
- •А шық тау кен жұмыстарында жыныстарды қазуға даярлау тәсілдері.
- •Ашық тау-кен жұмыстары кезіндегі жыныстарды тиеуге дайындық барысындағы жарылыс ұңғымаларының шамашарттары.
- •Жұқа свиталы тақталарды ашу тәсілі, мысалдар, схемасы.
- •Кен жыныстарының мықтылығыны сәйкес жіктелуі. Мысалдар.
- •Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу схемалары.
- •Шахта алабын деңгейжиекке бөліп даярлау, қолдану аймағы, ерекшеліктері, схемасы.
Шахта алабын деңгейжиекке бөліп даярлау, қолдану аймағы, ерекшеліктері, схемасы.
Шахта алабын ашу: анықтамасы, ашу мақсаты. Шахта алабы. Шахта Алабы — кенді қазып алуға бөлінген кен орнының бір бөлігі. Кен орнының геологиялық құрылымына байланысты Шахта алабаның пішіні де әр түрлі болады. Егер кен орны жалпақ пішінде болса Шахта алабы ұзындығымен және енімен, ал жатысы көлбеу және тіктеу кен орындарында тек ұзындығымен сипатталады. Шахта алабаның ауданына кен орнының ашылу әдісі, қабаттың биіктігі, өнімнің мөлш., кенді ашуға және жер үсті ғимараттарын салуға жұмсалатын қаржы, т.б. әсер етеді. Шахта алабы кен денесінің ұзындық бойы бағытында бірнеше жүздеген метрден километрге, ал құлама бағыты бойынша ондаған метрден бірнеше километрге дейін жетеді.Жекелеген шақты салуға арналған кенорнын немесе оның бөлігін шақты алабы деп атайды.Шақты алабы жазылым және құлама бағыттарымен сипатталады.Жерастында жатқан көмір тақтасы горизонталь жазықтығымен қиылса,ол қиылыс ізі –жазылым сызығы немесе жазылым ,ал тік жазықтықпен –құлама сызығы немесе құламасы деп аталады.
Шахта алабын ашатын қазбалар: түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері. Шақты алабын ашу кезінде пайда болатын тау-кен қазбалардын-негізгі,ал кен қазуға дайындық кезіндегілерін-даярлау үңгірлері деп айырады.Шақты алабын даярлау дегеніміз- ашылған алабты бөлшектеп,көмір қазуға қажетті тау-кен ұңгірлерін өткізу.Шақты алабының өлшемі пайдалы кен қоры,көмір тақталарының саны мен қалындықтары,құлама бұрыштары,қазу жұмыстарының тереңдігі және шақты өнімділігі мен қызмет мерзіміне байланысты екені мәлім.
Шахты алабын тауашарлармен ашу, қолдану аймағы, ерекшеліктері, схемасы.
Шахталардағы жүкті, материалдарды, және адамдарды көтеру.
Шахта ауасының құрамы. Шақты ауасы 3 бөлiктен құралады: атмосфералық ауадан, белсендi газдардан және өлi ауадан.Белсендi газдар деп - жер астындағы қазбалардан шығатын әртүрлi улы және жарылғыш газдарды айтады. Өлi ауа деп - шақты ауасында кездесетiн азот пен артық көмiр қышқыл газ қосындыларын айтады. Шақтыға жiберiлетiн атмосфералық ауа тұрақты, құрамды қоспалармен және су буынан тұрады:азот (N2 ) - 78,0 %;оттегi (О2 ) - 20,09 %.аргон ( Аr2 ) - 0,93 %;көмiр қышқыл газы (СО2 ) - 0,03 %;басқа газдар (сутегi, гелий, неон, криптон, озон және радиоактивтi газдар) - 0,01 %. Егерде жер астындағы ауа, атмосфералық ауадан аса өзгермесе, оны таза ауа деп, ал өзге жағдайда ыласты бұзылған ауа дейдi. Қауiпсiздiк ережесiне сәйкес шақты ауасындағы оттегi көлемi (мөлшерi) 20 % кем болмауы керек.
Шахта, кеніш шаңымен күрес. Тау-кен қазбаларындағы шаң-тозаң, профессионалды залалды топқа жатады. Адам денсаулығына зиян келтiруiне байланысты шаңдар екi топқа бөлiнедi: улы және усыз болып.Улы тобына жататындары - қорғасын, сынап, мышьяк минералдарынан шығатын шаңдар; усыздарына жататындары – көмiр, кен, және әртүрлi жыныстар iшiнен шығатын шаңдар жатады. Усыз тозаңы егерде көп болса, онда адамның денсаулығына зиян келтiрiп көздi, тыныс алатын мүшелердi тiтiркендiрiп, өкпе (пневмония) ауруына әкеп соғады.
Шахта
және кеніштерді желдету тәсілдері,
қолдану аймағы.
Кен қазбалары (оқпандар, штольнялар,
квершлагтар, штректер т.б.) сыңар тұйық
ретiнде жүргiзiледi. Мұндай қазбаларда
жарылғыш жұмыстары орындалғаннан
кейiн, ауасын алмастырып тұру үшiн
жергiлiктi желдеткiштердi қолданады. Жел
ауыстырудың үш түрлi әдiсi бар: ауаны
қысып үрлеп жылжыту; сорып жылжыту;
аралас әдiс. Ауаны үрлеп жылжытуда таза
ауа құбыр арқылы берiлiп, ал жарылғыш
заттары араласқан лас ауа қазба бойымен
тысқа бос ағызылып шығарылады (4.4
а-сурет). Сорып жылжыту әдiсiнде ластанған
ауа құбырға желдеткiшпен сорылып, ал
таза ауа қазба бойымен кенжарға ағынмен
жеткiзiледi (4.4 б-сурет). Екi әдiстiң
екеуiндеде таза ауа келетiн қазбамен
қазылып жатқан қазбаның түйiсетiн
жерiнен ең кем дегенде 10 м қашықтықтан
алынады. Аралас ауа әдiсiнде екi желдеткiш
қойылады, бiрiншiсi ластанған ауаны
қазбадан сорып тартса, екiншiсi таза
ауаны қазбаның iшiне үрлейдi.