Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кан биохимиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.94 Кб
Скачать

Комплемент жүйесі, қызметі. Қосымша 2.

Комплемент жүйесі ағзаның иммундық қорғаныс жүйесінің бір бөлігі, ол ағзаға енетін бактериялар мен басқа да ауру қоздырғыштарына қарсы спецификалық емес қорғанысты атқарады. Комплемент жүйесі әртүрлі 20-ға жуық протеиннен – «комплемент факторларынан» тұрады. Олар қан плазмасында болады және плазманың барлық протеиндерінің 4%-ға жуығын құрайды.

Комплемент жүйесінің активтенуі. Комплемент жүйесі келесі үш тәсілмен әсер етеді: -хемотаксис арқылы – комплементтің әртүрлі компоненттері (факторлары) иммундық жасушаларды жұмылдырады. Олар бактерияларға шабуылдайды және оларды жояды (фагоциттейді). – лизис арқылы – комплемент компоненттері бактерия мембранасына байланысады. Соның нәтижесінде бактерия мембранасында саңылау пайда болады және бактерия лизиске түседі. – опсонизация арқылы – комплемент компоненті бактерияға байланысады. Соның нәтижесінде фагоциттеуші жасушалар (мысалы, макрофагтар мен лейкоциттер) тануы үшін арналған комплемент компоненті үшін рецепторы бар «белгі» түзіледі.

Комплемент жүйесінің реакциялары микроағза беткейінде орналасқан молекулалар арқылы атқарылады. С1-ден С9-ға дейін (ағыл.- complement) комплементтерінің факторлары (компоненттері) комплемент актвитенуінің «классикалық жолын» жолын қалыптастырады. В және D факторлары активтенудің «альтернативті жолын» атқарады. Комплемент жүйесінің басқа компоненттері реттеуші қызметті атқарады.

Комплемент жүйесінің бастапқы компоненті сериндік протеиназа болып табылады. Олар амплификациялаушы ферменттік реакциялар каскадын құрастырады. Классикалық жолы С1 компонентін IgG – немесе пентамер IgМ-мен байланыстыру арқылы инициацияланады.

Альтернативті жол фактор В-ны байланыстыру арқылы инициацияланады. Мысалы, бактериялық липосахаридпен (эндотоксин) байланысып. Екі жолда комплементтің С3 компонентін екі фрагментке ыдыратады, олар әртүрлі қызметті атқарады. Кіші фрагмент С3а қабыну үдерісі дамуына қатысады, лейкоциттердің қабыну ошағына хемотаксисін индукциялайды (хемотаксис, қабыну үдерістері). Ірі фрагмент С3в бактериялық жасуша беткейімен ковалентті байланысады және комплемент жүйесінің соңғы компоненттерінің мембранашабуылдаушы комплексі түзілуіне әкелетін реакциярады инициациялайды.

Комплементтің С1 компоненті күрделі құрылымды комплекс, әртүрлі компоненттерден (С1q, С1r, С1s) тұрады. С1q –гексамер, ол антиденелердің Ғ-фрагментімен байланысады. Ол байланысқанда С1r-дің сериндік протеиназасы активтенеді, нәтижесінде классикалық жолдың протеолиттік каскады реакциялары басталады.

Комплементтің С3 компоненті С3-конвертаза протеолизіне түсіп ыдырағанда С3а және С3в түзіледі. С5-конвертазаны қалыптастырады. С3-конвертаза – бұл С4в және С2а тұратын комплекс (классикалық жолда) және С3в және Вв комплекс (альтернативті жолда). С3-тің С3в-ға гидролизінде гидроксилдік немесе аминотоптармен реакцияласатын күрделі тиоэфирлік топ түзіледі. Соның нәтижесінде С3в бактерия мембарнасымен молекуласымен ковалентсіз байланысады (опсонизация).

Мембранашабуылдаушы комплекс – бұл бактерия мембранасындағы иондық канал (саңылау). Оны С3в, С5в, С6, С7, С8 және негізінен С9 компоненттер қалыптастырады. С9 мембрана агрегаттарына біртіндеп байланысады, оның ортасында сақина тәрізді құрылым пайда болады. Ол арқылы кіші молекулалар (су, иондар) диффузияланады. Осмостық қысым бактерия жасушасының ішіне судың сіңірілуін күшейтеді. Жасуша ісінеді және ары қарай жарылады (лизис өтеді).

Комплемент жүйесінің активтілігі қан плазмасындағы ингибиторлар арқылы реттеледі. Олар артық реакцияларды блоктайды.