Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу техно...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.01 Mб
Скачать

3 Тиеме-көлік жұмыстары

3.1 Тиегіш машиналарының түрлері және оларды қолдану шарттары

Қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу кезінде аттырыстан кейінгі жыныстарды жинау жұмыстары келесідей жүзеге асырылады: тиеуіштен оны науа (конвейер)-тиегіш арқылы тура өзіжүргіш немесе кеніш вагондарына тиеу және оларды алмастыру немесе түсіру орнына тасымдау, тиелген вагондарды бос вагондарға алмастыру, дайындау-аяқтау операцияларын орындау. Жыныстарды жинап-жеткізу жұмыстары ұңғымалық циклдің негізгі технологиялық үдірісінің бірі болып саналады және жұмсалған еңбек пен ұзақтықтың 40—50 % құрайды. Демек, бұл оның кеңінен механикаландырылуын қажет етеді. Кейінгі жылдары тиегіш машиналардың парктері мен номенклатуралары біршама өсті (3.1 - кесте). Жұмыс істеу принциптері бойынша тиегіш машиналар келесі түрлерге бөлінеді: төменнен тиеп алушы үзік әрекетті шөмішті тиегіш машина; екі қалақшасымен қауып алушы үздіксіз әрекетті тиегіш машина; құранды машиналар – бұрғылық-тиеуші және тиеп-жеткізуші машиналар [6].

Тиеп-жеткізуші машиналарды таңдау. Кеніштерде шамалы қималы арақабаттық қазбаларды жүргізу кезінде төмендегілерді құрайтын тиеп-жеткізуші жиынтық жиі қолданылады: ППН-2Г типті машинаны (шынжыртабанды жүрісті, 3.1 - кесте) және ВС-5П1 типті өзіжүргіш вагонды (жүккөтергіштігі 5 т, ені 1,4 м, биіктігі 1,5 м, қораптың сыйымдылығы 2 м3).

Жеткізудің оңтайлы ұзындығы 100 м-ге дейін, ал жарықтағы көлденең қимасының минимальды ауданы 5,8 м2 (3.1 - сурет).

Көлденең қимасының ауданы 14 м2 жоғары қазбалар үшін төмендегілерді құрайтын жиынтық қолданылады: ПНБ-ЗК типті тиеу машинасы және МоАЗ-6401-9585 типті самосвал (тасымалдау ұзындығы шексіз).

ПНБ типті машина техникалық деңгейі бойынша шетелдік фирмалардың ақырғы жетістіктерімен сәйкес келеді, ал кейбір жағдайларда оларды басып озады. Мысалы, ПНБЗД типті тиеу машинасы өнімділігі бойынша "Джой" фирмасының (АҚШ) 18HR-2HУ біртипті машинасын 1,5-1,8 есе асып түседі [2].

ПНБ типті машинасының онан арғы жетілдірілуі техникалық өнімділікті арттыруға және тиеу жағдайларының өзгеру қабілеттілігін көбейтуге, беріктігін және кейбір түйінділер мен машинаның жалпы қызмет мерзімін молайтуға, металл және энергия сыйымдылықтарды төмендетуге, жөндеуге жарамдылығын және унификациялау дәрежесін өсіруге, машинистің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған болуы қажет.

Машинаны модернизациялау оның конструкцияларын және оңтайлы шамашарттары мен кейбір түйінділерін жетілдіруге, жоғары сапалы конструктивтік материалдарды қолдануға және машинаны жасау технологияларын жақсартуға, әртүрлі қорғаушы, басқарушы және реттеуші құрылғыларды жетілдіруге бағытталуы қажет.

Машиналардың пайдалану көрсеткіштерінің біршама жақсаруы жұмысқа қабілеттілікті өздігінен сүйемелдеуші құрылғыларды (автоматтандырылған майлау жүйесін, қауып алушы қалақшаларды) енгізумен және унифициаландырылған құралдар мен түйінділерді (жүріс бөліктерді, сырмалық шынжырларды, қауып алушы қалақшаларды, басқарушы аппараттарды) қолданумен қамтамасыз етіледі.

