Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1с лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.9 Кб
Скачать
  1. Анықтамалықтарға жалпы сипаттама

  2. Анықтамалықтар терезесі

  3. Анықтамалыққа жаңа элемент пен жаңа топты енгізу

1. «1С:Бухгалтерия» жүйесіндегі анықтамалықтар конфигурациясы шоттардың аналитикалық есебін жүргізу және алғашқы құжаттарға әртүрлі ақпараттарды енгізуге арналған.

«Валюталар» анықтамалығы валюталық есеп белгісі қойылған шоттардағы есепті жүргізуде пайдаланылады.

Анықтамалықтар бір және көп деңгейлі тізімнен тұрады. Әрбір анықтамалықтың иерархиялық деңгейі конфигурацияда беріледі. Типтік конфигурациядағы анықтамалықтар ең көп дегенде төрт деңгейден тұрады, көптеген анықтамалықтар бірдеңгейлі тізімнен тұрады.

Кейбір анықтамалықтар басқа анықтамалықтар элементі болатын қатарлардан тұрады. Мысалы, «Қызметкерлер» анықтамалығында «Бөлімшелер» реквизиті болады.

Негізгі орындардың біріне «Контрагент» анықтамалығына бағынышты «Негіз» (Основание) анықтамалығына ие.

«Негіз» (Основание) анықтамалығы нақты контрагентті таңдағаннан кейін ашылады және осы контрагентке жататын құжаттар тізімінен тұрады.

Егер анықтамалық аналитикалық есепті жүргізуге арналса, ол белгілі бір субконто түріне сәйкес келеді. Мұндай анықтамалықтардың көбісінің атауы оларға сәйкес келетін субконто түрінің атауымен сай келеді.

Анықтамалықтарды көру және түзету бағдарламаның Бас менюі арқылы мүмкін.

Анықтамалықтарды алдын-ала немесе операциялар мен құжаттарды енгізу процесінде мүмкін болады. Бірақ кейбір анықтамалықтарды алдын-ала толтырған тиімді.

Құжаттар мен жұмыс бастағанға дейін «Ақша қаражаттары» анықтамалығына ұйымның банктік деректемелерін енгізу керек.

«Валюталар» анықтамалығын алдын-ала толтыру керек. Ал қалған анықтамалықтарды еркін түрде толтыруға болады.

2. Бағдарламаның Бас менюіндегі «Операциялар» менюінен «Анықтамалықтар» пунктін таңдау арқылы, анықтамалықты экранға шақыруға болады. Экранға жүйедегі бар анықтамалықтар тізімі шығады.

Бұл тізімнен пернелер немесе тышқан арқылы қажет анықтамалықтың атын таңдап, одан кейін «ОК» түймесін басу қажет. Таңдалған анықтамалық терезесі экранда пайда болады.

Егер анықтамалық иерархиялық құрылымнан тұрса, онда анықтамалықтар терезесі топтар ағашын (дерево) қамтиды. Көп деңгейлі анықтамалықтар үшін иерархиялық тізім режимін қосуға немесе өшіруге болады. Өшірілген режим кезінде тек қана жоғарғы деңгей элементтері ғана көрсетіледі, ал қандай да бір топқа көшкеннен кейін, тек осы топқа бағынышты элементтер ғана көрсетіледі. Егер «Иерархиялық тізім» режимі қосылып тұрса, онда анықтамалықтың барлық элементтері көрсетіледі. Әдетте, қандай топқа жататынын білмейтін элементті іздеу үшін, бұл режимді өшіріп қояды. Егер режим қосылып тұрса, «действия» менюіндегі «Иерархиялық тізім» пунктінің жанында белгі тұрады, ал құралдар панеліндегі сәйкес нүкте басылып тұрады.

Конфигурацияға настройка жасау кезінде анықтамалықтың кез-келген деректемелерінде оның мәнінің тарихын сақтау туралы бұйрық беруге болады. Анықтамалықтың мұндай деректемелері кезеңдік деп аталады.

Анықтамалықтағы мұндай деректемелердің тек соңғы мәні ғана емес, сондай-ақ бұрын анықтамалыққа енгізілген барлық мәндер оларды енгізу датасымен бірге сақталады. Шаманың өзгеру тарихы басқа элементтердің тарихына байланыссыз анықтамалықтың әрбір элементіне жеке-жеке сақталады. Мұндай механизм валюталар бағасының тарихының сақталуына мүмкіндік береді.

3. Анықтамалыққа жаңа элементті енгізу үшін анықтамалықтар терезесінің құралдар панеліндегі «Жаңа қатар» (Новая строка) түймесін басыңыз немесе (Ins) түймесін басыңыз немесе Бас менюдегі «Действия» менюінің «Жаңа» (Новая) пунктін таңдаңыз.

Егер көпдеңгейлі анықтамалыққа енгізілген жаңа элемент анықтамалықтың белгілі бір тобына бірден түсуі керек болса, онда жаңа элементті енгізбес бұрын, сол топқа өтіп алу қажет.

Анықтамалыққа жаңа элементті енгізу кезінде оның кодын, атауын және қосымша деректемелерін түзету 2 тәсілмен жүргізілуі мүмкін:

а) экранға шығарылатын диалогтық терезеде

ә) тікелей анықтамалық қатарында.

