
- •А шық тау кен жұмыстарында жыныстарды қазуға даярлау тәсілдері.
- •Ашық тау-кен жұмыстары кезіндегі жыныстарды тиеуге дайындық барысындағы жарылыс ұңғымаларының шамашарттары.
- •Жұқа свиталы тақталарды ашу тәсілі, мысалдар, схемасы.
- •Кен жыныстарының мықтылығыны сәйкес жіктелуі. Мысалдар.
- •Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу схемалары.
- •Шахта алабын деңгейжиекке бөліп даярлау, қолдану аймағы, ерекшеліктері, схемасы.
Кен жыныстарының мықтылығыны сәйкес жіктелуі. Мысалдар.
Тау-кен жыныстарының мықтылығының тау-кен өнеркәсібінің барлық үрдістерінде шешуші мәні бар. Мықтылық қасиеттері және шамашарттар туралы мәлімет тау жыныстарын әртүрлі тәсілдермен бұзуды есептеу, бекіту, қазбаларды қорғау және сақтау, тазартпа және даярлау жұмыстарының технологиясын таңдау және негіздеу үшін қажет. Бірқатар мықтылық теориялары бар. А.Гриффитсатің морт бұзылу теориясы аса кең қолданыс тапқан.Тау-кен жыныстарына қатысты Мордың мықтылық теориясы көп қолданыс тапқан. Дененің қандай да бір жазықтығында тау жынысын жүктегенде бір-бірімен байланысқан және есептелетін жанас және нормаль кернеулер пайда болады. Шекті нормаль және жанас кернеулер арасындағы байланыс кернеулер шеңберлерінің көмегімен графикалық көрсетіле алады. Шекті шеңберлерді қоршайтын кернеулерді тау-кен жыныстарының мықтылық шегінің паспорты дейді. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей кварцқұрамды тау жыныстардың мықтылығы жоғары. Егер тау жынысының құрамына мықтылығы аз минералдар (слюда, кальцит) кірсе, онда оның мықтылық шегі едәуір азаяды. Тау жыныстарының мықтылық сипаттамалары олардың құрылысына аса сезімтал. Сығу кезінде жоғары мықтылықты (350 МПа аса) тығыз ұсақтүйіршікті граниттер иеленген. Сығу кезінде көмірдің мықтылығы 1 МПа-дан (коксты көмірлер) 35 МПа-ға (антрациттер) дейін өзгереді. Тау-кен жыныстарының мықтылығына олардың кеуектілігі мен жарықшақтығы негізгі әсер етеді.
Көмір шахтылары қандай категорияларға (метан бойынша) бөлінеді: . Метан газының шақты ауасына араласу деңгейіне қарай, шақтылар 5 категорияға бөлiнедi: егер бiр тәулiк ішінде өндірілген көмiрдiң 1 тоннасынан 5 м3 метан шығатын болса – І категорияға, 5 тен 10 м3/т дейiн – ІІ категорияға, 10 нан 15 м3/т дейiн – ІІІ категорияға, 15 м3/т нан жоғары болса, не суфлярлi, қауiптi түрiнде көмiр тақталарынан шығып жатса – ең жоғары категорияға жатқызылады. Көмiр, не жыныс арасынан газ кенеттен жарылып атылатын болса онда, шақтылар - ерекше категорияға жатады.
Көлденең қазбалар, сипаттамалары мен атқаратын қызметтері, схемалары. Қөлбеу қазбаларға жататындары – қөлбеу оқпан, көлбеу шурф, бремсберг, еңес, құлама, жүрiс жол, тiлме қазба және түйiлiспе.Көлбеу оқпан атқаратын жұмыстары тiк оқпан мен тiк шурфтың атқаратын жұмыстары. Айырмашылығы олардың құлама орналасқандығы.Бремсберг (өрлейқаз) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба. Еңес (уклон) – пайдалы қазбаны төменнен жоғары шығаратын, жер бетiне шықпайтын қазба.Құлама (скат) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба. Жүрiс жол (ходок) - жұмысшылар қатынасуына, ауа алмастыруға, түрлi жабдықтарды жеткiзуге арналған құлама (кейде жазық) қазба. Жүрiс жол әрқашан бремсберг, еңестерге жанаса өтетiн, көбiнесе жұмысшыларды тасу үшiн механикаландырылған қазба.Тiлме қазба (печь) - кен қабатымен өткізiлетін, жер бетiне шықпайтын қазба. Атқаратын жұмысы - жұмысшылардың қатынасуы, ауа алмастыру, жүк тасу, материалдарын жеткiзу.Түйiлiспе (сбойка) - ауа алмастыру үшін арналған құлама, не жазық қазба. Жоғарыда келтірілген қазбалардың барлығында көлденеңдiгiнен ұзындығы артық, ал ұзындығы мен көлденеңi шамалы қазбаларды – камералар (кенүңгір) деп атайды.
