- •050301-Юриспруденция
- •А) банктiк есеп шартындағы тарап;
- •С) құқытық қатынатардың пайда болуына, өзгеруiне немесе
- •В) мемлекеттiң функциясын және мемлекет органының атынан лауазымдық өкiлдiгiн және мiндеттерiн жүзеге асырушы тұлға;
- •Зиянды жоюы; аса қажеттiлiк жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасауы;
- •1092.1 Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірудің қысқа уақытқа бұзылуы сипатталады:
1092.1 Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірудің қысқа уақытқа бұзылуы сипатталады:
А) жалпы еңбек қабілетінің кемінде 1\3 айтарлықтай тұрақты түрде жоғалту;
В) 7 күннен артық емес мерзімге;
С) 10 күннен артық, бірақ 20 күннен артық емес;
D) 7 күннен артық,бірақ 14 күннен артық емес;
Е) 21 күннен кем.
************************************************************
1093.1 (ҚК 103-бап, 1-бөл.) Бет-әлпеттің қалыпқа келгісіз бұзылу фактісін анықтайды:
А) тергеу органы;
В) прокурор;
С) сот-медициналық сараптама;
D) сот-медициналық сараптама және сот;
Е) сот.
***********************************************************-
1094.1 (ҚК 96-бап) ҚР қылмыстық құқығында адамның өмірге келуінің басы болып саналады?
баланың анасының денесінен бөлініп шығуы;
бірінші дем тарту сәті;
9-шы ай жүктілігінің басы;
физиологиялық босану басталған уақыттан бастап;
ұрықтану сәті.
************************************************************
1095.1 (ҚК 118-бап) Науқасқа көмек көрсетпеуге қандай дәлелді себептер жатады?
медициналық қызметшінің демалыста болуы;
керекті дәрі-дәрмектің болмауы;
түскі асқа үзіліс;
емдеу ұйымының мекемеге жатуы;
емдеу ұйымының жеке меншік нысаны;
************************************************************
1096.1 Зорлау (ҚК 120 -б.) болып табылады:
жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау;
жәбірленушіге күш қолданып жыныстық қатынас жасау;
жәбірленушіге күш қолданбақшы болып қорқытып жыныстық қатынас жасау;
жәбірленушіні қолданбақшы болып, нәпсіқұмарлық әрекеттер жасау;
жәбірленушінің қасақана мүлкін жоюмен қорқытып жыныстық қатынас жасау.
************************************************************
1097.1 (ҚК 120-бап) Зорлау аяқталған қылмыс болып мына сәтінен саналады:
жәбірленушінің қарсылығын басуға бағытталған іс-әрекеттердің жасалуы;
жәбірленушіге күш қолдану немесе қолданамын деп қорқыту;
жыныстық қатынастың физиологиялық мағынада аяқталуы;
жыныстық қатынас басталған кезден;
жәбірленушінің қарсылығын басу.
************************************************************
1098.1 (ҚК 125-бап) Адамды ұрлау кезінде қылмыс аяқталған болып саналады:
жәбірленушіні басып алған кезден бастап;
жәбірленушіге күш қолданып, оны басып алған сәтінен бастап;
жәбірленушіні үйренген микро әлеуметтік ортадан зорлаумен алу сәтінен бастап;
жәбірленушіні кепілге алып, тұрақты немесе уақытша тұрған жерінен басқа жерге ауыстыру сәтінен бастап;
жәбірленушіні ұрлау мақсатымен шабуыл жасаған сәтінен бастап.
************************************************************
1099.1 Адам ұрлау кезінде (ҚР ҚК 125- б.) негізгі тікелей объект болып:
адамның өмірі;
адамның денсаулығы;
өмірі және денсаулығы;
адамның жеке бас-бостандығы;
адамның ар-намысы және қадір-қасиет.
*********************************************************
1100.1 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бірнеше рет жасалған деп саналады:
егер тұлға осы қылмысты бұрын жасаса;
егер тұлға осы қылмыс үшін бұрын сотталған болса;
егер тұлға бұрын денсаулыққа ауырлығы орташа және қасақана ауыр зиян келтірсе;
егер тұлға бұрын денсаулыққа ауыр, ауырлығы орташа немесе жеңіл зиян келтірсе;
егер тұлға бұрын ҚР ҚК 96-шы бабында көзделгендей қылмысты жасаса;
************************************************************
1101.1 (ҚК 126-бап) Заңсыз бас-бостандығынан айыру адам ұрлаудан айырмашылығы:
қылмыстың объектісі бойынша;
қылмыстың субъектісі бойынша;
объективтік жағы бойынша;
субъективтік жағы бойынша;
қылмыстың заты бойынша.
************************************************************
1102.1 (ҚК 117-бап) Заңсыз аборт жасау үшін қылмыстық жауаптылық басталады:
денсаулыққа ауыр зиян келтірген жағдайда;
денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтірген жағдайда;
абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкелген жағдайда;
денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген жағдайда;
зиянды салдардың болуына немесе болмағанына қарамастан, заңсыз аборт жасау.
