Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

Билет №Билет 14

1 сұрақ

Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.

Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.

14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар,барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.

Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.

1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.

1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.

Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.

2 сұрақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУ БАРЫСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙ  XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында казақ халқының тағдырьшда аса күрдслі Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Ресей патшасының қол астына Осы кезеңде қазақ мемлекетінің — хандықтың қалай жойылъш, 1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-кұқықтық мәселелері  Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726 жылы Ордабасы-дағы бүкілказақтык. Осылай Әбілхайыр хан Ресей патшасы Анна Ионовнаға Ресейдің 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші Патша өкіметі алғашқы кездс кдзақтардың ант тұріндегі уодесін Қазақтардың бір бөлігі бірден-ақ Ресейге қосылуға қарсы болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы бірден-ақ осындай қайшылықта болды. Сүлтан Казақстанның Ресейте қосылуы ғылыми-тарихи әдебиетте де әртүрлі бағаланды. Соғыстан кейінгі тарихи әдебиеттерде идеологиялық қысымнъщ нәтижесінде Ресейдің 1740 жылы Орынборда Кіші жүз бсн Орта жүздің Қосылудың алғашқы жылдарында Кіліі жүз бсн Орта жүз Қазақтардьщ ішкі омірде озін-озі басқаруы да бүзыла бсрді. Осылай қазақтардың Ресейдің қол астына кіруі про-текторлық кдтынастардың Қазақстанның XVIII ғасырының 30-40-жылдарғы Ре-сеймен қатынасын вассалдық тәуелді Кіші жүздің Ресейге юридикалық қосылуынан (1731) XIX ғасырдың Ссбебі осы аралықта Рссейге келген қазақ жүздсрі-нің екілдері Протекторлық Кіірьгм-кдтьшас жағдайында тоуелді мем-лекет өзінің халықаралык, қатынастарын Вассалдық карым-катынас жағдайъшда тоуслді мемлекет халықаралық құқық субъектісі К^ізақстан мен Рессй арасьшда протскторлықта, вассалдық га қарым-катынастардьщ Патша ұкімсті бірден-ақ кдзақтың жсрлсрін отарлауға кірісті. XVIII Екінші жағьшан Патша үкіметі кдзақтардьщ бсделді хан, сұлтан, Қазақ халқы патша өкіметінің отаршылдығьша қарсы көггтеген көтерілістер Патша үкіметі бүл көтерілісті жаншып отаршылдықты терендетіп Кіші "Игельстром реформасы" деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромнъш, Кіші жүзді тайпалық күрамына карай үшке болу үсынылды. Рсформа бойынша билік рубасы старшындарга отті. Бірақрасправолар да, Сойтіп Екатерина II патша кайта хан сайлауга келісім 2. Абылай ханның реформалары  Абылай хан (1711-1781) казақ тарихында срекше орьш алатын Абылай ханның казақ халқьша сіңірген екі үлесін атап Хан сайланғанына бес жыл өткенде ғана Орынбор әкімшілігінің Үш жүзгс хан болып түрган Абылайды тск бір Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбасв "Халықтьщ ерік жігерінің тастүйін Ш.Уәлихановтың жазуынша "Бірдс-бір қазақ ханы Абылайдай шексіз биліккс Абылай орталық хан билігін күшейтті. Рубасы сұлтандар мен Ол ескі әдеп бойынша ханға кеңсс беруші оның Абылай өз билігіндс батырларға, елдің ішіндегі бсделді билер Абылай оз бетімсн баскарудын. деспотиялық одістеріне де барьт Абылай оз балаларына бергсн кеңссінде руаралық дауларды ақырьша Ш.Уәлиханов Абылай саясатыньщ Тсмірландық ситіаты т>ралы жазады.  