Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_emtikhan_otv-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

139. Қоршаған орта нысандарының биологиялық ластануы

басты экологиялық мәселе.

Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.

Жер бетіндегі шамамен 1500000 жануардың 50000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке бастың тазалығын сақтамаудың салдарынан, жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы ауру қоздырғыштары адам организміне түседі.

Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан артезиан суларын пайдаланар алдында қайнату керек. өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері – тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия ауруларының таралуына себепші болған кездер жиі кездеседі.

Безгек ауруын безгек масасы таратады. Адам қанына безгек қоздырғышы түскен соң, бауырға қарай жылжиды. Бауырда өсіп, дамып, ұлпаға, одан қанға өтеді. Қайтадан қанға түскен микробтары адамдардың бойын дендеп алып, ауырта бастайды.

Жұқпалы оба ауруын егеуқұйрық бүргесі таратады. Ал ұйқы ауруының қоздырғышы – трипаносомалар цеце шыбыны арқылы адамның қанын сорғанда жұғады.

Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек. Көктемде және күзде орманды алқапта жұмыс істейтін адамдарды энцефалит тырыспасына қарсы егеді. Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, сүзек, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.

Қорыта айтқанда, мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.

140. Медициналық экология, жалпы экологиядан айырмашылығы.

Медициналық экология (Медицинская экология) — адам экологиясының бір бөлімі және қоғамдық денсаулық байланыстары мен төуелділіктеріне және оның қоршаған табиғат, әлеуметтік жәнетехнологиялық орта факторларынан бұзылуына таддау жасайітын бүгінгі профилактикалық медицина I бағыты. XX ғасырдың ортасынан бастап, технологиялық әрекеттің салдарынан қоршаған орта жағдайының кенет нашарлауына байланысты экологияға назар аудару артып, сонымен бір мезгідде оны адамзат қоғамының табиғи ортамен әрекеттестігі және осы әрекеттестіктің салдары туралы ғылым ретінде кеңінен түсіндіру өріс алды. Экологияны бұлайша қабылдау бірқатар терминология тудырды — мысалы, "әлеуметтік экология" деген уғым пайда болды, бұл мәселе биологиялық қүбылыс туралы емес, биологиялық салдары бар алеуметгік қүбылыс туралы дегенді білдіреді. Экологияны "әлеуметтендіру" процесі медицинаны да қамтып, адамды жан-жақты зерттеуге жол ашылды. Қоғамдық сана мен қазіргі заманғы ғылымды экологияландыру бірсыпыра экологияландырылған ғылыми бағыттарды — геохимиялық экология, радиоэкология, денсаулық экологиясы,аурулар экологиясы, экологиялық-гигиеналық зерттеулер, т.б. тудырды. Бұлардың борінің жиынтығы медициналық экологияны құрайды. Бірақ бұлардың қай қайсысы да медициналық проблемалар шеңберіңде калып қоймайды. Мысалы, геохимиялық экология геохимиялық жағдайлардың тек қана адамға емес, сондай-ақ кез келген басқа да тірі организмдерге осерін зертгейді, ал осының осерінен пайда болатын эндемиялық аурулар адамдармен катар жануарлар арасында да байқалуда. Медициналық экология өзінің көптеген принциптері мен одістерінде медициналық география жоне географиялық патологияга уқсас. Медициналық экологияда биология, медицина, социология, экономика, осы әдістер мен техникалық зерттеу тәсілдерінің методологиялық өзегі ретінде басын біріктіре отырып, жүйелі түрде пайдаланады.

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақорганизм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің 

популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераныңұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 

141 сұрақ:

Ұзақ уақыт бойы негізінен көңіл ауаның физикалық қасиеттерінің өзгерулеріне көңіл аударылып келген. Атмосфераның өнеркәсіптік кәсіпорындардың газ түстес және қатты шығарыстармен, автокөлік газдарымен т.б. ластанумен байланысты оның химиялық қасиеттерінің өзгеруі ерекше маңыз алып отыр. Өнеркәсіптік қалалардағы атмосфераның күрт нашарлану нәтижесінде, былайша айтылатын, улы тұмандар пайда болады (ағылшын тілінде smoke – түтін және log – тұман), мұнда ауа жағымсыз иісті болып, мөлдірлігі төмендеп, зиянды химиялық заттардың және механикалық ұсақ бөлшектердің концентрациялары ұлғаяды. Бұл уақыттарда адамдардың көңіл-күйі нашарлап, жұтынуда ауыру сезімі, құрғақ жөтел, дем жетпеу, құсу, жас ағу сияқты ауытқулар пайда болады. Тұмандар, әсіресе отынды көп мөлшерде жағуда пайда болатын, күкірт ангидриді сияқты зиянды қоспалармен ластанғанда қатерлі әсер етеді. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ықпал жасайды (желсіз ауа-райы мен температуралық инверсия қабаттасқан антициклондық климатта).

Сонымен қатар фотохимиялық улы тұмандарды ажыратады: олардың негізгі себептері-автокөлік газдары мен химиялық өнеркәсіптердің газдық шығарыстары. Осындай улы тұмандар адамдарда көздің, өңештің шырышты қабықтарын тітіркендіріп, дем жетпеуіне, өкпе ауруларының асқынуына, вегетативті невроздарға соқтырады. Атмосфераны қорғау ерекше проблема, өйткені ауа ортасының ластануы өз кезегі мен жердің, судың және тағам өнімдерінің ластануына келтірілетіні дәлелденген.

