
- •Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
- •Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері.
- •Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta).
- •Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
- •Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
- •Тақырыбы: Плаун тәрізділер (Lycopodiopsida) класы. Плаундар (Lycopodiales ) қатары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері:
- •Гамамелидтер класс тармағы Hamamelididae. Шамшатгүлділер қатары Faqales. Қайыңдар (Березовые) Betulaceae
- •1. Тобылғылар (спирейные Spiraeoideae), 2. Раушандылар (розовые -Rosoideae), 3.Алмалылар (яблоневые - Maloideae), 4. Қараөріктер (сливовые- Prunoideae).
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Қосымша:
1. Тобылғылар (спирейные Spiraeoideae), 2. Раушандылар (розовые -Rosoideae), 3.Алмалылар (яблоневые - Maloideae), 4. Қараөріктер (сливовые- Prunoideae).
Раушангүлділер тұқымдасның басым көпшілік түрлері бағалы жеміс - жидекті, дәрілік және әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктердің қатарына жатады. Олардың қатарына талжапырақты тобылғы (спирея иволистная-Spiraea salicifolia), әдімгі таңқурай (малина обыкновенная- Rubus idaeus), алты күлтелі лабазник (лабазник шестилепестный- Filipendula hexapetala), итмұрын (роза собачья-Rosa canina) үй алмасы (яблоня домашняя- Malus domestica) дәрі шелнесі (кровохлебка аптечная- Sanguisorba officinalis) тағы басқа өсімдік түрлері жатады.
Бұршақгүлділер (Leguminosae Fabales) қатары
Бұршақ (Fabaceae, Papilionaceae) тұқымдасы.
Қосалқы жапырақшалары бар немесе саусақ түрінде тармақталған күрделі жапырақты шөптесін, жартылай бұталы, бұталы және сүректі өсімдіктер. Өз –ара кіріккен бес тостатағанша жапырақшалары актиноморфты, зигоморфты немесе қосерінді тостағанша түзеді. Бес күлтенің ішіндегі ең үлкен желкен , екі бүйірлік күлтелерді ескек деп атайды. Ескектер тырнақша тәрізді ассиметриялы төменгі екі күлтені бүркеп тұрады. Бұл екі күлтелер өз-ара кірігіп немесе бір- біріне өте жақын орналасып, гүлдің қайық деп аталатын бөлімін құрайды. Аталықтары 10 , өте сирек жағдайда 9 немесе 5 гүлдер кездеседі. Көбінесе 9 аталықтың жіпшелері аналықты айнала өз ара кірігіп, тұйықталмаған түтік түзеді.
Ал кірікпеген оныншы аталықтың жалпақтау келген жіпшесі тұйықталмаған түтіктің саңылауына қарсы және оны бүркей орналасады. Аналығы бір ұялы үстіңгі жатынды жалғыз жемісжапырақшасынан тұрады.
Бұршақ тұқымдасының гүлінің формуласы СА(5)СО(5) А5+5G1
Гүлшоғыры шашақ, шатыр, масақ сирек жағдайда шоқпарбас гүлшоғырларына жинақталған. Жемістері екі жақтауланып ашылатын немесе бір тұқымды жеке буындарға бөлінетін бұршаққап. Эндоспермсіз тұқымдары қос жарнақты, иілген ірі ұрықтан тұрады. Түйек бактерияларымен симбиозды болуына байланысты барлық бұршақ тұқымдастарының вегетативтік бөлімдеріде, тұқымдарыда белокты заттарға өте бай болады. Осыған байланысты бұршақ тұқымдастарынан өндірілетін мал азығы мен азық- түлік өнімдерінің сапасы өте жоғары болады. Қазақстан флорасында жиі кездесетін түрлердің қатарына ақ беде (клевер белый- trifolium repens ), дәрі түйежоңышқа (донник лекарственный –Melilotus officinalis), тікенді лотус (лядвенец рогатый - Lotus corniculatus), бұта қараған (карагана кустарник - Caragana frutex), ақ шеңгел (шенгил серебристый - Halimodendron halodenndron), суық астрагал (астрагал холодный –Astragalus frigidus), тышқан сиыржоңышқа (вика мышиный-Vicia cracca L). т. б. жатады.
Аралиягүлділер (Araliales) қатары.
Шатыршалар (Umbelliferae немесе Apiaceae) тұқымдасы.