3.1 – кесте – Жынысты тиеу машиналарының техникалық сипаттамалары

Тиегіш машина

Машинаның шифры

Шөміштін сыйымдылығы, м3

Техникалық өнімділік, м3/мин

Машинаның жүргіш бөлігі

Тиеу орны, м

Өлшемдер, м

Қазбаның минимальды қимасы, м2 (ені * биіктігі)

Жыныстың қаттылық Коэффициенті

Тиелінетін кесектін ірілігі, мм,

ені

биіктігі

максимальды

көліктік

Тура тиеуші шөміштің типі

ППН-2

ППН2Г

ППН-3

ППН-4

0,32

0,32

0,50

1,0

1,0

1,0

1,25

2,0

Рельсті

Шыңжырлы

Рельсті

Шыңжырлы

2,5

-

3,2

-

1,32

1,43

1,8

2,0

2,25

2,5

2,8

3,0

1,6

-

1,8

-

2,2 х 2,4

2,6 х 2,6

2,6 х 3,0

2,6 х 3,5

Кез келген

- “ -

- “ -

- “ -

400

400

450

600

Бүйірден түсіруші шөміштің типі

МПК-3

1,0

2,4

- “ -

-

1,45

2,15

-

6,5 м

- “ -

600

Қос қалақ-ты қармау-дан тұра-тын үздік-сіз әрекетті машина

2ПНБ-2

ПНБ-2К

ПНБ-3К

ПНБ3Д

ПНБ-4

ПНБ-5

-

-

-

-

-

-

2,0

2,5

3,0

3,5

6,0

2,0

Шыңжырлы

- “ -

- “ -

- “ -

Рельсті

- “ -

-

-

-

-

-

-

1,8

1,8

2,0

2,5

2,7

1,95

2,12

1,6

1,9

1,9

1,8

1,8

-

-

-

-

-

-

2,5 х1,8

2,5 х 1,8

3 х 1,7

3 х 1,8

3 х 1,8

2,3 х 1,9

<12

<12

<16

<16

<16

<12

400

400

600

600

800

400

3.1 – сурет - ППН2Г типті машина

Жоғарыда айтылған шараларды ескере техникалық өнімділігі 4,5 м3/мин ПНБЗД2 типті және техникалық өнімділігі 8 м3/мин ПНБ4Д типті үздіксіз әрекетті машиналар жасалынған.

Кейінгі кезде кен өнеркәсібінде МПК-3 типті бүйірден түсіргіш шөмішті машина жасалынған. Машинаны зерттеп шығарушы А.А. Скочинск атындағы ТКІИ, ЦНИИподземмаш, ДонУГИ және С.М. Киров атындағы Копейск машинажасау заводы (3.2 - сурет).

3.2 – сурет - Бүйірден түсіруші шөміштен тұратын МПК-3 типті тиегіш машина

 

МПК-3 типті машинаның техникалық сипаттамасы

Техникалық өнімділігі, м3/мин.......................................................................2,4

Шөміштің сыйымдылығы, м3......................................................................... 1,0

Қазбаның ең аз қимасы, м2...............................................................................6,4

Электр двигателінің белгіленген қуаты, кВт.................................................55

Тұрпаты, мм:

- ұзындығы............................................................................................5200

- ені.........................................................................................................1450

- биіктігі..................................................................................................2150

Сыналым көрсеткіштері бойынша МПК-3 типті машинаны қолдану кезінде жынысты тиеу жұмыстары жынысты түсіру орны кенжардан біршама алыстаған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, машина материалдарды жеткізу, тіреуді орнату, кенжарды шабақтау, табанды тазалау және т.б. бойынша қосалқы жұмыстарды механикаландыра алады. Машинаның артықшылығы: қысқа қазбаларда тау-кен массасын қол күшімен тиеуді жою мүмкіндігінің болуында, өтілетін қазбаның кенжар бөлігінде бос үйілмеген аймақты қамтамасыздандыруда. Осының арқасында еңбек шығыны, уақытша жолдарды және айрықтарды қолдануға жұмсалатын уақыт, тиегіштердің, сондай-ақ, басқада қосалқы көліктің қолданылуы жойылады [16].

