Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кан биохимиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.94 Кб
Скачать

Плазманың буферлік жүйесі

Плазманың біршама маңызды буферлік жүйесі бикарбонаттық буфер болып табылады. Ол әлсіз көмір қышқылынан (рК1= 6,1) және оның қышқылдық анионынан – бикарбонаттан тұрады (сур.2.). Көмір қышқылы Н2СО3 өзінің ангидриді СО2 –мен тепе теңдікте болады. Екі форма арасындағы тепе теңдіктің тұрақтануы карбонатдегидрогеназа ("карбоангидраза") ферментімен сақталынады. Плазманың тұрақты рН мәнінде НСО3- және СО2 концентрациясы 20/1 қатынасындай болады. Қанда еріген СО2 өкпе альвеолаларында газдық фазадағы СО2-мен тепе теңдік жағдайда алмасады. Сондықтан НСО3-/СО2 –жүйесі тиімді ашық буферлік жүйе болып табылады. Үдемелі немесе баяу тыныс алу СО2 концентрациясын өзгертеді, бұл плазма рН-ы өзгеруіне әкеледі (тыныс алу ацидозы немесе сәйкес түрдегі алкалозға). Сондықтан, өкпелер жылдам және әрекетті түрде плазманың рН-на протондарды бөліп алу жүйесінің қатысынсыз да ықпал ете алады.

Қан плазмасының протеиндері, негізінен, эритроциттердің гемоглобині де протондарды қосып алуға қабілетті, сондықтан оларда рН тұрақтылығын ұстауға қатысады. Қанның буферлік жүйесінің қызметіне фосфаттар да белгілі бір үлес қосады.

Қанның негізгі протеолиттік жүйелері

Қан плазмасының құрамында бірнеше протеолиттік жүйе болады. Бұл жүйелердің құрамында – ағзаның қорғаныстық және реттеушілік реакцияларына қатысатын протеазалар кіреді. Ұлпалықтар мен салыстырғанда, плазмалық протеиназалар кеңістіктік таралып бөлінбеген. Сондықтан, олар бір бірімен еркін әсерлесе алады.

Плазмалық протеиназалар белсенуі «гетерогендік катализ» деген жалпы атауға біріктірілген үдерістер топтарына жатқызылады және бөтен беткейлермен байланысқан кезде әсерлі өтеді.

Қанның негізгі протеолиттік жүйелеріне жатқызылады:

  1. қанның ұю жүйесі және фибринолиз

  2. комплемент жүйесі – ағзаның иммундық қорғанысының құрам бөліктерінің бірі

  3. кининдік жүйе

  4. ренин-ангиотензиндік жүйе

Бұл жүйелер әртүрлі қызметтерді қамтамассыз етеді, бірақ олардың жұмысында протеолиттік жүйе қызметінің жалпы принципі сақталады. Олар:

  1. Олар көпкомпонентті мультиферменттік жүйелер, олардағы бастапқы реакциялардың өнімдері келесі реакциялар үшін фермент болып табылады.

  2. Бұл жүйелердің көптеген компоненттері протеолиттік ферменттер болып табылады. Олар проферменттер түрінде қанда айналады және тек белгілі бір жағдайда ғана активтенеді.

  3. Бұл жүйелер бірінші ретті әлсіз сигналдарды күшейту қасиетінде болады. Олар каскадтар принципі бойынша жұмыс істейді немесе олардың жұмысы ферменттердің активті формалары мөлшерінің жылдам жоғарлауына әкеледі.

  4. Жүйелер өзін-өзі реттеуді оң және кері теріс байланыстар принципі бойынша атқарады.

Қанның ұю жүйесі және фибринолиз

Бұл келесі маңызды қызметтерді атқаратын бірегей жүйе: 1) Тамырларда қанды сұйық күйде ұстау; 2) Гемостазды ұстау (көп қан кетуден қорғау).

Гемостаз - күрделі, ферменттік үдеріс, оның нәтижесінде қан ұйымасы түзіледі. Гемостазға 3 өзара байланысты механизм кіреді: 1. Тамырлық-тромбоцитарлық механизм; 2. Коагуляциялық механизм; 3. Тромб ретракциясы.

Тамырлық-тромбоцитарлық механизм тамыр зақымдалған соң алғашқы минутта активтенеді. Тамыр зақымдалған аймақта тромбоциттер жинақталады және жарақаттың жиектеріндегі эндотелийлерге жабысады. Тромбоциттер адгезиясының екі механизмі кездеседі: 1) Зақымдалған эндотелий мембранасының беткейі оң зарядталған қалыпқа ауыса бастайды. Сондықтан, оған беткейлері теріс зарядталған тромбоциттер жабысады. 2) Тамырдардың зақымдалуы бос Виллебранд факторының түзілуіне әкеледі (қалыпты жағдайда ол VIII фактормен ассоцияцияланған болады). Виллебранд факторы субэндотелиальді құрылымдар мен тромбоцит бетіндегі протеиндер арасында көпірше байланыстарды түзеді.

