
- •А шық тау кен жұмыстарында жыныстарды қазуға даярлау тәсілдері.
- •Ашық тау-кен жұмыстары кезіндегі жыныстарды тиеуге дайындық барысындағы жарылыс ұңғымаларының шамашарттары.
- •Жұқа свиталы тақталарды ашу тәсілі, мысалдар, схемасы.
- •Кен жыныстарының мықтылығыны сәйкес жіктелуі. Мысалдар.
- •Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу схемалары.
- •Шахта алабын деңгейжиекке бөліп даярлау, қолдану аймағы, ерекшеліктері, схемасы.
А
Ашық тау кен жұмыстары кезіндегі кен жыныстарының техникалық сипаттамасы жағынан топтарға бөлінуі.
Аралас ашу әдістері, ерекшеліктері, схемасы.
Ашу тәсілдері, анықтама, жіктелуі. Ашудың қолданыстағы тәсілдерін келесі белгілер бойынша топтастыруға болады.-көтергіш горизонттардың саны (бір,-екі және көп горизонтты) -ашылатын тақталардың саны (жалғыз тақта немесе некер)-тақталардың құлау бұрышы (жайдақ, көлбеу,күрт)-көмекші ашушы қазбаның типі (квершлагтар,гезенгтер, тұйық оқпандар)-қосымша шарттар Шақта алабын ашу дегеніміз жерасты пайдалы кендеріне жер бетінен өткізілген күрделі қазбалар арқылы жету және даярлаушы қазбаларды өткізуді қамтамасыз ету.
Ашық тау кен жұмыстарының ерекшеліктері. Ашық тау-кен жұмыстары деп – көмір немесе басқа да пайдалы кендерді өндіру үшін жербетінен атқарылатын өндірістік үдірістердің кешенін айтады. Ашық қазу әдісімен табиғи жағдайда кездесетін әртүрлі қалыпта жататын қатты пайдалы кендерді қазып өндіреді.
Ашық тау кен жұмыстарының артықшылықтары. Ашық кен қазу тәсілімен жер бетіне таяу жатқан қатты кен байлықтың барлық түрі қазылады. Жерасты кен қазу тәсілімен салыстырғанда ашық кен қазу жұмысында қауіпсіздік және еңбектің санитарлық – гигиеналық талабы қатаң; қуатты қондырғылар мен механизмдер қолданылғандықтан еңбек өнімділігі өте жоғары, әрә өндірілетін өнімнің өзіндік құны төмен; еңбекті ұйымдастыру да , жұмыс жүргізу де күрделі емес; кен түріне қарай бөлектеп , қалдырмай алу мүмкіндігі мол; қуаттылығы деңгейлес шахтаны салып іске қосу мерзімі және оған жұмсалатын күрделі қаржының меншікті шамасы жағынан да карьер қуатын тез игеріп, өсіре беру мүмкіншілігі мол.Өнімділігі жерасты шахтыларына қарағанда едәуір жоғары; Шахтымен өндірістік қуаты бірдей карьерлердің құрылысына кететін күрделі шығындар 1,5 – 2,5 есе аз.Ағаштың шығынының аздығы 0,5 м3 1000 тоннағы, ал жерасты тәсілінде 20 - 25 м3. Шахтыларға қарағанда карьерлерде жұмыс істеу қауіпсіздеу және тазалау.
Ашық тау-кен жұмыстары, оларды жүргізу реті. Ашық тау-кен жұмыстары деп – көмір немесе басқа да пайдалы кендерді өндіру үшін жер бетінен атқарылатын өндірістік үдірістердің кешенін айтады. Карьер деп – шаруашылық тұрғыдан пайдалы кенорнын ашық әдіспен өндіретін тау-кен кәсіпорнын атайды, ал техникалық тұрғыдан бұл кенорнын өндіруге қажетті ашық тау-кен үңгілері жиынтығы. Көмір карьерлерін әдетте тілме (разрез) деп атайды. Карьермен өндіру үшін бөлінген кенорны немесе оның бөлігі карьерлік алап немесе тілме алабы деп аталады. Карьерлік алаптың ауданы әдетте 0,5 тен 3,4 мың га –ға тең.Тау-кен кәсіпорны орналасқан жербетінің бөлігі жер иелігі деп аталады (14.1 – сурет).
14.1 – сурет Жер иелігіндегі карьердің негізгі объектілерінің орналасу схемасы: 1 - карьерлік алаб; 2 – бос жыныстар үйіндісі; 3 – теміржол станциясы; 4 – әкімшілік – тұрмыстық корпус; 5 – байыту фабрикасы; 6 – жериелігінің шегі.