Түзету тәсілі міндеттемелер конфигурациясын настройка жасау кезінде анықталады. Егер 2 тәсілді де қолдануға рұқсат етілсе, онда нақты бір әдісті таңдау үшін Бас менюдегі «Действия» менюіндегі «Диалогты түзету» (Редактирование диалога) пунктінің жанындағы белгіні қою немесе алып тастау арқылы мүмкін.

Егер диалогта түзету режимі таңдалған болса, онда экранға анықтамалықтың жаңа элементін енгізу үшін диалогтық терезе пайда болады. Диалогтық терезенің сыртқы түрі, оның қасиеттері, басқару элементтерінің іс-әрекеті міндеттемелер конфигурациясын настройка жасау кезінде анықталады.

Диалогтық терезеде әдетте «Код», «Атауы» және анықтамалық деректемелеріне сәйкес енгізу алаңы толтырылады. Барлық деректемелер толтырылған соң, элементті анықтамалыққа жазу үшін «ОК» пернесін басамыз.

Егер анықтамалық элементінің деректемелерін түзету тікелей кестеде жүргізілсе, онда анықтамалықтағы жаңа элемент үшін жаңа қатар қосылады, ол автоматты түрде түзету режиміне көшеді. Кестенің әрбір қатарын толтырған соң Enter пернесін басу қажет, сол кезде курсор автоматты түрде келесі қатарға көшеді.

Жаңа қатардың соңғы бағаны толтырылғаннан кейін, Enter пернесін басу түзету режимін қосады және жаңа элемент анықтамалықта сақталады. Жаңа элемент анықтамалықта ағымдағы сорттау тәртібіне сәйкес орналасады.

Анықтамалыққа жаңа топты енгізу үшін Esc түймесін басу қажет. Көп деңгейлі анықтамалыққа жаңа топты енгізу үшін мына іс-әрекеттің бірін орындау қажет:

  • Анықтамалықтар терезесінің құралдар панеліндегі «Жаңа топ» түймесін басу;

  • Ctrl +F9;

  • Бас менюдегі «Действия» менюіндегі «Жаңа топ» пунктін таңдау.

Егер көп деңгейлі анықтамалыққа енгізілетін жаңа топ бірден нақты бір топқа түсуі қажет болса, онда енгізу алдында осы топқа өту керек.

Анықтамалыққа жаңа элементті енгізген сияқты анықтамалыққа жаңа топты енгізу кезінде кодты, атауын және топтың қосымша деректемелерін 2 әдіспен түзетуге болады:

    1. экранға шығатын диалогтық терезеде;

    2. тікелей анықтамалық қатарында.

Лекция 4. Құжатттар және құжаттар журналы

  1. Құжаттармен жұмыс туралы жалпы мағлұмат

  2. Құжатты енгізу нысаны

  3. Құжаттар журналы

  4. Құжаттармен жасалатын іс-әрекеттер

5.Бір құжат негізінде екіншілерін енгізу

1. «1С:Бухгалтерия 8.2» типтік конфигурациясы әртүрлі бөлімдер бойынша есепті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Типтік конфигурацияда есепті жүргізу үшін құжаттар пайдаланылады.

«1С:Бухгалтерия 8.2» типтік конфигурациясы әртүрлі құжаттардың кең жиынтығын қамтиды.

Құжаттардың бір бөлігі кәсіпорында пайдаланылатын алғашқы құжаттарды енгізу, сақтау және баспаға шығару үшін ғана арналған: мысалы, «Төлем тапсырмасы», «Шот», «Сенімхат».

Құжаттардың екінші бір бөлігі алғашқы құжаттардағы мәліметтерді енгізуден бөлек автоматты түрде бухгалтерлік жазбаларды қалыптастырады. Оған «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің келіп түсуі», «Есептеулер ведомосы», «Кіріс кассалық ордері», «Шығыс кассалық ордері» және т.б. жатады.

Мұнан басқа бұл конфигурацияда ешқандай мәліметтерді сақтамайтын, тек автоматты түрде бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру үшін ғана қолданылатын бірнеше регламенттік құжаттардың түрлері бар. Мысалы, «Валютаны қайта бағалау» құжаты.

Бухгалтерлік жазбаларды автоматты түрде қалыптастыратын құжаттарды пайдалану бухгалтерлік есепті жүргізуді жеңілдетеді және операциялардың саны көп болғанда есеп беруді құрастыруға дайындайды.

Құжатты енгізу бағдарламаның Бас менюіндегі «Құжаттар» менюі арқылы мүмкін.

2. Құжаттарға мәліметтерді енгізу үшін құжаттарды енгізу нысаны пайдаланылады. Ол деректемелер, пернелер, ауыстырғыштар (переключатели) жиынтығынан тұрады.

Әр бір құжаттың міндетті деректемелеріне- номері мен датасы жатады. Жаңа құжатты ашқан кезде оған кезекті реттік номер автоматты түрде беріледі, ол пайдаланушымен өзгертілуі мүмкін. Құжаттың датасы бағдарламаның жұмыс датасына сәйкес қойылады, бірақ оны өзгертуге болады.

