
- •Мазмұны
- •2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.1 Бұрғыаттырма жұмыстарының көрсеткіштері және олардың мәні
- •2.2 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.3 Теспелерді орналастыру схемалары
- •2.4 Бұрғыаттырма жұмыстарының шамашарттары
- •2.5 Теспелерді бұрғылауды механикаландыру
- •2.6 Теспелерді оқтауды механикаландыру
- •3 Тиеме-көлік жұмыстары
- •3.1 Тиегіш машиналарының түрлері және оларды қолдану шарттары
- •3.2 Шетелдік фирмалардың өзіжүргіш тиегіш машиналары
- •3.3 Жыныстарды тиеу кезінде алмастыру тәсілдері және көліктік жабдықтар
- •3.4 Тиеме-көліктік жиынтықтардың пайдалану өнімділіктері
- •3.5 Ұңғымалық жұмыстарды механикаландыру жиынтығы
- •3.6 Өзіжүргіш жабдықтардың оңтайлы ұңғыма жиынтығы
- •3.7 Тиегіш және көліктік техникаларды жетілдірудің бағыты
- •4 Тұрақты тіреулерді орнату технологиясы
- •4.1 Бүркітпе бетонды бекітпелеу технологиясы
- •4.2 Қарнақты тіреуді орнату технологиясы
- •4.3 Жыныстарды бекіндіру
- •4.4 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •4.5 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •4.6 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолданып, дайындау қазбаларын жүргізудің шамашарттарын есептеу
- •4.6.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.6.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •4.6.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •5 Өрлемелерді жүргізу технологиясы
- •5.1 Өрлемелерді қысқа теспелік тәсілмен жүргізу
- •5.2 Өрлемелерді ілмелі клеттердің көмегімен өту
- •5.3 Өрлемелерді өзіжүргіш сөрелердің (полоктардың) көмегімен өту
- •5.4 Өрлемелерді бұрғылау тәсілімен жүргізу
- •5.5 Терең төтелдермен жыныстарды уатпалай өрлемелерді өту
2.2 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
Қазбаларды әртүрлі кен-геологиялық жағдайда өту кезінде өнеркәсіптік АЗ түрлі-түрлі ассортименттері болуы қажет (2.1 - кесте).
Қатты жыныстар бойынша тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде қолданылатын отандық АЗ ассортименттері бірнеше кеңейтілген және бұрғыаттырма жұмыстарының өндірістік жағдайларына қолданылмалы АЗ таңдауға мүмкіндікті құрайды (2.2 - кесте). Қатты жыныстарда тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде аммиачно-селитрлі АЗ кеңінен қолданылады: тастық аммонит № 1, детониттер, аммонит № 6ЖВ, аммоналар және т.б. Кейінгі кезде теспелерді механикаландырылған түрде оқтамалауда шашыранды АЗ қолданылуда (гранулит АС-8).
Қатты жыныстарды уатпалау үшін олардың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты АЗ түрі және аттыру тәсілдері таңдалынады.
Аса қатты жыныстар үшін тығыздығы р = 1,4 г/см3 және оталдыру (детонация) жылдамдығы 6,5 км/с жоғары ұсақтағыштық (высокобризантные) АЗ қолданылады. Қаттылығы f ≤ 12-ден төмен жыныстарды уатпалауда тығыздығы р = 1,0 ÷ 1,1 г/см3 және оталдыру жылдамдығы ≤ 4 км/с төмен ұсақтағыштық (низкобризантные) АЗ қолданылады. Аттыру тәсілдері ретінде ЭД-8э типті шапшаң әрекетті, ЭДЗД типті баяу әрекетті (баяулығы 0,25; 0,5; 1; 1,5; 2; 4; 6 және 8 с), ЭДКЗ типті баяулығы қысқа әрекетті (баяулығы 25, 50, 75, 100, 150 және 200 мс) электроталдырғыштары қолданылады. Қатты және өте қатты жыныстарда тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде ЭДКЗ типті электроталдырғыштарын қолданған жөн болады.