Карьер алаңының шекарасы болып карьердің жоғарғы және төменгі нұсқасымен өтетін бет есептеледі (14.2 – сурет). Жоғарғы нұсқа – карьер жағдауы сызығының жербетімен түйлісуі, ал төменгі нұсқа – карьер табанының тегіс бетімен түйлісуі, көбіне жазық болып келеді. Ашық қазу кезінде жазық қабатшаларға бөліп алады, оны жоғарыдан төмен жүргізеді жәнеде жоғарғы қабатша төменгісінен әрқашан алда болады. Сондықтан жұмыс жүргізу барысында карьер саты тәріздес қалыпқа келеді.Саты тәріздес жұмыс беткейі бар және өз алдына жеке қазу, тиеу, тасымалдау құралдарымен өндірілетін карьердегі тау-кен жыныстары қабатының бір бөлігі кемер деп аталады. Кемердің үстінің жазық беті кемердің алаңы деп аталады. Кемер кемершелерге бөлінуі мүмкін, яғни жеке қазу құралдарымен бірақ жалпы тасымалдау құралдарымен жабдықталған.
14.2 – сурет Карьердің кемерінің элементтері: 1 және 2 кемердің төменгі және жоғарғы алаңы; 3 және 5 жоғарғы және төменгі жиегі; 4 – қиябеті; 6 – кенжар; 7 – карьер жағдауы.Кемер жұмыстық және жұмыстан тыс деп бөлінеді.Жұмыстық кемерде бос жыныстар немесе пайдалы кендер қазылады. Кемердің төменгі (1) және жоғарғы (2) алаңшалары, қиябеті (3) және жиегі болады. Кемерді қазылған кеңістігі жағынан шектеп тұратын көлбеу жазықтық кемер қиябеті деп аталады. Кемер бетінің оның төменгі және жоғарғы алаңшаларымен қиылысу сызықтары жоғарғы (4) және төменгі (5) жиегі болып саналады. Кемер биіктігі жұмыс қауіпсіздігі, тау-кен жыныстарының физика-техникалық қасиеттеріне және қазып-тиеу құралының өлшемдеріне қатысты қабылданады. Көпшілік карьерлерде кемер биіктігі 10–15 м, кейбір жағдайда ол 20-40 метрге дейін барады. Жұмыстық кемердің қиябет бұрышы әдетте 650 – 800 -қа тең, ал жұмыстан тыс кемерлердікі 450–600 -қа дейін. Жұмыстық кемерді биіктігі бойынша шектейтін горизонталь жазықтықтар жоғарғы және төменгі алаңша деп аталады. Тау-кен жыныстарын қазып өндіру үшін керекті жабдық (бұрғылау станоктары,эксковатор, тасымалдау құралдары және т.б) орналасқан алаңшаны жұмыстық алаңша деп атайды. Әдетте олардың ені 40–70 м. Кемер ені А═10–20 метрге тең енбелермен бірінен кейінбірі өндіріледі. Енбенің дүмі кенжар деп аталады (6). Енбенің ұзындығы бойынша өздігімен ұсату және тасымалдау құралдары бар бөлігін блок деп атайды.
Ашық тау кен жұмыстарында даярлау кезеңінің негізгі жұмыстары. Ашық игеру жұмыстарының кезеңдері: Пайдалы кенорындарын ашық игеру келесідей кезеңмен жүзеге асады: жер бетін дайындау; кенорнын құрғату мен оны жербеті су ағысынан қорғау; кенорнын ашу; аршу және өндіру жұмыстары.1. Жербетін дайындау кенорнын ашық игеру жұмыстарына кедергі келтіретін бөгеттерді алумен байланысты. Ол үшін мысалы ағаштарды кесу; су қоймаларын құрғату мен жербеті суын сарқу; карьер алаңындағы ғимараттар мен үймереттерді қирату; карьерге теміржолмен, жол тарту; қызметтік және өндірістік құрылыстар салу; кәсіпорынды элекрэнергиясымен және т.б. қамтамасыз ету.
А шық тау кен жұмыстарында жыныстарды қазуға даярлау тәсілдері.