Кен қазбаларын бекіту, бекітпе, анықтама, қолданылуы, мысал. Жұмыс кеңiстiгiн сақтау мақсатында көмiр алынған сайын бекітпелер қойып отыру керек. Кенжар тiреулері ретінде қолданатындар: қолмен қойылатын ағаш не метал бекітпелер; сүйық жүйелi домкрат арқылы жылжытылатын бекітпелер; қалқанды бекітпелер.Қорғауыш бекітпелер тек тазартпа кенжарға тікелей құлайтын жыныстардан қорғайды. Бұл тiреулер қобдыраған төбе жыныстарында қолданылады. устауыш бекітпелер жұмыс кеңiстiгiнiң төбесін ұстау үшiн қолданылады. Бұл бекітпелер көбiнесе төбеде қатты жыныстар мықты болған жағдайда пайдаланылады Қорғап - ұстауыш бекітпелер қорғауыш қалқан арқылы төбенi ұстап, жұмыс кеңiстiгiн құлаған жыныстардан бөліп тұрады. Ұстап - қорғауыш бекітпелерде негiзгi жұмысты бекітпенің қорғауыш бөлігi атқарады. Мұндай бекітпелердi орнықтылығы орташа жыныстарда қолданады.
Кен қазбаларын жүргізудегі бұрғы аттырыс жұмыстарын қолдану ерекшеліктері. Жыныстардың қопарылуы, жарылғыш заттардың (ЖЗ) жанған кезiнде газға айналып, көлемi күрт ұлғаятын энергия күшiне байланысты. Жарылғыш заттың күрт ыстығы мол, газға айналу процесiн жарылыс деп атайды. Жұмсақ жынысты бұрғылау үшiн қол бұранда қолданылады. Қатты жыныстарды бұрғылау үшiн салмағы 105-120 кг дейiн колонкода, манипуляторда не болмаса бұрғы арбашығына тиелген электр бұрғысы қолданылады.. Манипуляторлар бұрғы машиналарды көтерiп, төмен түсiрiп, белгiлi жерге бекiтiп қоюға мүмкiншiлiк туғызады
Кен қазбаларын жүргізудегі комбайн қолданудың ерекшеліктері. Көмiрдi алу үшiн комбайндар, жоңғыштар, қырнағыштар, шой балғалар, тiлме машиналары қолданылады. Механика және механо-гидравлика әдiсi комбайн арқылы орындалады. Тазартпа комбайн – көмiрдi тақта сiлемiнен қопарып алып ұсатуды және конвейерге тиеудi орындайтын құрал. Осы аталынған жұмыстардың бәрiн комбайнның бұрғы, бар, шнек, не болмаса барабан түстi, кесiп түсiретiн жұмыс құралдары орындайды. Енi 1 м дейінгі көмiр алатын комбайндарды таралқымды деп атайды.
Кен қазбаларындағы ментан газаның ауа құрамындағы шектік мөлшері. Шақты ауасындағы барлық газдардың iшiндегi ең қауiптiсi метан газы болып саналады. Метан (СН4) - түссiз, иiссiз және дәмсiз газ, физиологиялық зиянсыз, ауамен қосылып жарылыс қосындысына айналады. Бұл газ көбiнесе қазбалардың төбесiне жыйналады. Метанның ең қауiптiлiк жағдайы жанғыштығы және ауамен қосылып жарылыс қосындысын жасауы. Ауада 5-6% болғанда, ол отбасында жанады, ал 5 - 6 % тен 14 - 16 % жарылады, 14 - 16% жоғары болғанда жанбайды не жарылмайды. Метанның ең күштi жарылысы, оның ауада 9,5% ке жеткенде болады. Ал 14 - 16 % жоғары болғанда, оттегiмен араласса жәй жанады.
Комір тақтасының төбе жыныстарының жіктелуі.
Көмір шахталарындағы жерасты тасымалдары.