Абылайдың заманы казақтар үшін бейбіт жоне тыныштық, орксндеу 3. Бокей хандығының саяси-құқықтық жағдайы  Кіші жүздсгі XVUJ гасырдың соңі>шдагы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым Боксіі ордасы шығыстан батысқа 300 шақырым жонс солтүстіктсн 1812 жылы Бексй сүлтан орданъщ ханы болыл кетеріл-ді. Бокей хандыіы патша екіметінің окімшілік бірлігі больш саналды. І_Ррдадагы билік негізінен ханның қолына шоғырланды. Ханның жанында Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауы-лы болды. Баж Жергілікті басшылық рубасы старшындардың қолъша өггі. Старшындарды хан Рубасы сүлтандар мсн старшындардың ессп беріп отыру тәртібі 85Сот билігі ханньщ, жергілікті билердің, хан депутаттары-ньщ қольша 4. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы 1822 жылғы Патша үкіметі Кдзақстанды отарлауды тсреңдстс тұсті. Үкімст алдымен Орта жүзде Бокей (1817) және Уәли хандар (1819) Батыс Сібір губернаторы М.М.Сперанский "Сібір қырғыздары туралы Устав" Дегенмен округтерді құрғанда рулық бслгіні сскермесе болмады. Сондықган Округтер Омбы облъістықбаск^рмасына бағынды. Округті коллсгиялық орган округтік Аға сүлтан сайланбалы қызмет болды. Оны 3 жылға Округтік приказ соттық-полицейлік қызметтер мен кдтар округтің істсрімсн Болыстарды басқарушы-сүлтандар басқарды. Оларды халықтың "келісімімен"' шексіз мсзгілге Ауылдық старшындар қазақтар арасынан үш жылға сайланды. Сүлтандар Патша үкімсті осылаіі ({юрмалъді сайлап қою арқылы Орта "Устав'' бойынша қазақтардың сот ісінс, одет-гүрып қүқығьша озгсрістер Барлықсот істері үшкс бөлілді: а) кылмысты істер; б) Қылмыстық істсргс мемлекетке опасыздық, кісі өлтіру, тонау, барымта, Кдылмысты істер империя заңдарымен тергеліп кііралды.  Билср сотына бақылау орнады. Ол соттыд шсшімі жогарыга Билер сотының 2 мыңга дсйін сомды қүрайтын істің Билсргс түтқында үстау, Сібірге айдау, дүрс соғу, рудан 1822 жылғы "Устав" отаршылдықты терсндстіп, Орта жүзді одан Сүлтаңцардың ролі төмендеп, байлар мен билердің ролі арта Жалпы "Устав" Орта жүзді отарлауда ірі жоне шешуші 5. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы 1824 жылғы Орта жұзден соң патша үкіметі ілс-шала Кіші жүзде 1831 жылға дейін аталган үш бөліктің казақгары шептік Кіші жүзге жоғары басшылыххы Сыртқы істер министр-лігі жүргізді. Кейінірек әкімшілік органдар "жалпы" және "жеке" баскармалар деп Шекаралық комиссия аткарушы-өкімші және сот билігін жүзеге асырды. Шекаралық комиссияның полицейлік болімі тәртіпті клрады, тағы да Жеке басқарма билеуші сүлтандардан олардың комскшілсрінен, старшындардан, ауыл Жеке басқарма органдары бір жағынан шекаралық комиссияга бағынса, Кіші жүзде хандық өкімет жойылған соң осындай ауырлатылтан Кіші жүзде соттың мынадай буындары болды: шекара-лық комиссия Юсі өлімі, барымта, тонау сияқты ауыр істер осксри Сот ісінде де империялық заңдар көптеп қолдана бастады.  1822 және 1824 жылгы "Уставтар" бойынша Орта және Реформа бойынша баіілар мсн билердің ролі арта түсті. 6. Кенесары Қасымұлы хлндығының саяси құрылымы және ондағы Патша окімстінің кдзақжеріне тсрсндсп сніп ондаган осксри бскіністср Кетсріліскс шықкдн халық Кенссарьшы 1841 жылы хан котсрді. Кенесары хандыгының олеуметтік негізі котсріліске шықкан казақ шаруалары, Мемлекет басшылығы Кснссары ханның қолына жинақталды. Батырлар, билср Кснссары мемлскстіндс баскіфу ісш, сот, дилломатия, қаржы, соғыс Жсргілікті жсрдсгі аткяру билігін ханның жасауылдары жүргізді. Жасауылдар Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төлеңгіттер котеріліс Хандық ішінде тсмірдсй тортіп орнатылды.