Басым көпшіліг шөптесін өсімдіктер, бірен-саран жартылай бұталы және аласа бұталы формалары да кездеседі. Спираль бойымен орналасатын жапырақтарының қынаптары жақсы жетілген және көп жағдайларда өте үлкен болып келеді. Жапырақтары саусақты немесе қауырсынды бір және бірнеше рет тілімделген,сирек жағдайда бүтін жиекті. Әдетте сабақтарында жуандаған буындары айқын байқалады. Буын аралықтары көбінесе қыртысты немесе қырлы болады. Көптеген өкілдерінің сабақтарының іші қуыс, ол өзектерінің өте ерте ыдырауына байланысты болады. Актиноморфты гүлсеріктері бес мүшелі, бес аталықтан және екіұялы төменгі жатынды аналықтан тұрады. Тостағаншалары сирек жағдайда ғана жапырақшалардан құралады, көбінесе жатының жоғарғы бөлігінде орналасқан бес кішірек өскін немесе төмпешіктер түрінде болады. Күлтелері кірікпеген ақ, қызғылтым, сирек жағдайда қызғылт, сары немесе сарғыш –жасыл түсті. Күлтелері тостағанша жапырақшалармен кезектесіп жатынның жоғарғы бөлігінде орналасады.
Аталық жіпшелері бастапқыда гүлдің ортасына қарай доғаша иіле орналасады да, кейіннен сыртқа қарай қайырылып орналасады. Аналық екі жеміс жапырақшаларынан құралады.
Гүлінің формуласы: * Са(5-0) СО5 А5 G(2)
Жатынның жоғарғы бөлігінде екі бөліктен тұратын шірнелік орналасады. Ұсақ гүлдер себет, шоқпарбас, шатырша, күрделі шатырша гүлшоғырларын құрайды. Жай гүл шоғырларының төменгі бөлігінде шеткі гүлдердің жамылғы жапырақтары жабын құрай орналасады. Шатырша гүлшоғырларында жабыннан басқа, екінші дәрежелі гүл сағағтарының түбінде жабынша түзіледі. Кейбір түрлерде жабын және жабыншаны түзілмеуіде мүмкін. Жемісі ілмек жеміс деп аталады. Ілмек жеміс пісіп жетілген кезде екі жемісшеге ыдырап арнайы орган карпофорада ілініп орналасады. Шатыршагүлділер тұқымдасына Ірі тостағаншалы көкбас (синегоовник крупночашечный – Eryngium macrocalyx), қысқасабақты аю балдырған (дягель короткостебельный - Archangelica brevicaulis), сары володушка (володушка золотистая – Bupleurum aureum), кәдімгі тмин (тмин обыкновенный - Carum carvi), кәдімгі петрушка
(петрушка обыкновенная - Petroselinum crispum), ербиген тырнашөп (жабрица торчащая - Seseli strictum), сасық сасыр (ферула вонючая - Ferula assa-foetida) тағыда басқа түрлер жатады.
Астеридиялықтар (Asteridae) класс тармағы
Көкшегүлділер (Polemoniales) қатары
Айлауықтар (Boraginaceae) тұқымдасы
Айлауықтар тұқымдасына тропикалық аймақтардан тыс жерлерде негізінен қосалқы жапырақшалары жоқ, жай жапырақтары цилиндр тәрізді сабақтарында спираль бойымен орналасқан шөптесін формалары кең тараған.Көпшілігі қатты түктермен жамылған.
Гүлдері актиноморфты, сирек жағдайда зигоморфты төрт немесе бес мүшелі шеңбер құрайды. Тостағанша жапырақшалары бос немесе кіріккен, тостағаншалары жемістерінде сақталады, кейбір жағдайларда үлкейіп өседі.
Күлтелері ұзын немесе қысқа келген түтік түзеді, олардың пішіндері әрқилы болады. Аталықтары әруақытта күлте 44 түтігімен кіріккен, бірақ ешқашан да толығымен кірікпейді. Гинецейі екі жеміс жапырақшаларынан құралған.
Үстіңгі жатындары алғашқыда екі ұялы, кейіннен қосымша перделердің түзілуіне байланысты төрт ұялы болады. Аналық аузы жалғыз, кейде екеу, сирек жағдайда төртеу болады. Көбінесе жатынның төменгі бөлігінде шірнелік дамиды.
Гүлінің формуласы:*СА(5)Со(5)А5 G(2)
Гүлшоғырлары шашаққа ұқсас. Жемістер пісіп жетілгенде жатын бөліктері төртке бөлініп, бір тұқымда жаңғақшаларға ыдырайды, яғни жемісі төрт жаңғақша. Тропикалық формаларының жемістері шырынды, сүйекті жемістерге ұқсас.
