Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кан биохимиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.94 Кб
Скачать

Қан плазмасының фермент-протеиндері

Қан плазмасының фермент-протеиндері қызметі бойынша бөлінеді:

а) плазманың өз ферменттері – плазманың спецификалық метаболиттік қызметін атқарады. Плазманың өзіндік ферментіне жатқызылады: -протеолиттік ферменттер; -комплемент жүйесі ферменттері; -тамыр тонусын реттеу жүйесі ферменттері және т.б..

б) плазманың өзіндік емес ферменттері – бұл ферменттер қандай да бір мүше зақымдалуында немесе қлпаның жасушалары зақымдалған кезде олардан қан плазмасына өтетін ферменттер. Қалыпта олар плазмада метаболиттік қызметті атқармайды. Медицинада олардың қан плазмасындағы активтілігі диагностикалық мақсатта (трансаминазалар, лактатдегидрогеназалар, креатинфосфокиназалар және т.б.) пайдаланылады.

Қан плазмасының протеин емес органикалық заттары. Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық заттары.

Олар екі топқа бөлінеді: I топ – азотқұрамды протеин емес компоненттер. Қанның протеин емес азоты заттарының құрамына жай және күрделі протеиндердің аралық және соңғы алмасуларының өнімдері кіреді. Бұрын протеин емес азотқұрамдыларды «қалдық азот» деп атаған (олар протеинді тұндырғаннан кейін қалады). Олар мочевина азотынан (50%), аминоқышқылдар азотынан (25%), кіші молекулалы пептидтерден, креатиннен, креатининнен, билирубиннен, индиканнан, кейбір басқа да азотқұрамды заттардан тұрады.

Кейбір бүйрек аурулары кезінде, сонымен бірге, протеиндердің массивті ыдырауымен жүретін патологияларда (мысалы, ауқымды ауыр күюлерде), қанда протеинсіз азоттың мөлшері жоғарлайды, немесе, азотемия байқалады. Бірақ, жиі түрде протеинсіз азоттың жалпы мөлшері емес, протеинсіз азоттың жекеленген компоненттері арасындағы қатынас өзгереді. Сондықтан, қазіргі кезде, плазмадағы азоттың жеке компоненттерін анықтайды.

«Қалдық азот» түсінігіне кіші молекулалы пептидтерді де қосады. Кіші молекулалы пептидтерде жоғары биологиялық активтілік көрсететіндері де бар (мысалы, пептидтік табиғаттағы гормондар).

II топ – азотсыз органикалық заттар. Оларға көмірсулар, липидтер және олардың метаболизмінің өнімдері (глюкоза, пируват, лактат, кетондық денелер, май қышқылдары, холестерин және оның эфирлері) жатқызылады.

Плазманың бейорганикалық компоненттері

Қан құрамында келесі электролиттер болады: бейорганикалық катиондар - Na+, K+, Ca++, Mg++; бейорганикалық аниондар - Cl-, HCO3-, PO43-, HPO42-, H2PO4- ; органикалық аниондар.

Электролиттердің қызметі: қанның осмостық қысымының болуын қамтамассыз етеді; қанның буферлік жүйесінің құрамына кіреді; қанның электролиттері ұлпа сұйықтықтары мен жасушалардың иондық құрамының тұрақтылығын ұстау үшін қажет.

Плазманың қышқылдық-сілтілік балансы

Плазмадағы және жасуша аралық кеңістіктегі ион Н+ концентрациясы 40 нМ-ге жуық болады. Бұл рН-тың 7,40 мәніне сәйкес келеді. Ағзаның ішкі ортасындағы рН мәні тұрақты болуы керек, себебі, протондар концентрациясының айқын өзгерістері өлімге әкелуі мүмкін. (сур. 2)

рН мәнінің тұрақтылығы плазманың буферлік жүйелері арқылы ұсталынады (схема В). Оларды қышқылдық-сілтілік баланстың қысқа мерзімді бұзылысы компенсациялайды. рН-тың ұзақмерзімді тепе-теңдігі протондар өндірілуі мен жойылуы арқылы ұсталынады. Буферлік жүйенің бұзылысы кезінде және қышқылдық-сілтілік баланс сақталмаған кезде, мысалы, бүйрек ауруларының нәтижесінде немесе тыныс алу кезеңінің бұзылысында (гипо-, немесе гипервентиляция нәтижесінде) плазма рН-ы қалыпты шектен асып кетеді. рН мәнінің 7,40-тан 0,03 бірлікке ауытқуының өзі ағзаны өлімге әкелуі мүмкін, төмен болса – ацидоз, ал жоғары болса алкалоз деп аталады.

Протондардың шығу көздері. Протондардың шығу көздері екеу: - тағамдағы бос қышқылдар (мысалы, лимон, аскорбин және фосфор қышқылдары, рН сілтілік болған кезде, ішек трактісінде протондарды бөледі) және тағам құрамында түсетін протеиндердің күкірт құрамды аминоқышқылдары. Протондар балансын қамтамассыз етуге протеиндер ыдыраған кезде түзілетін аминоқышқылдар метионин және цистеин үлес қосады. Бауырда бұл аминоқышқылдардың күкірті күкірт қышқылына дейін тотығады. Ол сульфат ионға және протонға диссоциацияланады.

Бұлшықет пен эритроциттердің анаэробтық гликолизі кезінде глюкоза сүт қышқылына айналады, оның диссоциациясы лактат пен протондардың түзілуіне әкеледі.

Кетондық денелер: -ацетоацетат және β-гидроксибутират – түзілуі (бауырда) де протондардың пайда болуына әкеледі. Кетондық денелердің артық мөлшері плазманың буферлік жүйесінің артық жүктелуіне әкеліп рН-тың (метаболиттік ацидоз пайда болады, сүт қышқылынан –лактацидоз, кетондық денелерден –кетоацидоз) дамиды. Қалыпты жағдайда бұл қышқылдар СО2 мен Н2О-ға дайін метаболиттенеді және протондық балансқа ықпал етпейді.

Протондардың жойылуы. Бүйректерде протондар Nа+ ионымен активті алмасып несеп құрамына өтеді. Ары қарай, несепте, протондар NН3-пен және фосфатпен әрекеттесіп буферленеді.