Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
223.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.81 Кб
Скачать

2.1. Жердің пішіні

2. Геоид

3. Жер эллипсоиды

Жердiң физикалық бетiнiң жалпы ауданы 510 млн км 2-қа тең және геометрия жағынан алғанда пiшiнi күрделi. Орасан кеңiс­тіктi (жер бетiнiң 71%-iн) мұхиттар мен теңiз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдiгi 11000 м-ге дейiн жетедi. дүниежүзi­лiк мұхиттың орташа тереңдiгi - 3800 м-ге жуық. Сонымен, құрлықтың көлемi дүниежүзiлiк мұхитқа қарағанда аз ауданды алып жатқандық­тан, сондай-ақ құрлықтық мұхит тереңiндегi кыраттармен са­лыстырғанда онша биiк болмайтындықтан, мұхит деңгейiн жер­дің фигурасы ретiнде қабылдауымыз қажет. Осын­дай тұйық бет өзiнің әрбiр нүктесiнде вертикаль бағытқа яғни ауырлық күшiнiң бағытына перпендикуляр бо­лады, ал ол деңгейлік бет деп аталады. Осы деңгейлiк бетпен шектелген дененi геоиддейдi.Геоид пiшiнi күрделi, дегенмен осы фигура жалпы сфероидқа жақын. Эллипстiң кiшi oci төңiрегiнде айналуы­нан шығатын айналу эллипсоидына жақын.Экватордың OQ1радиусы және ОР=b кесiндici сфероидтық үлкен және кiшi жар­тылай остерін құрайды. а=(а- b)/а шамасы сфероидтың сығы­лушылығы деп аталады. а, b және α шамаларын градустық өл­шеулер арқылы анықтауға болады.Жер эллипсоидының көлемiн әлденеше рет әр түрлi елдердiң ғалымдары анықтады. 1945 жылдан бастап геодезиялық және картографиялық жұмыстар үшiн Ф. Н. Красовскийдiң референц-эллипсоидыныңмынaдaй көлемдерi бекiтiлдi: а=6378245 м, b=6356863м, а=1:298,3.Кеңiстiктегi әр түрлi бейнелер мен заттарды қағаз бетiнде кескiндеу үшiн проекциялау әдici қолданылады Жердiң физи­калық бетiндегi нүктелердiң орны эллипсоидтың бетiне нормаль болып есептелетiн тік сызық арқылы проекцияланады. Осы про­екциялау нәтижесiнде нүктенiң тiкбұрышты (ортогональды проекциялары алынады.Жер бетiнiң едәуiр территориясын кескiндеу жердiң деңгей­лiк бетiне жасалынады, бұл жағынан оған тік сызықтар нор­маль болып есептеледi.Деңгейлiк беттен жердiң физикалық бетiндегi нүктелерге дейiнгi ара қашықтық (метрмен алынған) нүктеннің абсолют бuiктiгiдеп аталады (мысалы, Н ). Кез келген басқа Р1жазықты­рына параллель шартты деңгейлiк беттен берiлген нүктеге дей­iнгi ара қашықтық (метрмен алынған) нүктенiң шартты бuiктiгiдеп аталады. Бiр нүктенің екiншi бiр нүктенiң деңгейлiк бетiнен бiршама қашықтығының айырмасы салыстырмалы бuiктiк (h) деп аталады.Қазақстанда абсолют биiктiктiң бастапқы саны ретiнде Кронштадт футоштогының нөлi қабылданған. Футшток дегенiмiз бөлiктерi бар мыс тақта, осы белiктер бойынша оқтын-оқтын теңiз деңгейi есептелiп отыра­ды. Кронштадт футштогының нөлдiк белiгi шамамен Балтық теңiзiнiң орташа деңгейiмен дәл келедi.

13.1.Азимуттар, румбалар, дирекциондық бұрыштар

2.Олардың арасындағы байланыс

Жердегi сызықты бағдарлау дегенiмiз, оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу.Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретiнде шын азимуттар, магниттiк азимуттар және диpeкциондық бұрыштар қызмет етедi. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тiлiнiң бағыты бойымен О°-тан 360°-қа дейiн өлшенедi. Шын азимут деп, сағат тiлiнiң бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстiк бағытынан осы белгiлi бiр алынған бағытқа дейiнгi есептелетiн горизон­таль бұрышты атайды.Магниттiк азимуттар компаспен немесе буссоль мен өлшенедi. Магниттiк азимуттан шын азимутқа көшу үшiн магнит тiлiнiң бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) бiлу қажет. Магииттiк азимут­ты А м анықтап және маг­ниттiк бұрылуды δ, яғни шын және магниттiк меридиандар арасындағы бұрышты бiле отырып шын азимутты (А) табуға болады: δш, δб - магнит тiлiнiң сәйкесiнше шығыс және батыс бұры­лулары. Жер бетiнiң әрбiр нүктесiнде магниттiк бұрылудың шамасы әр түрлi және 500 жылға жуық кезең iшiнде магнит тiлi өзiнiң орнынан шамамен 22,50-қа eкi жаққа ауытқиды. Демек, сызық­ты магниттiк меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетi­нің шағын учаскелерiнiң пландарын жасаған кезде ғана қолда­нылады.Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйе­сiнде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондық бұрыш жиi қолданылады. Дuрекцuондық бұрыш (α)дегенiмiз остік меридианның солтүстiк бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тiлiнiң бағыты бойымен осы бағытқа дейiн есеп­телетiн горизонталь бұрыш екендiгi шығады.Әрбiр сызықтың түр­лі нүктелерiндегi ди­рекциондық бұрыш А азимутпен салыстыр­ғанда тұрақты болып табылады. АВ бағытының а дирекциондық бұры­шы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кepi бұрыш деп аталады.

Нақты бiр нүктедегi кез келген сызықтың шын азимуты мен дирекцион­дық бұрышының арасын­дағы, айырмашылық осынау нүктедегi шын меридиан­ның зонанын. oстік ме­ридианымен жақындасуы­на тең.

α = А—γ,

α = Ам + δ – γ;

Горизонтальды бұрыштар мен дирекциондық бұрыштар байланысы:

αп=αп-1±180°-βпр;

αп=αп-1 ±180°+βлев,

Геодезиялық өлшеулердi өндеу кезiнде сызықтардың бағы­тын сүйiр бұрыш арқылы анықтауға тура келедi. Бұл жағдай­да румбалар қолданылады. Oсьтік меридианның жақын бағы­тынан eкi жаққа қарай бiр нақты сызыққа дейiн есептелетiн сүйiр бұрыш румба деп аталады. Румбалар О°-тан 90°-қа дейiн өзгередi және әрбiр ширектегi шамасы бiрдей болуы мүмкін. Бағытты бiр мәнде анықтау үшiн румбаның сандық мәнінің алдында ширектiң аты көрсетiледi.

Іширек (СШ)r=α; ІІширек (ОШ)r2=180°2;

ІІІ ширек (ОБ) r33-180°; IV ширек (СБ) r4=360°- α4;3.1.План және карта, масштабтар туралы түсінік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]