Айлауық тұқымдасы өкілдеріне дәрілік қаратамыр (чернокорень лекарственный - Cynoglossum officinale), дала ботакөзі (незабудка полевая-Myosotis arvensis), қарақоңыр ноннеасы (ноннеа темно—бурая- Nonnea pulla), кәдімгі көкбасгүл (синяк обыкновенный - Echium vulgare), дәрілік анхуза (анхуза лекарственная-Anchusa officinalis) тағы басқалары жатады.
Сабынкөктер (Scrophulariales) қатары
Алқалылар (Solanaceae) тұқымдасы
Бүтін жиекті немесе тілімделген жай жапырақтары көбінесе кезектесіп орналасады. Қосалқы жапырақтары жоқ. Гүл шоғырлары цимозды. Гүлдері дұрыс зигоморфты.Тостағаншалары, күлтелері және андроцейлері бес мүшелі.
Аталықтары әдетте күлте аралықтарында орналасады. Гинецей екі жеміс жапырақшаларынан тұрады.
Гүлінің формуласы:*Са(5)Со(5) А5 G(`2)
Үстіңгі жатыны екі ұялы, сирек жағдайда төрт бес камералы және әрбір камерасында өте көп тұқым бүршіктері болады.
Жемістері жидек немесе қорабша. Тамақ өнеркәсібінде қолданатын түрлеріне кәдімгі картоп (картофель клубненосный), ас помидоры (помидор сьедобный), қызыл бұрыш (перец однолетний) сияқты көкөністер жатады. Үй маңайында, жол жиектерінде тағы басқада жерлерде жиі кездесетін өсімдіктер түрлеріне қара меңдуана (белена черная -Hyoscyamus niger), сасық меңдуана (дурман обыкновенный - Datura stramonium) жатады.
Сабынкөктер (Scrophulariales) қатары
Сабынкөктер (Scrophulariaceae) тұқымдасы.
Басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктермен жартылай бұталылар, біраз түрлері бұташықтар, сонымен қатар бірен саран сүректі, тіпті лианды формалары да кездеседі. Қосалқы жапырақшалары жоқ жай жапырақтары кезектесіп , қарама-қарсы немесе топтанып орналасады. Гүлдері әрқашан зигоморфты, төрт шеңберлі, бес мүшелі. Кейбір органдарының редукциялануының немесе кірігіп өсуінің нәтижесінде әртүрлі болып келуі мүмкін. Бөденешөп (вероника) туысына жататын кейбір түрлердің бес мүшелі кіріккен тостағанша жапырақшаларының біреуінің жетіспей қалуының нәтижесінде төрт мүшелі болып келеді. Күлте түктері кейде айқын немесе болымсыз байқалады. Күлтелері актиноморфты, зигоморфты және екі ерінді, кейде бұған қоса шпорцалы болып келеді. Кейде екі күлте жапырақшалары кірігіп, күлтелері төрт мүшеліде болуы мүмкін. Санаулы туыстарының ғана андроцейі бес мүшелі. Көбінесе бір аталық редукцияланып, оның орнына стаминодий түзіледі немесе кейде бесінші аталықтың рудименті ғана сақталып қалады. Ал кейбір түрлерінде аталықтарының саны екіге дейін жетеді. Гинецейлері екі мүшелі, оларда көп тұқым бүршіктері дамиды.
Гүлінің формуласы: Са(5,4) Со(5,4) А 4,5,2G(2)
Жемістері қорапша, сирек жағдайда жидек. Гүлшоғырлары шашақ және масақ тәрізді. Қазақстан флорасында жиі кездесетін түрлерге кәдімгі аюқұлақ (коровяк обыкновеный -Verbascum thapsus), кәдімгі сиякөк (льнянка обыкновенная-Linaria vulgaris), шығыс текесақалы (додарция восточная-Dodartia orientalis), масақты бөденешөп (вероника колосистая-Veronica spicata), тарбағатай қандыгүлі (мытник табагатайский-Pedicularis tarbagataica), дәрі авраны (авран аптечный-Gratiola officinalis) тағы басқаларын атауға болады.
Тауқалақайгүлділер (Lamiales) қатары
Еріндігүлділер (Labiatae немесе Lamiaceae) тұқымдасы.
Еріндігүлділер тұқымдасы көпжылдық,біржылдық сирек жағдайда жартылай бұталы өсімдіктер. Сүректі түрлері тек тропикалық және субтропикалық аймақтарда ғана таралған. Сабақтары көбінесе төрт қырлы, жапырақтары қарама-қарсы немесе топтанып орналасқан, қосалқы жапырақтары жоқ, жапырақ тақталарының жиектері көбінесе бүтін. Өсімдіктердің вегетативтік органдарын түк басқан.Ерінгүлділерге эфир майларының болуы тән.