№16 билет 1 сұрақ

Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.

Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.

№21 1 сұрақ

Мемлекеттердің саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымы. Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап қалды. Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен әскери қактығыстар кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы кауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі мемлекеттің кұрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскери демократияның белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды. Барлық әскери-саяси басқару жүйесі өмір сүрудің көшпелі түріне қолайлы, көшпелі тұрмыстың ерекшелігіне бейімделген. Сондықтан басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі ерекше орын алады. Ерте ортағасырлық мемлекеттерде дәстүрлі рулық-тайпалық ұйым: патриархатты отбасы — ру — тайпа — ел сақталып қалды. Әрбір тайпаның өзінің белгілі аумағы болды. Жайылымдарды пайдалану және көші-қон жолдарын бөлу тайпа басшыларының құзырында болды. Бөліп берген үлестік жер, жайылымдар үшін тайпа көсемі жоғары билеушіге жыл сайын салық төлеп тұрды. Қоғамның қатардағы өкілдері, азат адамдар болды. Әскери-әкімшілік тұрғыдан ерте ортағасырлық мемлекеттер бірнеше үлестік-тайпаларға бөлінді немесе кейбір жағдайда 2 қанаттан (бөліктен) тұрды. Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға өту кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды. Үлес-тайпа билеушілері әрі әскери қолбасшы, әрі әкімшілік басқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді. Мәселен, Қарлұк қағанатындағы үлестік-тайпаның кейбір басшылары орталық билікті мойындамады. Олар қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға ұмтылды. Соның салдарынан билеуші әулетті ауыстыратын күштер олардың өз ортасынан өсіп шықты. Барлық тарихи кезеңде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ,Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің бірін-бірі ауыстырып отыруын, бір жағынан, осылай түсіндіруге болады. Екіншіден, мемлекеттік құрылымдардың санғасырлық әлеуметтік-мәдени дәстүрлері қалыптасты. Жоғарыда аталған мемлекеттік этно-саяси бірлестіктер негізінде түркі халықтарының үнемі бірігіп бас косуға ұмтылғанын анық көреміз. Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобында қатаң иерархия — қызмет адамдары мен әлеуметтік топтардың төменнен жоғары қарай бір-біріне бағыныштылық жүйесі қалыптасқанын байқаймыз. Әлеуметтік жағынан ақсүйек тайпалар мен оларға бағынышты тәуелді тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылық әскери міндеткерліктермен алым-салық төлеумен қатар жүрді. Түрік қағанатында билік лауазымы 20-дан астам сатыдан тұрды. Жоғары билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Хан мұрагеріне оның мөртаңбасы берілді. Бұл мөртаңба — мемлекеттіліктің нышаны болатын. Мұны ерте ортағасырлық мемлекеттердің мәнді белгілерінің бірі деп айтуға болады. VI—XIII ғасырларда Қазақстан аумағындағы ертедегі көшпелі түрік мемлекеттерінде мұрагерлік тікелей жолмен емес, сатылы түрде жүрді. Таққа үміткерлердің арасында жасы үлкендерінің артықшылығы көбірек. Егер билеуші қайтыс болса, таққа бірінші тікелей оның баласы емес, жасы үлкен інісі отыра алатын. Ал кейін XIV—XV ғасырлардағы Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттерде бұрынғы "сатылы жүйемен" қатар хан билігіне тікелей баласы мұрагер болу дәстүрі пайда болды. Көшпелілерде билеушінің бас ордасы — мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы. Өз кезегінде әр үлес билеушілерінің де қаған сияқты өз сарайлары, тұрақты ордалары бар. Әдетте, ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттен болды. Олар жоғары билеушінің туған-туыстарынан тұрды. Жоғары басшы ішкі тәртіппен шекараларды қорғауды, сот үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының орындалуын қадағалады. Мемлекеттің бүкіл аумағы формальды түрде билеуші әулеттің меншігі болып есептелді. Мемлекеттік жерге қожалық ету құқығы тек жоғары билеушіде ғана еді. Мемлекетке бағыныштылық әрқашан да алым-салық төлеуден көрінеді. Мемлекет өз қазынасын жергілікті халықтардан, сондай-ақ қол астындағы бағынышты аймақ халықтарының алынатын салық есебінен толтырып отырды. Қазақстан аумағындағы халықтар көшпелі мал шаруашылығымен қатар отырықшы жер шаруашылығымен, саудамен, қолөнермен айналысқаны белгілі. Отырықшы қоныстардағылар көбінесе кедейленген, малы жоқ көшпелілер еді. Отырықшылыққа көшу үдерісі де малға деген мүлік теңсіздігімен тікелей байланысты. Малынан айырылған көшпелілер отырықшылыққа көшуге мәжбүрленді. Сондықтан екі түрлі аймақтан алынатын салық та әр түрлі. Көшпелі және отырықшы халықтар үстем тайпаға мал және аң терісі, заттай алым түрінде салық төледі. Мың адамға дейін жететін салық жинайтын арнаулы атты әскерлері болды. Тағы да осы жерде айта кететін жайт, — бұл ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің экономикалық негізі екі түрлі қоғамның үштасуынан пайда болды:

1) мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғам;

2) отырықшы-егіншілік қоғам. Бұл екі дәстүрді асқан іскерлікпен біріктірген Қарахан мемлекеті

2сұрақ

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» — қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр I-ның 1822 ж.22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енген. Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:

  • әкімшілік ауыл 50-70 түтін

  • ұлыс 10-12 ауылдан

  • округ 15-20 болыстықтан тұрды.

Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер-кәсіптің, сауда-саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады.

Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағыжаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.

Билет №22

1сұрақХалықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет:

  1. Белгілі деңгейдегі мәдениеттің дамуы;

  2. Шекаралары белгіленген территория;

  3. Белгілі деңгейде қоғамдық–этникалық сананың  қалыптасуы;

  4. Біртұтас қалыптасқан  ортақ тіл;

  5. Этникалық өкілдердің көпшілігіне тән белгілі сипаттағы сыртқы пішін;

  6. Этностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы.

Қазақ халқының қалыптасу үрдісін  оқып-үйренген кезде  Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде  Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу  қола дәуірінен басталады.  Біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда  Қазақстан және оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді.  Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ.  Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің рассалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың  мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың  қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына  табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады.

Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа қолданған, бидайдан нан пісірген және т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп. Сонымен қатар  қоғамдық-әлеуметтік құрылымда да ұқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінген: сол қанат, оң қанат және орталық қанат. Осы бөліністер олардың қазақ жүздерімен сәйкестігін көрсетеді. Бұл этногенетикалық ұқсастықты дәлелдейді.

Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының  көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территориясын парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атаған. Алайда моңғол шапқыншылығы бұл жердегі  тайпаларды басқару жүйесіне және де шаруашылық жағдайына, әдет-дәстүрге өзгеріс әкелді. Моңғолдардың жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы әр түрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды.Ұлы қоныс аудару кезеңінде, кейін түркі және монғол шапқыншылығы дәуіріндегі этникалық араласу қазақтардың сыртқы түріне үлкен өзгеріс әкелді. Сонымен бірге этномиграциялық процесс нәтижесінде жергілікті тайпалар басқа тайпалармен араласып, оларды ассимиляциялады. Сондықтан да қазақтардың арғы тегіне Қазақстан территориясы өзіне Отан болған тайпаларды жатқызуға болады.

XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғындарын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар  деп атаған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған.  Егер де «халық»  деген түсінік  этникалық құрылым тұрғысынан қаралса, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақтар, қырғыздар). Халық өзінің атымен мемлекетке ат берсе, онда ол «политоним» терминімен анықталады (моғолдар Моғолстан мемлекетінің халқы, ноғайлар – Ноғай Ордасының халқы), яғни бұл этносаяси ұғым. Тарихи-этнографиялық әдебиетте тарихи–этнографиялық өңірде құрылған мемлекеттің тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.