142 сұрақ:

143 сұрақ:

144 сұрақ:

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

Олар:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;

- жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;

- табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.

145 сұрақ:

Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері

ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер — Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.

Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

1. кешенді;

2. ресурстық;

3. әлеуметтік — экологиялық.

Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.

Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады.

2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.

3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.

Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Адамның іс-әрекетінің жанурлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жанурлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі ьір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір тү жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.

Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі – мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар – атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар т.б.

146 сұрақ:

Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:

а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;

ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;

б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;

в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;

г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.

1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Мәселе

Мәселенің қысқаша мәні

1

2

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен  2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша  2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;

- бала өлімін кеміту;

- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын қорғау;

- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің  60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман  шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес

Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық аудандардың  тұрғындарын  экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астамхимиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің  95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.

Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің  жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м  жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде    - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.


147 сұрақ:

148 сұрақ:

Биогеохимиялық провинциялар

Жер қыртысы литосфераның сыртқы бөлігі болып саналады, сон­дықтан ол аналық жер жыныстарының негізгі химиялық құрамын бейне­лейді. Біздің ғасырдың 30-шы жылдарында академик В.Ч.Вернадский ге­охимиялық үрдістерді зерттей отырып жер қыртысының химиялық құра­мының өзгеруі тірі организмге әсер ететіндігін анықтаған. Сон­дықтан биогеохимия деген ғылым пайда болды, ол ары қарай А.П.Виног­радовтың, В.В.Ковальскийдің және т.б. жұмысында дамыды. Сондай-ақбиогеохими­ялық провинциялар туралы ілім пайда болды. Белгілі-бір территория­ларда жер қыртысында кейбір химиялық элементтердің (немесе элемент­тің) жетіспеуі немесе тым көп болуы, сондықтан тірі организмдерде патологиялық өзгерістердің пайда болуы биогеохимиялық провинциялардеп аталады.

Биогеохимиялық провинциялар табиғи және жасанды (техногенді, антропогенді - адам тіршілігінің арқасында пайда болады) болуы мүмкін. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда жасанды түрінің маңызы зор. Бірақ алғашқыда биогеохимиялық провинциялардың табиғи түрі зерттел­ген.

Қытайдың және Кореяның кейбір аудандарының жер қыртысында кальцийдің жетіспеуі, ал стронций мен барийдің тым көп болуы уров ауруының (Кашин-Бек ауруы)дамуынаяғни, адамдар мен жануарлардың сүйек жүйесінің зақымдалуына әкеліп соғады. Шотландияның жер қыртысында темірдің жетіспеуі қаны аздық аурудың дамуына әкеліп соғады, ал Англия мен Арменияда молибденнің тым көп болуы эндемия­лық құян (подагра) ауруын пайда болдырады. Сондықтан санитарлық дәрігер тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалай отырып, өзіне қарасты территорияда осындай провинциялардың бар-жоқтығын білуі қажет.

1958 жылдардың өзінде ғана бұрынғы ССРО-ның территориясында 14 биогеохимиялық провинциялар анықталған.

Мұндай провинци­ялар Қазақстанның территориясында да бар. Бірақ гигиенистер көбінесе қоршаған ортаны химиялық заттармен өте күшті ластайтын шығу көздерінің айналасында пайда бо­латын техногендік биогеохимиялық провинциялармен жұмыс істейді. Егер адамға қауіпті әсерінің дәрежесі бойынша бағаласақ және қоршаған ортаға түсетін жүктемесін ескерсек, онда бірінші орында ауыр металдар, хлорлы көмірсутектер, нитраттар және пестицидтер тұрады.

Қазіргі уақытта өндірістік тастамалардың әсерінен антропагенді химиялық ластану ерекше байқалуда. 20 ғасырдың 2-ші жартысында антропогендік немесе техногендік деп аталатын жасанды биогеохимиялық провенциялар анықталды. Олар 10 жылдар бойы қуатты өндірістік кешен есебінен пайда болады. Мысалы, Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанда ірі түсті металлургия нысандарының маңында техногенді биогеохимиялық провенциялар пайда болды (Өскемен, Лениногорск, Зыряновск, Балқаш).

Қазақстанның ғалымдары көптеген жылдар бойы осы аумақтада зерттеулер жүргізіді. Олар алғаш рет қоршаған ортаның оның ішінде топырақтың ауыр металдармен интенсивті ластанғандығын анықтады және ауыл-шаруашылық малдарынды және жергілікті халықтардың биологиялық субстраттарынан ауыр металдардың жинақталуын анықтады. Шығыс Қазақстан обласының аумағында қоршаған ортаның ауыр металдармен орасан ластанған кең биогеохимиялық провинцияны анықтады.

Гигиенистер, биологтар және клиникалық дәрігерлер кәсіптік патологияны зерттеді. Өскемен қаласының орталығында гигиена және кәсіптік аурулар ғылыми зерттеу институтының филиалы құрылды. Шығыс Қазақстан облысын кешенді түрде зерттеу нәтижесінде бұл аймақты экологиялық апат аймағына жатқызуға болатындығы туралы мәселе көтерілді.

Табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялар.