Есептік және эксперименттік нәтижені талдаудың қорытындысы төмендегідей: тиеуші ретінде жұмыс істейтін МПК типті машинаның есептік пайдалану өнімділігі ПНБ типті машинаның пайдалану өнімділігінен 1,5 еседен жоғары.

3.3 – суретте МПК-3 типті машинаның көмегімен жынысты тиеуде әртүрлі типті көліктік тәсілдердің орналасу схемалары көрсетілген.

Операциялар бойынша еңбек шығындарын талдаудың көрсеткіштері төмендегідей: 2ПНБ-2 типті машинасымен салыстырғанда МПК-3 типті машинаның көмегімен жынысты науаға (конвейерге) тиеудің жұмыс қиындығы төмендейді. Демек, үдірістерге қызмет көрсететін жұмысшылардың саны азаяды. Яғни, жынысты МПК типті машинасының көмегімен тиеу жұмысына екі адам қызмет көрсетеді.

3.3 – сурет – Жабдықтардың орналасу схемасы: 1 – МПК типті тиегіш машина; 2 - сырмалы науа (конвейер); 3 - БУЭ-3 типті бұрғы қондырғысы; 4 - КПМ-1типті тіреу орнатқыш; 5 – таспалы науа (конвейер); 6 – материалдар қоймасы;

7 - тиегіш; 8 – вагонеткалар

Бір жұмысшы жыныстарды шөмішке тиеу және одан босату кезінде, сондай-ақ, машинаның штабельге және науаға қозғалысы кезінде оны басқарады, ал екінші жұмысшы науа бойынша тау-кен массасының қозғалысын байқайды, шашырап түскен жынысты қолмен тиейді және басқада қосалқы жұмыстарды орындауға қатысады. Кейбір қосалқы операцияларды орындауда еңбек шығындары қысқарады. МПК типті машина 400 мм-ден жоғары өлшемді кесек жыныстарды тиеп босататындықтан оларды ұсатуға жұмсалатын еңбек шығыны 2ПНБ-2 типті машинамен салыстырғанда 1 адам-мин/м3-тен 0,29 адам-мин/м3 –ке дейін қысқарады [7].

МПК типті машина қазбаның табанын түзете және тазарта отыра бульдозердің тәртібін атқара алады, ал енді шөміштің көмегімен жынысты бір қалыпты босатуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан МПК типті машинаны қолдану кезінде жоғарыда айтылған операцияларға жұмсалатын еңбек шығындары бастапқы схемамен салыстырғанда 2,18-ден 0,3 адам-мин/м3-ке дейін қысқарады.

МПК типті машинасының көмегімен тау-кен массасын тиеуде және жанама операцияларды орындауда еңбек шығындарының қысқаруымен қатар қосымша нәтиже алынады (кенжардың тұсына материалдарды жеткізу және тұрақты тіреудің кәсегін (рамасын) орнату кезінде машинаны көтергіш механизмі ретінде қолдану). Осының арқасында тіреулерді жеткізу, кәсектерді орнату, кәсек артын тартпалау және бос кеңістікті бітемдеу жұмыстары шамамен 30 % қысқарады.

МПК типті машинасы шөмісінің биіктікке көтеріліп түсірілу өзгерісінің әрекетін ескере, оны құлама бұрыштары және көлденең қималары әртүрлі қазбаларда негізгі көлік және тиеп-жеткізуші машина ретінде қолдануға болады.

3.2 – кесте – Тиеп-жеткізбелік және тиеп-тасушы машиналардың техникалық сипаттамалары

Машинаның маркасы

ПД-2

ПТ-2,5

ПД-3

ПТ-4

ПД-5

ПД-6

ПД-8

ПТ-10

Жүк көтергіштігі, т

2

2,5

3

4

5

6

8

10

Шөміштің түсірудегі ең үлкен биіктігі (тиеу кезін-де тиеп-тасушы машина үшін), м

1,2

2,1

1,6

2,24

1,8

2,8

2,2

3,25

Максимальды биіктігі (кабина бойынша), м

2,12

2,12

2,12

2,12

2,24

2,12

2,5

2,5

Машина қорабының максимальды көлемі, м3

-

1

-

1,5

-

2,5

-

4

Шөміштің минимальды көлемі, м3

1

0,12

1,5

0,2

2,5

0,5

4

1

Жүргізуші (Д-дизельді, Э – электрлі, ДЭ - дизельді-электрлі, Қ - қысымдық-ты)

