Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_emtikhan_otv-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

133.Қала ортасының факторларының халық денсаулығына әсері.

Ауаның ластануы.

Судың ластануы т.б

134. Түр ішілік және түр аралық қарым-қатнастің мәні неде?

Адаптациялық процестер, мұндағы периодты және периодты

емес факторлардың маңызы.?????????????????????????

135. Төтенше жағдайлардың қандай экологиялық зардаптарға әкеледі.

Мысал келтіріңіз.

Тетенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. 

Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.

Опырмалар

Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

136.Биогеоценоз, агробиоценоз, экожүйе түсініктері жіне олардың

құрамы мен құрылымы.

Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.

Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестерібиогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді. [1]Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.

Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:

түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);

популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);

биомасса.

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.

Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.

Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.

Агроэкожүйе (агробиоценоз) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды (егістік, жайылым бақ, жүзімдіктер, т.б.), тұрақсыз жүйе. Табиғибиоценоздардан А. – тірі организмдердің әр түрлілігі күрт төмендеген түрлер жасанды сұрыптау арқылы реттелуімен ерекшеленеді. Бұлардың табиғи экожүйемен салыстырғанда биол. өнімділігі жоғары болады. Дақылдардан мол өнім алу үшін а. ш-н механикаландыруды ұлғайтып, минералды тыңайтқыштар, пестицидтерді көп пайдалану, жиі суғару қажет. Мұндай жағдайдан кейін а. ш. өндірісі қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. А-ге адамның шаруашылық іс-әрекетінің жағымсыз әсерін азайту үшін агротехниканың табиғат қорғайтын шараларын қолданған жөн. Бұл топырақ жамылғысындағы қоректік заттардың тепе-теңдігін, жайылымның өнімділігін, биол. алуан түрліліктің біршама жоғары болуын, т.б. сақтайтын тұрақты экожүйе құруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, А-ні жердің жалпы табиғи ландшафтының құрамды бөлігіне айналдырады.

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйеқұрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]