Табиғи биогеохимиялық провинциялар. Қазақстанның зобты эндемиялық аймақтарында (табиғи биогеохимиялық провинциялар), (1,2 суреттер) балалардың иммунобиологиялық реактивтілігі төмендеуі, перинатальді өлімнің және нәрестелер өлімінің артуы, балалардың психикалық дамуының нашарлауы, жүктілер арасында темір тапшылығы анемияларының өсуі, ауылшаруашылығы жануарларының өсімінің төмендеуі орын алған.

Қазақстан территориясы IVаймаққа бөлінген. Iаймақ – потенциалдықауіптілігі жоғары территориялар, республика территориясының 16,6% жуығын алып жатыр, тұрғындардың зобпен зақымдануы шамамен 35-40%, зобтың айқын формалары – 3%. IIаймақ – потенциалдықауіптілігі орташа территориялар, республика территориясының 34,6% жуығын алып жатыр, тұрғындардың зобпен зақымдануы шамамен 11-30%, зобтың айқын формалары – 1-2%. Шаймақ – зоб қаупі төмен территориялар. Республика территориясының 10,2% жуығын алып жатыр, тұрғындардың зобпен зақымдануы шамамен 10-20%, зобтың айқын формалары – 1%-дан төмен.IVаймақ – эндемиядан сау территориялар, Қазақстанның 38,6% -н алады

Қазақстан ғалымдарының жүргізген ғылыми зерттеулері нәтижесінде эндемиялық зобтың тиімді профилактикалық шараларын жүргізуге мүмкіндіктер туды.

Йод тапшылығының патогенді әсері организмдегі мыс, кобальт жетіспеушілігі мен мырыштың артық мөлшері жағдайында айқын байқалады.

Тұрғындар арасындағы эндемиялық зобтың тиімді төмендету шарасы ретінде йодталған тұзды пайдалану қолданылады. Бірақ, йодталған тұз сақтауға шыдамсыз, өйткені 6 ай өткен соң мұндай тұз кәдімгі тұз ретінде қолданылады.Сонымен қатар, термиялық өңдеу барысында йодтың 60%-ы жойылатыны анықталған. Тамақтық азық-түліктер арасында йодқа бай теңіз балығы (треска – 135 мкг/100г, хек серебристый – 460 мкг/100г). Ет, сүт және сүт өнімдері құрамында йодтың орташа мөлшері 7-16 мкг/100г. Йодтың едәуір көлемі треска бауырында, теңіз орамжапырағында, құрғақ ламинарииде. Йодтың неғұрлым жоғары мөлшері теңіз балдырларында болады (160-800 мкг/100г).

СЕЛЕН. Бұл - өте жоғары көлемде болғанда жануарлар мен адамдар өлімін туындататын жалғыз микроэлемент. Топырағы құрамында селеннің мөлшері шамадан тыс жоғары эндемиялық аудандар тұрғындарында тырнақтарының сынғыштығы және ұсқынсыздығы, шаштарының түсуі, эритроциттер көлемінің азаюы(олардың гемолизденуі), тіс жегісімен сырқаттану деңгейі жоғарылауы байқалады.

Селен тапшылығы жағдайында организмде минералды заттар алмасуы бұзылады, бұлшық ет тіндерінің атрофиясы, ұйқы безінің дистрофиясы туындайды. Қоршаған ортада селеннің жеткіліксіз болуы жүрек-тамыр жүйесі ауруларының дамуы қаупін арттырады (миопатий). Селен микроэлементі тапшылығымен сипатталатын Қазақстандағы табиғы биогеохимиялық провинцияларға Павлодар облысы жатады. Топырақта селеннің ауыспалы формаларының тапшылығы өсімдіктер негізді азық-түліктер құрамындағы деңгейіне тікелей әсер етеді, сонымен қатар азық құрамындағы тапшылығы ет-сүт өнімдерінің сапасына әсер етеді. Мұның салдарынан адам организміндегі селен статусы бұзылады, әр түрлі арнайы патологиялар туындайды.

Селен тапшылығының профилактикасы натрий селенитін немесе селенге бай теңіз өнімдерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Селеннің көзі болып саналатын азық түліктер: сиыр еті, бауыр, бүйрек, теңіз балықтары, креветкалар, ашытқыш саңырауқұлақтар, ақ бидай, кебек, сұлы.

Ересек адамның селенге қажеттілігі 150-200 мкг/тәулік құрайды.

Селен табиғатта кеңінен таралған. Эндемиялық аудандардың жер асты суларында селеннің мөлшері 0,3 мг/л құрайды, санитарлық-токсикологиялық көрсеткіш бойынша оның ШРЕК 0,01 мг/л.

ФТОР.Фтордың максималды концентрациясы құрамынада фтор бар жыныстармен жанасатын артезиан суларында, минералды суларда5-27 мг/л және оданда жоғары мөлшерде болады.

Бұл микроэлементтің оңтайлы концентрациясы тіс жегісіне қарсы әсер береді.

Фтордың тіс жегісіне қарсы әсер ету механизмі: фтор сүйек, тіс тіндерінің минералды компоненттерімен қиын еритін қосындылар түзеді. Фтор сонымен қатар сілекейден кальций фосфатын тұндырады, бұл өз алдына тіс жегісі басталғанда қайта минералдану процесіне ықпал етеді. Фтордың тіс жегісіне қарсы әсерінде оның тіс дақтары мен сілекей бактерияларының ферментативті жүйелеріне ықпалының да маңызы бар.