Ашық тау-кен жұмыстары кезіндегі жыныстарды тиеуге жарылыс жұмыстары көмегімен дайындау. Өндіру жұмыстары: Тау-кен жұмыстарын өндіруге дайындау бұрғылап-ату тәсілімен немесе экскаватормен жүргізіледі. Атылғыш заттар ретінде аммонит қолданылады. Карьерлерде қолданылатын экскаваторлар: біршөмішті және көпожаулы болып бөлінеді. Көмірді қазып алу кезінде шөміш көлемі 2 ден 8 м3 дейін, ал аршу жұмыстарына шөміш көлемі 4 тен 25 м3 дейінгі экскаваторлар қолданылады. Карьерлерде тау-кен жыныстарын тасымалдау теміржол, автотрактор, конвейер және гидравлика көмегімен жүзеге асады. Вагондардың үш түрі қолданылады: өздігінен төгетін (думпкарлар), дондық тиегіш (хопперлер) және бітеу кузовты (гондолдар). Үйінді деп – бос жыныстарды жоспарлы түрде жинауды айтады. Үйінділер ішкі және сыртқы болып бөлінеді: ішкі үйінді сол карьердің қазылған кеңістігіне, ал сыртқы үйінді – оның аумағынан тыс орналасады.Қатты тау жыныстарын белгілі шамада ұсақтау үшін атылғыш заттар пайдаланады. Карьерде ұңғымалық оқтамдарды жаппай аттыру түрі кеңінен өріс алған , ал шпурлармен (1) аттыру сирек қолданылады. Мұнымен қатар кенүңгірлік (миналық) оқтамдармен (3) ұқсату әдісі арагідік қолданылады. Сондықтан да кен негізі бұрғылау жұмысында әр түрлі диаметрлі ұңғыма тесуге бағытталған . Карьерде ұңғыма бұрғытісті (шарошка), айналсоқ, бормасоқ тәсілдерімен бұрғыланады. Ұңғымаларды отпен (термобұрғы) ұңғы тәсілі де қолданылады.
Ашық тау-кен жұмыстары кезіндегі жыныстарды тиеуге дайындық барысындағы жарылыс ұңғымаларының шамашарттары.
Ашық тау-кен жұмыстары кезіндегі жарылыс ұңғымаларын бұрғылау тәсілдері, қолдану аймағы. Металды кенді ұсатқанда қолданылатын бұрғы тісті бұрғылау тәсілі : 2 СБШ-200 , 2 СБШ – 200Н, 2СБШ-250, СБШ-250МН және СБШ 320 маркалы станоктар және олардың жақсартылған түрлері пайдаланады. Бұрмасоқ станоктары магмалы жыныстарды ұсақтарда жиі қолданылады . Бол станоктар бұрғытісті бұрғылау қондырғыларына қарағанда әрі жеңіл , әрі құрымдық конструкциялы тұрғыдан қарапайым келеді. Сондықтан да мұны тасымалдау оңай , әрі басқару онша қиындық тудырмайтындықтан онымен жұмыс жасау ыңғайлы. Бұл станоктармен көлбеу ұңғыма бұрғылауға да болады. Алайды, бұл станоктармен жарықшақты жыныстарды бұрғылау тиімсіз. Ұңғыманы отпен тесу тау жынасын жоғары температурада қыздырып бұзуға негізделген . Мұнымен қатты кварц жыныстарын бұрғылғанда бұрғытісті және бұрмасоқ станоктарын қолданудан тиімді. Сондықтан да кварцты темір кенін отпен бұрғылау кеңінен қолдау тапты.
Ұңғыма тесудің ендігі бір тәсілі айналымды бұрғылау . Бұл бекемдігі орташа ( ƒ<10) және жұмсақ жыныстарды ұсақтарда қолданылады. Ұңғыма кенжарында (забойда) ұсақ жыныс түйіршіктерін тысқа шығарып тұратын шүмек орнатылғандықтан , кейде бұл шүмекті бұрғылау дейді. ТМД елдері өнеркәсібі жасайтын шүмекті бұрғы станогы мыналар : БСН, СБР – 125, СБР – 160, СБР – 200 және СВБ – 2 М. Мұның ішінде кеңініен қолданылғанСВБ – 211 станогы.
Ашық тау-кен жұмыстарындағы қазып-тиеу жұмыстарының механизалану тәсілдері.
Автомобиль тасымалы. Автомобиль тасымалы - жүк немесе жолаушыларды автомобильмен тасымалдау
Ашық тау кен жұмыстарындағы кертпешнегіздеудің ерекшелігі. Сыртқы және ішкі кертпеш (отвал). ) Кертпеш —1) Биіктік деңгейлері әр түрлі жазықтықтарды жалғастыратын, біршама тік құлама жербедер элементі; баурайлардың жеке түрі ретінде қаралуы ықтимал.2) Кенорынды игеру жүйесінің элементі.3) Тазарту қазындысы пішіндерінің бірі.-ішкі -сыртқы – карьер шекарасынан тыс орналасқан
Ашық тау-кен жұмыстарындағы транспортсыз қазу жүйесінің ерекшеліктері.