Номері мен датасынан басқа әрбір құжаттың «Комментарий» (Түсініктеме) деген деректемесі болады, оның «Қатар» (Строка) деген түрінде құжатқа еркін түрде қосымша ақпаратты енгізу үшін қолданылады.

Басқа деректемелерімен бірге құжаттың номері мен датасы құжаттың шапкасын құрайды.

Кейбір құжаттардың, сондай-ақ кесте немесе көпқатарлы кестелік бөлігі болады. Онда бухгалтерлік есеп объектілерінің тізімі және мәні (қасиеттері) көрсетіледі. Мысалы, «Материалдардың келіп түсуі» құжаты келіп түскен материалдардың тізімін көрсетеді, сонымен бірге материалдардың саны, бағасы, сомасы мен ҚҚС сомасы көрсетеді. «Есептеулер ведомосы» құжатының кестелік бөлігінде еңбекақысы есептелінген қызметкерлердің тізімі көрсетіледі.

Егер құжатта кесте болса, онда оны толтыру әдісі әр құжат үшін жеке анықталады және кестенің толтырылған қатарларын түзетуге болады.

Құжат нысанына енгізілген мәліметтер бойынша құжаттың баспалық түрі қалыптасады және құжат бойынша бухгалтерлік жазбалар қалыптасады.

3. Енгізілген құжаттар құжаттар журналында сақталады.

Конфигурацияда енгізілген барлық құжаттар тіркелетін жалпы құжаттар журналы, сондай-ақ құжаттың жекелеген түрлері бойынша топтастырылған құжаттар журналы болады. Журналдардың кез-келген түріне бағдарламаның Бас менюіндегі «Журналдар» менюінің сәйкес пункті арқылы кіруге болады.

Құжаттар журналында әрбір құжат үшін жалпы ақпараттан (дата, түрі, құжат нөмірі) басқа, нақты бір құжат үшін өзіндік ерекше ақпаратты да көрсетеді (мысалы: ұйым-контрагент).

Сонымен қатар енгізілген құжат операциялар журналында сәйкес жазба арқылы көрініс табуы мүмкін.

Енгізіліп қойылған құжатты көру және түзету үшін қажетті құжат орналасқан құжаттар журналынан, бухгалтерлік жазбалар журналынан немесе операциялар журналы арқылы мүмкін.

Журналды баспаға шығару. Ағымдағы журналдағы құжаттар тізімін баспаға шығару үшін журналдар терезесінің төменгі жанындағы «Реестр» түймесі арналған, ол журналдың таңдалған интервалымен сәйкес келетін кезең ішіндегі осы журналға енетін құжаттар реестірін қалыптастырады.

Дәл осындай есеп беруді «Сервис» менюіндегі «Құжаттарды өңдеу» режимін пайдалана отырып жасауға болады.

Алынған есеп беруді баспаға шығаруға болады.

Құжаттар журналында қандай-да бір іс-әрекеттерді орындағаннан кейін (жаңа құжатты енгізгеннен кейін), құжаттар реестірін өзекті (актуалды) қалыпқа (жағдайға) келтіру үшін құжаттар реестірі терезесінің жоғары жағындағы «Жаңарту» (Обнавить) түймесін тышқанмен 2 рет басу қажет. Настройка түймесін тышқанмен 2 рет басу «Реестр» түймесін басқан кездегі құжаттар журналының жағдайына сәйкес құжаттарды таңдау шарттары белгіленген «Құжаттарды өңдеу» диалогтық режимін ашады.

Диалогта таңдау шарттарын түзетуге, реестірді қайта қалыптастыруға немесе құжаттармен өзге де іс-әрекеттерді орындауды таңдауға болады. Сондай-ақ баспаға шығарылатын құжат деректемелерінің санын кеңейтуге болады.

Ол үшін «Өңделетін құжаттар түрлері» тізімдегі деректемелері өзгертілуі тиіс құжатты активациялау үшін таңдап, «Настройка» түймесін басу қажет. Пайда болған диалогтық терезеде құжаттар шапкасының барлық деректемелерінің ішінен есеп беруде көрсетілуі тиістерін таңдауға болады.

4. Барлық журналындар нысандарында «Действия» түймесі болады. Бұл түйме таңдалған журналдағы құжатпен орындауға болатын іс-әрекеттер менюін ашады.

Бағыныштылық құрылымы. Бұл пункті таңдау кезінде бағыныштылық құрылымының деңгейлерінен (дерево) тұратын терезе ашылады.

Бағыныштылық деңгейінің бірнеше деңгейі болады. Құжаттар үшін атауы, нөмері, датасы мен сомасы көрсетіледі.

Құжаттардың қозғалысы туралы есеп беру. Жүргізілген, жасалған (проведенный) құжат үшін есеп беруді қалыптастырады, ол құжаттар негізінде қалыптасқан бухгалтерлік жазбалар тізімін қамтиды.

Негіз бойынша енгізу. «Действия» түймесінің бұл меню пункті бір құжат негізінде екінші бір құжатты қалыптастыруға арналған. «Негіз бойынша енгізу» тек жазылған құжат негізінде ғана мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан, жаңа құжат нысанын бұл режимді қолдану кезінде оны алдымен жазып алу қажет. («Записать» түймесі).