***************************************************************
1103.1 (ҚК 104-бап) Денсаулыққа орташа зиян келтірілді деп саналады, егер келтірілген зиян денсаулыққа мына ұзақ бұзылуға әкеп соқса:
А) 7 күннен аса,бірақ 14 күннен аспайтын;
В) 21 күннен аса мерзім;
С) 28 күннен аса мерзім;
D) 7 күннен аса,бірақ 21 күннен аспайтын;
Е) 1 айдан астам мерзім.
************************************************************
1104.1 Қауіпті жағдайда қалдыру (ҚР ҚК119-б) субъективтік жағы қандай нысанында сипатталады:
А) тікелей қасақаналықпен;
В) абайсыздық;
С) жанама қасақаналықпен немесе абайсыздықпен;
D) кінәнің екі нысанымен;
Е) тікелей қасақаналықпен және абайсыздықпен.
************************************************************
1105.1 Адамның өміріне зиян қауіпті болып саналады, егер:
A) адам көзінен айрылса;
B) әдетте адамның өліміне әкеп соғатын зиян;
C) кәсіптік қабілеттілігін толығымен жойса;
D) адамның қайсы бір дене мүшесін жойса;
Е) адам тілінен айрылса.
****************************************************************
1106.1 (121-бап) Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданудың субъектісі болып табылады:
А) 14 толған еркек;
В) 16 толған әйел;
С) 16 толған әйел және еркек;
D) 18 толған әйел мен еркек;
Е) 14 толған әйел мен еркек.
************************************************************
1107.1 Қылмыстық жауаптылық ҚР ҚҚ 116 бабының 1 бөлімінің «Адамның имун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы» басталады, егер:
А) кінәлі тіркеуге тұруға және емделуден жалтарса;
В) кінәлі өзінің әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы басқа адамды көрінеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтұру қаупінде қалдырса;
С) кінәлінің көрінеу әрекетінің (әрекетсіздігі) арқасында басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ жұқса;
D) кінәлінің абайсыздық әрекетінің (әрекетсіздігі) арқасында басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ жұқса;
Е) кінәлінің көрінеу немесе абайсыздық әрекетінің (әрекетсіздігі) арқасында басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ жұқса;
***************************************************************
1108.1 (ҚК 119-бап, 2-бөл.) Көмексіз қалдырған адамның абайсызда өлуіне әкеп соққан қауіпті жағдайда қалдыру қылмыстың субъективтік жағы:
А) абайсызда;
В) жанама қасақаналықпен;
С) кінәнің екі нысанымен;
D) тікелей немесе жанама қасақаналықпен;
Е) тікелей қасақаналықпен.
************************************************************
1109.1 (ҚК 129-бап) Жала –жабу қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болады:
А) мәліметтерді кемінде 2 тұлғаға тарату;
В) мәліметтерді тарату тәсілі;
С) мәліметтердің таратылуына байланысты зиян зардаптардың пайда болуы;
D) мәліметтердің көрінеу жалған болуы;
Е) тікелей қасақаналықтың болуы.
************************************************************
1110.1 (ҚК 112-бап) Қорқыту қылмысының субъективтік жағы мына кінә нысанында сипатталады:
А) жанама қасақаналық;
В) жанама немесе тікелей қасақаналық;
С) тікелей қасақаналық;
D) қасақаналық немесе менмендікпен;
Е) кінәнің екі нысанымен.
************************************************************
1111.1 (ҚР ҚК 108-бап) «Денсаулыққа жан-күйзелісі жағдайында зиян келтіру» қылмысының қылмыстық жауапкершілігі қандай зиян келтіруімен пайда болады?
А)денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтірумен;
В) денсаулыққа ауыр зиян келтірумен;
С) жеңіл зиян келтірумен;
D) ауырлығы орташа және жеңіл зиян келтірумен;
Е) ауырлығы орташа зиян келтірумен.
************************************************************
1112.1 (ҚК 114-бап) Медициналық қызметкерінің, кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің қандай тарапына жатады?
А) денсаулыққа қарсы қылмыстар;
В) жеке адамдарға қарсы қылмыстар;
С) отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар;
D) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар;
Е) өмірге қарсы қылмыстар;
************************************************************
1113.1 (ҚК 126-бап) Бас бостандығынан заңсыз айыру қай кезден бастап аяқталған болып табылады?
егер кінәлі адамның әрекетінен жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілген болса;
егер кінәлі адамның әрекетінен жәбірленушіге материалдық зиян келтірілген болса;
егер бостандығынан 2 сағаттан кем емес уақытқа айырылса;
іс-жүзінде бас бостандығынан айыру;
жәбірленушіні өзінің микро әлеуметтік ортасынан шығару.
************************************************************
1114.1 (ҚК 127-бап) Психикалық стационарға заңсыз орналастыру қылмысының субъективтік жағы қай кінә нысанымен сипатталады?
немқұрайдылық;
менмендік;
жанама қасақаналық;
тікелей қасақаналық;
кінәнің екі нысанымен;
************************************************************
1115.1 (ҚК 97-бап) Жана туған сәбидің анасының өлтіруі қылмыстың сараланған түрлері болып табылады:
аса қатыгездікпен жасалған;
екі немесе одан да көп адамдармен байланысты;
адамдар тобымен, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
пайдакүнемдік ниетпен;
сараланған түрлері жоқ;
************************************************************
1116.1 (ҚК 117-бап) Заңсыз аборт жасау деп танылады:
A) әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейін жүктілік кезінде;
B) әлеументтік көрсеткіштер бойынша-23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде;
C) 18 жасқа толмаған әйелге қатысты;
D) тұрақты стационарлық медициналық мекемеден тыс жерде (аса қажеттілік жағдайынан басқа);
E) жеке меншік гинекологиялық кабинетте.
