Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кан биохимиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.94 Кб
Скачать

18

Қан биохимиясы

Адам ағзасында, оның мүшелері мен ағза тіршілігінің өнімдері және қоршаған орта араларында болатын үздіксіз байланысты атқаратын спецификалық жүйелер болады. Бұл жүйелерге – интерстициалық сұйық, лимфа және қан жатқызылады.

Қаннның қызметі

  1. Ұлпалар мен жасушаларды қоректендіру және метаболизм өнімдерін шығару.

  2. Ұлпаларды тыныс алдыру, қышқылдық-сілтілік және су-минералдық баланстарды ұстау.

  3. Гормондар мен басқа да метаболиттерді тасымалдау.

  4. Бөтен агенттер әсерінен қорғау.

  5. Жылуды ағзада тарату арқылы дене температурасын реттеу.

Қаннның жасушалық элементтері: -эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер және т.б. сұйық ортада – қан плазмасында болады. Қан плазмасының құрамы: - су - 90% , протеиндер – 6-8%, органикалық протеин емес қосылыстар - 2%, бейорганикалық тұздар - 1%. Қансарысуы – бұл тромбоциттері жоқ қан плазмасы.

Қан плазмасының химиялық құрамы және негізгі биохимиялық тұрақтылары. Қан плазмасының протеиндері.

Тұзбен бөлу әдісі арқылы қан плазмасы протеиндерін үш фракцияға: - альбуминдер, глобулиндер, фибриноген бөледі. Қағаздағы электрофорез әдісі қан плазмасы протеиндерін 6 фракцияға бөлуге мүмкіндік береді: - альбуминдер - 54-62%; 1-глобулиндер - 2,5-5%; 2-глобулиндер - 8,5-10%; -глобулиндер - 12-15%; -глобулиндер - 15,5-21%; фибриноген (старт сызығында қалады) – 2-4%. Қазіргі кезеңдегі әдістер қан плазмасынан 60-тан астам протеинді бөлуге мүмкіндік береді.

Қан плазмасы протеиндерінің қызметі:

  1. Кіші молекулалы заттарды тасымалдау. Қанға түскен көптеген заттар арнайы протеиндермен байланысып тасымалданады. Бұл осы заттарды деградациядан қорғап, оларды ерітіндіде ұстайды.

  2. Электролиттерді байланыстыру. Плазманың барлық протеиндері қандағы катиондарды байланыстырады, оларды диффунделмейтін формаға ауыстырады. Бұл құбылыс осмостық қысымның реттелуінде иондық құрамының реттелуінде маңызды роль атқарады.

  3. Қанның онкотикалық қысымын қамтамассыз етеді.

  4. Қанның буферлік жүйесінің құрамына кіреді.

  5. Қанның ұю жүйесінің құрамына кіреді.

  6. Қанның қорғаныстық жүйесінің құрамына кіреді.

Денісау адамда протеиндік фракциялардың арасындағы сандық қатынас тұрақты болады. Кейде қан плазмасы протеиндерінің әртүрлі фракциялары арасындағы сандық мөлшердің қатынасы ауытқиды, жалпы мөлшері тұрақты болғанмен де. Бұл құбылыс диспротеинемия деп аталады.

Кейде плазманың жалпы протеиндерінің мөлшері төмендейді. Бұл гипопротеинемия деп аталады. Дамуының себебі: а) ұзақ ашыққан кезде; б) бүйрек патологиясында (зәрмен бірге протеин жоғалтылғанда).

Сирек түрде, бірақ кей жағдайларда гиперпротеинемия – плазмада протеин мөлшерінің 80 г/л-ден жоғары болғанында. Бұл құбылыс ағзадан көп мөлшерде сұйықтықтың жоғалтылғанында байқалады. Ол тоқтаусыз құсуда, профуздық іш өтуде (кейбір ауыр жұқпалы ауруларда: холера, дизентeрияның ауыр формасы).

Плазма протеиндерінің түзілуі мен ыдырауы. Плазма протеиндерінің көп бөлігі бауыр жасушаларында синтезделеді. Тек иммуноглобулиндер иммундық жүйенің плазмалық жасушалары арқылы өндіріледі, пептидтік гормондар – эндокриндік бездер арқылы синтезделеді.

Тәулігіне 17 г альбумин, 5 г глобулин өндіріледі, альбуминнің жартылай ыдырау кезеңі – 10-15 тәулік, глобулин – 5 тәулік.

Плазманың барлық протеиндері, альбуминнен басқасы, гликопротеин болып табылады. Олардың құрамында аминоқышқылдық қалдыққа N- және О-гликозидтік байланыстармен қосылған олигосахаридтер болады. Көмірсулық тізбектің соңындағы қалдық ретінде N-ацетилнейрамин қышқылы болады. Егер бұл топ қан тамыры қабырғасының беткейінде болатын нейраминидаза ферменті арқылы бөлінетін болса, онда протеин молекуласы беткейінде галактозадан тұратын қалдық қалады. Асиалогликопротеиндердің (десиалденген протеиндер, сиал –нейрамин қышқылы) галактозалық қалдықтары гепатоциттердегі галактозалық рецепторлар арқылы танылады және оларға байланысады. Бауырдан бұл «қартайған» қан плазмасының протеиндері эндоцитоз жолымен шығарылады. Осылай болғандықтан, протеин беткейіндегі олигосахаридтер плазма протеиндерінің өмір сүру уақытын айқындайды. Олардың жартылай шығарылу кезеңі (биохимиялық жартылай ыдырау кезеңі) біронеше күннен бірнеше аптаға дейін.