5. «1С:Бухгалтерия 8.2» бағдарламасы бір құжаттағы мәліметті екінші бір құжатқа көшіру мүмкіндігіне ие. Ол үшін жаңа құжатты енгізу кезінде «Негіз бойынша енгізу» механизмі қолданылады.

Бұл механизм, мысалы, шығыс накладнойын бұрын көшірілген шоттағы ақпарат бойынша жасауға мүмкіндік береді.

Бір құжат негізінде екінші бір құжатты енгізу үшін құжаттар журналында қажетті құжатқа (негізге) курсорды қойып, журналдың «Действия» менюіндегі «Негіз бойынша енгізу» пунктін таңдау қажет немесе бағдарламаның бас менюіндегі «Действия» менюінің «Негіз бойынша енгізу» пунктін таңдауға болады.

Пайда болған құжаттар түрлерінің тізімінде пернелер немесе тышқан көмегімен қажетті құжатты таңдап «ОК» түймесін басу қажет. Осыдан кейін таңдалған құжат түрі бойынша жаңа құжат ашылады, оның деректемелеріндегі ақпарат негіз-құжаттан көшірілген ақпаратпен толтырылады.

Жаңа құжатқа кезекті реттік номер беріледі. Құжаттың датасы ретінде жүйенің жалпы параметірінде қойылған жұмыс датасы қойылады. (Меню «Сервис»- «Параметры»).

«Негіз бойынша енгізу» режимі жаңа құжат пен негіз-құжат арасында байланыс орнатады. Бұл тек жаңа құжатты енгізуді жеңілдету құралы ғана.

Лекция 5. Кадрлар есебі.

  1. Қызметкерді жұмысқа қабылдау

  2. Бұрыңғы жұмыс орнынан анықтама

  3. Кадрлық өзгерістерді енгізу

  4. Қызметкерлердің жалақысын өзгерту

  5. Қызметкерді жұмыстан шығару

1. «1С:Бухгалтерия» бағдарламасында қызметкерлер туралы мәліметтер есебін жүргізуге «Қызметкерлер» анықтамалығы арналған.

«Қызметкерлер» анықтамалығының көптеген деректемелері кезеңдік болғандықтан, анықтамалықпен жұмысты өте мұқият жасау қажет. Осыған байланысты типтік конфигурацияға «Қызметкерлер» анықтамалығына қызмет көрсету үшін арналған құжаттар жиынтығы енгізілген.

Оларға:

  • жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

  • бұрыңғы жұмыс орнынан анықтама

  • кадрлық өзгерістер туралы бұйрық

  • жалақының өзгеруі туралы бұйрық

  • жұмыстан шығу туралы бұйрық

Кадрлар есебі бойынша барлық құжаттар бағдарламаның Бас менюіндегі «Журналдар/Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» журналында топтастырылады. «Қызметкерлер» анықтамалығына жаңа қызметкерді енгізу үшін типтік конфигурациядағы «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық» құжаты арналған.

Құжатты төмендегідей әдістермен қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар/ Еңбекақы және кардлар» менюіндегі «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық» пункті арқылы немесе

  • «Журналдар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» пунктіндегі «Жаңа» (Новый) бұйрығы.

Құжаттың закладкалары «Қызметкерлер» анықтамалығындағы элемент нысандары мен бірдей болады.

Құжаттың закладкаларына барлық қажетті ақпаратты негізгеннен кейін, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты қалыптастырып, оны басып шығару керек және құжатты сақтап ол бойынша бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру керек (ОК түймесі).

Құжат бойынша бухгалтерлік жазбалар қалыптасқан кезде құжаттағы қызметкер туралы ақпараттар «Қызметкерлер» анықтамалығына көшеді.

Осы құжат закладкаларындағы мәліметтерді енгізу барысында кейбір ерекшеліктерді қарастырайық.

«Жалпы мәлімет» (Общие) закладкасында мына мәліметтер көрсетіледі: бұйрықтың нөмері мен датасы, жұмысқа қабылдау датасы, қызметкерлердің толық аты-жөні, лауазымы, бөлімшесі және бұйрықтың тексті.

«Аты-жөні» (ФИО) деректемесінде жұмысқа қабылданушының толық тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Бұл деректемені толтыру кезінде кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің тізімі көрсетілген «Қызметкерлер»

анықтамалығы ашылады. Осы тізімге жаңа қызметкерді енгізу үшін «Действия» менюіндегі «Жаңа» пунктін таңдап немесе Ins түймесін басу арқылы, жұмысқа қабылданушының тегі, аты және әкесінің атын жазу керек.

Құжаттың қалған деректемелерін толтыру тәртібі «Қызметкерлер» анықтамалығының сәйкесінше деректемелерін толтырумен бірдей.

Диалогтық терезеде төмендегідей түймелер орналасқан:

«Жазу» (Записать)- нысанда жаппай өзгерістерді жазу үшін.