************************************************************
1117.1 (ҚК 119-бап) Қауіпті жағдайда қалдыру қылмысы аяқталған болып саналады:
жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргеннен бастап;
жәбірленушіге көмек көрсету міндетін орындамай өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда қалдырған кезден бастап;
көмексіз қалдырған адамның абайсызда өлуіне әкелетін болса;
жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргеннен бастап;
жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіргеннен бастап.
************************************************************
1118.1 (ҚК 117-бап) Заңсыз аборт жасау қылмыстың субъективтік жағы сипатталады:
тікелей қасақаналықпен;
жанама қасақаналықпен;
немқұрайдылықпен;
менмендікпен;
кінәнің екі нысанында.
************************************************************
1119.1 ( ҚК 112 б) Қорқыту қылмысы қай кезеңнен бастап аяқталған деп саналады?
A) кінәлі адаммен жәбірленушіге қорқыту айтылған кезден бастап;
B) жәбірленушіге қорқытулар мәлім болған уақыттан бастап;
C) кінәлі адаммен сол қорқытуды жүзеге асыру үшін дайындалу әрекеттердің жасалғанынан;
D) кінәлі адамда қорқытуды жүзеге асыру ниеті пайда болғаннан бастап;
E) жәбірленуші жайында айтылған қорқыту туралы бір адам білетін болса.
************************************************************
1120.1 (ҚК 125-бап) Адамдарды ұрлау қылмысы үшін қылмыстық жауапкершіліктен келесі жағдайда босатылады:
егер кінәлі адам ұрланған адамдарды өз еркімен босату;
егер кінәлі адам өз еркімен ұрланған адамды босатып және оған материалдық және моральдық зиянды орнына келтірсе;
егер ұрланған адамның денсаулығына зиян келтірмеген болса;
егер кінәлі адам ұрланған адамға жақсы қараса;
егер кінәлі адам өз еркімен ұрланған адамды босатып және кінәлі адамның іс-әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса.
************************************************************
1121.1 ҚР ҚҚ 104 –бабының, 1 бөлімінің «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» субьектісі болады:
А) 14-ке толған есі дұрыс адам;
В) 16-ға толған есі дұрыс адам;
С) 18-ге толған есі дұрыс адам;
D) 15-ке толған есі дұрыс адам;
Е) арнаулы субьект.
*******************************************************************
1122.1 (ҚК 125-б.) Адам ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік басталады:
А) 16 жастан бастап;
В) 14 жастан бастап;
C) 18 жастан бастап;
D) 15 жастан бастап;
Е) 17 жастан бастап.
***************************************************************
1123.1Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ерекшеленеді абайсызда адам өлтіруден:
А) обьективтік жағы бойынша;
В) субьектісі бойынша;
С) қылмыстың заты бойынша;
D) субъективтік жағы бойынша;
Е) бұл бір қылмыс.
*******************************************************************
1124.1 (ҚК 99-бап) Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы сипатталады:
А) тікелей қасақаналықпен;
В) абайсыздықпен;
С) жанама қасақаналықпен;
D) қасақаналықпен және абайсыздықпен;
Е) тікелей және жанама қасақаналықпен.
***************************************************************
1125.1 (ҚК 96-бап, 2-бөл., «и» тармақшасы) Бұзақылық ниетпен адам өлтіру мына адам өлтіру түрлеріне жатады:
А) төбелес кезінде немесе ұрыс керіс кезінде;
В) жеке қарым - қатынас негізінде;
С) қызғаныштан;
D) пайдакүнемдік ниеті;
Е) қоғамды сыйламайтындық.
***************************************************************
1126.1 (ҚК 97-бап) Жаңа туған баланы анасының өлтіруi қылмыстың міндетті объективтік жағы болып табылады:
А) қылмыс істеген қару;
В) қылмыс істеу құралы;
С) қылмыс істеу тәсілі;
D) қылмыс істеген уақыты;
Е) қылмыс істеген орны.
***************************************************************
1127.1 (ҚК 124-бап) Жас балаларды азғындаудың субъективтік жағы сипатталады:
А) тікелей ниетпен;
В) тікелей және жанама ниетпен;
С) абайсыздықпен;
D) қасақаналық және абайсыздықпен;
Е) кінәнің екі нысанымен.
**************************************************************
1128.1 «Заңсыз бас бостандығынан айыру» ҚР ҚК Ерекше бөлімінің қай тарауына жатады?
А) жеке адамдарға қарсы қылмыстарға;
В) бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
С) сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қарсы қылмыстар;
D) қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға;
Е) мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға.
***************************************************************
1129.1 (ҚР ҚК 129-б.) Жала жабу және (ҚР ҚК 130-б.) қорлау қылмыстардың айырмашылығы:
А) объектіден;
В) объективтік жағынан;
С) субъектіден;
D) субъективтік жағынан;
Е) қылмыстық затынан.