Көмір өндірісімен салыстырғандағы кеніш өндірісінің айрықша ерекшеліктері. Руда кеніштері жату қалпының әртүрлігімен (тақталы, желілі, шток, ұялы немесе линзалы) сипатталады. Кендер, әдетте қаттылығымен ерекшеленеді және өте берік қалыптасқан жыныстар ішінде жатады. Кен сілемдері қуаты бойынша 0,25 тен 100 м ге дейін және оданда жоғары деңгейде өзгереді. Осының бәрі руда кеніштерін қазу жүйесі тәртібінеде айтарлықтай ықпал етеді. Кен шақтысының шақты алабы келтірілген жағдайларда биіктігі 30 - 100 м қабаттарға бөлінеді. Созылым бағытында әрбір қабат ұзындығы 15 тен 100 м дейін баратын блоктардан (қазба учаскелерінен ) тұрады. Тазарту кеңістігінің төбесі кен алынуына сәйкес кендіңгектерімен, уатылған кенді қоймалау, толтырма салу, тіреу қою жолдарымен және опырылып құлатылған жыныстармен ұсталып тұрады.Қуаты кең сілемдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар және оларды қазып- өндіру негізінен этажаралық штректер жүйесімен қазу, күрт құлайтын қуаты 5 м және оданда жоғары кеніштерді қазғанда қолданылады.
Карьер, карьер алабы, карьердің негізгі элементтері. Карьер деп – шаруашылық тұрғыдан пайдалы кенорнын ашық әдіспен өндіретін тау-кен кәсіпорнын атайды, ал техникалық тұрғыдан бұл кенорнын өндіруге қажетті ашық тау-кен үңгілері жиынтығы. Көмір карьерлерін әдетте тілме (разрез) деп атайды. Карьермен өндіру үшін бөлінген кенорны немесе оның бөлігі карьерлік алап немесе тілме алабы деп аталады. Карьерлік алаптың ауданы әдетте 0,5 тен 3,4 мың га –ға тең.Тау-кен кәсіпорны орналасқан жербетінің бөлігі жер иелігі деп аталады. Ашық қазу кезінде жазық қабатшаларға бөліп алады, оны жоғарыдан төмен жүргізеді жәнеде жоғарғы қабатша төменгісінен әрқашан алда болады. Сондықтан жұмыс жүргізу барысында карьер саты тәріздес қалыпқа келеді.
Кертпештің сипаттамлары мен элементтері. Кертпеш элементтеріне оның жоғарғы(1) және төменгі (2) алаңдары (берм), қиябет (3) , төменгі (4) және үстіңгі(5) жиектері, қиябет бұрышы α6 – кенжары және биіктігі жатады. Кертпеш алаңдарын берм деп те атайды. Егер бермде кен қазу және тиеу – тасымалдық жабдықтары орнасса рны жұмыс алаңы дейді. Кертпеш қиябеті –көбіне көлбеу болып келетін жынысы алынған қиябет. Қиябеттің төменгі және жоғарғы алаңдарымен (берм) қиылысатын сызықтар жиек (4,5) деп аталады. Қиябет бұрышы көбінесе 60- 80° аралығында жатады. Қиябет бұрышының шамасы қолданылатын кен қазу тәсіліне байланысты. Жұмыс атқарылмайтын берм алаңында кертпештің қиябет бұрышы 45- 60°-тан аспайды.Карьерде жұмыс және жұмыс жүргізілмейтін алаңдардан басқа, сақтандыру алаңы (берм) да болады. Бұл кен алынған кертпештердопырылып құлаудан сақтайды. Кертпеш биіктігі – төменгі және жоғарғы алаңдар арасының нормаль бағытындағы қашықтығы. Кертпеш биіктігі 10-15 м-ден аспайды, мұның шамасына кен қазу жабдықтары мен қолданылатын механизм түрлері және басқа да факторлар ықпал етеді. Кертпеш биіктігі 20 м, кейде 40 м жетеді, бірақ, бұл соңғы шама өте сирек ұшырасады. Өйткені жұмыс жасайтын механизмдер мен кен жабдықтары кертпеш биіктігі 15-20м болғанда ең жоғарғы өнімділік береді. Карьерде кен қазу жұмысы кертпештеарнайы аталатын жерде жүргізіледі.Мұны кертпеш кенжары дейді. Сонымен, кенжар деп кен қазу үдерісі нәтижесінде өне бойы ілгері жылжи беретін ашық бетпен шектелген жұмыс атқарылатын кен қазбаларын айтады. Кенжар атауы ашық кен қазу ісінде де , жерасты жұмысында да ортақ мағынада қолданылады.
