
- •Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
- •Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері.
- •Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta).
- •Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
- •Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
- •Тақырыбы: Плаун тәрізділер (Lycopodiopsida) класы. Плаундар (Lycopodiales ) қатары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері:
- •Гамамелидтер класс тармағы Hamamelididae. Шамшатгүлділер қатары Faqales. Қайыңдар (Березовые) Betulaceae
- •1. Тобылғылар (спирейные Spiraeoideae), 2. Раушандылар (розовые -Rosoideae), 3.Алмалылар (яблоневые - Maloideae), 4. Қараөріктер (сливовые- Prunoideae).
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Қосымша:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Сарғалдақтар тұқымдасының экологиясы және биологиясы.
Сарғалдақтар тұқымдасын неге қос жарнақтылар арасындағы қарапайым формадағы өсімдіктер деп қарайды.
Екі тұқымдас тармағының арасындағы айырмашылықтарға қандай белгілер жатады.
Улы түрлерін атаңыз.
Жеміс және гүлшоғырларының түрлері
Қазақстан флорасында кездесетін түрлері.
Көкнәр тұқымдасының биологиялық ерекшелігі.
Казақстан флорасында кездесетін тұқымдастарға тән түрлер(латынша ,қазақша және орысша атаулары).
Көкнәр тұқымдасының медицинадағы маңызы.
Үлкен сүйелшөпке сипаттама.
Апиын көкнәрінің құрлысы.
Қайыңдар тұқымдасының биологиясы және экологиясы. Жемістеріне тән қасиеттер. Жемістерінің таралуы.
Қайыңның гүлдерінің құрлысы.
Граб, қандағаш, қайың тағы басқада туыстардың негізгі ерекшеліктері.
Қайыңдар тұқымдастарының шаруашылықтағы маңызы.
Аталық және аналық сырғаларының құрлысы.
Қалампыр тұқымдастарының жалпы биологиялық қасиеттері
Тұқымдас тармақтары және олардың ерекшеліктері.
Қалампыр тұқымдастарының гүлінің құрлысы.
Шаруашылықтағы маңызы.
Қазақстан флорасында кездесетін өкілдерінің экологиясы және кездесуі.
Қазақстан флорасында кездесетін сексеуілдің түрлері олардың биологиялық ерекшеліктері.
Алабұталар тұқымдасының жалпы қасиеттері
Шөл және шөлейтті аймақтарда өсетін туыстастары мен түрлері.
Шаруашылықта қолданатын түрлер.
Гүлінің құрлысы , гүлшоғырларының түрлері.
Ебелек пен камфоросма туыстастарына қысқаша сипаттама
Раушангүлділер тұқымдасының негізгі биологиялық ерекшеліктері.
Өріктер тұқымдас тармақтарының ерекшеліктері және өкілдері.
Қызыл кітапқа кірген кейбір өкілдеріне қысқаша сипаттама.
Раушандар мен алмалар тұқымдас тармақтарының негізгі ерекшеліктері және өкілдері.
Раушангүлділер тұқымдасының адам өміріндегі маңызы.
Жемістерінің түрлері.
Сүректі , бұталы түрлері.
Дәріс №12
Тақырып: Дара жарнақтылар класы- Monocotyledoneae
Негізгі сұрақтар:
1.Дара жарнақтылар класы (Monocotyledoneae). Вегетативті және генеративті мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері.
2.Жалпы сипатамасы, белгілері, ерекшеліктері. Классификациясы. Өкілдері. Практикалық маңызы.
Дара жарнақтылар класы – Monocotyledoneae.
Дара жарнақтылар барлық гүлді өсімдіктердің түрлері мен тұқымдастардың 25 пайызын құрайды.Бірақ көп жағдайда дара жарнақтылар түрлердің саны бойынша да, особьтердің саны жағынан да қос жарнақтылардан артық түсуі мүмкін.