***************************************************************
1130.1 ҚР ҚК 120-бап, 2 бөлігінің, «б» тармағы бойынша, зорлаудың саралау белгісі жәбірленушіге психикалық күш қолдану болады:
А) ауыр жарақат тигіземін деп қорқыту;
В) мүлігіңді жоямын деп қорқыту;
С) өлтіремін деп қорқыту;
D) ұятқа қалдыратын сөздер таратамын деп қорқыту;
Е) жақын туыстарыңа ауыр жарақат тигіземін деп қорқыту.
****************************************************************
1131.1 (ҚК 128-бабы) Адамды саудаға салу қылмысының міндетті объективтік жағының белгісі болып саналады:
А) қоғамға қауіпті зардаптары;
В) қылмыс жасалған орны;
С) қылмысты жасаған уақыты;
D) қылмысты жасау жағдайы;
Е) қылмыс жасау тәсілі.
***************************************************************
1132.1 Кінәлінің іс - әрекетін ҚК 128- бабы бойынша саралау үшін адамды саудаға салу әрекеттері болуы қажет:
А) алдау;
В) күштеп жәбірлеу;
С) психикалық күш көрсету;
D) күштеп жәбірлеу және психикалық күш көрсету;
Е) арандату.
***************************************************************
1133.1(ҚК 132-бап) Көрсетілгендердің қайсысы кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тартудың обьективтік жағын қамтымайды?
А) есірткілік заттарды тұтынуға тарту;
В) жезөкшелікпен айналысуға тарту;
С) қаңғыбастықпен айналысуға тарту;
D) құмарлық ойындарды ойнауға тарту;
Е) қайыршылықпен айналысуға тарту.
*****************************************
1134.1 (ҚК 131-бап) Кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың субъектісі болып есі дұрыс жеке тұлға мына жасқа толған:
А) 14 жас;
В) 16 жас;
С) 18 жас;
D) 21 жас;
Е) 25 жас.
************************************************************
1135.1 ҚР ҚК 131- бабында кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту бойынша тұлға қылмыстық жауапкершілікке келесі жағдайда тартылады:
А) егер кінәлі кәмелетке толмағанды қылмысқа тартып жатқанын алдын ала білсе;
В) егер кінәлі кәмелетке толмағанды қылмысқа тартып жатқанын білмесе, бірақ білу тиіс еді;
С) егер кінәлі істің жағдайы бойынша жәбірленушінің кәмелетке толмағанын білмесе және оны білуге мүмкіндігі болмаса;
D) егер кінәлi қателесіп кәмелетке толмағанды үлкен кісі деп қылмыстық іске тартса;
Е) егер кінәлі қылмыстық іске 18-ге толған тұлғаны тартса.
************************************************************
1136.1 (ҚК 132-бап) Кінәлі адам кәмелетке толмағандарды спирттік ішімдіктерге тұтынуға тартқанда ұдайы тарту деп қай жағдайда танылады?
А) бір жылдың ішінде 2 рет тұтынуға тартқанда;
В) бір жылдың ішінде кемінде 3 рет тұтынуға тартқанда;
С) бір аптада 1 рет тұтынуға тартқанда;
D) екі жылда 3 рет тұтынуға тартқанда;
Е) бір күннің ішінде 1 рет тұтынуға тартқанда.
************************************************************
1137.1 ҚР ҚК 2- тарауында « Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарға» сәйкес кәмелетке толмағандар болып мына тұлғалар танылады:
А) 16 жасқа толғандар;
В) 14 жасқа толғандар;
С) 14 жасқа толмағандар;
D) 18 жасқа толмағандар ;
Е) 21 жасқа толмағандар.
************************************************************
1138.1 Бала асырап алу құпиясын жария етудің субъектісі болып (135-бап):
А) бала асырап алу фактісін білген 16 жасқа толған кез келген есі дұрыс жеке тұлға;
В) бала асырап алу фактісін білген 18 жасқа толған кез келген есі дұрыс жеке тұлға;
С) бала асырап алу фактісін білген, пайдакүнемдік немесе басқа ниетпен қылмыс жасаған әр тұлға;
D) бала асырап алу құпиясын қызметтік немесе мамандық құпиясын сақтауға міндетті тұлға;
Е) бала асырап алу құпиясын қызметтік немесе мамандық құпиясын сақтауға міндетті тұлға, не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған.
*******************************************************************
1139.1 (ҚК 136-бап) Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару – қаражатты ұдайы төлемеу болып:
А) 1 айдан астам;
В) 3 айдан астам;
С) 6 айдан астам;
D) 1 жылдан астам;
Е) 2 жылдан астам.
******************************************************************
1140.1 Бала ауыстырудың ( ҚР ҚК 134-бап, 2-бөл.) саралау белгісі болып осы әрекетті істеу болып табылады:
А) қызмет бабын пайдаланған тұлға;
В) 2 немесе одан да көп тұлғаға қатысты жасалса;
С) лауазымды тұлға;
D) пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен;
Е) ауыр зардаптарға әкеп соққан.