Гүлдері жұп орамдар немесе үш гүлді дихазийлер түріндегі цимоздық гүлшоғырларына топтасқан. Гүлшоғырлары түрі өзгерген жапырақтарының қойнауында орналасады. Қарама-қарсы орналасуына байланысты әрбір қосарланған жұп орамдар немесе дихазийлер гүлшоқтарын құрайды. Егер бұл шоқтардың буын аралықтары қысқа болса, нәтижесінде гүлшоғырлары күрделі масаққа немесе шоқпарбас гүлшоғырына ұқсас болады. Кейбір түрлерінде гүлшоғырлары қалқанша немесе сыпыртқы.
Гүлдері зигоморфты, гүлсеріктері қосарланған және қосжынысты.
Өлшемдері және түстері әрқилы ерінгүлдердің гүлдері үнемі дерлік зигоморфты және олардың жалпы құрлысын Са(5) Со(5) А4 G(2) формуласымен сипаттауға болады. Көбінесе бесмүшелі тостағаншасының қайырлған жиектері өзара тең немесе тең емес бес тісшелі. Тостағанша екі ерінді: жоғарғы еріні үш, ал төменгі еріні екі тісшелі болып келеді. Кейбір жағдайларда бір тісшенің толық жетілмеуіне байланысты тостағаншасы төрт тісшелі де болады.
Қос ерінді, бес мүшелі күлтесінің әдетте жоғарғы еріні екі, ал төменгі ерні үш күлтелерден (2/3) құралған. Жоғарғы еріні ойыс немесе тегіс болады, кейбір өкілдерінде толық редукциялануы мүмкін. Төменгі ерін күлтелерінің ортаңғысы әдетте үлкені болып табылады. Күлтелерінің еріндерге бөлінуі 4/1,0/5 түрінде де кездеседі. Кейде жоғарғы ерін күлтелерін құрайтын күлте жапырақшаларының толық кірігуі нәтижесінде күлтелері дұрыс және төрт мүшелі болуы мүмкін. Барлық ерінгүлділерде күлте түтігі айқын байқалады. Андроцей бесінші мүшесінің редукциялануына байланысты көбінесе төрт мүшелі. Гинецей екі мүшелі, синкарпті.
Еріндігүлдер тұқымдасының көптеген өкілдері парфюмерлік өндіріс шикізаттары ретінде арнайы өсіріледі. Мысалы, розмарин (Rosmarinus officinalis), лавандула (Lavandula spica), шалфей (Salvia sclarea), жыланбас-змееголовник (Dracocephalum moldavicum), жалбыз (Mentha arvensis) тағы басқада туыстарға топтасқан түрлерді атауға болады.
Күрделігүлділер немесе Астралықтар (сложноцветные немесе астроцветные - Compositae немесе Asterales) қатары
Күрделігүлділер (сложноцветные - Compositae немесе Asteraceae) тұқымдасы.
Күрделігүлділер тұқымдас өкілдері дүние жүзілік флорада өте кең тараған өсімдіктер қатарына жатады. Әдетте қосалқы жапырақтары жоқ,жай жапырақтары бүтін немесе тілімделген жиекті. Жапырақтары үнемі дерлік кезектесіп орналасады. Көптеген түрлерінде вегетативтік органдарының барлық бөліктерінде сүтті безеуіттері немесе шайыр жолдары болады. Күрделігүлділердің тостағаншаларының құрлысы әртүрлі, бірақ тостағанша жапырақшалары ешқашанда жапырақ пішіндес болып келмейді. Көбінесе тостағаншалары байқалмайды немесе төмпешік түрінде сақталады. Кей түрлерінде тостағаншалары қылтанақ түріндегі өскіндер (2-5) немесе қабыршақтар түрінде дамиды (салаубас 5, күнбағыс 2). Енді бір өкілдерінде тостағанша тісшелері ұзын түктермен аяқталады, мұндай түктер тостағанша тісшелерінің жиектерінен де немесе олардың аралықтарынан да өсіп шығуы мүмкін. Көп жағдайда жатынның жоғарғы бөлігінде өте көп мөлшерде қылтанақтар мен түктер орналасады. Бұл өсінділер айдарлар деп аталады. Айдарлардың негізгі биологиялық маңызы тұқымдардың жел арқылы таралуын қамтамасыз етеді.
Күрделігүлділердің бес мүшелі кіріккен күлтелерінің пішіндері әрқилы.