Ашық тау-кен жұмыстарындағы транспортты қазу жүйесінің ерекшеліктері.
Ашық тау-кен жұмыстарындағы аралас қазу жүйесінің ерекшеліктері.
Ашық тау-кен жұмыстарының көрсеткіштері мен элементтері.
Б
Бағаналы қазу жүйесі, қолдану аймағы, ерекшеліктері, артықшылығы мен кемшілігі Бағаналы кен қазу жүйесiнiң, жаппай кен қазу жүйесiнен айырмашылығы, оларда этажды аралық-этажға, ярусты аралық-ярусқа бөлгенде төмендегiдей қосымша жұмыстар жүргiзiледi:--дайындық қазбалары алдын ала, тазартпа жұмыстары жүргiзiлгенше дайындалады, онда аралық этаждар (шақты алаңын этаждап дайындағанда), аралық ярустар (шақты алаңын панелдеп дайындағанда) жан-жағынан даярлау үңгiлермен қоршалып, алынатын бағаналар қалыптастырылады;--даярлау қазбалары тұтас сiлем iшiнде орналасып, тазартпа кенжарлар жылжыған сайын бос кеңiстiк iшiнде жойылып отырылады;тазартпа кенжарлар учаскелiк бремсбергкке қарай, ал панелдiк дайындықта панелдi бремсбергке қарай жылжиды
Г
Геотехнлогиялық әдіс ерекшеліктері. Қышқылдандырудың ерекшелігі мен мәні, қолданылу шарттары.
Геотехнлогиялық әдіс ерекшеліктері. Жерасты ертудің ерекшелігі мен мәні, қолданылу шарттары.
Геотехнлогиялық әдіс ерекшеліктері. Жерасты балқытудың мәні, қолданылу шарттары.
Геотехнлогиялық әдіс ерекшеліктері. Жерасты газдандыру ерекшелігі мен мәні, қолданылу шарттары.
Д
Дара көмір тақтасын ашу тәсілі, мысалдар, схемасы. Жекелеген көмiр тақтасын тiк оқпанмен ашып, оны қазып алу тәртiбi 10,1 - суретте көрсетiлген. Көрсетiлген жүйеде тізбектеле, алдымен тiк оқпан, оның төңiрегiндегi камералар, содан кейiн күрделі бремсберг пен жүрiс жолы өткізіледі. Шақтының бремсберг жағындағы алабы алынып таусыла бастағанда, шақтының еңес жағындағы алаб даярлана басталады. Ол үшiн төмен қарай күрделі еңес пен жүрiс жолы өткізiледi. Кен орны ашылып болғаннан кейiн, этаждағы көмiрлер тiкелей (10.1-сурет, сол қанаты), не болмаса керiсiнше (оң қанаты) бағытта алынады. Шақты алабының бремсберг жағындағы көмiрі тазартпа кенжардан тасыма бойымен штрекке жеткiзiлiп, әр қарай бремсбергке, оқпан албарына, одан тiк оқпан арқылы жер үстіне шығарылады. Желдету таза ауа оқпандардың бiрiмен, бремсбергке, тасыма штрекпен, тазартпа кенжарға жеткiзiледi, ал ластанған ауа желдетпе штрегi, жүрiс жолы мен шурф арқылы жер бетiне шығарылады.Шақты алабы панел тәсілiмен даярланғанда, оқпан албары горизонтында бір штректің орнына екi штрек өткізіледi. Бұл штректер ашу қазбалары болып саналады және осылардан бастап дайындау қазбаларын - панел бремсбергтерiн жүргізеді.
Ж
Жұқа руда денелерін ашу. Схемалары. Егерде кен денесінің қуаты 15 - 20 м ден аспаса, онда (кеңүңгілер) камералар ұзындығын созылым бағытында орналастырады. Этажаралық штректер жүйесі:1 - өрлемелер; 2 - этажаралық штректер; 3 - шұңқырлар; 4 - этаждық желдетпе штрегі; 5 - қию горизонтының штрегі; 6 - этаждық тасыма штрегіОсындай жүйе этажаралық штректер арқылы қазу деп аталады.
Желдету құрылғылары. Желдету таза ауа оқпандардың бiрiмен, бремсбергке, тасыма штрекпен, тазартпа кенжарға жеткiзiледi, ал ластанған ауа желдетпе штрегi, жүрiс жолы мен шурф арқылы жер бетiне шығарылады. Көмiр тақталары тiке жатқан жағдайда, олар құлау бағытында тұйық оқпандармен және квершлагпен ашылады. Желдету үшiн, көмiр тақталары шыққан жерiнде штольня немесе шурф өткізiледi.