*******************************************************************
1141.1 Алаяқтықтың объективтік жағы мүлікті келесі ұрлап алу тәсілімен айқындалады (177-бап):
A)жасырын меншік иесінен және басқа адамдардан;
B)алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы;
C)заңсыз негізде бөтен мүлікті ұстау арқылы;
D)бұл мүлікті пайдалану бойынша;
E)қорқыту негіздері бойынша.
************************************************************
1142.1 Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттармен құжаттарды ұрлауды саралау кезінде маңызы бар (180-бап):
A)ұрлықты жасау тәсілі;
B)қол сұғу субъектісінің лауазымды жағдайы;
C)қылмыс заты;
D)қол сұғатын объектісі;
E)қол сұғудың арнайы мақсаты.
************************************************************
1143.1 Ұрлық тәсілдеріне байланысты қандай түрде жүзеге асырылады (175-бап):
A)мүліктің иесіне және басқада тұлғаларға белгілі;
B)алдау бойынша;
C)мүліктің иесіне және басқада тұлғаларға білінбеу жағдайларда;
D)күш қолдану арқылы;
E)сенімге кіру арқылы.
**********************************************************
1144.1 Талан-тараждың обьективтік жағының міндетті белгісі:
A) талан-тараждың орны;
B) талан-тараждың уақыты;
C) талан-тараждың мөлшері;
D) талан-тараждың тәсілі;
E) себебі.
*****************************************************************
1145.1 Меншікке қарсы қол сұғушылықтың ірі мөлшердегі залалы және зияны деп саналады, егер қылмыс жасау кезіндегі айлық есептік көрсеткіштен:
A)50 есе артса;
B)100 есе артса;
C)500 есе артса;
D)1000 есе артса;
E)200 есе артса.
************************************************************
1146.1 (ҚК 176-бап) Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің объективтік жағы:
A)бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы иемдену;
B)бөтен мүлікті заңсыз негізде ұстау, қайтармау;
C)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету;
D) бөтен мүлікті жасырын иелену;
E)бөтен мүлікті алдау бойынша иелену.
************************************************************
1147.1 (ҚК 178-бап) Тала-таражға салудың тәсілі бойынша тонауға тән мүлікті иелену:
A)шабуыл жасап, күш көрсетумен ұштасқан;
B)алдау арқылы;
C)ашық ұрлау;
D)бөтен мүлікті беруді талап ету;
E)жасырын ұрлау.
************************************************************
1148.1 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар:
A)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену;
B)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету;
C)алаяқтық;
D)қорқытып алушылық;
E)тонау.
************************************************************
1149.1 Қарақшылық (179-бап.) қай уақыттан бастап аяқталған қылмыс құрамына жатады?
A) біреудің мүлкін иемденгеннен кейін;
B) шабуыл жасап иемдену ойы қалыптасқанда;
C) біреудің мүлкін иелену үшін шабуыл жасағаннан бастап;
D) мүлікті өз еркімен иелік ету мүмкіндігі пайда болған кезден бастап;
E) шабуыл жасап адамның денсаулығына күш көрсетілгенде;
************************************************************
1150.1 (ҚК 179-бап) Қарақшылықтың субъектісі болып танылады:
15 толған есі дұрыс адам;
14-ке толған есі дұрыс адам;
16 толған есі дұрыс адам;
18 толған есі дұрыс адам;
14-ке толған есі дұрыс адам және заңды тұлға.
************************************************************
1151.1 (ҚК 179-бап) Қарақшылықтың объективтік жағының белгісі:
A) алдау;
B) жасырын ұрлау;
C) ысырап ету;
D) шабуыл жасау;
E) сенімге қиянат жасау;
************************************************************
1152.1 Күзетілетін обьектіден жасалған ұрлықтың аяқталғанын білу үшін қылмыс құрамының қандай белгісі маңызды болып саналады?
А) талан-тараждың тәсілі;
В) қылмыс жасаудың құралы;
С) қылмыс жасаудың уақыты;
D) қылмыс жасаудың себебі;
Е) қылмыстың заты.
*****************************************************************
1153.1 (ҚК 185-бап) Қандай міндетті жағдайдың болуына байланысты кінәлінің әрекетін автомобильді немесе өзге көлік құралдарын өз бетімен айдап әкету деп сараланады?
A) күшсіз автокөлікті иелену;
B) автокөлікті жасырын иелену;
C) алдау арқылы автокөлікті иелену;
D) автокөлікті оның детальдары мен запас бөлшектерін алу мақсатымен иелену;
E) кінәлінің ойында автомобильді талан-таражға салу мақсаты болмаса.
************************************************************
1154.1 (ҚК 187-бап) Бөтен адамның мүлкін қасақаналық жою немесе бүлдірудің едәуір зиян келтірудің мөлшері мына айлық есептік көрсеткіштен асатын:
A) 100АЕК;
B) 200АЕК;
C)300АЕК;
D)400АЕК;
E)500АЕК.
************************************************************
1155.1 Қарақшылық (179 б.) дегеніміз:
A) біреудің мүлкін ашық ұрлау;
B) күш көрсету арқылы жәбірленушіге мүлкін беруді талап ету;
C) біреудің мүлкін иелену үшін күш көрсетіп шабуыл жасағаннан бастап;
D) біреудің мүлкін иелену үшін өміріне және денсаулығына қауіпті күш көрсетіп шабуыл жасағаннан бастап;
E) сеніміне қиянат көрсету арқылы.