Құрамында фтордың мөлшері шамадан тыс жоғары ауыз суын жүйелі пайдалану нәтижесінде тұрғындар арасында эндемиялық флюороз туындайды. Аурудың даму барысында флюорозды дақтар (бор тәрізді жолақтар, дақтар) ұлғаяды, тіс эмалінде сарғыш қоңыр пигменттер пайда болады, қайтымсыз өзгерістер туындайды. Ауыр жағдайларда сүйектің жалпы остеосклерозы немесе диффузды остеопороз, буынның сүйектенуі байламдардың осификациясы дамиды. Фтордың шамадан тыс жоғары мөлшері көмірсулар, фосфор-кальций, ақуыздар және басқа да алмасу процестерін бұзады, тіндер деңгейіндегі тыныс алуды басады.

Фтор нейротропты у болып саналады. ОНЖ-гі функционалды өзгерістер тежелу процесінің дамуымен, нервтік процестер қозғалғыштығының төмендеуімен байқалады.

Фтор микроэлементі тапшылығымен сипатталатын Қазақстандағы табиғы биогеохимиялық провинцияларға Көкшетау облысы жатады. Сырқат көбінесе жер асты суларын пайдаланатын тұрғындар арасында кездеседі. Сырқаттың алдын алу үшін әр түрлі су көздерін пайдалану ұсынылады.

Бұл микроэлементтің тапшылығы ( 0,5 мг/л кем мөлшерде) басқа факторлармен қосыла тіс жегісін туындатады. Тіс жегісі өз кезегінде бірқатар ауыз қуысы ауруларының туындауына себеп болады: тонзиллит, ревматоидты аурулар, ас қорыту жүйесі аурулары және т.б.

Пайдаланатын суды фторлау тіс жегісінің ғана емес, бірқатар одонтогенді инфекциялардың салдары болып табылатын аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. (ревматизм, жүрек-тамыр патологиясы, бүрек аурулары және т.б).

Азық-түліктерден фтордың негізгі көзі болып балық (треска, жайын), жаңғақ және бауыр саналады. Бұл элемент жеткілікті көлемде қой, бұзау еттерінде және сұлы жармасында болады.

Ауыз судағы фтордың санитарлық-токсикологиялық зияндық белгісі бойынша, ТМД-ның I-II климаттық аудандары үшін ШРЕК-ы 1,5 мг/л-ден аспауы керек; III климаттық аудан үшін – 1,2 мг/л және IV климаттық аудан үшін – 0,7 мг/л-ден аспауы керек.

Жасанды биогеохимиялық провинциялар. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде топырақтың химиялық ластануы артты, әсіресе мұнай және мұнай өнімдерімен, ауыр металдар тұздарымен, агрохимия өнімдерімен. Мұндай ластанулардың негізгі компоненттері: өнеркәсіп және тұрмыстық қоқыстар, құрылыс қалдықтары, жылу электростанция күлдері, пайдалы қазбалар кеніштерінен шыққан бос жыныстар және т.б. Бұл ластағыштардың қауіптілігі олардың құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарларға уыттылығымен байланысты (күкірт, молибден, мыс, кадмий, мырыш, мышьяк, аллюминий, фтор және т.б).

Қазіргі кезде Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары экологиялық апат аймағына, ал Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған аудандары экологиялық зардап шеккен аудандар қатарына жатқызылады. Қол жеткізілген мәліметтерге қарағанда, бұл аудандардың топырағы, суы ауыр металдар тұздарымен ластанған. Арал маңайы тұрғындарының пайдаланатын суында кадмийдің жоғары мөлшері (ШРЕК-нан 2-4 есе жоғары) анықталған. Соңғы 10 жылда Арал маңайы тұрғындары арасында құрт ауруы 2 есе, өт қабы тасы ауруы 5 есеге артқан.

Өнеркәсібі дамыған аймақтар топырағының геохимиялық сипаттамаларының өнеркәсібі жоқ аймақтармен айырмашылықта болуы жасанды биогеохимиялық провинциялардың қалыптасуы туралы мәлімдейді. Мысалы, ААҚ «Арселор Стил» Теміртау және «Қазақмыс» корпорацилары Қарағанды облысында 350-ден астам қалдықтар полигондарын жасады. Ертіс өзенінің ластануына оның жағасында орналасқан ГРЭС-тің күл қоймасы қауіп төндіруде. Балхаш тау металлургиялық комбинатының қалдықтары Балхаш көлін ластауда. Ақтөбенің хром қосындылары зауытының қалдықтар қоймасы топырақты алтывалентті хроммен, ал Шығыс Қазақстан облысының полиметал өндіретін кеніштері топырақты мырыш, қорғасынмен, т.б металдармен ластайды.Павлодарда «Химпром» АҚ жергілікті топырақты сынаппен ластайды. Атырау облысының мұнай өндіру кеніштерінде күкірт және оның қосындылары жинақталуда.

Осы территориялардағы су көздері, өсімдіктері құрамында белгілі бір химиялық элементтердің жоғары мөлшері кездеседі, ал жануарлары мен тұрғындары эндемиялық ауруларға шалдығады.

Эндемиялық аурулардың алдын алудың гигиеналық принциптері.