Карьерлердегі аршу және қазымдау жұмыстарының ерекшеліктері. ) Пайдалы кенорындарын ашық игеруде негізгі екі тәсіл бар: экскаваторлық және гидравликалық, көбіне экскаваторлық тәсіл қолданылады. Аршу жұмыстары деп – пайдалы кенді жауып тұрған бос жыныстарды алуды айтады. Аршу жұмыстары тілме оржолмен басталады. Аршу көлемі қазып өндірілетін тақталардың тереңдігіне байланысты. Абсолюттік және салыстырмалы аршу көлемі болып бөлінеді, олар аршу коэффициентін сипаттайды. Аршу коэффициенті дегеніміз – пайдалы кеннің бірлік көлемін (м3) қазып алу үшін карьер шегінде не одан тыс қашықтыққа қаншалықты бос жыныс көлемін тасымалдау керектігін көрсететін шама.Ашық тәсілмен өндіру кезінде өндірілген 1 т көмірдің өзіндік құнының жерастылықпен теңесу тереңдігі карьердің соңғы тереңдігі немесе ашық өндіру шекарасы болып саналады яғни аршу коэффициентінің соңғы шамасын сипаттайды.
Карьер транспорты.
Карьер алабын ашу ерекшеліктері, ашу схемалары.
Қ
Қатты пайдалы қазбаларды химиялық құрамы мен қолдану мақсаттарына байланысты бөлу.
Қатты пайдалы кенді жерасты қазып өндіргендегі жұмыстар кезеңі.
Қандай үңгілер жер бетіне тікедей шығады. Оқпан,шурф,штольня
Қазбалардың көлденең қималарының пішіні мен өлшемі.
Қазу алабын тура және кері қазымдау, артықшылығы мен кемшілігі.
Қазу жүйесі, олардың жіктелуі. Кең қазу жүйелерінің жалпы сипаттамалары.Пайдалы қазба алынғаннан кейiнгi босаған орындарын тазартпа қазбалары деп, ал ондағы кенжарларды тазартпа кенжары деп атайды. Тазартпа кезiндегi кеңiстiктi тазартпа кеңiстiгi деп, ал тазартпа кенжарындағы кендi алу жұмыстарын тазартпа жұмыстары дейдi. Тазарту жұмыстарын жүргiзу үшiн, көмiр алатын алаңда даярлау қазбалар өткізіледі. Даярлау қазбалар алдын ала, тазарту жұмысы басталмай тұрып, не болмаса бiрге, қабаттастырыла жүргiзеле бередi. Осыған орай тазарту және дайындау жұмыстарының арасында мерзiмдiк және кеңiстiк байланысы болады. Сонымен, тазарту және дайындау жұмыстарын мерзiмдi және кеңiстiкпен байланысты жүргiзу кен қазу жүйесi деп атайды. Қолданылған кен қазу жүйесi тау-кен жұмысының қауiпсiздiгiн, кен қорының экономикалық және техникалық тұрғыдан жағылымдылығын, тиiмдiлiгiн, шыққан қордың, мүмкiндігінше арзанға түсуiне себеп болуы керек. Қабылданған кен қазу жүйесi, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес келіп, тау-кен жұмысын бақылайтын орындармен бекiтiлуi керек. Кен қазу жүйесiнiң экономикалық тұрғыдан тиiмдi болуы үшiн кен қазу, оны тиеп жеткiзу процестерi механикаландырылып, автоматтандырылып, дайындау үңгiлерiн керегiнше азайтып, кен қазу жұмысында ұтымды жолдарын қарастыру керек. Кен шығындарын азайту жолдарында, пайдалы қазбаның геологиялық жатыс жағдайына байланысты, кен қазу жүйесi таңдап алынуы керек. Кен қазу жүйелерi пайдалануына байланысты бiрнеше топқа бөлiнедi. Ал көмiр алу саласында, кен қазу жүйелерiнiң топтары өзiнiң негiзгi және қосалқы нышандарымен байқалады. Негiзгi нышан ретiнде, көмiр тақтасын қуатына байланысты толық алу, не болмаса қабаттап алу әдiсi қолданылады. Қосымша нышанға жататыны, тазартпа алаңындағы көмiр тақталарын дайындап алып, содан кейiн алу. Осымен, негiзгi нышан тобына сәйкес көмiр тақталарының қазу жүйелерi екi класқа бөлiнедi : -көмiр тақталарын толық қазу жүйесi;-бөлшекті қабаттап қазу жүйесi. Қосымша топтасу нышанына байланысты, қазу жүйелерi тағыда төмендегiдей бөлiнедi ;-жаппай қазу жүйесi; -бағаналы қазу жүйесi; -қысқа тазартпа кенжармен қазып алу жүйесi; -кенжар iшiнде адамдарсыз қазу жүйесi;-құлама қабаттармен қазып алу жүйесi;-көлденең қабаттармен қазып алу жүйесi;-жазық қабаттармен қазып алу жүйесi;-ықтиярсыз қопарып қазып алу жүйесi
Қатпарлы қазу жүйесі, қолдану аймағы, ерекшеліктері, артықшылығы мен кемшілігі.