Тромбоциттердің адгезиясы олардың активтенуіне әкеледі. Активтелген тромбоциттер серотонинді, катехоламиндерді, АДФ-ті секреттейді. Серотонин тамыр тарылтырушы әсер береді. АДФ әсерінен тромбоциттер үймеленіп жиналады және борпылдақ тромбоциттік тығынды түзеді. Ол арқылы қан плазмасы өте алады. Осы мезгілде қан плазмасында түзілетін тромбин тромбоциттердің рецепторларына әсер етеді және олардың ыдырап тығыз массаға айналуын қамтамассыз етеді. Бұл түзілген тромбициттік тығын қан плазмасын өткізбейді.

Коагуляциялық механизм тамыр зақымдалған соң бірнеше минуттан кейін активтенеді. Коагуляция үдерісі - бұл сұйық қан плазмасының фибрин протеині негізінде тығыз гельге айналуы болып табылады. Түзілген гельді түйіршіктер тромбоциттік тығынды нығыздап күшейтеді.

Тромб ретракциясы – ұйыманың фибрин талшықтары және тромбоциттік тромбостенин есебінен сығылуы. Ретракция есебінен ұйыманың тығыздалуы және жарақат жиектерінің тартылуы өтеді.

Қанның ұю жүйесі немесе гемокоагуляция – бұл көпкомпонентті жүйе, оның құрамына протеиндер, фосфолипидтер, жасуша мембранасының сынықтары және кальций ионы кіреді.

Қанның ұю жүйесінің компоненттерін «факторлар» деп атау қабылданған. Факторлар ұлпалық, плазмалық, тромбоциттік болып бөлінеді. Ұлпалық және плазмалық факторлар рим цифрасымен, ал тромбоциттіктер – араб цифрасымен белгіленеді. Егер фактор активті болса, онда цифраның жанына "а" әріпі қойылады. Мысалы, активсіз он екінші фактордың активтіге айналуы келесі түрде белгіленеді: фXII ----> фXIIa

Қанның ұю жүйесінің көптеген протеиндері ферменттік активтілікті көрсетеді. Қанның ұюының барлық факторлары, фXIII-ден басқасы, сериндік протеиназа болып табылады, олар шектеулі протеолиз реакциясын катализдейді.

Қанның ұю реакциясында барлық протеин-ферменттер алғашқыда субстрат ролінде болады, сонан кейін фермент ролінде. Қанның ұюына қатысатын протеинтардың арасындаферменттік активтілік көрсетпейтіндері де болады. Олар ферменттік реакцияны спецификалық түрде күшейтеді. Олар параферменттер деп аталады. Параферменттер - фV және фVIII.

Қанның ұюының көптеген факторлары активсіз профермент күйінде синтезделеді. Айналымдағы қанда протеолиттік жүйенің проферменттері: VII фактор (проконвертин), IX фактор (Кристмас факторы), Х факторы (Стюарт факторы) және П фактор (протромбин).

Проферменттер активтеледі және олардың әсері қанның ұюының тікелей реакциясының жүруіне немесе қан ұйымасының негізі болатын фибриногеннің фибринге айналуына бағытталады.

Фибриннің түзілуі үш этапта өтеді. Алғашқыда мембранамен байланысқан протеазалар комплексі мен протеиндік факторлар түзіледі, ол протромбиназалық қасиетті көрсетеді.

Сонан кейін, протромбиназалық комплекс протеин-алғызат протромбинді тромбинге айналдырады.

Тромбин, өз кезегінде, фибриногенге фермент тәрізді әсер етеді де оны фибрин-мономерге айналдырады.

Мономердің фибрин-полимерге полимерленуі және фибрин-полимерде көлденең байланыстардың тігілуі XIII фактордың әсерінен жүріп тромбтың фибриндік бөлігі қалыптасады.

Протромбиназалық комплекстің түзілуі – фибриногенездің өте күрделі және ұзақ этапы болып табылады.

Ол ұлпа зақымдалуына жауап ретінде – ұюдың сыртқы каскады (механизмі) немесе плазма компоненттерінің полианиондармен жанасуына – ұюдың ішкі каскады (механизмі) ретінде де атқарылады.

Сыртқы (немесе тамырдан тыс) механизм сыртқы (ұлпалық) факторлардың қатысуымен босатылады. Ішкі механизм (немесе тамырішілік) – шығу көзі қанның өзі, плазма, қанның формалық элементтері, ферменттері болатын факторлардың қатысуымен босатылады.

Сыртқы каскадтың активтелуі кезінде мембраналық арқалық қызметін тамыр қабырғалары атқарады, ал ішкі каскад реакцияларында – қанның формалық элементері мембранасының фосфолипидтері атқарады.

Екі каскад та негізгі бір этапта - Х фактордың активтелуінде бірігеді.(Сур.2).