Дара жарнақтылардың басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер. Қос жарнақтыларға жататын ағаштарға қарағанда аз бұтақтанатын сүректі формалары өте сирек кездеседі. Тіптен алып шөптесін өсімдіктерге ұқсататын сабақтарының ішкі құрлысы да қос жарнақты ағаштардан өзгеше (бамбуктер, драценалар, юккалар, пальмалар). Бұл сүректі дара жарнақтылардың сабақтары қос жарнақтылардағыдай камбий есебінде емес, сабақтың перифериялық аймағында жаңа меристеманың түзілуі нәтижесінде жуанданады. Бұл меристемадан жаңа өткізгіш шоқтар мен негіздік паренхима дамиды. Сонымен қатар, дара және қос жаранақтылардың өзара генетикалық тығыз байланыста екендігі сөзсіз. Кластар арасында айқын айырмашылықтың жоқтығы бұл пікірді растайды. Тіпті негізгі ерекшелі болып саналатын ұрықтарының арасындағы айырмашылақтар да үнемі айқын бола бермейді. Фикария, айдаршөп, кейбір шатыршагүлділер сияқты бірыспыра қос жарнақтыларда бір ғана тұқым жарнағының бар екендігі белгілі. Сирек болсада екі тұқым жарнағы бар дара жарнақтыларда кездеседі (Лалагүлділер, арониктер).
Лалагүлділер (лилиидные-Liliiales) класс тармағы
Лалагүл (лилейные- Liliaceae) тұқымдасы.
Басым көпшілігі тамырсабақты немесе пиязшықты көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары көбінесе ұзын,қандауыр немесе таспа тәрізді, параллельді немесе доғаланып жүйкеленген, тегіс жиекті немесе жиектері тісті болады. Гүлдері қосжынысты, актиноморфты, көбінесе ірі болып келеді.
Басым көпшілігінің гүлсеріктері күлте тәрізді, үш мүшелі екі шеңбер құрайды, күлтелері бос немесе кіріккен.
Екі шеңберде үш-үштен 6 аталықтары бар, кейде одан да көп. Жалғыз аналығы 3 жеміс жапырақшаларынан құралған. Үстіңгі жатыны үш ұялы, аналық аузы біреу,ал кейбір түрлерінде үшеу.
Гүлінің құрлысы:* Р3+3А3+3G(3)
Көпшіліктері жәндіктер арқылы тозаңданатын энтомофилді өсімдіктер. Жемістері қорапша немесе жаңғақ. Бір қорапшалары ұяларын бір-бірінен бөліп тұратын перделер, ал екіншілері әрбір жеміс жапырақшаларының ортасында пайда болатын саңылаулар арқылы ашылады. Тұқымдары эндоспермді.
Лалагүлділер тұқымдасы бірнеше тұқымдас тармақтарына бөлінеді.
Асфоделдер (Asphodeloideae) тұқымдас тармағы ассимиляциялық жапырақтары гүл орналасқан сабақтың түп жағында шоқталып орналасқан, тамырсабақты өсімдіктерді біріктіреді. Бұларға шырыш (эремурус - Eremurus), алое (Aloe) туыстары жатады.
Лалагүлділер (Lilioideae) тұқымдас тармақтарына пиязшықты, кейде пиязшықты тамырсабақты өсімдіктер жатады. Гүл сабақтары жапырақты, жабынсыз гүлшоғырлары әртүрлі. Бұларға қазжуа (гусиный лук-Gagea), қызғалдақ (тюльпан- Tulipa), сепкілгүл (рябчик-Fritillaria) лалагүл (лилия-Lilium) туыстары мысал бола алады.
Жуалар (Allioideae) тұқымдас тармағын құрайтын өсімдіктерге пиязшықты және тамырсабақты пиязшықты өсімдіктер жатады. Гүлшоғырларының төменгі бөлігінде 1-2 жапырақтан тұратын жабын орналасады, бұл жабын шатыр тәрізді цимоздық гүлшоғырын гүлдегенге дейін бүркеп тұрады. Ірі туыстарының қатарына 400-ге жуық түрді біріктіретін өткір иісті көп жылдық шөптесін жуалар (лук-Allioideae)жатады.