Құрлыстық тау-кен жыныстары туралы жалпы түсініктеме?
Қиыршықтас карьеріндегі жынысты қазып өндіруді технологиясының ерекшеліктері.
Қайрақты құм-гравийнды қазып өндіруді технологиясының ерекшеліктері.
Қабырға тасын қазып өндіруді технологиясының ерекшеліктері
О
Облицовті тасты алу мақсатындағы графитті қазып өндіруді технологиясының ерекшеліктері.
Облицовті тасты алу мақсатындағы мраморды қазып өндіруді технологиясының ерекшеліктері.
П
Пайдалы кеннің жатыс элементтері мен пішіні. Пайдалы кен орындары дұрыс орналасқан (тақта, линза) және дұрыс орналаспаған (ұя, желi, шток) деп екi топқа бөлiнедi.
Пайдалы
кен денелерінің жатыс қалыптары: а)
желi (1- қарапайым түрi; 2 - күрделi орналасқан
түрi); б) шток; в) жаңқа (линза); г) ұя
Көмiр
тақтасының жатыс элементтеріЖатыс
жазықтығының көмiр тақтасымен қиылысу
сызығының бағыты - жазылым
болса, ал сызықтың өзi (А-Б)
жазылым сызығы деп аталады. Тақтаның
жазылым сызығына тiк жазықтықпен қиылысу
сызығы - құлама
сызығы
(В-Г)
болады.
Пайдалы кенді жерасты қазып өндіргендегі кен жұмыстарының ерекшеліктері мен артықшылықтары.
Пайдалы кеннің қорлары: түрлері, анықтау және санау жолдары. Жер қойнауы қыртысының кез келген бөлiгiнде табиғи қалыптасқан пайдалы қазбалардың қазып алынуы экономикалық тұрғыдан тиімді болса, онда осындай құрылым пайдалы кен орны деп аталады. Пайдалы кен орындары дұрыс орналасқан (тақта, линза) және дұрыс орналаспаған (ұя, желi, шток) деп екi топқа бөлiнедi. Пайдалы қазбамен, бүйір жыныстарының физика-механикалық қасиеттерi өзгеше болуына байланысты тау жыныстары түрлi топтарға бөлiнедi. Профессор М.М.Протодьяконовтың ұсынысы бойынша тау жынысының қаттылық коэффициентi анықталған. Ол сан жүзiнде уақытша қысымға қарсылық мөлшерiнің 100 ден бір бөлiгіне тең, яғни: f = s / 100 .
Пайдалы кенді өндірудің геотехнлогиялық әдіс ерекшеліктері.
Пайдалы кенді дражды қазудың ерекшелігі мен мәні.
Пайдалы кенді байытудың ерекшеліктері.
Пайдалы кенді гравитациалы байыту тәсілінің ерекшелігі мен мәні
Пайдалы кеннің шекті құрамы, пайдалы кеннің кедейленуі. Пайдалы кеннің шекті құрамы – өндірісте пайдалануға жарататын кен ішіндегі керекті компоненттер көлемі мен саны техникалық жетістіктерге ж/е экономикалық жағдайларға байланысты өзгереді.Мысалы, өндіруге жарайтын кендерде металл құрамы былайша болуға тиісті: темір кендерінде- темір 30%; жез кендерінде-жез 2-5%; мырыш кендерінде-мырыш 20-25%; сынап кендерінде-сынап 0,1-0,5%.