************************************************************
1156.1 Заңсыз кәсіпкерлік дегеніміз:
A) лицензиясыз кәсіпкерлікпен шұғылдану;
B) тіркеуден өтпей лицензиясыз, арнаулы рұқсатсыз кәсіпкерлікпен шұғылдану;
C) тіркеуден өтпей, лицензиясыз, арнаулы рұқсатсыз, кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлері мен шұғылдану, ірі зиянға, ірі мөлшердегі табыс табумен ұшталса;
D) тіркеуден өтпей, лицензиясыз, арнаулы рұқсатсыз, кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлері мен шұғылдану;
E) кәсіпкерліктің заңсыз түрлерімен шұғылдану. ************************************************************
1157.1 Заңсыз сыйақы алудың субьектісі ( 224-бап.):
A) мемлекеттік ұйымның лауазымды тұлғасы;
В) коммерциялық немесе басқа ұйымда басқару қызметін атқаратын тұлға ;
C) әрбір лауазымды тұлға;
D) лауазымды тұлға емес мемлекеттік ұйымның қызметкері сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін атқармайтын жұмыскері;
E) әрбір тұлға.
****************************************************************
1158.1(ҚК 192-бап) Жалған кәсіпкерліктің объективтік жағы:
A)заңсыз банктік қызметті құру;
B)кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану;
C)кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субьектісін құру;
D)тіркеуден өтпей, не рұқсат алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
E)лицензиясыз акциздік товарларды өндіру.
***************************************************************
1159.1 (ҚК 192-бап) Жалған кәсіпкерліктің, коммерциялық ұйымдарды құру мақсаты:
A) тыйым салынған қызметпен шұғылдану;
B) несие алу, салық төлеуден жалтару, өзге де мүліктік заңсыз пайда табу немесе тыйым салынған қызметті жасыру;
C) ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастыру;
D) өзге де қылмысты жасыру;
E)қызметте заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру.
************************************************************
1160.1 (ҚР ҚК 193-бап.) Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын заңдастырудың негізгі құрамының құрылымы болады:
A) формальды;
B) материалды;
C) қиылған;
D) аралас;
E)формальды-материалды.
*******************************************************************
1161.1 ( ҚК 194-бап) Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың құрамы, құрылысы бойынша:
A) формальды;
B) материалды;
C) қиылған;
D) күрделі;
E) формальды-материалды.
****************************************************************
1162.1 (ҚК 206-бап.) Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін жауапқа тартудың міндетті шарты болады:
A) өткізу (пайдалану, айырбастау, сыйға беру) мақсаты болса;
B) қылмыс жасау уақыты;
C) жалған ақшаларды алдау тәсілі арқылы өткізу;
D) қылмыс жасау жағдайы;
E) арнайы субьек- қазыналық жұмыскердің болуы.
******************************************************************
1163.1 (ҚК 206-бап.) Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындағаны немесе өткізгені үшін жауапқа тартудың міндетті шарты болады:
A) жалған ақшаларды алдамай өткізу үшін, олардың сыртқы пішінінің көбірек ұқсастығына жеткізу;
B) қылмыс істеу уақыты;
C) сенімге қиянат жасау арқылы;
D) күш қолдану арқылы;
E) арнайы сулық белгілері бар арнайы қағазда жасау.
******************************************************************
1164.1 Экономикалық контрабанданың заты: (209-б)
A)қару;
B)жарылғыш, оқ-дәрілер;
C)есірткі;
D)тауарлар және өзге заттар;
E) химиялық материалдар
************************************************************
1165.1 Экономикалық контрабанданың субъектісі: (209-бап)
A)14 жасқа толған адам;
B) 21 жасқа толған тұлға;
C)16-ға толған адам;
D)18-ге толған лауазымды тұлға;
E)шетел азаматтары.
************************************************************
1166.1 Талан-тараждың обьективтік жағының міндетті белгісі:
A) орны;
B) уақыты;
C) мөлшері;
D) тәсілі;
E) себебі.
*******************************************************************
1167.1 (ҚК 1765-бап) Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің объективтік жағы:
A)бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы иемдену;
B)бөтен мүлікті заңсыз негізде ұстау;
C)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету;
D) бөтен мүлікті жасырын иеленіп алу;
E)бөтен мүлікті алдау бойынша иелену.
************************************************************
1168.1 (ҚК 178-бап) Тонау, яғни бөтен мүлікті ұрлау тәсілі бойынша жүзеге асырылады:
A)шабуыл жасап, күш көрсетумен ұштасқан;
B)алдау арқылы;
C)ашық ұрлау;
D)бөтен мүлікті беруді талап ету;.
E)жасырын ұрлау.
************************************************************
1169.1 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар:
A)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену;
B)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті пайдалану;
C)алаяқтылық;
D)қорқытып алушылық;
E)тонау.
************************************************************
1170.1 Талан-тараждың субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады:
A)бөтен мүліктің субъектісінің иелігіне өткізу;
B)қасақаналық нысанында кінәнің болуы;
C)пайда табу ниетi;
D)пайдакүнемдік ниет және мақсат;
E)мүлікті зорлықсыз иелену.
