
- •Қаржылық менеджменттің функциялары
- •Қаржылық менеджменттің ақпарат базасы
- •Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы
- •Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы
- •Тәуекелдік менеджмент – қаржылық менеджменттің элементі
- •Капиталдың экономикалық маңызы. Капитал құрылымы
- •Қаржылық леверидж
- •Операциялық (өндірістік) леверидж
- •Фирманы қаржылық сауықтыру әдістері
- •Кәсіпорынның дивидендтік саясаты
- •Тауарлы – материалдық қорларды басқару саясаты
- •Дебиторлық борыштарды басқару саясаты
- •Ақша қаражаттарын басқару саясаты
- •Қаржылық жоспарлау және болжау
- •Капитал құны тұжырымдамасы
Кәсіпорынның дивидендтік саясаты
Дивидендтік саясаты капитал құрылымын басқару сияқты кәсіпорын акцияларының бағасына біршама әсер етеді. Дивиденд акционерлердің ақшалай табысы және олар белгілі бір дәрежеде акционерлерге кәсіпорын жұмысы жемісті жүріп жатқандығы туралы белгі береді.
Қаржы теориясында оңтайлы дивидендтік саясат негіздеудің үш жолы белгілі:
Дивидендтің иррелеванттілік теориясы. Дивидендтің иррелеванттілік теориясын Ф.Модильяни мен М. Миллер дайындаған. Олар өз теорияларын дамыта отырып, дивидендті қалдық принципі бойынша есептеуді ұсынады. Осы идеяны негізге ала отырып, олар тағы да дұрыс инвестициялық саясаттың басымдылығына, оның компанияның негізгі мақсатын анықтайтынына келеді.
Дивидендтік саясаттың оңтайлылығы – тиімді қайта қаржыландырудың барлық мүмкіндіктері талданған соң және осы көз есебінен барлық тиімді инвестициялық жобалары қаржыландырылған соң ғана дивидендті есептеу деп түсіндіріледі. Егер барлық пайданы мақсатты түрде қайта қаржыландыруға жұмсаса, дивиденд мүлдем төленбейді, ал, керісінше, компанияның тиімді инвестициялық жобалары болмаса, пайда толығымен дивиденд төлеуге жұмсалады.
Дивидендтік саясаттың негізделік теориясы. Екінші бір тәсілдің жақтаушылары, Модильяни – Миллер теориясының қарсыластары дивидендтік саясат негізді, ол акционерлердің жиынтық байлығына әсер етеді деп санайды. Дивидендтік саясатын таңдау мәселесін шешу бағытындағы негізгі идеологтары М. Гордон мен Дж. Линтнер. Сонымен, олар талдауының негізгі қорытындысы мынадай деді: жалпы кіріс формуласында дивиденд кірісінің маңызы басым; дивиденд төлеуге бағытталған пайда бөлігін ұлғайтып, фирманың нарықтық құнының өсуіне келуге болады, сонымен қатар оның акционерлерінің жағдайы жақсарады.
Салықтық дифференцияация теориясы. 1970 – 1980 жж. басында Н. Литценберг мен К.Рамасвали зерттеулерінің нәтижесі жарияланды, кейіннен олар салықтық дифференциация теориясын аталған, осы теорияға сәйкес акционерлер тұрғысынан дивидендтік кіріс емес, капиталдалған кірістің маңызы басым. Осы теорияға сәйкес екі компания пайдану бөлу жағынан ғана ерекшелексе, онда салыстырмалы түрде жоғары дивиденді бар фирманың акционерлері акцияның жоғарылатылған кірісін талап етуге тиіс, себебі олар салықтың өсуімен байланысты шығындарды жабуға тиіс. Компания үшін жоғары дивидендтерді төлеу тиімсіз, ал оның нарықтық құны пайда ішіндегі дивиденд салыстырмалы түрде аз болған жағдайда барынша көбейеді.
Дивидендтік саясатқа әсер ететін факторлар
Дивидендтік саясатқа әсер ететін сипатты факторларға мыналар жатады:
Компанияның өсу темпі (жылдамдығы).
Шектейтін келісім-шаттар.
Табыстылық.. дивидендтерді бөлу компанияның табыстылығымен тығыз байланысты.
Табыс тұрақтылығы.
Компания қызметін бақылауда ұстау.
Қарыз капитал есебінен қаржыландыру деңгейі.
Сыртқы көздерден қаржыландыру мүмкіндігі.
Белгісіздік.
Салықтық айыптар.
Дивидендті төлеу әдістері
1) Акция түріндегі дивиденд. Акцияны бөлшектеу.
2) Акцияларды бөлшектеу әдісі.
3) Акция сатып алу әдісі.
Дивидендтік саясаттың кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсері
Дивидендтік саясатты жүзеге асыру үрдісі барысында әр түрлі жағдайлар мен нұсқаулар талданып, болжанды және кәсіпорынның нарықтағы мүмкіндігі бағаланады. Кәсіпорынның активтерін барынша тиімді қолдану мақсатында бөлу сияқты мәселелерін шешудің біліктілігі жоғары тәсілдері болашақта кәсіпорынның тұрақты қоржы жағдайы жағдайын қамтамасыз етеді.
Дивидендтік саясат өзінің құрылу және жүзеге асырылу барысында акционерлердің ағымдағы және болашақтағы пайда арасындағы байланыс әр түрлі факторлардың корпорация капиталына әсері сияқты мәселерді қарастырады, дивиденд кестесінің оңтайлысын анықтайды, оны төлейдің түрлері мен тәсілдерін анықтайды.
Дивидендтік саясат бюджетке, корпорация акционерлеріне төлемдерді көздейді, өз міндетте иелері бойынша кепілдікті анықтайды. Сонымен қатар дивидендтік саясат жүзегеасыру барысында кәсіпорынның резервтері анықталады, резерв айналымы қосымша пайда табуды қамтамасыз етеді. Шаруашылықты жүргізуге оңтайлы нұсқаны таңдау тәуекелді азайтып, рационалды салықтық саясат жүргізуге көмектеседі. Сонымен дивидендтік саясат кәсәпорынды басқарудағы маңызды құрал болып табылады, ал оны жүзеге асыру – табысты кәсіпкер болуға, меншік иесінің мүддесін сақтауға, акционерлер мен басқа да жұмысшылардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.