Сонымен, эндемиялық аурулар адам организміне бірқатар факторлар қосарласып әсер еткенде туындайды, атап айтқанда қоршаған орта факторларының (топырақ, су, тамақтық азық-түліктер, атмосфералық ауа) құрамында химиялық заттардың қалыптан тыс болуында немесе өзара қарым қатынасының бұзылуы, тұрғындардың еңбегі мен тұрмысының әлеуметтік-гигиеналық жағдайлары, табиғи-климаттық жағдайлар.

Жоғары сауықтыру тиімділігіне қол жеткізу үшін арнайы және жалпы гигиеналық элементтерден тұратын ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР кешенін әзірлеу қажет. Арнайы профилактикалық шараларға мыналар жатады: аймақты биогеохимиялық аудандастыру, қоршаған орта нысандарында микроэлементтердің гигиеналық нормативтерін белгілеу, организмге микроэлементтердің шамадан тыс артық немесе жеткіліксіз мөлшерде түсуін алдын алатын арнайы шараларды жүргізу.

Биогеохимиялық аудандастыру барысында провинцияның геохимиялық жағдайлары мен ортаның геохимиялық құрамына организмнің реакциясын зерттейді. Бұл мәліметтер профилактикалық шараларды ғылими негіздеу үшін қажет.

Гигиеналық нормативтер эксперимент жағдайларында аықталады (минималды, оңтайлы және максималды деңгейлері). Эксперимент жүзінде анықталған гигиеналық нормативтер клиникалық-физиологиялық зерттеулермен тексеріледі.

Тәжірибе жағдайында организмге микроэлементтердің шамадан тыс артық немесе жеткіліксіз мөлшерде түсуін алдын алатын арнайы шаралар қолданылады:

1. Құрамында микроэлементтері бар препараттар пайдалану (мыс, йод, молибден, мырыш)

2. Суды фторлау немесе фторсыздандыру.

3. Суды темірсіздендіру.

4. Ауыршаруашылық жерлерін микроэлементтермен байыту.

5. Қоршаған ортаның металдармен ластануын алдын алу бойынша технологиялық сипаттағы шаралар кешенін дайындау.

Жалпы ГИГИЕНАЛЫҚ шаралар қоршаған ортаның факторларының кері әсеріне организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған:

- тұрмыстық жағдайды жақсарту;

- сәйкестендірілген тамақтану, микроэлементтерді ескергенде;

-сумен қамтамасыз етудің оңтайлы жағдайларын ұйымдастыру (фторлау және т.б);

-еңбек жағдайларын жақсарту.

149 сұрақ:

Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады. Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс. Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады. Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың белсенділігі 32 есе жоғары болады. Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.

Биологиялық ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті. Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады. Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және саңырауқұлақты флораға қатты әсер етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер стрептококты, май қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын, қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды және басқа да жәндіктерді жолатпайды.

150 сұрақ:

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді альып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км ( теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық дей айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

А аймағы — Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе — табиғи ортаның мұнаймен ластануы.

А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау және Маңғыстау-облыстары жатады. Халқықы, саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-ын береді. Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры — 3—3,5 млрд. тонна және газдың 2—2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.

Каспий теңізінде бекіре мекен етеді Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны сапасын салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м3 серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымекн парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергеткалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер — қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың синалуы, урбанизацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградация- ерекше қорғауға алынған территориялардың жетіксіздігі.

В аймағына солтүстік-шығыс облыстар — Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ хаукен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық больып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4 млнха) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50%-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.

Ертіс — Нұра — Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары — негізгі су көзі.

Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.

Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық су беруді жоспарлау, Қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.

Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары (елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері сынайтың жиналуы тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мг/ті құраған.

Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс тан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қаупі төндіруде.

Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен, формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.

Семей ядролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га территорияда радиоактивті жауын-шашын түскен.

1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы (елдің ормандарының 10%-дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл био-алуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.

Экологияльщ мәселелердің халықтың әлеуметік экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы — 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.

С аймағына — оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер — су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн, негізгі қызметі — ауыл шаруашылыгы. Ол суару үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт континенталды шөл аймағында жатыр.

Ауыл шаруашылығының ұлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің 61%-ын Құраса, ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 млн га жерді алып жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70%-ы). Бірақ оның көлемі тұздану мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.

Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990—1996 жылдар аралығында 10 млн га-дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, ! 17 млн га егістік жерлер өндірістен шығарылды.

Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе — Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50—70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар арасыңцағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.

Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.

Аймақтың әлеуметгік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2—3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мынуа шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп — суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді.

Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай және қорытындылай келе ұлттың деңгейде ең алдымен шешуді талап ететін маңызды экологиялың мәселелерге мыналар жатады:

1) су ресурстарының тапшылығы;

2) жайылымдар мен егіс талаптарының азуы;

3) урбанизацияланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы;

4) мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы;

5) қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстың қалдықтармен ластануы;

6) ормандар мен ерекше қорғауға алынған территориялардың жетіспеуі;

7) су қорларының шайынды сулармен ластануы;

8) радиациялық ластану.

151 сұрақ:

152 сұрақ:

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биологияғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.