************************************************************
1171.1 (ҚК 175-бап) Ұрлық- бұл:
A) бөтен мүлікті жасырын ұрлау;
B) бөтен мүлікті сенімге кіру бойынша ұрлау;
C) бөтен мүлікті ашық түрде ұрлау;
D) бөтен мүлікті әртүрлі талан-таражға салу;
E) бөтен мүлікті алдау арқылы алу.
************************************************************
1172.1 Талан-тараждың тәсілі:
A) барлық жауап дұрыс;
B) ұрлық, алаяқтылық;
C) қарақшылық, тонау;
D) иемдену немесе ысырап ету, алаяқтық;
E) ұрлық, алаяқтылық, иемдену немесе ысырап ету.
*****************************************************************
1173.1 Ұсақ-түйек ұрлаудың құны:
A)50 айлық есептік көрсеткіштен ұрланған мүліктің құны аспаса;
B)100айлық есептік көрсеткіштен ұрланған мүліктің құны аспаса;
C)10айлық есептік көрсеткіштен ұрланған мүліктің құны аспаса;
D)25айлық есептік көрсеткіштен ұрланған мүліктің құны аспаса;
E)200айлық есептік көрсеткіштен ұрланған мүліктің құны аспаса.
************************************************************
1174.1 (ҚК 176-бап) Сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу дегеніміз:
A) сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына қайтарымсыз заңсыз иеленіп, біреуге беруі;
B) сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына қайтарымсыз заңсыз айналдыруы, иелік етуі;
C) мүлік иесінің мүлкін әртүрлі тәсілдер бойынша иемдену;
D) талан-тараждың нысаны болмайды;
E) мүлікті заңсыз пайдалану.
************************************************************
1175.1 (ҚК 176-бап) Сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету дегеніміз:
A) сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына қайтарымсыз заңсыз иеленіп, біреуге беруі;
B) сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына қайтарымсыз заңсыз айналдыруы, иелік етуі;
C) мүлік иесінің мүлкін әртүрлі тәсілдер бойынша иемдену;
D) талан-тараждың нысаны болмайды;
E) мүлікті заңсыз пайдалану.
************************************************************
1176.1 (ҚК 177-бап) Төменде көрсетілген тәсілдердің қайсысы алаяқтыққа жатады:
A)бөтен мүлікті жасырын ұрлау;
B)бөтен мүлікті алдау арқылы алу;
C)бөтен мүлікті ашық ұрлау;
D)бөтен мүлікті әртүрлі тәсілдермен ұрлау;
E)бөтен мүлікті заңсыз пайдалану.
***********************************************************
1177.1 Алаяқтықтың тәсілі: (177-б)
A)ашық түрде ұрлау;
B)тұрғын, қызметтік және өндірістік үй-жайға заңсыз кіру ;
C)ұйымдасқан топтың көмегімен;
D)ұрлаудың жасырын мінездемесі ;
E)алдау.
************************************************************
1178.1 Алаяқтықтың субъективтік жағы сипатталады: (177-б)
A)тікелей және жанама ниетпен;
B)тікелей ниетпен;
C)жанама ниетпен;
D)абайсыздық және қасақаналық;
E)абайсызда.
************************************************************
1179.1 Алаяқтық үшін жауаптылығы басталады: (177-бап)
A)14 жастан бастап;
B)16 жастан бастап;
C)18 жастан бастап;
D)ересектерге-14 жастан, әйелдерге-16 жастан бастап;
E)ересектерге-16 жастан, әйелдерге-18 жастан бастап.
************************************************************
1180.1 Тонау- бұл: (178-бап)
A)бөтен мүлікті жасырын ұрлау;
B)бөтен мүлікті қаруды қолданып ұрлау;
C)бөтен мүлікті ашық түрде ұрлау;
D)бөтен мүлікті әртүрлі тәсілдермен ұрлау;
E)бөтен мүлікті күш көрсетумен ұрлау.
************************************************************
1181.1 Төмендегі қылмыстардың қайсысы талан-тараждың нысаны болмайды?
A)алаяқтық;
B)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену;
C)қарақшылық;
D)сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету;
E)қорқытып алушылық.
************************************************************
1182.1 (ҚК 181-бап.) Қорқытып алушылықта талап болады:
A) қауіпті сипатта;
B) күш көрсету сипатында;
C) қару қолдану арқылы;
D) қызмет бабын пайдаланып;
E) еріктік сипатта.
******************************************************************
1183.1 Қорқытып алушылықтың негізгі құрамының қосымша обьектісі (ҚК 181-бап. 1бөлім) болады:
A) жәбірленушінің жеке басы;
B) меншік;
C) жәбірленушінің мүліктік құқығы;
D) қоғамдық тәртіп;
E) жәбірленушінің өмірі.
**************
1184.1 Қорқытып алушылықтың пәні болып: (181-бап)
A)ақша қаражаттары;
B)басқа меншік;
C)меншік түріндегі қызмет көрсету;
D)бағалы қағаздар;
E)барлығы.
************************************************************
1185.1 (ҚК 187-бап, 1-бөл.) Мүлікті қасақана жою немесе бүлдірудің субъектісі кім бола алады?