«Баспа» (Печать) – құжаттардың баспалық нысанын қалыптастыру үшін

«ОК» - нысанды жаба отырып, құжатты журналда сақтау

«Жабу» (Закрыть)- құжатты енгізуден немесе жасалған өзгерістерден бас тарту үшін

«Іс-әрекеттер» (Действия) – белгілі бір құжат негізінде «Негіз бойынша енгізу», «Құжаттар қозғалысы» есеп беруін баспаға шығару, «Бағыныштылық құрылымы» немесе «Журналдан ашу» есеп берулерін баспаға шығару құжаттарымен іс-әрекеттер орындау үшін

2. «Қызметкерлер» анықтамалығының карточкасына қызметкердің бұрыңғы жұмыс орнындағы еңбекақыны есептеу, жеке табыс салығын ұстау және зейнетақы жарналарын аудару туралы: мәліметтерді енгізу үшін типтік конфигурацияда «Бұрыңғы жұмыс орнынан анықтама» құжаты арналған.

Құжатты төмендегі әдістер арқылы қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар/Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Алдыңғы жұмыс орнынан анықтама» пункті немесе

  • «Журналдар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» пунктінің «Жаңа» (Новый) бұйрығы немесе

  • «Қызметкерлер» анықтамалығы тізіміндегі «Алдындағы жұмыс орнынан анықтама» түймесі

Құжатты толтыру кезінде «Қызметкерлер» деректемесінде алдыңғы жұмыс орнынан анықтама әкелген кәсіпорын жұмысшысы көрсетілуі тиіс. Құжаттың кестелік бөлігінде төмендегілер көрсетілуі тиіс:

  • «Айы» бағанында – еңбекақы есептелінген салықтық кезең айы;

  • «Есептелген табыс» - салықтық кезеңнің сәйкесінше айына есептелген табыс сомасы;

  • «Салық салынбайтын табыс» - ҚР салық заңнамасы бойынша «Есептелген табыс» бағанындағы сәйкесінше айдағы салық салуға жатпайтын сома;

  • «Зейнетақы жарналары» бағанында – салық кезеңінің сәйкес айы үшін зейнетақы заңнамасына сәйкес анықталатын міндетті зейнетақы сомалары;

  • «Шегерімдер» бағанында – салық заңнамасына сәйкес салықтық шегерімдер сомасы.

  • «Табыс салығы» бағанында алдыңғы жұмыс орнында есептелген табыс салығының сомасы;

  • «Әлеуметтік салықпен қоса салық салынатын табыс» бағанында салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салуға жататын табыс табыс сомасы, ол есептелген табыс пен зейнетақы жарналары, сондай-ақ әлеуметтік салық салуға жатпайтын сома арасындағы айырма ретінде анықталады.

  • «Әлеуметтік салық» бағанында ҚР Салық заңдылықтарына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы;

  • «Әлеуметтік аударымдар» бағанында - әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорына аударылатын әлеуметтік аударымдар сомасы;

  • «Жеңілдіктер сомасы» деректемесінде табыс салығы бойынша берілген жеңілдіктер сомасы көрсетіледі.

Құжатта кестелік бөлікті салық кезеңінің айлары бойынша сервистік мүмкіндік ретінде «Толтыру» (Заполнить) анықтамасы-түймесі арналған.

3. Қызметкерлердің кезеңдік деректемелерінің мәнін өзгерту үшін типтік конфигурацияда «Кадрлық өзгерістер туралы бұйрық» құжаты арналған. Оны мына жағдайда қолдану керек:

- жұмысшыны немесе қызметкерді бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстырғанда;

- қарауындағы (иждивенец) санының немесе табысынан шегерімдер түрлерінің өзгеруі кезінде;

- «Штаттағы жұмысшы» деректемесі өзгергенде;

- қызметкерлердің лауазымы өзгергенде;

- оның тарифтік мөлшерлемесі өзгергенде;

- ЖЗҚ өзгергенде.

Құжатты қалыптастыру үшін мына іс-әрекеттердің бірін орындау қажет:

  • «Құжаттар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық өзгерістер туралы бұйрық» пункті немесе

  • «Журналдар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» пункті, «Жаңа» (Новый) бұйрығы.

Құжат нысанында тек қана өзгертілген деректемелер үшін ғана жаңа мәндерді көрсету қажет.

Өзгерістерді енгізгеннен кейін құжатты жасап, баспаға шығару қажет, сондай-ақ оны сақтап, бухгалтерлік жазбаны қалыптастыру керек. («ОК» түймесі).

4. Жалақыны бәріне немесе қандай да бір топ қызметкерлеріне өзгерту қажет болғанда типтік конфигурацияда «Жалақының өзгеруі туралы бұйрық» құжаты арналған.

Құжатты мына әдістер арқылы қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Жалақының өзгеруі туралы бұйрық» пункті немесе

  • «Журналдар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар » пунктінің «Жаңа» бұйрығы

Құжаттың датасын енгізу бөлігіне қызметкерлерге жаңа жалақы белгіленген күн қойылады. Элементті құжаттың кестелік бөлігіне енгізу үшін Insert түймесін пайдалануға болады.