Халық этникалық  және  саяси жағынан да тұтас болу үшін  ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саяси жағынан  Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің  құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі.

Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің  тайпалық құрамы:  Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің  тайпалық құрамы:  Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді.

Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.

Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады.

«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды  мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі.

X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар  бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар. 

Ең алғаш  “Қазақ” сөзі  мұсылман жазба  деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен  және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің  «үйсіз»,  «кезбе»,  «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр.  Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.

«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған  деген  қорытынды  жасауға болады.

XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды. 

2сұрақ

Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.

Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды

№ 23 Билет

  1. «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

«Қазақ» атауының шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бүгінгі таңда «қазақ» этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, «қазақ» деген сөз «қаз» және «ақ» деген сөздерден шыққан. «Бұл – қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат», - дейді немесе: «қазақ» атауы «қас» (хас) – нағыз және «сақ» - көне замандағы сақтар атауынан құралған және «хас-сақ» - нағыз сақ деген ұғымды береді», - дейді. Енисейден табылған 8 ғасырдың түркі жазба ескерткіштерінде «қазақ ұғлым» - «қазақ ұлым» деген сөз, ал 9-10 ғ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінің батысынан шағысына дейін көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналғаг «Рисала» деген еңбегінде «Хазлақ» деген ел аталады. 1245 жылы мәмліктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда «қазақ» деген сөзді «еркін, кезбе» деп аударады. «Қазақтар» термині 15 ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығында Өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілен. Біртіндеп «қазақ» термині этностық мәнге ие болған. Халықтың қалыптасу кезеңдерін айғақтайтын екі кезең сұлбасы бар: 1) 15 ғасырдың алғашқы жартысы – Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы; 2) 16 ғасырдың екінші онжылдығы – көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты.

Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. жүздердің шыққан уақыты, шығу себебі, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында ортақ пікір жоқ. С. А. Аманжолов сияқты қазақ ғалымы қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі заманға, яғни б. з. VII–XI ғасырлардағы Батыс түрік қағанаты дәуіріне апарып тірейді. Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері жайында тарихи шындыққа недәуір жақын клетін ой пікірді академик В.В. Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қарай бір – бірінен ерекшеленген үш аймаққа (Жетісу, Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқандығын баян еткен

Ұлы жүз сарыүйсін, шапырашты, ошақты, ысты, албан, суан, дулат, сіргелі, қаңлы, жалайыр, шанышқылы тайпаларынан тұрады. Таралған аймағы – Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдария орта ағысы.

Орта жүз тайпалары алты арыстан тұрады: арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ. Жайлаған аймағы – Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы.

Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кіреді. Бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы

XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.

Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.

Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.

Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.

Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.

Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды.

Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті

Ұйғырлардың үйлері өзендер мен көлдердің жағасына салынып, дуалмен қоршалды. Әр елді мекеннің өз мешіті, дүкендері мен шағын базарлары болды. Ұйғыр болысын сонау Қытайда Іле өлкесінде тұрған кездерінде сайланған болыс биледі. Басқару жүйесінде сонымен қатар ақсақалдар (старшындар), қазылар (судьялар), онбасы мен елубасы атты билік өкілдері де болды.

Ұйғырлар негізінен тау етегіндегі егіншілікке неғұрлым қолайлы жерлерге орналасты. Егістік жерлерді суландыру үшін бұрынғы ескі арықтарды жөндеді және жаңа арық-каналдар қазды. Кейбір каналдардың ұзындығы 40 шақырымға дейін жетті.