A)арнайы;
B)әскери қызметкер;
C)18 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға;
D)16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға;
E)лауазымды адам.
*******************************************************************
1186.1 Ұрлықтың тонаудан айырмашылығы:
мүліктің алу тәсілінде;
қылмыстың аяқталу уақытына қарай;
субъектілердің жасына қарай;
қылмыстың істелу орнына қарай;
қылмыстың істелу уақытына қарай;
************************************************************
1187.1 Қарақшылық пен тонаудың белгілеріне не жатады:
мүлікті иеленуге ашық күш қолдану әдісі;
мүлікті иелену мақсатымен шабуыл жасауда;
мүлікті иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану;
мүлікті иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қалдану;
объективтік жақтарының міндетті белгісі күш қолдану болып табылады.
************************************************************
1188.1 Тонаудың қарақшылықтан айырмашылығы:
ниетіне байланысты;
қылмыстың аяқталу уақытына қарай;
субъектілердің жасына қарай;
қылмыстың істелу орнына қарай;
қылмыстың істелу уақытына қарай;
************************************************************
1189.1 (ҚК 175-бап) Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі мен анықтамасы:
бөтен мүлікті ашық ұрлау;
бөтен мүлікті жасырын ұрлау;
құқыққа қарсы түрде бөтен мүлікті пайдақорлық ниетпен тегін алу;
пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамның пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру;
бөтен мүлікті пайдақорлық ниетпен тегін алу.
************************************************************
1190.1 (ҚК 185-бап) Автомобильді немесе өзге көлік құралдарын өз бетімен айдап әкету төменде тізбектеліп көрсетілгендердің қайсысында орын алады:
өзіне жұмыс бабында сеніп тапсырылған автокөлікпен тиісті рұқсатсыз кетіп қалуда;
ауыр науқасты ауруханаға жеткізу үшін өз бетімен көлікті айдап әкету;
әкесінің машинасын оған айтпай жұмысқа тез жету үшін айдап әкету;
автокөлікті тұрған жерінен оның детальдары мен запас бөлшектерін алу мақсатымен айдап әкету;
автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену.
************************************************************
1191.1 Қарақшылық (179- бап.) қай уақыттан бастап аяқталған қылмыс құрамына жатады?
біреудің мүлкін шабуыл жасап иемденгеннен кейін;
шабуыл жасап иемдену ойы қалыптасқанда;
біреудің мүлкін иелену үшін шабуыл жасағаннан бастап;
шабуыл жасап иемдену жоспары нақты жасалғанда;
шабуыл жасап адамның денсаулығына күш көрсетілгенде.
************************************************************
1192.1 Талан-тараждың белгілеріне жатады:
пайдакүнемдік мақсат;
алудың қайтарымсыз болуы;
мүлікті алу;
алудың заңға қайшылығы;
барлығы да дұрыс;
************************************************************
1193.1 (ҚК 175-бап) Заңдылық құрылысына қарай ұрлық қандай құрамға жатады:
формальдық;
аралас;
формальдық- материалдық;
материалдық;
келте.
************************************************************
1194.1 (ҚК 175-бап) Ұрлықтың заты болып табылмайды:
ақша;
құнды қағаздар;
шетел валютасы;
фирмалық тауарлар;
жарылғыш заттар.
************************************************************
1195.1 Алаяқтықтың (177- бап) жасалу тәсілдері:
алдау және сенімге қиянат жасау арқылы;
бөтен мүлікті жасырын ұрлау арқылы;
бөтен мүлікті ашық ұрлау арқылы;
бөтен мүлікті қорқытып алу арқылы;
бөтен мүлікті шабуыл жасап алу арқылы.
************************************************************
1196.1 Ерекше құнды заттардың ұрлау тәсілдері:
ұрлық;
алаяқтық;
тонау;
қарақшылық;
барлығы да дұрыс.
************************************************************
1197.1 (ҚК 179-бап) Қарақшылықтың субъектісі болып танылады:
А) 15 толған есі дұрыс адам;
В) 14-ке толған есі дұрыс адам;
С) 16 толған есі дұрыс адам;
D) 18 толған есі дұрыс адам;
Е) кәмелетке толған есі дұрыс адам.
******************************************************************
1198.1 (ҚК 181-бап) Қорқытып алушылықтың субъективтік жағы кінәлінің қандай нысанасымен сипатталады:
тікелей немесе жанама қасақаналықпен;
кінәнің екі нысанымен;
аралас қасақаналықпен;
тікелей қасақаналықпен;
жанама қасақаналықпен;
************************************************************
1199.1 (ҚК 180-бап) Ерекше құнды заттарды ұрлаудың заты болып табылады:
ерекше бағалы інжу-маржан заттар;
ерекше маңызда мемлекеттік құпиясы бар құжаттар;
шетел валютасы;
ерекше маңызды әскери құпиясы бар құжаттар;
ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құнды заттар мен құжаттар.
************************************************************
1200.1 (ҚК 183-бап) Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сатудың субъективтік жағы кінәнің қандай нысанымен сипатталады?
жанама қасақаналықпен;
менмендікпен;
тікелей қасақаналықпен;
немқұрайдылықпен;
аралас нысанымен;
************************************************************
