Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-аржылы- менеджмент -зіні- басты ма-сатын ж-зег...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217.09 Кб
Скачать

Тәуекелдік менеджмент – қаржылық менеджменттің элементі

Тәуекелдік дегеніміз мүмкін болатын қауіп шығындары. Қаржылық менеджерге тәуекелдік – бұл қолайсыз мүмкіндігі. Тәуекелдік – бұл экономикалық дәреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Тәуекелдік – қаржылық дәреже де болады. Сондықтан, тәуекелдіктің көлемі мен дәрежесіне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Осындай әсер ету арқылы қаржылық менеджменттің тәсілдерімен ерекше стратегияның көмегімен орындалады. Стратегия мен тәсілдер жиынтығы тәуекелдікті басқару механизмін ұйымдастырады, яғни тәуекелдік – менеджментті.

Сондықтан тәуекелдік – менеджмент – бұл қаржылық менеджменттің бөлімі. Тәуекелдік – менеджменттің функциялары: болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Тәуекелдік менедждмент дегеніміз нарықтық қатынастар мен тәуекелдікті басқару жүйесі. Тәуекелдік менеджменттің құрамына басқару тактикасы мен стратегиясы енеді.

Стратегия – бұл дұрыс және тиімді болжауға негізделген басқару және жоспарлау өнері. Тәуекелдік менедждменті стратегиясының ережелері келесі:

  • ұтысты барынша көбейту;

  • нәтиженің оңтайлы ықтималдығы;

  • нәтиженің оңтайлы ауытқуы;

  • ұтыс пен тәукелдік көлемінің оңтайлы үйлесімділігі.

Ұтысты барынша көбейту ережесінің мәні: капитал салымдарының мүмкін болатын тәуекел вариаттарының ішінен ең тиімді нәтиде беретін вариант таңдалады, яғни инвестор үшін ең аз тәуекел жағдайында кірісті брынша көбейту варианты.

Мүмкін болатын оңтайлы нәтиже ережесінің мәні: ықтимал нәтиже инвестор үшін тиімді және қаржы менеджерін қанағаттандыратын вариантты таңдау.

Практикада нәтиженің оңтайлы ықтималдығымен нәтиженің оңтайлы ауытқуы үйлесіп қолданылады. Көрсеткіштердің ауытқуы оның дисперсиясынан, орта квадраттық ауытқуынан және вариация коэффициентінен көрінеді.

Тәуекел капитал салым жасауға шешім қабылдау ережесі шешім варианттарын таңдау әдістерімен толықтырылады.

Тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде ең көп таралғаны:

  • диверсификация

  • таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпарат алу

  • лимиттеу

  • өзін - өзі сақтандыру

  • сақтандыру

Сақтандыру дегеніміз – кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғындардың, ақша қорының құрылуымен байланысты, мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғайтын заңдық және нарықтық қатынастар жүйесі, сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру ақысын және зиянды өтеу үшін жиналатын ақша қоры.

Капиталдың экономикалық маңызы. Капитал құрылымы

Капитал – қаржы менеджмент ішіндегі ең жиі қолданылатын экономикалық категория. Капитал мағынасына мынадай сипаттамалар беріледі:

  1. Кәсіпорынның капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады. Экономикалық теорияда кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін өндірістің негізгі үш факторын белгілейді: капитал; жер және басқа табиғи ресурстар; еңбек ресурстары. Өндірістің бұл факторлар жүйесінде капиталды басты рольге жатқызады, себебі ол барлық факторларды бір өндірістік комплекске біріктіреді.

  2. Капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын сипаттайды. Мұнда капитал өндірістік емес (операциондық), қаржылық (инвестициялық) сфера кәсіпорынның табысының құрылуын қамтамасыз ететін ссудалық капитал формасында болуы мүмкін.

  3. Капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайын құрудың негізгі көздері болып табылады. Ол ағымдағы, болашақтағы кезеңнің қаржы жағдайының қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

  4. Кәсіпорынның капиталы, оның нарықтық құнының өлшемі. Бұл жерде капитал оның таза активінің көлемін анықтайтын кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.

  5. Кәсіпорындағы капиталдың динамикасы оның шаруашылық қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызды барометрі болып табылады.

Кәсіпорынының барлық капиталы айналымнан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Капиталды қызмет атқару мерзіміне қарай негізгі активтер және айналымдағы активтер деп екіге бөледі. Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, аяқталмаған құрылыстан құралады. Айналыстан тыс активтер шаруашылық субъектісінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады. Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделген. Соған сәйкес, оладың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, ТМҚ, дебиторлық берешек жатады.

Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қарыздық қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы оның қаржылық, операциондық, инвестициялық қызметіндегі көптеген аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне белсенді әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің рентабельдік коэффициентіне әсер етеді, төлем қабілеттік пен қаржылық тұрақтылық коэффициентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық санатының қатынасын құрайды.

Кәсіпорында капиталды басқару келесідей негізгі қызметті шешуге бағытталған:

  1. Кәсіпорынның экономикалық дамуының қажетті темпін қамтамасыз ететін капиталдың жеткілікті көлемін құру.

  2. Қаржылық тәуекелдің көрсетілген деңгейі бойынша капиталдың ең жоғары табыстылығына жетудің жағдайын қамтамасыз ету.

  3. Табыстылықтың көрсетілген деңгейі бойынша капиталды қолданумен байланысты қаржылық тәуекелдің төмендеуін қамтамасыз ету.

  4. Кәсіпорынның жеткілікті қаржылық икемділігін қамтамасыз ету. Мұндай тепе-теңдік қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдері мен принциптерінің жүйесін көрсетеді.