2.1 – кесте - Өнеркәсіптік АЗ түрлері
АЗ |
Есептік сипаттамалар |
Экспериментальдық сипаттамалар |
|||||||||
Жару жылулығы (су-бу) ккал, /кг |
Жарылыс жұмысының толықтығы, ккал/кг |
Газдың меншікті көлемі, л/кг |
Патрон- ның тығыз-дығы, г/см3
|
Жұмысқа қабілеттілігі, мм |
Ұсақтағыштық, мм |
Патрондар арасындағы оталдыруды беру қашықтығы, см |
Оталдыру жылдамдығы, км/с |
||||
құрғақ |
1 сағат аралығында 1м тереңдікте судан шыдағаннан кейін |
||||||||||
диаметр, мм |
диаметр, мм |
||||||||||
32 |
36 |
32 |
36 |
||||||||
Аммонит № 6ЖВ |
1030 |
850 |
895 |
1,0—1,2 |
360—380 |
14—16 |
5-9 |
7—12 |
3—6 |
4—10 |
3,6-4,8 |
Суға төзімді аммонал
|
1180 |
940 |
845 |
0,95-1,1 |
400—430 |
16—19 |
4-8 |
6—12 |
3—5 |
4—8 |
4,0-4,5 |
Тастық аммонал № 3 |
1360 |
1060 |
810 |
1,0-1,1 |
450—470 |
18—20 |
7—12 |
8-14 |
5—10 |
6—12 |
4,0-4,5 |
Тастық аммонит № 1 |
1292 |
1055 |
830 |
1,43-1,53 |
450—480 |
22—28 (тығыз- далған) |
__ |
5—10 |
— |
4—7 |
6,0-6,5 |
Детонит М |
1382 |
1030 |
832 |
1,0-1,3 |
460—500 |
17 – 22
|
8—22 |
10—26 |
6-15 |
8—20 |
4,9-5,2 |
Динафталит |
975 |
790 |
920 |
1,0-1,15 |
320—350 |
15—16 |
3—7 |
4-9 |
2—5 |
|
|
Граммонал А-8 |
1285 |
1060 |
860 |
0,85—0,90 1 пневм. оқтауда |
420—440 |
8—10 |
— |
— |
— |
— |
3,8-4,0 |
Гранулит АС-8 |
1030 |
850 |
895 |
Сондай |
360—380 |
18—20 |
— |
— |
— |
— |
3,5-4,2 |
Осындай жағдайда ұңғылар мен қосалқы теспелердің аралық атылысының уақыты 75 - 100 мс-тен кем емес сақталуы қажет. Қатты жыныстарды мезеттік аттырмалау кезінде және теспелердің атылыс кезектерін дұрыс таңдаған жағдайда атылыс энергиясының қолдану дәрежесі артады және жынысты ұсату жақсарады, қазбаның төбесі мен бүйірлерінің дірілі азаяды, бұзылыссыз түрде қазбаны қоршаған жыныстардың қорғалысы өседі, теспелердің саны және АЗ шығыны азаяды.
Атылыс жұмыстарының қауіпсіздігін және Қазақстан кеніштерінде аралық кешектік диапазонын арттыру үшін атылғыш заттардың оқтамаларын электрсіз қоздыру жүйесі кеңінен енгізілуде, ал АЗ оталдыру (детонациялау) үшін УВТ типті соққылы-толқынды трубкалар қолданылады.
УВТ бірнеше қатпарлардан тұратын майысқақ пластикалы трубканы құрайды. Трубканың ішкі бетіне атылғыш материал енгізілген. Оталдыру қоздыратын импульспен жүзеге асырылады және трубканың ішімен шамамен 2 км/с жылдамдықпен жайылады. УВТ тек қана оталдырғыш-капсюльге (ОК) қоздыратын импульсті тудыру қызметін атқарады. УВТ сипаттамасы: сыртқы диаметрі 3,5 мм, атылғыш материалдың массасы ~ 20 мг/м, жарылу күші 200 Н.
2.2 – кесте - Өндірістік жағдайларына қолданылмалы АЗ
АЗ оқтамаларын орналастыру жағдайы |
Қатты және өте қатты жыныстар |
Орташа қаттылықты жыныстар |
Құрғақ ұңғымалық және тазартпа кенжарларындағы теспелер |
Тастық аммонит №1 Тастық аммонал №3 Суға төзімді аммонал Аммонит №6ЖВ Граммонал А-8*
Гранулит АС-8* Гранулит АС-4* Детонит М Динафталит Игданит* |
Тастық аммонит №1 Тастық аммонал №3 Суға төзімді аммонал Аммонит №6ЖВ Граммонал А-8*
Гранулиттер АС-8* Гранулиттер АС-4* Детонит
Игданит* |
Сулы ұңғымалық және тазартпа кенжарларындағы теспелер |
Тастық аммонит №1 Суға төзімді аммонал Аммонит №6ЖВ Детонит М |
Тастық аммонит №1 Суға төзімді аммонал Аммонит №6ЖВ Детонит М Динафталит |
Шақтының оқпандарын өту кезіндегі теспелер |
Тастық аммонит №1 Суға төзімді аммонал Аммонит №6ЖВ Детонит М |
Тастық аммонит №1 Суға төзімді аммонал Аммонит №6ЖВ Детонит М Динафталит |
*Механикаландырылған түрде оқтамалауда шашыранды АЗ шығарылады.
ОК (КД) алюминилі-магнилі қорытпамен немесе болатпен қапталған гильзаны құрайды. Оның ішіне бәсеңдеттіруші элемент, қоздырушы элемент және негізгі оқтама орналастырылған (2.1 - сурет).