Егер жалақы бәріне немесе немесе қызметкердің көбісіне өзгертілсе, онда «Толтыру» (Заполнить) түймесін қолдануға болады. Сол кезде кестелік бөлікке ағымдағы еңбекақысының сомасы көрсетілген қызметкерлердің тізімімен толтырылады.

Толтырып болғаннан кейін құжатты сақтап, ол бойынша бухгалтерлік жазбаны қалыптастыру керек («ОК» түймесі). Құжатта көрсетілген барлық қызметкерлер үшін «Қызметкерлер» анықтамалығының «Оклад» деректемесіне жаңа мән жазылады.

5. Жұмысшымен еңбек қатынасын тоқтату жұмыстан шығу туралы бұйрықпен рәсімделеді.

Бұл бұйрықты қалыптастыру үшін типтік конфигурацияда «Жұмыстан шығу туралы бұйрық» құжаты қарастырылған.

Құжатты мына әдістер арқылы қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Жұмыстан шығу туралы бұйрық» пункті немесе

  • «Журналдар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» пунктінің «Жаңа» бұйрығы

Енгізу нысанында бұйрықтың номері мен датасын, жұмыстан шығу датасын және жұмыстан шығатын қызметкерлердің аты-жөнін таңдау қажет.

Содан кейін жұмыстан шығу туралы бұйрықты жасап, баспаға шығарып, құжатты сақтап, ол бойынша бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру керек («ОК түймесі»).

Құжат бойынша жазбаны қалыптастырғанда жұмыстан шығу датасы «Қызметкерлер» анықтамалығында белгіленген қызметкерлердің «Жұмыстан шығу мерзімі» деректемесіне толтырылады.

Лекция 6. Еңбекақыны есептеу және төлеу

  1. Еңбекақыны есептеу

  2. Еңбекақы ведомосі

  3. Еңбекақы депоненттеу

  4. Еңбекақыны төлеу

  1. Еңбекақыны автоматты түрде есептеу үшін типтік конфигурацияда «Есептеу ведомосы» парағы арналған.

Құжатты төмендегі әдістер бойынша қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар / еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Еңбекақыны есептеу» пункті;

  • «Журналдар / еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Еңбекақы» пунктінің «Жаңа» (новый) бұйрығы.

Мәліметтерді төмендегі тәртіппен енгізу керек:

  1. Еңбекақыны есептеу мерзімін көрсету керек. Тәртіп бойынша есептеу мерзімі еңбекақы есептелетін айдың соңы жұмыс күні болуы тиіс.

  2. «Бөлімшелер» айлығынан еңбекақы есептеліп жатқан қызметкердің құрылымдық бөлімшесін таңдау қажет. Егер сіз барлық кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне еңбекақы есептегіңіз келсе,онда бұл деректемені толтыру керек.

  3. Кестелік бөлікті толтыру (Сіз тізімді өзіңіз толтыруыңызға немесе автоматты толтыру режимін қосуға болады).

Құжат көмегімен автоматты түрде мына есептеулер жүргізіледі: есептеу; тариф, сондай-ақ табыс салығы, зейнатақы және кәсіподақ бойынша ұсталымдар, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударым бойынша ұсталымдар, атқару парағы бойынша ұсталымдар.

Құжатта әрбір құжат үшін жұмыс күндерінің нормасы мен сағаттарын көрсету мүмкіндігі бар. «Айдағы жұмыс күнінің саны» және «Ай ішіндегі жұмыс сағаттарының саны» константаларында белгіленген нормалардан өзгеше жұмыс уақытының нормасын көрсету үшін «Есептеу ведомосі» құжатындағы «Жалпы» (общие) закладкасындағы «Жұмыс күндері» және «Жұмыс сағаттары» деректемелерін толтыру қажет. Осы жерде «Еңбекақыдан ұсталатын салықтар мен ұсталымдар сомасын дөңгелектеу» < белгісі бар. Ол белгіленіп тұрғанда еңбекақыдағы салықтар мен ұсталымдарды есептегенде сомалар дөңгелектеліп кетеді.

«Еңбекақыны есептеу бойынша кесте бөлігін ақпаратпен толтыру үшін «Қызметкерлер» анықтамалалығынан «Толтыру» (Заполнить) түймесін пайдаланады.

Демалысақы, премия, жұмысқа жарамсыздық парқтары және т.б бойынша қысқаша есептеу түрлерін енгізу үшін қызметкер бойынша, «Қосымша есептеулер» √ қойып, пайда болған «Қосымша есептеулер» есептеулер» түймесін басу қажет.

Пайда болған диалогтық терезеде әрбір қызметкер үшін қажетті сомасымен бірге «Қосымша есептеулер» құжатын толтыруға мүмкіндік туады.

Еңбекақыны соңғы (окончательно) есептеу «ОК» түймесі арқылы мүмкін.

Әрбір қызметкер бойынша құжат төмендегідей қалыптасады:

  • еңбекақыны есептеу бойынша бухгалтерлік жазбалар, 3350 «Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотынын кредиті және таңдалған шығындар шотының Дебеті.