Биосфера  — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жербетінен 10—15 км биіккекөтерілгенгедейінгіжәне 2— 3 км құрғақтаннемесемұхиттардың 10 км түбінедейінгіжердеазғалартіршілікетеді. Бұл терминді 1875 жылыбіріншірет Аустрияның атақтыгеологы Э. Зюсс ғылымғаенгізді. Бірақ биосфера жәнеоныңжербетіндежүріпжатқанпроцестерітуралыілімніңнегізінсалған академик В.И. Вернадскийболды. Осы ілімбойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ғадейін температурасы болатынтермодинамикалыққабатболыпсаналады.

Биосфераныңнегізгіүшқабаты

Биосфера негізіненүшқабаттанқұрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераныңбөлімдері:

Тропосфера

Гидросфера

Литосфера

Ноосфера

153 сұрақ:

Биосфераның ластануы — адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).

Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20 млрд. т СО2, 300 млн. т СО, 50 млн. т NO,150 млн. т SO2, 5 млн. т H2S, 400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуық мұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.

Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың т әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды. Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мысалы, пестицидтер, полихлордифенилдер, т.б.) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т.б.) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше млн. т хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағаш және қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдалану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады.

Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда (мысалы, полюстерде) “озон ойықтары” пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе, метан, этан, пропанның хлорлы және фторлы туындыларын (фреондар) өнеркәсіпте кеңінен пайдалану — озон қабатының жұқара түсуіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ал озон қабатының бұзылуы — Жер бетіндегі бүкіл тіршілікке үлкен зиян. Азот тотықтары мен күкірттің сумен қосылыстары “қышқылды жаңбыр” жаудырып, биосфераға орасан зор қауіп төндіруде. Биосфера ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі — қоршаған ортада радиоактивті қалдықтардың жинақталуы және АЭС апаттары.

154 сұрақ:

Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп - қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (гр. bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроазғалар популяцияларының жиынтығы.

Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологи Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі ағзалардың жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроазғалар жиынтығы) тұратын жүйе.

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан азғалар кешеңі деп Қарауға болады.

Біркелкі өсімдіктер жамылғысы бар қауымдастықтарды, мысалы, шалғындық биоценозы, батпақ биоценозы деп атайды. Біршама майда қауымдастықтарға: «микроқауымдастық», «синузиялар», «консорциялар» және т.б. ұғымдары қолданылады. Адам қолымен жасалған биоценоздарды «агроценоз» деп атайды. Кез-келгек жүйенің құрылымы - ондағы бөліктердің байланыстары мен ара қатынастарындағы заңдылықтар. Биоценоз құрылымы көпқырлы, соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін (биоценоздың түрлік, кеңістіктегі, экологиялық құрылымдарын) бөліп қарайды.

Экожүйе және экожүйелер типтері

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).

Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр. A Юджин Одум (1913—2000). В. Н. Сукачёв (1880—1967).

155 сұрақ:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

1.Экология пәні, мақсаты мен міндеттері, негізгі түсініктері мен зерттеу әдістері.

2.Қауымдастықтар экологиясы, құрылысы. Экожүйе мен биогеоценоз.

3.Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтар, критерийлері мен сипаттамалары.

4. Экология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Тірі материяның түзілу деңгейлері.

Трофикалық деңгейлер, биогеоценоздардағы қоректік торлар мен тізбектер.

Жасанды табиғи аймақтар. Қызыл кітаптар. Биосфера генофондын сақтап қалудың негізгі принциптері.

7. Экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның даму тарихы.

Экожүйелердің қасиеттері мен сипаттамасы.

Экологиялық апаттар. Топырақтың эрозиясы, т.б., олардың түрлері мен зардаптары.

10.Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. Биосфера эволюциясының оттексіз кезеңі – хемосинтез, оның мәні мен маңызы.

11.Биосфера, оның құрылысы мен қасиеттері.

12.Қоршаған ортаның ластануы, табиғи және жасанды ластану түрлері, олардың зардаптары.

13.Автотрофты, гетеротрофты, паратрофты және сапротрофты қоректену жолдары. Фитоценоздың бірінші реттік өнімділігі.

14. Эволюцияның оттекті кезеңі – фотосинтез, оның мәні мен маңызы және механизмі.

15. Атмосфераның ластануы, ластану көздері, ластанудан қорғау жолдары, оның зардаптары.

16. Эволюцияның оттекті кезеңі – тыныс алу, оның мәні. Оттектің биота мен биосфера эволюциясындағы ролі.

17. Продуценттер, консументтер және редуценттер. Қоректік тізбектер мен экологиялық пирамида.

18. Биосфераға антропогендік әсерлер, олардың зардаптары.

19. Биосфера эволюциясының антропогендік кезеңі – ноосфера, оның мәні.

20.Биосферадағы заттар мен энергия айналымы, оның механизмі мен маңызы.

21. Атмосфераны ластаушылырдың шектеулі мөлшері мен олардың қоршаған ортаға әсері.

22.Ортаның экологиялық факторлары, олардың классификациясы.

23. Табиғи ресурстар, олардың классификациясы.

24.Гидросфера, оның құрылысы мен сипаттамалары, ластану жолдары, ластанудан сақтау мен зардаптары.

25.Жарық - экологиялық фактор, оның сипаттамалары, тірі организмдердің жарыққа байланысты топтары. Фотопериодизм.

26.Ауыз су тапшылығы, әлемдік су балансы мен су ресурстарын болжау.