Қасқыржем (Asparagoideae) тұқымдас тармағына жататын өсімдіктердің негізгі ерекшелігі жемістері жидек болып келеді. Жиі кездесетін туыстарына ландыш (ландыш Convallaria), қырлышөп немесе сүлейменнің мөрі (купена-Polygonatum), қоянжем (майник-Majanthemum), қаракөз (вороний глаз-Paris), қасқыржем (спаржа-Asparagus) тағы басқаларын атауға болады.
Сүйсінгүлділер (орхидоцветные - Orchidales) қатары.
Сүйсіндер (орхидные - Orchidaceae)тұқымдасы.
Сүйсіндер тұқымдасының айрықша белгілеріне андроцей мен гинецейдің ерекше құрлыстарын жатқызуға болады. Бұларда дара жарнақтыларға тән 6 аталықтың орнына басым көпшілігінде тек біреуі ғана жетіледі, онымен қоса аталықты жіпшелері аналықтың мойнымен кірігіп, колонка немесе гиностемий деп аталатын орган түзеді.
Орхидеялар тұқымдасына жерде өсетін немесе эпифитті тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Көптеген түрлерінің тамырларында жер асты және сабақтарының бір немесе бірнеше буындарынан тұратын жер үсті(туберидия) түйнектері түзіледі. Тегіс жиекті кезектесіп орналасатын қынапты жай жапырақтары сабақтарын орап орналасады. Гүлдері зигоморфты қос жынысты, ал актиноморфты дара жынысты түрлері сирек кездеседі. Гүлсеріктері барлығында дерлік ашық түсті күлте тәрізді. Екі шеңбер құрайтын үш мүшелі (6) гүлсеріктері ашық түсті күлте тәрізді болып келеді. Төменгі жатыны жіңішке әрі ұзын болып келуіне байланысты гүл сағағына ұқсас. Гүлсерігінің ішкі шеңберін құрайтын күлтелерінің біреуі әдетте басқаларынан үлкен және түсі жағынан айқын ерекшеленеді. Гүлдері даму барысында өз осьіне қатнасты 180 градусқа айналады. Соған байланысты алғашында жоғары бағытталған ерекше ерін күлте, гүлдің төменгі жағына ауысады.
Бұл ерін күлте тозаңдандырушы жәндіктердің гүлге қонуына ыңғайлы орын болып табылады және оның түпкі бөліктерінде шірне жиналатын шірнеліктер немесе шпоркалар болады. Кейбір түрлерінде сыртқы шеңберде бір ғана аталық болса, шолпанкебіс трибасында екі аталық ішкі шеңберде дамыған. Редукцияға ұшыраған аталықтарының кейбіреулері стаминодиялар түрінде сақталуы мүмкін.
Гиностемийде тозаңқаптар жеке-жеке тетрадаларға топтасқан түрде немесе түйіртпектер түрінде орналасады. Көпшілігінің тозаңдары әрбір тозаңқап камерасында түйіртпек түрінде (поллиний) өзара желімделген. Поллинарииі төменгі шырышты тұғырдан , екі аяқшадан және оның жоғарғы жағында жабысқақ екі дискілі поллинииден тұрады. Жалғыз аталық аналық аузының үстіңгі жағында орналасады.
Гүлінің құрлысы: Р3+3А1,2G(3) төменгі жатын.
Аналығы үш жеміс жапырақшаларынан түзілген. Жалғыз ұялы тұқым бүршігінде өте көп мөлшерде тұқым бүршіктері дамиды. Аналық аузының үш тармақтарының тек бүйір жақтарындағы екеуі ғана тозаң қабылдай алады. Аналық аузының тұмсықша(rostellum`) деп аталатын үшінші тармағында поллинарий түзіледі. Ерін күлтеге қонған жәндік шірнеге қарай ұмтылғанда оған жабысқақ дискілер желімделіп қалады. Жәндікке жабысқан поллинарийдің тағаны кеуіп қалады да, поллинийлер алға қарай иіле бағытталады, ол келесі гүлге қонғанда поллинийлер тозаң қабылдағыш аймаққа қарсы орналасып айқас тозаңданады.