  • табыс салығын ұстау бойынша жазбалар (3120 «Жеке табыс салығы» шотының кредиті бойынша),

  • Зейнетақы жарналарын ұстау бойынша жазбалар (3220 «ЖЗҚ аударымдары бойынша міндеттемелер» шотының кредиті бойынша»)

  • әлеуметтік салық ұстау бйынша бухгалтерлік жазбалар (3150 «Әлеуметтік салық»- шоттың кредиті бойынша)

  • әлеуметтік аударымдар сомасын ұстау бойынша бухгалтерлік жазбалар (3210 «Әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелер» шотының кредиті бойынша )

Құжатта мынадай баланстан тыс шоттар бойынша бухгалтерлік жазбалар қалыптастырылады:

- қызметкерлердің есептелген жиынтық табысы бойынша («ПНС»- табыс» баланстан тыс шоттардың дебеті бойынша)

- табыс салығын есептеу кезіндегі шегерім бойынша («ПНВ- шегерімдер» баланстан тыс шоттардың дебеті бойынша)

- жылына 240 АЕК аспайтын мөлшердегі ұсынылған жеңілдіктер бойынша («ПНЛ табыс салығы бойынша жеңілдіктер» баланстан тыс шоттардың дебеті бойынша)

Диалогтық терезеде төмендегідей түймелер бар:

  • «Жазу» (Записать) – нысанды жаппай өзгерістерді жазу үшін

  • «Баспа» (Печать) – құжаттың баспалық нысанын қалыптастыру үшін

Баспаға шығаруды 2 жолмен жасауға болады:

  1. Есептеу-төлем ведомосын баспаға шығару

  2. Жеке есеп парақтары түрінде баспаға әрбір қызметкер бойынша еңбекақыны төлеу үшін.

«ОК» - нысанды жабу арқылы құжатты журналда сақтау

«Жабу»(Закрыть)- құжатты енгізуден немесе жасаған түзетуден бас тарту үшін

«Действие» (іс-әрекеттер)-

«Толтыру» (Заполнить)- құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін

«Тазарту» (очистить) – құжаттың кестелік бөлігін тазарту үшін

«Қосымша есептеулер» құжаты еңбекақы бойынша қосымша есептелген сомаларды қалыптастыру үшін арналған.

Құжатты тек «Есептеулер ведомосы» құжатынан «Қосымша есептеулер» түймесі арқылы ғана мүмкін. Осы кезде бағынышты құжаттар терезесі шығады. Қосымша есептеулердің нақты құжат түрін таңдау үшін терезенің сол жақ бөлігіне √ қою керек. Жаңа құжатты енгізу үшін «Жаңа» түймесі арналған.

Құжат бухгалтерлік жазбаларды қалыптастырмайды, және «Есептеу ведомосіндегі» қосымша есептеулер сомасын есептеуге көмекші құжат болып табылады, сондықтан өз бетінше қалыптаса алмайды. Құжат таңдалған бір қызметкер бойынша, бірнеше қосымша есептеу түрлері бойынша мәліметтерді енгізеді. Құжат бойынша қосымша есептеудің жалпы (барлық) сомасы «Есептеу ведомосы» құжатының «Қосымша» қатарына түседі. Табыс салығын, зейнетақы жарналары, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша салық салынатын базаны есептеуде құжаттың кестелік бөлігінің әрбір қатары жеке-жеке қалыптасады.

2. «Ұсталымдар ведомосы» құжаты қызметкерлер тізімі бойынша еңбекақыдан ұсталатын сомалар бойынша операцияларды қалыптастыруға арналған.

Құжатты төмендегі әдістермен қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар / еңбекақы және кадрлар» менюінен «Ұсталымдар ведомосы» пункті

  • «Журналдар / еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Еңбекақы» пунктінің «Жаңа» бұйрығы қызметі

Ұсталымдар ведомосы таңдалған бөлімше қызметкерлері немесе жалпы кәсіпорын қызметкерлері бойынша қалыптасуы мүмкін. Құжаттың кестелік бөлігін қызметкерлер тізімімен толтыру үшін «Толтыру» (Заполнить) түймесін басу қажет.

Таңдалған қызметкердің аналитикалық есебі мен таңдалған шот бойынша шоттар корреспонденциясы еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар бойынша қалыптасады.

  1. «Еңбекақыны депоненттеу» құжаты есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны депоненттеу бойынша операцияларды қалыптастыруға арналған.

Құжатты төмендегідей әдістер бойынша қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар / еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Еңбекақыны депоненттеу»

  • «Журналдар / Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Еңбекақы» пунктінің «Жаңа» бұйрығы.

Конфигурацияда депоненттелген еңбекақы есебі 3394 – «Депоненттелген еңбекақы бойынша қарыздар» шотында қызметкерлер және есептеу кезеңдері бойынша жүргізу. («Еңбекақы есептеу кезеңдері» Анықтамалығы). Есептеу кезеңінің бірлігі ретінде 1 күнтізбелік ай саналады. Сондықтан, еңбекақыны есептеудің әрбір кезеңі үшін қажет болған жағдайда еңбекақыны депоненттеу бойынша жеке құжат қалыптастыруы керек.