27.Ағызынды суларды тазарту әдістері.

28. Атмосфера, оның құрылысы мен қасиеттері, сипаттамасы, және химиялық құрамы.

29.Табиғи ресурстары, минералдық, биоресурстар, т.б., олардың маңызы.

30.Суды тазартудың механикалық әдісі.

31. Қорек – маңызды экологиялық фактор, экологиялық ойық түсінігі.

32. Биоценоз, оның құрылымы мен қасиеттері.

33. Суды тазартудың химиялық әдісі.

34.Биосфераның жер ресурстары, топырақтың қасиеті мен тірі организмдер тіршілігіндегі маңызы.

35.Суды тазартудың физико-химиялық әдісі.

36.Табиғи ортаға антропогендік әсердің деңгейін бақылаушы мемлекеттік органдар.

37.Ортаның биотикалық факторлары, оларға байланысты тірі организмдер арасында қалыптасатын қарым-қатынастар.

38.Суды тазартудың биологиялық әдісі, оның мәні.

39.Топырақтың ластануы, ластаушы көздер мен олардың зардаптары.

40. Популяция, оның құрылымы мен қасиеттері, динамикасы.

41.Қазақстанның орман ресурстары, олардың маңызы.

42.Биосфераның радиактивті ластануы, ластану көздері, оның зардаптары.

43. Орман өрттері, олардың түрлері, зардаптары.

44. Қоршаған ортаның жылулық ластануы.

45. Сукцессия оның мәні мен түрлері.

46. Экожүйелер, олардың түрлері.

47. Қоршаған ортаның мониторингі

48. Ортаның абиотикалық факторлары, олардың түрлері, ылғалдылық, оның тірі организмдерге әсері.

49. Атмосфераның шумен ластануы, оның көздері, олардың адам организміне әсері.

50.Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар, олардың қызметі.

51.Жердегі химиялық эволюция, оның мәні мен механизмі.

52.Табиғи ресурстар, олардың классификациясы.

53.ЮНЕСКО Халықаралық „Адам және биосфера„ (МАБ) бағдарламасы, оның мәні мен маңызы.

54.Гомеостаз, оның экожүйедегі маңызы мен мәні

55.Минералдық тыңайтқыштар, олардың түрлері, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы.

56.Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік емес халықаралық ұйымдармен Қазақстанның байланыстары.

57.Топырақтың эрозиясы, оның түрлері мен зардаптары.

58.Органикалық тыңайтқыштар, олардың түрлері мен ауыл шаруашылығындағы ролі.

59.Ортадағы канцерогендік факторлар, олардың тірі организмдерге әсері.

60.Ортаның биотикалық факторлары, түрлері, гомотиптік, гетеротиптік реакциялар.

61.Пестицидтер, олардың түрлері, ауылшаруашылығындағы ролі.

62.Электромагниттік сәулелер, олардың тірі организмдерге әсері.

63.Биосфера, оның құрылымы мен қасиеттері.

64.Организмдердің экологиялық факторлар әсеріне жауап реакциялары

65.Табиғаттағы күкірт айналымы, оның маңызы.

66.Жердің биологиялық эволюциясы.

67.Популяция тығыздығы, популяция ішілік ауытқулар.

68.Азоттың табиғаттағы айналымы, маңызы мен мәні.

69.Су экожүйелерінің түрлері олардың ролі мен маңызы.

70. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

71. Табиғаттағы көміртек айналымы.

72. ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары, кодекстері, т.б нормативтік құқықтық актілері, олардың маңызы.

73.Экологиялық факторлар, олардың классификациясы

74.Биотикалық алмасудың үлкен, кіші шеңберлері

75.Қоректік тізбектер, деңгейлер және торлар.

76.Экологияның негізгі заңдары: минимум, толеранттылық, т.б. заңдар

77.Тірі зат концепциясы, тірі заттың қасиеттері.

78.Энергетиканың түрлері, олардың қоршаған ортаға әсері.

79.Стенобионтты және эврибионтты организмдер.

80.Биосферадағы күкірт және фосфор айналымдары.

81.Отынның түрлері, олардың қоршаған ортаға әсері.

82.Тірі организмдер құрылымының деңгейлері.

83.Экологиялық пирамидалар, олардың түрлері.

84.АЭС, олардың қоршаған ортаға әсері.

85.Халықаралық ұйымдар, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы ролі мен маңызы

86.Смог және оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері.

87.Табиғи сулардың өздігінен тазару құбылысы.

88. Биоценоздардың өнімділігі: бірінші реттік, екінші реттік өнімділік№

89.Табиғи сулардың өздігінен тазару құбылысы, оған әсер ететін факторлар.

90. ҚР 2007-2024 жж. арналған тұрақты дамуға өту Концепциясы қашан қабылданды, оның негізгі кезеңдері?

91. Тұрақты даму түсінігі және оның индикаторлары қандай?

92. 2004-2015 жж. арналған ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясына қысқаша сипаттама.

93. ҚР 2007-2024 жж. арналған тұрақты дамуға өту Концепциясының негізгі параметрлері қандай?

94. Қазіргі кездегі экология: пәні, мақсаты, зерттеу

нысандары мен әдістері.

95. Атмосфераның негізгі қасиеттері және олардың экологиялық

маңызы.