Пайдалы кенді флотациалы байыту тәсілінің ерекшелігі мен мән.
Пайдалы кенді магнитті байыту тәсілінің ерекшелігі мен мән.
Р
Руда, анықтамасы, Руда кенінің пішіндері. Металды (темір, жез, никель, марганец, вольфрам және басқалар) немесе биметалды (апатит, асбест, графит, слюда, күкірт, тұз т.б) құрамдардан тұратын минералдық туындыны кен (руда) деп атайды. Кенді жерасты өндіретін, тау-кен кәсіпорнын кеніш немесе рудник дейді. Руда кеніштері жату қалпының әртүрлігімен (тақталы, желілі, шток, ұялы немесе линзалы) сипатталады. Кендер, әдетте қаттылығымен ерекшеленеді және өте берік қалыптасқан жыныстар ішінде жатады. Кен сілемдері қуаты бойынша 0,25 тен 100 м ге дейін және оданда жоғары деңгейде өзгереді. Осының бәрі руда кеніштерін қазу жүйесі тәртібінеде айтарлықтай ықпал етеді. Кен шақтысының шақты алабы келтірілген жағдайларда биіктігі 30 - 100 м қабаттарға бөлінеді. Созылым бағытында әрбір қабат ұзындығы 15 тен 100 м дейін баратын блоктардан (қазба учаскелерінен ) тұрады. Тазарту кеңістігінің төбесі кен алынуына сәйкес кендіңгектерімен, уатылған кенді қоймалау, толтырма салу, тіреу қою жолдарымен және опырылып құлатылған жыныстармен ұсталып тұрады.Қуаты кең сілемдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар және оларды қазып- өндіру негізінен этажаралық штректер жүйесімен қазу, күрт құлайтын қуаты 5 м және оданда жоғары кеніштерді қазғанда қолданылады.Егерде кен денесінің қуаты 15 - 20 м ден аспаса, онда (кеңүңгілер) камералар ұзындығын созылым бағытында орналастырады.
Рудалы кенорындарын ашу тәсілдері. Мысал және схемалары. Руда денесінің қуаты 15 - 20 м жоғары болғанда, камераны ұзын жағымен жазылымға тікелей бағытта орналастырады. Мұндай жағдайда тасымал штрегінен әрбір камера астына тасымал орт (қияқаз) жүргізіледі. Бұл жүйе аралықэтаж қияқаздар жүйесімен қазу деп аталады.Кенді қоймалап қазу жүйесінің басты ерекшелігі жанас жыныстарды құлатпай ұстап тұру үшін, уатылған кеннің біразы қазым кеңістігінде қалдырылып отырып қазылуында. Бұл кендер жұмыс атқаратын және жабдықтарды орналастыру үшін қажетті платформа іспетінде болады (13,2 - сурет).
13.2
- сурет. Кенді қоймалап қазу жүйесі: 1
- камераны қию; 2 - өрлеме; 3 - штрекүстілік
кендіңгектер; 4 - этаждық тасыма штрегі;
5 - этаждық желдету штрегі; 6 –
түйіліспелер.Кенді қоймалап қазу жүйесі
тұрақты және үлкен (аумақты) ашылу
кезінде өздігінен түсуін қамтамасыз
ететін тұрақсыз бүйір жыныстары
жағдайында; кез келген қуатты күртқұлайтын
кен денелерін қазғанда; қолданады
Сонымен қатар, бұл жүйе топталуға және
өздігінен жануға (тотығуға) бейім емес
кендерді алуға лайықты. Осы жүйені
қолданғанда биіктігі 40 - 50 м этаж камера
- қоймалар мен камера аралық
кендідіңгектерден тұратын блоктарға
бөлінеді. Қалыңдығы 10 - 15 метрге дейінгі
кен сілемін қазғанда камералар созылым
бойында орналасады, ал өте қалың кенішті
қазғанда камера созылымға кесе-көлденең
бағытта орналасады. Бірінші жағдайда
камерааралық діңгектердің ені
камералардың ұзындығымен (30 - 100 м)
салыстырғанда өте шамалы (4 - 6 м); екінші
жағдайда камералар мен камералардың
созылым бағытындағы өлшем шамамен
бірдей (10 м-ден).Камералар, олардан
кендерді түсіргеннен кейін кейде бос
жыныстармен толтырылады, ал қалған
кендіңгектер қалған қазу жүйесімен
алынады. Камерада руда уату тек тереңдігі
2 - 2,5 м теспелер жару арқылы ғана емес,
сол сияқты терең скважиналар жару
арқылыда іске асады. Олар камерааралық
кендідіңгектерде жүргізілген бұрғылау
камерасынан бұрғыланады. Сол сияқты
кен массивінде арнайы жүргізілген
миналық қазбаларда жарылатын миналық
зарядтар арқылыда уатылады. Руданы
уату тәсілдерінің айырмашылығы кенді
қоймалап қазу жүйесінің қай әдісі
қолданылғанда анықталады.
