Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZhARR апай(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.11 Кб
Скачать

1. Салықтар анықтамасы және оларды топтастыру

2. Тікелей салықтар

3. Жанама салықтар

1. Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай–ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуы мен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әр-бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көздері.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:

1)реттеушілік;

2)фискальдық;

3) қайта бөлу;

Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.

Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Өйткені, тек салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы бақа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.

Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:

1) салық салу объектісіне байланысты;

2) қолданылуына қарай;

3) салық салу органына байланысты;

4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;

5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.

2.Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

- мүлік салығы;

- жер салығы;

- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

3. Жанама салықтар, тауардың бағасына енгізіледі. Жанама салықтар салық төлеушілердің пайдасын (табысын) пайдалану үдерісімен байланысты салынады. Олардың салық төлеушінің экономика әлуетімен (табыс әкелуге қабілетімен) байланысы жанама түрде болады. 3 түрге бөлінеді: мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтар, тұтыну салығы мен кеден бажы.

• Алғашқы түрге қосымша құн салығы жатады.

• Екінші түрге акциздер, жанар жағармай сатуға салынатын салық, тағы басқалар жатады.

• Мүлік және тұтыну салықтарына, сондай-ақ мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтарға салық органдары өкім жүргізеді. Кеден бажын алудыкеден органдары реттейді.

Заң жүзінде салықтардың бұл санаты шаруашылық жүргізуші субъектілерге енгізіледі, бірақ олар технология тізбек бойынша тұтынушыларға аударады. Соның салдарынан барлық жанама салықтарды ақырғы төлеуші, ақырғы тұтынушы – жұртшылық. Сондықтан төте салықтардан өзгеше түрде жанама салықтар көбінесе тұтынушылардың мүліктік дербестігіне тікелей сай келмейтін көпшілік қолды тұтыну заттарына салынып, ауыртпалығы, әсіресе, халықтың кедей табына түседі және олардың көлемі төлемшілердің қаражатына кереғар келіп жатады.

Салық төлеушінің табысымен немесе мүлкімен байланысты емес, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленетін салықтар. Қосылған күн салығы мен акциз, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер (кеден баждары, экспорт пен импорт салықтары түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта еткізілетін тауарлар бағасындағы және олардын фактуралық құны арасындағы айырма) жанама салықтарға жатады.

Сулейменова Маржан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]