Гүлшоғырлары масақ, сыпыртқы және жеке орналасқан гүлдер де кездеседі.
Сүйсінділердің жемістері тік жолақтанып ашылатын қорапша. Саны жағынан көп, ұсақ тұқымдар өнген кезде ең алдымен протокорм деп аталатын түйнек тәрізді орган дамиды, соңынан бұл органнан сабақ пен тамыр өседі. Жемісі дәмдегіш зат болып саналатын ваниль(Vanilla planifolia) практикалық маңызы бар өсімдіктердің қатарына жатады. Біздің флорада жабайы түрде өсетін өсімдіктердің қатарына телпек сүйсін (ятрышник шлемовидный- Orchis militaris L), масалы көкек (коrушник комариный- Gymnadenia conopsea L), ірі гүлді шолпанкебіс (башмачок крупноцветный- Cypripedium macranthum Sw), жасыл бозгүлжапырақ (пололепесник зелеый - Coeloglossum viride L) т. б. түрлерін атауға болады.
Қияқөлеңгүлділер (Cyperales) қатары
Қияқөлең (Cyperaceae) тұқымдасы
Қияқөлеңдер тұқымдасына көп жылдық, бірен-саран бір жылдық шөптесін өсімдіктер жатады. Көп жылдық түрлерінде ұзын ,қысқа тамырсабақтары болады. Қысқа тамырсабақты түрлерінің бір-біріне жақын орналасқан сабақтары, тығыздығы әртүрлі түптер түзеді. Басым көпшілігінде сабақтары қырлы, буындары жоқ, сабақтары түтік тәрізді қуыс емес.Жапырақтары сабақтың төменгі бөлігінде үш қатарланып орналасады. Жапырақтары сабақты тығыз орап жататын тұйық қынаптан және жіңішке таспа тәрізді жапырақ тақтасынан тұрады, олардың көпшілігінде тілшелері болмайды немесе нашар жетіледі.
Қос жынысты гүлдерінің 6 қабыршақ тәрізді немесе 1-6 тіпті одан да көп қылтанақтар түріндегі гүлсеріктері болады. Дара жынысты гүлдерінде гүлсеріктері болмайды, яғни ол редукцияға ұшырағын. Сыртқы шеңбердің тек үш аталықтар ғана сақталып қалған. Кейбір түрлерінде аталықтарының саны үштен аз, немесе көпте болуы мүмкін. Тозаңқаптары аталық жіпшелеріне түп жақтарымен бекиді.
Жалғыз аналығының бір ұялы үстіңгі жатыны 3, кейде 2 жеміс жапырақшаларынан құралады.Жалғыз анатропты орналасқан тұқым бүршігі тән.
Гүлінің формуласы: *Р0,6~ А3G(3-2)
Жемісі жаңғақша. Тұқым ішіндегі ұрығы эндосперммен қошалған.
Ұсақ реңсіз гүлдері қос немесе дара жынысты, масақ түріндегі гүлшоғырларына жинақталған, ал кейбір түрлерінде гүлдері жеке - жеке орналасауы да мүмкін.
Гүлшоғырлары шоқпарбас, шатыр, сыпырғыш және масақ түрінде болады.
Қияқөлеңдер тұқымдасының кең тараған түрлеріне қарақоңыр сәлемшөп (сыть черно-бурая - Cyperus fuscus), ұзын сәлемшөп (сыть скученная-Cyperus longus), қара өлеңшөп (камыш озерный - Scirpus lacustris), кеш арамқоға (ситничек поздний - Juncellus serotinus), үшкір келтебас (болотница игольчатая-Heleoharis acicularis), доңызөлең қияқөлең (осока ранняя - Carex praecox), аласа қияқөлең (осока приземистая-Carex supina), жағалақ қияқөлең (осока береговая-Carex riparia ) т.б. түрлер жатады.