Қарапайым формаларында актиноморфтығы сақталған түтік тәрізді күлтелі өкілдері жатады.Түтік күлтелерге воронка күлтелі өкілдері жақын, бұл жағдайда кейде күлте бөліктері өзара тең болуы мүмкін, соның салдарынан күлтелері әртүрлі дәрежеде зигоморфтық сипат алады. Зигоморфтық форма жоғарғы екі және төменгі үш күлтесі еріндер түрінде де кездеседі. Көп жағдайларда бір ерінді күлте түзіледі, яғни бес күлте өз ара кірігіп төменгі бөліктері түтік, ал жоғарғы бөліктері бес тісшелі жалғыз тілше құрайды. Мұндай күлтелер тілшелі күлтелер деп аталады. Сонымен қатар жалған тілшелі күлтелерде кездеседі. Жалған тісшелі күлтелер екі ерінді күлтелердің (2/3) жоғарғы еріндерінің редукциялануы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.Аталықтарының саны 5,гинецейі екі жеміс ж-апырақшасынан тұрады.
Гүлінің формуласы: *Са5Со(5)А(5)G(2) төменгі жатын
Гүлдері үнемі себет гүлшоғырларына жинақталған, ал гүлшоғырларының құрлысы және орналасу тығыздығы әртүрлі. Себет гүлшоғырының негізгі осьін сабақтан пайда болған орган құрайды. Бұл орган «ортақ гүл табаны» деп аталады. Оның төменгі жағында жабын құрайтын бір-біріне жақын орналасқан сабақтың жоғарғы жапырақтары орналасқан. Бұл жапырақтар нағыз жапырақтарға ұқсас немесе одан түсі және құрлысы жағынан ерекше болуыда мүмкін.Жабынның ең ішкі жапырақтары гүл шоғырының шеткі гүлдерінің бүркеме жапырақтары болып табылады.
«Орталық гүл табанының» беті кедір-бұдыр, кейде торлы немесе ұялы құрлысты. Бұл гүлдердің бекитін орны. Себетте орналасқан гүлдердің саны өте көп. Көптеген түрлерінің себет гүлшоғырларындағы ортаңғы гүлдері актиноморфты, ал шеткі гүлдері зигоморфты болып келеді.
Бірқатар күрделігүлділердің шеткі гүлдері ұрпақсыз болып келеді, яғни бұл гүлдерде андроцей және гинецейі болмайды. Сирек жағдайларда себет гүлшоғырлары дара жынысты гүлдерден құралуы мүмкін.
Жемістері тұқымша. Тұқымның эндосперімі жоқ, ол өте жұқа тұқым қабығымен ірі ұрықтан тұрады.
Тұқымдас екі тұқымдас тармақтарына жіктеледі: түтікгүлділер (трубкоцветные - Tubiflorae), тілгүлділер(языкоцветные - Liguliflorae). Түтікгүлділер тұқымдас тармағының негізгі ерекшеліктері: себет гүлшоғырларының барлық гүлдері түтікті немесе екі ерінді болып келеді, кейде гүлшоғырының ортасында түтікті, ал шетінде тілшелі гүлдер орналасады. Сүтті шырындары болмайды.
Тілгүлділер тұқымдас тармақтарының негізі ерекшелігі оның себет гүлшоғырлары бірыңғай тілшелі гүлдерден тұрады. Әдетте сүтті шырындары болады.
Астырагүлділер тұқымдасының практикалық маңызы бар туыстарына күнбағыс (подсолнечник - Helianthus annus), топинамбур (топинамбур -Helianthus tuberosus) тархун жусан (тархун полынь - Artemisia dracunculus) т.б. атауға болады. Бұл тұқымдасқа жер бетінде көп тараған арам шөптердің түрлері жатады. Оларға канада майдажелкені (мелколепесник канадский- Erigeron canadensis), кәдімгі сарсояу (дурнишник обыкновенный - Xantnium strumarium), қылшықты сарқалуені (бодяк щетинистый - Cirsium setosum), жатаған укекіре (горчак ползучий - Acroptilon repens), егістік қалуені (осот огородный - Sonchus oleraceus) т. б. атауға болады. Жиі кездесетін дәрілік өсімдіктерге құмдық салаубас (цимин песчаный - Helichrysum arenarium), дәрілік ромашка (ромашка лекарственная - Matricaria recutita), кәдімгі түймешетен (пижма обыкновенная - Tanacetum vulgare) кәдімгі өгейшөп (мать-и-мачеха обыкновенная - Tussilago farfara) тағы басқа көптеген түрлер жатады.