Ұйғырлар негізінен көкөніс, дәнді дақылдар өсірумен айналысты. Олардың егіс далалары шағын бола тұрса да алуан түрлі дақылдардың 4-5, ал неғұрлым ауқатты отбасылары 12 түріне дейін екті. Дәнді дақылдар арасында бидайдың, арпаның, тарының және сұлының үлесі көбірек болды. Суы мол жерлерде күріш өсірілді. Сондай-ақ майлы дақылдар (қара сора, кендір, қыша) егілді. Жоңышқа егу де елеулі көлемде болды. Ұйғырлар сонымен қатар бау-бақша екті, жібек құртын өсірумен айналысты. Ұйғырлардың аулаларында жеміс ағаштары көп өсірілді. Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп сипатында болды. Жұмыс көлігі ретінде өгіз, жылқы және есек ұстады.

Сыртқа барып жұмыс істеуде жук тасу кәсібімен көбірек айналысты. Ұйғырлар алыпсатарлықты да кәсіп етті. Олар Верныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты. Олардың қалалар мен селоларда түрлі қолөнер кәсіпшіліктері де дамыды. Жаркент пен Верный қалаларында тұратын ұйғырлар етік тігумен, темір ұсталығымен, зергерлікпен, сабын қайнатумен, т.б. әр түрлі кәсіптермен айналысты. Бай ұйғырлар кейін қазақтар мен орыс шаруаларынан және жергілікті қазақтардан жер телімдерін жалға алып отырды. XX ғасырдың бас кезінде ұйғырлардың су диірмендері, темір ұстаханалары, май шайқайтын, былғары жасайтын, тон тігетін және тері илейтін шағын зауыттары болды. Олардың дүкендері, асханалары, күріш ақтайтын шеберханалары да бар еді. Атақты бай ұйғырлардың бірі Верный уезінің Жаркент болысында тұратын Уәли Ахун Юлдашев болды. Оның бір өзі 10 мың десятинаға жуық жерді жалға ала алатын. Ол сонымен қатар астық саудасын да өз монополиясына айналдырып үлгерді. У.А. Юлдашев Англиядан алдырған пароходын Іле өзеніне алғашқылардың бірі болып жүргізді

Дүнгендердің негізгі шаруашылық кәсібі егіншілік, бау-бақша өсіру, ұсақ-түйек сауда жасау, басқа да әр түрлі кәсіп түрлерімен айланысу болды. XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап олар Жетісуда алғашқылардың бірі болып күріш еге бастады. Бау-бақша өсірумен, бағбандықпен айналысты. Дүнгендер капуста, пияз, сарымсақ, бұршақ, ас бұршақ, бұрыш, шомыр, сәбіз, аскөк, асқабақ, кияр сияқты алуан түрлі дақылдар өсірудің шебері болды. Олар орыс шаруаларынан кызанақ және картоп өсіруді де үйреніп алды.

Дүнгендерде мал өсіру қосалқы сипат алды. Жайылымның жеі іспеушілігі мал өсіруді едәуір шектеуге мәжбүр етті.

Дүнгендер жүк тасу кәсібімен айналысу үшін жылқы мен өгіз ұстады. Жүк тасу әдетте ауыл шаруашылық жұмыстары аяқталып, жиын-терін біткеннен кейін басталатын. Олар өздері өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін Әулиеатаға, Верныйға, Ташкентке, Жаркентке, сондай-ақ Шыңжаңға алып барып сататын. Ал қайтарында Ресей мен Қытай өнеркәсібі шығарған бұйымдарды ала келетін.

Дүнгендер өз шаруашылықтарында аздаған сиыр, қой, ешкі ұстады. Ал ауыл шаруашылық жұмыстарынан қолдары босаған кезде қамыстан ши тоқыды. Ол үшін тайланған бау-бау қамысты пайдаланды. Дүнгендердің бірқатарының май шайқайтын, күріш кептіретін, сіркесу дайындайтын шағын кәсіпорындары болды. Сынған ыдыстарды құрсаулап жөндеуді кәсіп етушілер де аз болған жоқ.

Материалдық тұрғыдан жағдайлары жақсарған дүнгендердің арасында да өз көпестері шықты. 1905 жылы Жаркенттің өзінде ғана 167 дүнген көпесі болды. Олардың қытай тілін жақсы білуі Қытаймен екі арадағы сауда-саттықты монополияға айналдырып алуларына жағдай жасады.