Рудалы кенорындарын қазу жүйелерінің жіктелуі.
Руданы қазымдаудағы негізгі өндірістік үрдістер.
Руданы құлату процессінің ерекшелігі. Теспелі құлату, қолдану аймағы. артықшылығы мен кемшілігі.
Руданы екінші ретті уату, мақсаты, тәсілдері.
Руданы түсіру, тәсілдері, артықшылығы мен кемшілігі.
Руданы жеткізу, тәсілдері, қолдану аймағы, артықшылығы мен кемшілігі.
С
Свыиталарды тік және тікқұлама оқпандармен ашу тәсілдері, схемасы.
Т
Теңіз астынан пайдалы кенді қазып өндіру тәсілдері мен техникалық құрылғылары.
Тау-кен жыныстарының негізгі физико-механикалық сипаттамасы.
Тау-кен жұмыстарының әр түрлі көрсеткіштерін сай жіктемелері.
Тік қазбалар, сипаттамалары мен атқаратын қызметтері, схемалары. Тiк қазбалар қатарына жататындары - оқпан, тұйық оқпан, шурф, өрлеме, гезенкОқпан – тікелей, жер бетiне шығатын қазба. Атқаратын жұмысы - қазып алынған кендi жер үстіне шығару, ауа алмастыру, кеншiлердi, материалдарды түсiрiп шығару т.б. Басты оқпан - тек қазып алынған кендi жер үстіне шығару функциясын атқарса, қосалқы оқпан арқылы кеншiлердi, материалдарды, басқа да жабдықтарды көтерiп-түсiру, шығару үшiн қолданылады.Тұйық оқпан - тiк бағытты, жер бетiне шықпайтын және төменгi горизонттар кенiн жоғары көтеру үшін механикаландырылған көтергiшпен жабдықталатын қазба.Шурф (шыңырау) - жер бетiнен бастап тiк (сирек құлама) өтетiн, жаппай жару кезiнде жарылғыш заттарды орналастыратын, шақтыларға жел жiберу, тiреу, материалдарды түсiрiп-шығару үшін қолданылатын қазба.Гезенк (оқпақ) - жер асты жыныстарын жоғарыдан төмен түсiретiн, ауа алмастырып, кеншiлердi, материалдарды, жабдықтарды жеткiзетiн құлама (тік) қазба.
Тазартпа қазбалар, камералар, оқпан алаптары. Пайдалы қазба алынғаннан кейiнгi босаған орындарын тазартпа қазбалары деп, ал ондағы кенжарларды тазартпа кенжары деп атайды. Тазартпа кезiндегi кеңiстiктi тазартпа кеңiстiгi деп, ал тазартпа кенжарындағы кендi алу жұмыстарын тазартпа жұмыстары дейдi. Сонымен, тазарту және дайындау жұмыстарын мерзiмдi және кеңiстiкпен байланысты жүргiзу кен қазу жүйесi деп атайды. Ал ұзындығы мен көлденеңi шамалы қазбаларды – камералар (кенүңгір) деп атайды. Камераларда машина, механизмдер орналасады, әр түрлi материалдар сақталынады. Камералар көбiнесе оқпан маңайында орналасады. Камералар атқаратын функциясына байланысты - аялдама камерасы, электровоз гаражы, насос станциясы, диспетчер, медициналық пункті, су жинағыш т.б. түрлерге жіктеледіШақтының барлық қазбаларын шақты оқпанымен қосуға арналған қазбалар шоғырын - оқпан алабы деп атайды. Оқпан албарынан барлық шақтыдан шығарылатын және жер бетiнен түсiрiлетiн жүктер өтедi. Сондықтан оқпан албары жүк алмастыруға ыңғайлы болуы керек. Оқпан албарындағы көп қоймалар су тартуға, транспорттарды даярлауға т.б жағдайларға қолданылады.