
- •Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
- •Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері.
- •Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta).
- •Зостерофилопсида (Zosterophyllopsida) класы.
- •Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
- •Тақырыбы: Плаун тәрізділер (Lycopodiopsida) класы. Плаундар (Lycopodiales ) қатары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері:
- •Гамамелидтер класс тармағы Hamamelididae. Шамшатгүлділер қатары Faqales. Қайыңдар (Березовые) Betulaceae
- •1. Тобылғылар (спирейные Spiraeoideae), 2. Раушандылар (розовые -Rosoideae), 3.Алмалылар (яблоневые - Maloideae), 4. Қараөріктер (сливовые- Prunoideae).
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Қосымша:
Дәріс №1
Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы.
Негізгі сұрақтары:
Систематика ғылымы.
Өсімдіктер ситематикасының міндеттері мен әдістері.Таксономия. Классификациясы. Түрлердің қосарынан аталуы.
Өсімдіктер систематикасының даму тарихы. Филогенетикалық жүйенің құрылуы.
Дүние жүзінде 500 мың немесе (жарты миллион) өсімдік бар. Оның 300 мыңы жоғары, 200 мыңы төменгі сатыдағы өсімдіктер топтарына жатады. Өсімдіктер систематикасының басты мақсаты осыншама әртүрлі өсімдіктерді бір жүйеге келтіру, олардың түрлерін ғылыми түрде зерттеп, оларды белгілі таксономиялық жүйеге келтіру. Яғни, топтастыру немесе классификациялау қажет. Топтастыруда өсімдіктер түрлерінің тарихи даму заңдылықтарына, яғни эволюциялық даму процестеріне қарапайым түрлерден жаңа күрделі түрлердің дамуына көп көңіл бөледі.
Систематика — түрлердің алуал түрлілігін жөне осы алуан түрліліктің себептерін зерттейтін ғылым. Систематиканың міндеттеріне флорографтар сипаттап жазған барлық түрлерді біздің түсінуімізге жеңіл, ғылыми система жасауға пайдалану болып табылады. Өсімдіктер систематикасында өсімдіктерді жүйелеуде өзіне тән тілі, ұғымдары және таңбалары қолданылады. Систематикалық бірлікті белгілеуде таксон термині қабылданған. Ол әртүрлі рангтарда болуы мүмкін. Реми түрде қабылданған және «Болашақ номенклатура жөніндегі халықаралық кодексте» жарияланған соңғы халықаралық ботаникалық конгрестің шешімдеріне сәйкес ботаникада 23 таксон қабылданды:
Өсімдіктер патшалығы – Regnum vegetable
Бөлім – Divisio
Бөлім тармағы – Subdivision
Класс – Classis
Класс тармағы – Sub classis
Қатар – Ordo
Қатар тармағы –Subordo
Тұқымдас – Familia
Триба, немесе буын – Tribus
Туыс – Genus
Туыс тармағы – Subgenus
Секция – Sectio
Секци тармағы – Subsectio
Серия – Series
Түр – Species
Ең басты такмономиялық рангқа түр жатады. Түр ретінде филогенетикалық тұрғыдан, шығу тегінің бірлігіне байланысты қатарлардың систематикалық бірліктері алынады. Түр дегеніміз – табиғи үздіксіз эволюциялық жағдайдағы, яғни жалпыға бірдей өзгеру және даму заңдарына бағынатын систематикалық категория. Таксондар атаулары биологияда қабылданған халықаралық кодекс бойынша әрбір таксонның өзіндік латынша жалғаулары бар, атап айтқанда: бөлім - ...phyta, бөлімше -...phytina, класс - ...psida, класс тармағы -...idae , қатар -...ales, тұқымдас –...ceae, тұқымдас тармағы -...oidaea.
Бинарлық номенклатурада К.Линней кезінен қалыптасқан тәртіп бойынша түрдің латынша атауынан кейін, осы түді сипаттаған автордың қысқаша аты беріледі. Тасономияда ең бастысы өсімдіктердің әр түрлілігі туралы ақпаратты сақтауға және табуға, кез келген белгісіз өсімдіктің жүйедегі орнын тез анықтауға қолайлы болуы керек.
Түр дегеніміз, морфологиялық және анатомиялық құрылыстары ұқсас, өзара бұдандасып ұрпақ бере алатын белгілі бір тіршілік жағдайына икемделген және табиғатта белгілі бір ареалды алып жатқан особьтар. Түрлер туысқа бірігеді (genus). Туыс дегеніміз бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы.
Түрлер туысқа бірігеді (genus). Туыс дегеніміз бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы.
Бинарлық атау ақ беде – Trifolium prafense – клевер-красный немесе қызыл беде - Trifolium repens – клевер ползучий.
Соңғы зерттеулердің қорытындыларына байланысты дүниежүзінде 500 мың немесе (жарты миллион) өсімдік бар. Оның 300 мыңы жоғары, 200 мыңы төменгі сатыдағы өсімдіктер топтарына жатады. Өсімдіктер систематикасының басты мақсаты осыншама әртүрлі өсімдіктерді бір жүйеге келтіру, олардың түрлерін ғылыми түрде зерттеп, оларды белгілі таксономиялық жүйеге келтіру. Яғни, топтастыру немесе классификациялау қажет. Топтастыруда өсімдіктер түрлерінің тарихи даму заңдылықтарына, яғни эволюциялық даму процестеріне қарапайым түрлерден жаңа күрделі түрлердің дамуына көп көңіл бөледі.
Өсімдіктер систематикасы – өсімдік организмінің тіршілігін және дамуын бақылаудан, оларды пайдалы қасиеттеріне қарай жіктеу, таралуын зерттейді. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер төмендегідей жіктеледі:
1 бөлім - Риниофиттер бөлімі (Propterdophyta)
2 бөлім - Мүк тәрізділер бөлімі (Bryophyta).
3 бөлім - Плаун тәрізділер бөлімі (Lycopodiofhyta).
4 бөлім - Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Equisetophyta).
5 бөлім - Папоротник тәрізділер бөлімі (Polypodiophyta).
6 бөлім - Жалаңаш тұқымдылар бөлімі (Pinophyta, Gymnospermae).
7 бөлім - Жабық тұқымдылар бөлімі немесе гүлді өсімдіктер бөлімі (Angiospermae, Magnoliphyta).
Қос жарнақтылар класы (Diocotyledoneae).
Дара жарнақтылар класы (Monocotyledoneae).