Қияқөлеңдер сазды, батпақты жерлерде, өзге өсімдіктер өсе алмайтын құнарсыз топырақтарда өседі.
Астықгүлділер (Graminales немесе Poales) қатары
Астық (Gramineae немесе Poaceae) тұқымдасы
Сабақтары жіңішке цилиндр тәрізді, ол буын және буын аралықтарынан тұрады. Екі қатар бойымен кезектесіп орналасқан жапырақтары сабақты орап тұратын цилиндр тәрізді ұзын қынаптан және жіңішке таспа тәрізді жапырақ тақтасынан тұрады. Ал олардың түйісер аралығында тілше немесе лигула деп аталатын өскін қабықша немесе кірпікшелер түрінде болады.Тілшенің атқаратын қызметі сабақ пен қынап арасында судың іркіліп жиналуынан қорғайды.Қынап сабақты тығыз қаптап тұрады және көпшілігінің қынаптарының жиектері кірікпейді.
Астық тұқымдастардың сабақтары көбінесе жер астында, тек кейбір түрлері жер бетінде тармақталады. Тармақталу аймағында буындар бір-біріне өте жақын орналасады. Буындарындағы қойнау бүршіктері бүйірлік жер асты немесе жер үсті өркендерін бере алады, ал бүйірлік өркендердің өздерінің тармақталу аймақтары болады. Көп жылдық астық тұқымдастарының тармақталу аймақтарындағы қойнау бүршіктерінен жер бетіне горизонталь бағытта өсетін ұзын жер асты өркендер дамиды. Бұл астық тұқымдастардың тамырсабақтары деп аталады. Тамырсабақтардың барлық буындарында дерлік қосалқы тамырлар түзіледі. Алғашқы тармақталу аймағынан біраз қашықтықта тамырсабақтың ұшы жоғары қарай иіліп, жаңа жер үсті өркенін береді. Бұл өркеннің жер астындағы бөлігінен жаңадан тармақталу аймағы қалыптасады көбінесе борпылдақ топырақтар да жаңа тамырсабақ түзіледі. Құмдық және сазды топырақтарда өсетін астық тұқымдастары жерге төселіп өсетін ұзын өркендері арқылы вегетативтік жолмен көбейе алады. Бұл өркендер столондар немесе атпа тамырлар деп аталады. Бұлардың тамырланған буындарынан тік өсетін сабақтар пайда болады.
Әрбір масақшаның негізгі осьінде екі қатарланып арнайы қабаршақ тәрізді жапырақтар орналасады. Әдетте масақшаның төменгі екі жапырағы стерильді болады, яғни өз қойнауларында гүлдер түзбейді. Бұл жапырақтар орналасу тәртібіне байланысты жоғарғы және төменгі масақша қабыршақтар деп аталады.
Масақша қабыршақтарының саны кейде екеуден артық, немесе жалғыз, кейде мүлдем болмауы мүмкін.
Гүл қабыршақтарының саны 1-ден 10 дейін болады, олар масақша қабыршақтарының жоғарғы жағында орналасқан. Олар төменгі және жоғарғы гүл қабыршақтары болып бөлінеді. Гүл қабыршақтарының қойнауында гүлдер түзіледі. Көптеген астық тұқымдастардың гүл қабыршақтарының қылтанақ түріндегі өскіндері болады. Қылтанақтары тік, қисық, буралған, түкті немесе түксіз тақыр болып келеді.
Төменгі гүл қабыршақтарының қойнауларында орналасқан гүлдері масақша осьіне қатнасты екінші реттік қысқараған өркендер деп қарастыруға болады. Бұл өркендер жоғарғы гүл қабыршағынан және пленка тәрізді гүл серіктерінен-одикулалардан, андроцей мен гинецейден құралады. Бұл органдардың ішінде андроцей мен гинецейдің ғана гүлге қатынасы бар.