Қоздырушы элемент қоздырғы атылғыш заттарды қолданусыз орындалған. Қоздырушы элемент қоздыратын АЗ қолданусыз орындалған. Кешендіру уақытына байланысты СИНВ типті құрылғысы гильзасының ұзындығы 72-85 мм құрайды, ал негізгі оқтаманың массасы 1,5 г құрайды.
2.1 - сурет – Аттырма-оқтың конструкциясы
2.2 – сурет - СИНВ-Ш аттырма торабын құрастыру схемасы
2.3 – кесте - АЗ оқтамаларын кідірту аралығы, мс
Теспелер |
Кідірту уақыты |
Теспелер тобы |
Кідірту уақыты |
Теспелер |
Кідірту уақыты |
Теспелер тобы |
Кідірту уақыты |
1 |
0 |
9-10 |
4000 |
5 |
800 |
17-18-19-20 |
8000 |
2 |
250 |
11-12 |
5000 |
6 |
1000 |
21-22-23 |
9000 |
3 |
400 |
13-14 |
6000 |
7 |
2000 |
24-25-26 |
10000 |
4 |
600 |
15-16 |
7000 |
8 |
3000 |
|
|
2.4 – кесте - СИНВ-Ш құрылғысының кідірілу аралығы, мс
Құрылғы |
Кідірту уақыты |
Құрылғы |
Кідірту уақыты |
Құрылғы |
Кідірту уақыты |
СИНВ-Ш-0 |
0 |
СИНВ-Ш-250 |
250 |
СИНВ-Ш-1000 |
1000 |
СИНВ-Ш-20 |
20 |
СИНВ-Ш-300 |
300 |
СИНВ-Ш-2000 |
2000 |
СИНВ-Ш-40 |
40 |
СИНВ-Ш-350 |
350 |
СИНВ-Ш-3000 |
3000 |
СИНВ-Ш-60 |
60 |
СИНВ-Ш-400 |
400 |
СИНВ-Ш-4000 |
4000 |
СИНВ-Ш-80 |
80 |
СИНВ-Ш-450 |
450 |
СИНВ-Ш-5000 |
5000 |
СИНВ-Ш-100 |
100 |
СИНВ-Ш-500 |
500 |
СИНВ-Ш-6000 |
6000 |
СИНВ-Ш-125 |
125 |
СИНВ-Ш-600 |
600 |
СИНВ-Ш-7000 |
7000 |
СИНВ-Ш-150 |
150 |
СИНВ-Ш-700 |
700 |
СИНВ-Ш-8000 |
8000 |
СИНВ-Ш-175 |
175 |
СИНВ-Ш-800 |
800 |
СИНВ-Ш-9000 |
9000 |
СИНВ-Ш-200 |
200 |
СИНВ-Ш-900 |
900 |
СИНВ-Ш-10000 |
10000 |
Теспелердің өзінде аттырма-оқ оталдырғышпен бірге және соқпа-толқынды трубкамен теспенің түп бөлігінде орналасады (кері қоздыру) (2.3 - сурет). АЗ патроны ретінде оқ үшін диаметрі 32 мм аммонит 6ЖВ қолданылады.
Кідірту аралығы келесіні құрайды: ұңғы теспелерде 20-80 мс, ал басқа теспелерде - 10 с дейін (2.3, 2.4 - кестелер).
СИНВ-Ш жағымды қасиетіне оның су ортасында 6 сағаттық уақыт аралығында болғаннан кейін де құрылғының жұмысқа қабілеттілігі сақталынады, ал жарылу күші 200 Н, 10 – 35°С температура кезінде жұмысқа қабілеттілігін сақтай отыра шартты ұзартылуы 100 % кем емес. Атылыс үдірісінің өнімдер ағысында қысым 5 МПа-дан аспайды. Сондықтан оталдырғыш-капсюльді қоздыруға жеткілікті.
2.3 – сурет - Теспелік оқтамалардың конструкциясы
Аттырма жұмыстары кезінде жерасты жағдайында СИНВ-Ш құрастыру электрлік қоздыру жүйелерін құрастырумен бірдей. Әрбір теспелік оқтаманың оғында СИНВ-Ш құрылғысының ОК (КД) орналастырылады. Теспелерден шығатын соқпа-толқынды трубкалар бір мезгілде оталдырғыш пілтенің немесе лезде әрекетті СИНВ-П құрылғысының көмегімен қоздырылады. УВТ саны көп болған кезде бір байламға жиналады және оталдырғыш пілтеге екі тұзақпен байланады. Бір байламдағы УВТ саны 15 дананы құрауы мүмкін (2.2 - сурет).
Электрсіз қоздыру жүйесін енгізу тәжірибесі оны сенімді жүйе ретінде ұсынды. Оталдырғыштың құрамынан бастапқы қоздырғы затты және УВТ-дағы шамалы АЗ шығарудың арқасында жүйе механикалық әрекетке жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл жүйе электрлік және электрлімагниттік әрекетке сезімталсыз және теспелерді түйіршікті атылғыш заттармен механикалы оқтауды қолдануға мүмкіндік жасайды.