғы жағында түзілген саңылаулары арқылы ашылуы мүмкін. Бұл қатарға толық түрде зерттелген үлкен риния (Rhinia maior) мен гвин –воона риния түрлері жатады. Үлкен риния ылғалды ортада көп мөлшерде тығыз жинақталып өсуіне байланысты, қазба қалдықтарында көп мөлшерде сақталған.
Өсімдіктер көбінесе батпақты жерлерде тіршілік еткен. Жер асты «тамырсабақты» (ризомоид) ризоидтарынан жер үсті сабақтары түзілген. Тамырлары жоқ. Жер бетіндегі дихатомиялық типті бұтақтанған сабақтарының ұшында спорангиялары орналасқан. Анатомиялық құрылысы өте қарапайым. Телом қарапайым протостельден тұрады. Өткізгіш шоқтары ксилема мен флоэманы шеңбер бойымен қоршап орналасқан. Теломның сыртында қарапайым құрылысты устьицалары бар нағыз эпидерма қабаты түзілген.
Гвин-Воона риниясы сабағының ұзындығы 15-20 см дихатомды бұтақтанған. Спорангий қабықшалары шіріген кезде қалың қабатты споралары жерге шашылған.
Тримерофитон (Trimeriphyales) қатары. Бұл қатардағы өсімдіктердің риниофиттер мен папоротник тәрізділерді байланыстырушы тізбек ретінде қарастырылады. Тримерофитондарда жиі тармақталған жанама бұтақтары бар негізгі бұтағы жақсы жетілген. Жанама бұтақтардың ұшында бір-біріне өте тақау, қысқа келген бұтақтар топтасып орналасады. Осы қатардағы пертика туыстарына жататын өсімдіктердің биіктігі 3 м-ге дейін барған. Спорангийлері бірнеше рет дихатомиялық типті тармақталған бұтақтардың ұшында жетілген. Тримерофиттер бұтақтары арнайы вегетативтік және спора түзуші бұтақтарға бөлінген. Бұл бұтақтар бір-бірінен морфологиялық құрылыстары ғана емес, сол сияқты анатоиялық құрылыстары арқылы да өзгешеленеді. Риниофиттер класына жататын тениокрада туысы екінші реттік сулы ортада тіршілік етуі мүмкін. Оларды ңдихатомиялық түрде тармақталған жалпақ теломдары болған. Кейбір спорангийлері телом ұшында, енді біреулері бүйір жақтарында орналасқан.