Жоғарғы гүл қабыршағының екі ірі жүйкелері екі қыр түзеді. Қабыршақтың екі қыр арасындағы пленка тәрізді бөлігі әруақытта масақша осьіне бағытталған, ал қырлардың шеткі бөліктері төменгі гүл қабыршағымен көмкеріліп тұрады, яғни жоғарғы гүл қабыршағының көлденең қимасы «П» әрпіне ұқсас.
Жоғарғы гүл қабыршағынан жоғарырақ кішірек ақ түсті лодикулалар орналасады. Әдетте саны екеу, ал кейбір астық тұқымдастарды үшеу. Көпшілік жағдайларда астық тұқымдастарының андроцейлері үш мүшелі, олардың біреуі лдикулалардың ортасында, ал қалған екеуі жоғарғы гүл қабыршағына бағыттала орналасады. Аталық құрлысының бір ерекшелігі, аталық жіпшесі қияқ өлеңдердікідей тозаңқаптың түбіне емес, оның ішкі жағына бекиді соған байланысты ауаның әлсіз ағысынан да қозғалысқа келеді.
Гүлдің аналығы бір ұялы үстіңгі жатынынан тұрады. Жатында тұқым бүршігі дамиды. Аналықтың мойны ұзын немесе қысқа болып келеді, аналық аузы қаурысын тәрізді екі тармақтан тұрады. Астық тұқымдастарының гүлденуі кезінде олардың лодикулалары қатты ісінеді. Осының салдарынан төменгі және жоғарғы гүл қабыршақтары бір- бірінен алшақтап, аталық және аналық гүлдердің ашылуына себеп болады.
Астық тұқымдасының жемісі дән, тек кейбір бамбуктердің жемістері не жидек не жаңғақ тәрізді болып келеді.
Энглер системасына байланысты бөлінген 9 тұқымдас тармақтарының бірнешеуі қарастырылады.
Бетегелер (овсяницевые-Festucoideae) немесе қоңырбастар (мятликовые-Poaideae) тұқымдас тармағы. Бұлардың басты ерекшеліктері жапырақ тақталарының төменгі және жоғарғы эпидермис қабаттарының аралығында хлорофильді тканьмен толықтырылған. Бұлардың кең тараған туыстарына бетеге (типчак-Festuca), қоңырбас (мятлик-Poa), арпабас (костер-Bromus), бидай (пшеница-Triticum), бидайық (пырей-Agropyron), қарабидай (рожь-Secale), АРПА (ячмень-Hordeum), селеу ( ковыль-) т. б. жатады.
Күріштер (рисовые- Oryzoidae) тұқымдас тармағы. Масақшалары жалғыз гүлді. Төменгі және жоғарғы гүл қабыршақтары бірнеше жүйкелі және олардың орталық жүйкелері жақсы жетілген. Андроцейлері 3,6 және одан да көп аталықтардан тұрады, сирек жағдайда аталығы жалғыз. Жер шарының көптеген тұрғындары астық дақылы ретінде қолданатын күріш туысын (рис-Oryza) мысал ретінде алуға болады.
Тарылар (Panicoideae) тұқымдас тармағы . Бұларға тән қасиет екі гүлді масақшалары болады. Екі масақша және екі төменгі гүл қабыршақтары бар. Екінші гүл дамымаған жағдайда масақша бір гүлді болып қалыптасады. Екінші төменгі гүл қабыршағының қойнауында кәдімгі қос жынысты гүл дамиды. Төменгі және жоғырғы гүл қабыршақтары қатайып, жаңғақша жеміс сияқты дәнді жауып тұрады. Практикалық маңызы бар және кең тараған өкілдеріне ақ тары (просо посевное- Panicum miliaceum), құнақ ( чумиза - Setaria italica), могар (могар - Setaria moharium), қарабас қонақ (просо куриное - Echinochloa crus-galli ) тағы басқаларын жатқызуға болады.