
- •Қан биохимиясы
- •Қаннның қызметі
- •Қан плазмасының химиялық құрамы және негізгі биохимиялық тұрақтылары. Қан плазмасының протеиндері.
- •Қан плазмасы протеиндерінің қызметі:
- •Альбуминдер
- •Глобулиндер
- •Қан плазмасының фермент-протеиндері
- •Қан плазмасының протеин емес органикалық заттары. Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық заттары.
- •Плазманың бейорганикалық компоненттері
- •Плазманың қышқылдық-сілтілік балансы
- •Плазманың буферлік жүйесі
- •Қанның негізгі протеолиттік жүйелері
- •Қанның ұю жүйесі және фибринолиз
- •Ұюдың сыртқы механизмінің бастапқы стадиялары
- •Ұюдың ішкі механизмдерінің бастапқы стадиялары
- •Ұюға қарсы жүйе немесе антикоагулянттар
- •Қаннның формалық элементтерінің биохимиясы
- •Гемоглобиннің қалыпты туындылары
- •Бор эффектісі
- •Гемоглобиннің патологиялық түрлері
- •Эритроциттердің тотығу стрессінен қорғалуы
- •Эритроциттердің гемолизі
- •Темір алмасуы
- •Медициналық маңызы
- •Иммуноглобулиндердің супержиыны. Қосымша 1.
- •Комплемент жүйесі, қызметі. Қосымша 2.
- •Калликреин – кинин жүйесі. Қосымша3.
- •Гемоглобиннің синтезі
Ұюдың сыртқы механизмінің бастапқы стадиялары
Ұюдыңсыртқы механизмі босатылуы (басталуы) үшін бастапқы сигнал: - қанмен жанасушы ұлпаның немесе тамыр эндотелийі болуы қажет. Бұл жағдайда жасуша мембранасы ыдырайды. Жасушалардан ұлпалық тромбопластин (фIII) босатылады. Сыртқы механизмнің протромбин активтенуіне дейінгі барлық реакциялары жасуша мембранасының липопротеиндік сынықтарынан тұратын матрицада өтеді.
Ұлпалық тромбопластин – бұл мембраналық фосфогликопротеид. Ол қанның стимулденбеген формалық элементтерінен басқа барлық мембранада болады. Ол өте гидрофобты, сондықтан қалыпты жағдайда қанға түспейді.
Ұлпалық тромбопластиннің теріс зарядталған фосфолипидтеріне уникальді ди-γ-карбоксилглютамин қышқылы қалдығын ұстайтын кальций-бекітуші аймақ есебінен VII фактор байланысады.
Активті фVIIa ұлпалық липидтермен және кальций ионымен комплекс түзеді. Бұл комплекс протеолиттік активтілікке қабілетті және Х фактордың активтенуін жүргізеді.
Активті Xа фактор - протеолиттік активті, сондықтан протромбинді ыдыратып активті қалыпқа (тромбин) әкеледі. (сур.1).
Сурет 1. Қан ұюының сыртқы және ішкі механизмдері схемасы
Ұюдың ішкі механизмдерінің бастапқы стадиялары
Ұюдың ішкі механизмінің бастапқы стадиялары "жанастырушы фаза" немесе “жанастырушы стадия” деп аталады. Коллагенмен инициацияланады, қалыпты жағдайда ол қан тамырларының ішкі беттерінде болмайды.
Зақымдалған тамырдың беткейінде, құрамында коллаген болатын, қан плазмасының сақшы полижүйесінің үш протеинінен тұратын: - жоғары молекулалы кининогеннен, прекалликреиннен және XII фактордан тұратын комплекс өздігінен жиналады.
Олардың өзара әсерлесуі нәтижесінде XII фактор фXIIа-ға айналады. Ол прекалликреин мен XI факторға фермент ретінде әсер етіп, оларды калликреин және XІа-ға айналдырады.
Калликреин қосымша түрде XII фактор порциясын протеолиттік активтенуге түсіріп үдерісті күшейтеді.
ХІа протеолиттік жолмен IX факторды активтендіреді. Соңғысы антигемофильдік глобулин (парафермент VIIIa және Cа2+) қатысуымен Х факторды Ха факторға айналдырады.
