Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
223.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.81 Кб
Скачать

1.1. Пәннің мақсаты

2. Геодезияның қысқаша даму тарихы

3. Геодезияның құрылыс инженері қызметінде алатын орны

Геодезия - жер туралы өте ежелгi ғылымдардың бiрi. Адам­заттың бағзы заманда жер бетiнде қашықтық пен ауданды өлшеудегi ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде­ дуниеге келуiне негiз болды. Грек тiлiнен аударғанда «геодезия» сезi «жердi бөлу» деген мағынаны бiлдiредi. Қазiргi заманғы геодезияның жердi бөлу мағынасы шеңберiнен әлдеқашан шыққаны түciнікті.Геодезия - жердiң немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң пi­шiнi мен көлемiн, жердi карталар мен пландарға түcipy, сол сияқты адамның инженерлiк қызметiнiң сан алуан мiндеттерiн атқару мақсатында жер бетiн өлшеу әдiстерiн зерттейтiн ғылым.Біздің жыл санауымызға дейін мыңдаған жыл бұрын, ірі құрылыстар, сарайлар, храмдар, қабір үстіндегі құрылыстар, тоғандар, Ежелгі Шығыстағы су құбырлары салынған. Бұл құрылыстарды жер бетінде, тек қана жетілдірілген өлшеу әдістерін білгенде ғана іске асыруға болатын еді. Ежелгі Қытайда және Индияда біздің эрамызға дейін бүкіл аймақты қамтамасыз ететін суармалы жүйе және ретке келтірілген құрылысты қалалар болған, мұның бәрі ерте заманнан жер бетінде өлшемдер жүргізудің жоғарғы деңгейде болғанын көрсетеді.Адамзат қоғамының дамуына жане ғылым мен техниканың өcyiнe байланысты, геодезияның мазмұны да өзгерiп отырды. Соның нәтижесiнде өзiнiң даму процесiнде геодезия бiрсыпыра дербес ғылыми жане Fылыми-техникалық пәндерге белiнедi:1. Жоғарғы геодезия- жердiң және планеталардың фигура­лары мен көлемдерiн зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негiзгi Tiрек жүйелерiн құру женiндегi мiндеттердi шешедi. Жоғарғы геодезия мiндеттерiн шешу әдiстерiн егжей-тегжейлi зерттеу үстiнде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, гео­дезиялық гравиметрия жане Fарыш геодезиясы бөлiнедi.Геодезиялық астрономия- геодезиялық Tipeк жүйелерi үшiн аспан шырақтарын бақылау негiзiнде координаталық бастапқы мәлiметтердi анықтап беру мәселелерiмен айналысады.Геодезиялық гравиметрия- жер бетiнiң жекелеген нукте­лерінің ауырлық күшiн арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер­дiң фигурасын зерттеумен шұғылданады.Fарыш геодезиясы- Жердiң жасанды cepiктepiнің көмегімен жер бетi нүктелерiнiң геометриялық арақатынастарын зерт­тейдi.2. Геодезиянемесе топографияжер бетiнiң бiршама шағын учаскелерiн Tүcipүмен байланысты мәселелердi зерттейдi.

З. Картографияжер бетiнiң едәуiр территорияларының кес­кiндерiн әртүрлi мақсаттары карталар түрiнде жасау әдicтерi мен процестерiн, оларды жасау және кебейту технологиясын зерттейдi.4. Аэрофототопографияжердiң карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тycipген фотосуреттер бойынша жа­саудың әдiстерiн талдаумен айналысады.5. Теңіз геодезиясымухиттар мен теңiздер түбiнiң табиғи қорларын барлау мен картағра түcipyгe байланысты арнайы өл­шеу әдiстерiн талдап жасайды.6. Қолданбалы геодезияiздеулер, құрылыстар мен инженерлiк Fимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды мон­таждау, сонымен қатар елiмiздiң табиғат байлықтарын пайда­лану кезiнде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдiстерiн зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезия өзiнiң жұмыс барысында геодезия әдiстерiн кең пайдаланады, ал кейбiр жағ­дайларда оны өз тәсiлдерi мен құралдары арқылы шешедi.Геодезия мен топография пәнiнiң негiзгi ғылыми-техникалық мiндеттерiне мына төмендегiдей жұмыстар жатады:

а) жер бетiндегi жекелеген нүктелердiң орындарын таңдап алынған координаталар жүйесiнде анықтау;

б) әр-турлi инженерлiк Fимараттарды жобалау және салу кезiнде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде, жер бетiнiң және қойнауының табиғат байлық тарын пайдаланудақажет болатын түpi, сипаты, дәлдiгi жағынан алуан түрлi өл­шеулердi жер бетiнде немесе жер астында атқару;

г) елiмiздiң қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәлiмет­термен қамтамасыз ету.Еліміздегі геодезиялық қызметті ұйымдастырудың түрлері. Негізгі жалпы мемлекеттік топографо-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ТМД елдерінде «ГУГК» (Геодезия және картографияның Бас басқармасы) басқарады. ГУГК жүйесінде территориялық мекемелер, картографиялық фабрикалар, маркшейдерлік трестер, инженерлік-геодезиялық ізденіс институттары, ғылыми-ізденіс мекемелері және арнаулы оқу орындары бар. Сонымен бірге ГУГК-та Мемлекеттік геодезиялық бақылау басқармасы және оның басқаруындағы территориялық инспекциясы бар, олар топографо- геодезиялық жұмыстардың атқарылуын тексеріп отырады. Ал Қазақстанда геодезиялық құрылымдарға келетін болсақ, ол министрлер кабинетінің жанындағы Жер комитетінің геодезиялық басқармасының құзырындағы геодезиялық мекемелер мен аз коллективті топтар. Қазақстанда геодезия мамандарын дайындау тарихы Семей топографиялық техникумнан бастау алады. Осы бағыттағы мамандар дайындайтын елімізде бірнеше арнаулы орташа білім ошақтары мен жоғары оқу орындары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]