Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_emtikhan_otv-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

128. Ноосфера биосфера дамуының жаңа кезеңі.

Вернадский:ноосфера-биосфераның жоғарғы даму кезеңі,бұл кезеңде адамның іс-әрекеті биосфера дамуының негізгі анықтаушы факторы болып табылады дкп түсіндіреді.

Ноосфераның пайда болуы мен дамуы

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

129.Адамның биологиялық түр ретіндегі популяциялық сипаттамасы

Адам-жердегі биологиялық түрлердің ең құндысы.Жер-адам пайда болуынан миллиардтаған жыл бұрын бәлкім,адам бір-бірімен және табиғатпен бейбіт өмір сүруды үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда,жер соншалық уақыт тіршілік ете алады. Бірақ та біз ғасырлар бойы және мыңдаған жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни табиғатқа қарама қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.

    Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн. Адам қоршаған ортаға аса сақтықпен қарап, одан өз орнын табуға тиіс. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағындағы болған өзгеріс.

Адамның биологиялық табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып, тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.  Адам – жер бетіндегі қазір белгілі болған үш миллион биологиялық түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері адам тәнінің дамуы мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]