
- •Қаржылық менеджменттің функциялары
- •Қаржылық менеджменттің ақпарат базасы
- •Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы
- •Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы
- •Тәуекелдік менеджмент – қаржылық менеджменттің элементі
- •Капиталдың экономикалық маңызы. Капитал құрылымы
- •Қаржылық леверидж
- •Операциялық (өндірістік) леверидж
- •Фирманы қаржылық сауықтыру әдістері
- •Кәсіпорынның дивидендтік саясаты
- •Тауарлы – материалдық қорларды басқару саясаты
- •Дебиторлық борыштарды басқару саясаты
- •Ақша қаражаттарын басқару саясаты
- •Қаржылық жоспарлау және болжау
- •Капитал құны тұжырымдамасы
Дебиторлық борыштарды басқару саясаты
Тауарды несиеге сату барысында дебиторлық берешек пайда болады. Дебиторлық берешектің құрамына: тұтынушылар, тапсырыс берушілер, жеткізушілер берешегі, ақша алуға берілетін вексель, тәуелді қоғамдар берешегі, берілген аванстар, өзге де берешектер енеді. Ағымдағы дебиторлық қарыз дегеніміз бір жыл ішінде төлеуге тиіс және қалыпты операциялық цикл кезінде пайда болатын берешек..
Ағымдағы дебиторлық борышты тиімді басқару бірінші кезекте сатып алушылардың тауарға, жұмысқа және қызметке қарызын инкассациялауда қамтамасыз етумен және мөлшерді оптимизациялаумен байланысты. Өнімді сатып алушыға қатынасы ретіндегі кәсіпорынның несиелік сасатын анықтайтын ағымдағы дебиторлық қарызды басқарудың алгоритімін құру келесі негізгі кезеңдерден тұрады:
Өткен мерзімдегі дебиторлық қарызды талдау. Бұл талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы дебиторлық қарыздың құрамын және деңгейін бағалау және оларға қаржылық ресурстарды инвестициалудың тиімділігін бағалау жатады.
Кәсіпорынның өнімді сатып алушыға қатысты бойынша несиелік саясаттын типін таңдау. Қазіргі коммерциялық және қаржылық тәжірибеде өнімді несиеге өткізу нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде кең таралған. Несиелік саясаттың принциптерін құру осы тәжірибенің шарттарын көрсетеді және кәсіпорынның операциялық пенқаржылық іс-әрекетінің тиімділігін көтеруге бағытталған.
Өнімді несиеге өткізу формасының екі түрі бар:
тауарлық несие;
тұтыну несие.
Тауарлық және тұтыну несиесі бойынша дебиторлық қарызға бағытталған айналым капиталының мүмкін сомасын анықтау. Бұл соманы есептеу кезінде несиеге беретін өнімнің жоспарланған көлемін; несиенің формалары бойынша төлемді кейінге қалдырудың орташа мезгілін несиеге беретін өнімнің құнын және өзіндік құнының қатынасының коэффициентін есептеу керек.
Несиелік шарттың жүйесін құру. Бұл шарттың құрамына келесі элементтер кіреді:
несиенің беру мерзімі (несиелік мерзім);
несиенің беру мөлшері (несиелік лимит);
несиені беру құны;
сатып алушылардың өз міндеттемелерін орындалмағаны үшін айыппұлдық жазалау жүйесі.
Сатып алушылардың бағалау стандарттарын құру және несиені беру шарттарын дифференциалацияу.
Ағымдағы дебиторлық қарызды инкассациялау процедурасын құру. Бұл процедураның құрамында сатып алушыларға төлемнің уақыты туралы алдын ала мен кезекті ескерту мерзімі және формасы, берілген несие бойынша борыштың уақытын ұзайту мүмкіндігі мен шарты.
Кәсіпорында ағымдағы дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың жаңа формаларын қамтамасыз ету, нарықтық жағдайдың және инфрақұрылымның дамуы. Қаржылық менеджмент тәжірибесінде дебиторлық қарызды басқарудың бірқатар жаңа формаларын қолдануға мүмкіндік тудырады.
Қазіргі кезде қолданылатын дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың негізгі формалары болып келесілер табылады:
факторинг;
өнімді сатып алған сатушылар берген вексель есебі;
форфейтинг.
Дебиторлық берешекті бақылау және фирма құтыла алмас қарызға кірмес үшін көбінесе, пайда болған мерзіміне байланысты қарызды топтастыруды, дебиторлық берешектің күндік айналым көрсеткішін (DSO) және бір күндік тауар айналымын (ADS) анықтауды пайдаланады. Бірақ бұлардың барлығы жалпы қарыз көлемі сапасының өзгеруін бақылауға, нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.
Дебиторлық берешекті төлеу тәртібі тұрғысынан талдап, бақылау - ең дұрыс тәсілдердің бірі. Бұл тәсілдің негізгі құралы - төленбеген қалдықтар ведомосы.
Фирманың несиелік саясаты төрт элеметтен тұрады: несиенің берілу мерзімі, шегерім мөлшері, тауардың құнын берілген мерзімненерте төлегендегі шегерім мөлшері, тәртіпті сақтамайтын клиенттерге қатысты саясат және несие өтеу қабілеттілігі стандарты. Алғашқы екеуі несие беру барысында көрінеді. Несие менеджерінің негізгі мақсаты – тауарды өткізуді несиеге сату арқылы көбейту, сенімді клиенттерге берілген несие қосымша кіріс әкеледі, соның нәтижесінде фирманың өз капиталы артады.
Егер фирма несие саясатын жеңілдетсе, әдетте сату көлемі артады. Жеңіл несие саясатын қалыптастыру несиені төлеу мерзімін ұзарту, несиені төлеу қабілеттілігі стандартын төмендету, дебиторлық берешекті жинақтау саясатын жұмсарту, шегерімдер ұсыру арқылы жүзеге асырылады. Осы әрекеттердің әрқайсысы фирманы қосымша шығындарға әкеледі. Фирма өз клиенттеріне несие бере жағдайын келесі шартпен ғана жеңілдете алады: шығынның көбюі кірістің көбеуінен аспаған жағдайда.