Құжаттың кестелік бөлігі депоненке жатқызылуы тиіс қызметкерлердің тізімі мен сомасынан тұрады. Құжаттың кестелік бөлігі автоматты түрде толтырылуы мүмкін. Сол кезде қызметкер таңдалып (бөлімшелері бойынша немесе жалпы кәсіпорын бойынша) және таңдалған есеп кезеңінің соңына қызметкердің алдындағы қарыз сомасы есептеледі.(3350 шот бойынша қалдықтар).

Құжатты қалыптастыру кезінде кестелік бөліктің әрбір қызметкері бойынша Дебет 3350 Кредит 3394 бухгалтерлік жазуы қалыптасады.

  1. Қызметкерлерге төмен ведомосы бойынша еңбекақысы немесе депонентелген еңбекақы төлеу бойыгша операцияларды рәсімдеу үшін типтік конфигурацияда «Еңбекақы төлеу» құжаты арналаған.

Құжатты төмендегідей әдістер арқылы қалыптастыруға болады:

  • «Құжаттар / еңбекақы және кадрлар» менюінің «Кассадан еңбекақы төлеу» пункті

  • «Журналдар / еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Еңбекақы» пунктінің «Жаңа» бұйрығы

Еңбекақы кассадан, сондай –ақ ағымдағы шоттан (мысалы, ақша қаражаттарын қызметкердің шотына аудару) төлуі мүмкін- «Кассадна / ағымдағы шоттан» нысананың диалогы. Құжаттың кестелік бөлігінде еңбекақы төленуі тиіс қызметкердің аты-жөні ментөленуі тиіс сомасын таңдалуы қажет.

Құжатта, сондай-ақ кестелік бөлікті автоматты түрде толтыру мүмкіндігі қарастылыған.(«Толтыру» түймесі). «Бөлімшелер бойынша» полесі таңдалғанда оның мәніне сәйкес кесте қызметкерлер тізімінен толтырылады. Ведомосты автоматты түрде толтыру кезінде әрбір қызметкерлер бойынша төленуі тиіс сома айына қарызды төлеу (выплатить задолженность за) өрісінде көрсетілген мерзімге пайыздық төленімен қоса есептеледі. √ депоненттелген еңбекақы болғанда («Депоненттелген еңбекақы есепке ала отырып төлеу √ белгісі белгіленген болуы керек») оны есепке алу керек. «Қарыз сомаларынтиынсыз таңдау» √ белгісі белгіленген жағдайда кестедегі сомалар бүтіндерге дейін дөңгеленеді.

Құжатты «Қазақстан Халық Банкі» аударымдар тізімі бойынша ашуға болады. ол үшін «Банкке аударымдар» түймесі арналған.

Банкке еңбекақы аудару кезінде еңбекақыны төлеу орны ретінде ұйымның ағымдағы шотының таңдалғанын және алғашқы банктік шоттың « » деректемесі толтырылуы тиіс. Кері жағдайда (әйтпесе) құжат қалыптаспайды және « ИИК толтырылмаған Тізім қалыптасады» хабарламасы шығады.

Аударуға арналған деректемелерін толтыру кезінде экранға келесі сұраныстар шығарылады:

  • файлды жазу үшін каталогтар;

  • төлем тапсырмасының номері:

  • Төлем тапсырмасының датасы:

  • Ұйымның номері (банк тағайындайды).

Тізім табысты (успешно) қалыптасқанда, ол көрсеткіш жерде , экранға шығарылады.

Құжатты қалыптастыру кезінде құжаттың кесте бөлігінде көрсеткіш әрбір қызметкерге еңбекақы төлеу бойынша бухгалтерлік жазбалар қалыптасады:

- Дебет 3350 (3394)

- Кредит 1010, және егер төлем ағымдағы шоты арқылы жүргізілсе, 1031 аралық шоты пайдаланылады.

Еңбекақыны Қазақстан Халық Банкі арқылы қызметкерлерінің карточкалық шотына аулару кезінде банктің комиссиялық сыйақыларын қолданалады, МІ-102 форматында байланысты мәліметтерді жариялау, шығару (выгрузка) мүмкіндігі қарастырған. Ол үшін «Еңбекақыны төлеу» құжатында қызметкердің шотына еңбекақы аудару кезінде мұндай операциялық қажеттілігін растау қажет.

Банк комиссиясы банктің карточкасының «Банк комиссиясының пайызы» қатарында көрсетілген пайыз ретінде есептеледі.

Еңбекақы бойынша есеп айырысу және төлем ведомостарын, сондай –ақ есеп айырысу парақтарын «1С: Бухгалтерия 8.2» типтік конфигурацияда 2 тәсілмен қалыптастыруға болады:

  • «Есептеулер ведомосы» құжаты нысанынан;

  • «Есеп берулер / Арнайы» менюінен

Есеп айырысу парағы мен ведомостары таңдалған құжатты көрсетілген барлық қызметкерлер үшін қалыптасады.

Есеп беруді меню арқылы шақырғанда есеп айырыу парақтары мен ведомосын жеке құжат бойынша, немесе таңдалған ай бойынша қатысуға болады. ол үшін нысанда сәйкес ауыстырған () қарастырған.

Лекция 7. Ақша қаражаттары және есеп беретін тұлғалармен еңбекақы есебі