Д

Д, Қ

ДЭ

Д, Қ

ДЭ

ДЭ, Қ

Э

Э, Қ

Ені (максимальды), м

1,32

1,4

1,7

1,8

1,9

2,36

2,5

2,5

Қазбаның көлденең қима-сының ауданы, м2

5 - 7

5-7

7-9

7-9

9-12

9-12

12-14

12-14

Тасымдаудың рациональ-ды арақашықтығы, м

<75

75-175

<100

100-225

<150

150-325

<200

200-450

МПК-1000 типті тиеу машинасының айырмашылық ерекшелігіне шөміштің бұрылу мүмкіндігі жатады. Осының арқасында бір орындағы тиеу жұмысы артады. МПК-2 типті жаңа тиеу машинасының шөмішінің сыйымдылығы 0,6 м3 құрайды. Демек, машинаның маневрлігін көбірек қамтамасыз етеді және әртүрлі қималы қазбаларда қолданылу мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде Қазақстанның кеніштерінде жазық және көлбеу қазбаларды (18-20о дейін) жүргізу кезінде жыныстарды тиеу және тасу үшін тиеп-жеткізуші (ПД) және тиеп-тасушы (ПТ) машиналар кеңінен қолданылады (3.4 - сурет, 3.2 - кесте).

ПТ типті машина шамалы сыйымдылықты шөміштен тұрады. Машина жынысты қорабқа тиеу және тау-кен массасын алыс қашықтыққа тасымалдау үшін қолданылады.

3.4 – сурет - ПД типті тиеп-жеткізуші машина

Зерттеулер мен практикалық пайдаланудың көрсеткіштері бойынша тиеп-жеткізуші машиналарын құлама бұрышы 10 - 12° қазбаларда тау-кен массасын 50 – 300 м ұзындыққа тасымалдауға қолданған жөн.

ПТ-4 (МПДН-1) типті төңкермелі шөмішті жүк көтеріп жүруші машина тау-кен массасын қорапқа тиейтін, қазба бойынша жыныстарды тасымалдайтын және тау-кен массасын жыныс құдығына (кен құдығына) түсіретін агрегатты құрайды (3.5 - сурет). Осындай типті машиналар төңкерілетін қорабтан (немесе табан тұсынан түсіретін) тұратын қысымдөңгелекті жүрісті құрайды.

ПД типті жүкті көтере тиеп-тасушы машина (3.6 - сурет) шарнирлі рамадан тұратын төртдоңғалақты шассіні құрайды.

Машинаның өнімділігі тасымдау қашықтығына байланысты.

Тау-кен массасын кенжардан қашықтығы 300 м-ге дейінгі түсіру орнына тасымдаған жағдайда жұмыстың ең жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштері қамтамасыз етіледі. Тасымдау жұмысы алыс қашықтықты құраған жағдайда тау-кен массасын басқа көлік жолдарына қайта тиеген жөн болады.

Кеніштерде жылдамдықты өтілетін тау-кен қазбаларының типтік паспорттарында әрбір машина үшін жыныстарды тасымалдаудың оңтайлы қашықтықтары анықталынған. 3.7 – суретте тиеп-тасушы машинасын қолдану саласындағы артықшылық сызбаайшығы (диаграммасы) көрсетілген. Қазбаның көлденең қимасының ауданына және жыныстарды тасымдау қашықтығына байланысты осы диаграмма бойынша машинаны таңдау жұмысы жүргізіледі [1].

3.5 – сурет - ПТ-4 (МПДН-1) типті төңкермелі шөмішті жүк көтеріп жүруші машина: 1 – тиеу ағзасы; 2 – жүріс бөлігі; 3 – жүк көтеру шанағы (бункер);

4 – басқару жүйесі

3.6 – сурет – ПД типті жүкті көтере тиеп-тасушы машина

3.7 – сурет - Тиеп-тасушы машинасын қолдану саласындағы артықшылық сызбаайшығы (диаграммасы)