
- •1. Салық міндеттемесін орындау, тоқтату ерекшеліктерін басқару.
- •2. Салық міндеттемесінің мәні мен салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері.
- •3. Салық міндеттесмесін орындау кезінде салық және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктері.
- •1. Корпоративтік салықтық менеджмент еркешелігі.
- •2. Cалық тексерісін жүргізуді басқару.
- •3. Күмәнді талаптар мен басқа да шегерімдерді есептеу.
- •1. Салықтар анықтамасы және оларды топтастыру
- •2. Тікелей салықтар
- •3. Жанама салықтар
- •2.Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
- •Салық есебін ұйымдастыру туралы ұғым
- •Салықтардың классификациясы
- •Үйлесімді салық жүйесінің принциптері
- •3.Үйлесімді салық жүйесінің принциптері
- •1.Салық мәні және оның қызметтері:
- •2.Салықтық реттеу және оның мәні:
- •3.Салықтық реттеу әдістері мен принциптері:
- •2 Сұрақтың жауабы:
- •3 Сұрақтың жауабы:
- •2. Хронометраждық зерттеу және оның ерекшеліктері
- •2 Сурак
2. Cалық тексерісін жүргізуді басқару.
Салықтық тексерістер салықтық қызмет ұйымдарымен тексеріс кестесінің (жоспардың) негізінде жүзеге асырылады. Аталған кестені құру кезінде тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау салықтық заңдамасының негізінде әзірленген таңдау критериялары бойынша жүргізіледі.
Қазіргі уақытта тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау электрондық режимде жүргізіледі, яғни деректер базасы қалыптасады.
Деректер базасына әрбіз заңды тұлға бойынша мына сипаттамаларды тапсыру қажет:
1) салық төлеуші туралы жалпы мәліметтер:
- кәсіпорындардың атауы және оның СТН-ны,
- салық төлеуші бақылауда тұрған салықтық комитеттерінің коды,
- салықтық тіркелу мерзімі, яғни салықтық ұйымдарға есепке тұрған мерзімі, кәсіпорынның қызмет істей бастаған мерзіміне қарап тексеріс тағайындаудың дұрыстығын анықтауға мүскіндік береді,
- соңғы салықтық тексерістің мерзімі,
- алдыңғы тексерістің түрі,
- кәсіпорынның қызметінің түрі.
2) кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі және олардың әрбір күнтізбелік жылда өздерінің салықтық міндеттерін орындауы туралы мәліметтер:
- кәсіпорынның жылдық жиынтық кірісінің мөлшері,
- төленген салықтық сомасы,
- салықтың есептелген сомасы
Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:
1) кешенді- жылына бір реттен жиі емес;
2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.
3. Күмәнді талаптар мен басқа да шегерімдерді есептеу.
Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
Күмәнді талаптар бойынша шегерім
Күмәндi талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар танылады. Өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
1.Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:
1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;
2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.
2.Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, оған қосымша конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшірмесінің болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған кезде, конкурстық іс жүргізу аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшіне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
3.Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.
Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім.Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлесе, онда жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде бұрын табысқа жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.
Білбала Айтгул
1- Сұрақ
Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, ЖЗҚ-на міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын бақылауы.
Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап отыру керек. Осындай мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның арқасында салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған түрі болып келеді.
Салық бақылауы келесі көрсеткіштерімен бейнеленеді:
1. Салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың бір түрі болады. Яғни салық заңдамасының нормативтік актілерде көрсетілген бақылауды мемлекеттік уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
2. Салық бақылауы - қаржы бақылауы ретінде қаралады.
3. Салық бақылауы - мемлекеттік бақылаудың арнайы бір түрі болып табылады, яғни салық бақылауын жүзеге асыруға құқығы бар органдар қарастырады.
Салық бақылауының келесі элеметтері бар:
1. нені тексеру керек - ол бақылаудың субъектісін айқындайды.
2. Кімді тексереді - бақылаудың объектісін;
3. Не тексеріледі - бақылаудың затын;
4. Не үшін тексеріледі - бақылаудың мақсаты;
5. Қалай тексеріледі - бақылаудың әдісін.
6. Салық бақылаудың субъектісі болып салық бақылау жүзеге асыру құқы бар мемлекеттің салық қызметі органдары табылады.
Салық бақылаудың объектісі болып салық заңдамасында салық міндеттемелері жүктелген тұлғалар.
Салық бақылаудың заты болып тексеруші салық заңдамасында көрсетілген міндеттемелерінің дұрыс орындалуын қадағалау.
Салық бақылаудың мақсаты болып:
1. салық заңдамасындағы бұзушылық факторларын анықтау;
2. кінәлі тұлғаларды анықтау және белгіленген заңды міндеттемелерге айыптау. (привлекать)
3. салық заңдамасының бұзушылықтарын жою.
4. Жетіспейтін сомасын өндіріп алу түрінде мемлекеттің материалды қызығушылықтарын қорғау.
5. Салық заңдамасының бұзушылықтарын хабарлау.
2- сұрақ
Салық бақылауы тек салық заңдамасындамасын орындалуын, МЗЖ-на уақытылы және толық аударылуын ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін, ҚР заңдамасындағы бұзылушылықтарды жоюды бақылап қадағалап отырады.
Салық бақылауының міндеті мен тапсырмалары әр түрлі болады. Соның ішінде негізгі мақсаты - мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу, ҚР заңдамасының бұзылушылықтарын жою, салықты төлемеуді болдырмау.
Салық бақылауы:
1. салық төлеушілерді тіркеу есебі;
2. салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
3. бюджетке түсімдері есепке алу;
4. ҚҚС төлеушілерді есепке алу;
5. Салық тексерістері;
6. Камералдық бақылау:
7. Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;
8. Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;
9. Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;
10. Мемлекет мешігіне аударылған мүлікте есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
11. Уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
3-сұрақ
Салық тексеруі - Қазақстан Республикасы салық заңдамасының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі.
Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.
Салық төлеушілері салық тексерісінен өтеді, өйткені осы бақылаудың түрі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.
Салық қызметі органдары салық кезеңі өткеннен кейін 5 жыл ішіндегі есептелінген салық сомаларын қарауға немесе есептеуге құқылы, ол салық кодексінде айқын көрсетілген. Сонымен, салық төлеуілер қызметінің 5 күнтізбелік жылдан көп емес кезеңді тексере алады.
Салық кодексінде салық тексерулерінің мынадай түрлерге қатаң бөлінеді:
1) құжаттық тексеру
2. рейдтік тексеру;
3. хорнометраждық тексеру;
Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
Балаханова Гулниза