96.Өмір сүру ортасы жайлы түсінік.

97. Атмосферанының ластануының экологиялық зардаптары

98.Экологиялық факторлар жайлы түсінік.

99.Ормандар және басқада өсімдіктерге антропогенді әсер.

100.Организмдердің өміріндегі ортаның физикалық және

химиялық факторларының маңызы.

101. Атмосфераның басты ластаушы көздері

102.Қазіргі кездегі экологиялық білімнің маңыздылығы.

103. Гидросфераның негізгі ластыушы көздері.

104.Әртүрлі абиотикалық факторларды ата және сипатта.

105. Топырақтың деградациясы.

106.Лимитерлеуші факторлар денегіміз не? Лимитирлеуші факторлар заңын анықтауда қандай бақылаулар жүргізіледі.

107.Тау жыныстарына әсер ету түрлері.

108.Түрлердің таралуын шектейтін биотикалық және абиотикалық факторлардың өзара әсерлесу мүмкіндігін атаңыз.

109. Гидросфераның ластынуының экологиялық зардаптары.

110.Жыртқыш –құрбан және паразит- иесі арасындағы қарым-

қатынас популяциялық тепе-теңдікті сақтауға қалай әрекет етеді. .

111.Сулардың азаюының экологиялық зардаптары.

112.Түр, қауымдастьқ, экожүйе, биосфера, экология түсініктеріне

анықтама беріңіз.

113.Атмосфераның глобальды ластануының экологиялық зардаптары.

114. Экожүйені құрайтын организмдердің үш негізгі категориясын

атаңыз.

115. Адамның өсімдіктер әлеміне әсер етуінің экологиялық

зардаптары

116.Қандай организмдерді продуценттер деп атайды?

Олардың ролі? Олардың қатысуын талап ететін негізгі

процестерді атаңыз және сипаттаңыз.

117. Атмосфералық ауа ластануының халық денсаулығына әсері.

118.Қандай организмдерді консументтер деп атайды? Олардың

әртүрлілігін көрсететін мысалдар. Консументтердің негізгі

типтерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

119.Қазақстан қалаларының ауа бассейінінің ластану ерекшеліг

120.Биомассаның тағамдық тізбегі, тағамдық торабы,

трофикалық деңгейіне анықтама беріңіз? Әртүрлі

катергориялы организмдерді трофикалық деігейі бойынша

орналастыр.

121.Судың химиялық құрамының халық денсаулығына әсері.

122.Популяцияның статикалық және динамикалық көрсеткіштері.

123. «Урбанизация» түсінігі. Бұл мәселенің қазіргі кездегі жағдайы.

124.Эдафиттік факторлар және олардың өсімдіктер мен топырақтық

биота өміріндегі ролі.

125.Биосфера Жер қабығынның бірі. Биосфераның құрамы және

шекарасы.

126.В.И.Вернадскидің биосфера жайлы ілімі.

127.Жердің табиғи ресурстары адамның өмір сүруіндегі

лимиттеуші фактордың бірі.

128. Ноосфера биосфера дамуының жаңа кезеңі.

129.Адамның биологиялық түр ретіндегі популяциялывқ

сипаттама

130.Атмосферадағы ластаушы заттардың айналымының схемасы.

131.Ауылды елді мекендердің экологиялық жағдайын

анықтайтын факторлар

132. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жайлы

түсінік.

133.Қала ортасының факторларының халық денсаулығына әсері.

134. Түр ішілік және түр аралық қарым-қатнастің мәні неде?

Адаптациялық процестер, мұндағы периодты және периодты

емес факторлардың маңызы.

135. Төтенше жағдайлардың қандай экологиялық зардаптарға әкеледі.

Мысал келтіріңіз.

136.Биогеоценоз, агробиоценоз, экожүйе түсініктері жіне олардың

құрамы мен құрылымы.

137.Адамның өндірістік әрекетімен байланысты ластанудың көздері.

138.Тағамдық заттардағы, топырақтағы микроэлементтер мен

улы заттардың көшу жолдары, олардың халық денсаулығына әсері.

139. Қоршаған орта нысандарының биологиялық ластануы

басты экологиялық мәселе.

140. Медициналық экология, жалпы экологиядан айырмашылығы.

141. Қазіргі қалалардың негізгі химиялық ластануының гигиеналық

маңызы.

142.Топырақтың ластануын интегралды бағалау.

143.Қоршаған ортаның сапасын интегралды бағалау ретіндегі халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.

144.Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері.

145.Экологиялық құқық негіздері. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау

Өсімдіктер және жануарлар әлеміне антропогендік

әсер ету. Өсімдіктердің ластануын бағалау.

146.Табиғат және Қоғамның стратегиялық өзара қатынасы.

Тұрақты дамуға өту концепциясы.

147.Әлеуметтік және қолданбалы экологияның негізгі

ережелері мен мазмұны.

148.Қазақстанның биогеохимиялық провинциялары.

149.Топырақтың химиялық және биологиялық ластануы

және халық денсаулығы.

150.Қазақстанның экологиялық мәселелері.

151.Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық

механизмдері.

152.Биосфера жаһандық экожүйе ретінде.

153.Биосфераның экологиялық мәселелері.

154.Қауымдастықтар экологиясы нен, құрылысы. Экожүйе мен биогеоценоз.

155.Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтар, критерийлері мен сипаттамалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]