Фосфолипидтік арқалықты ақ тромбаның қалыптасушы жасушалары жасай алады.
Активті Ха тормбоциттердің бетінде протромбинді (плазманың фІІІ және Va-факторы қатысуымен) тромбинге дейін ыдыратады.
Тромбин тромбоциттердің активтелуіне, V, VIII и Х факторлардың агрегациясына, шектеулі протеолизіне мықты кері күшейткіш ықпал береді, бірақ оның негізгі қызметі ф І-ді (фибриногенді) фибринге айналдыру болып табылады.
Ол фибриндік жіптерді тігетін XIII факторды да активтендіреді және ретракцияның орындалуын босатады.
Фибриннің мономерлері спонтанды түрде агрегацияланып ерігіш фибрин-полимердің «жұмсақ» реттелген полимерлік құрылымын түзеді. Нәтижесінде фибрин-полимердің қан компоненттерін тұтуы (ұстап алуы) өтеді – тромб (ұйыма) қалыптасады немесе түзіледі.
Бастапқыда ұйыма борпылдақ және жұмсақ болады, фибрин-полимер молекулалары арасындағы байланыстар әлсіз (ковалентсіз). Бірақ, сонан кейін активті фXIIIa (фибриназа) әсерінен фибрин-полимердің мықты ковалентті байланыстары түзіледі. Глутаминнің карбоксилдік топтары мен лизиннің аминотоптары арасында молекуларалық байланыстар түзіледі: - ерігіш фибрин-полимер ерімейтін фибрин-полимерге айналады.
Фибриннің жіптері түзілген соң олардың жиырылуы (қан ұйымасының ретракциясы) өтеді, оған АТФ жұмсалады.
Тромб түзілуі үдерісі тұрақты түрде сериндік протеиназалардың ингибиторы антитромбин ІІІ арқылы бақыланады. Мұнан басқа, матрицадағы қан ұюының көптеген реакцияларының жүруі қамтамассыз етеді: 1) үдерістің жоғары тиімділігін; 2) үдерістің шоғырлы өтуін – ұю үдерісі тек зақымдалу орнында ғана жүреді (бұл дессиминирленген тамырішілік ұю үдерісін (ДТҰ-синдром) болдырмайды.
Қанның ұю жылдамдығы тек қанның ұю жүйесінің қызметіне ғана тәуелді емес, сонымен бірге қанның ұюын болдырмайтын табиғи антикоагулянттардың болуына да тәуелді.
Фибринолиз – бұл фибрин-полимердің жеке пептидтерге ыдырауы, ол плазмин арқылы катализденеді.
Плазмин - сериндік протеиназа, фибринді, фибриногенді және т.б. гидролиздеуге қабілетті. Плазминнің өзі плазминогеннен плазминоген активаторы әсері арқылы түзіледі. Плазминогеннің ұлпалық активаторы фибринмен жанасқанға дейін активсіз болады. Фибринмен жанасқанда, ол, плазминогенді активтендіруге қабілеттенеді. Фибрин плазминмен гидролизденгенде плазминогеннің активаторы өзінің активтілігін жоғалтады.
Қаннның ұю жүйесі каскадтық реакциялар болып табылады, ал фибринолиз ферменттері бұл каскадтан тыс болады. Мағынасы: - фибринолиз жүйесі және қанның ұю жүйесі біздің ағзамызда тұрақты жұмыс істейді, бірақ өте баяу жылдамдықта. Қалыпты жағдайда, адамда, ұю және фибринолиз үдерістері тепе теңдікте болады. Бұл ағзаның әртүрлі зақымдаушы факторлардың әсеріне қарсы жауап болуына тұрақты дайындығын қамтамассыз етеді. Ағзаның жарақаттануында қанның ұю жүйесінің қызметін өте жылдам күшейтіле алады. Бұл кезде фибринолиз жүйесі плазмин активтілігін тез жоғарлата алмайды, сондықтан ол фибринді гидролиздеуге үлгермейді. Осының нәтижесінде гемостаз атқарылады.