Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу техно...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.01 Mб
Скачать

5.2 Өрлемелерді ілмелі клеттердің көмегімен өту

Бұл схеманың мәні мынада. Бастапқыда келешек өрлеменің осі бойынша диаметрі 90 - 300 мм төтел бұрғыланады. Төтелді жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары бұрғылауға болады. Төтелдің бағыты ұзындығы 1500 мм арнайы кондуктор-құбырға бекітілген маркшейдерлік құралдың көмегімен аспаптық беріледі. Төтел өзінің негізгі қызметі арқанды өткізумен қатар желдету үшін де қолданылады, сондай-ақ, аттырыстық жұмыстың нәтижелі жақсаруына мүмкіндік жасайды.

Осы заманғы бұрғы станогі (НКР-100) қаттылығы f = 10 - 16 жыныс бойынша 12 - 16 м/ауысымына жылдамдықпен диаметрі 90 - 110 мм құрайтын төтелді бұрғылауды қамтамасыз етеді.

Үстіңгі жатқан горизонтта ЛПК-4/500 немесе ЛКПУ-2 типті шығыр (лебедка) орнатылады (5.2 - сурет), сондай-ақ, диаметрі 400 мм доңғалақты орната доңғалақасты кәсек құрастырылады.

Шығыр арқаның төтел арқылы астыңғы жатқан горизонтқа өткізеді және арқанға клетті іледі.

5.2 - сурет - Жоғарыдағы горизонтқа шығырды (лебедканы) орнату

Өрлемелерді ілмелі клеттердің көмегімен өту схемасы 5.3 – суретте көрсетілген.

Өрлеменің көлденең қимасының пішіні мен мөлшеріне байланысты диаметрі 1500—3000 мм ілмелі клеттер квадратты немесе тікбұрышты пішінді қабылданады. Клеть дәнекерленген конструкцияны құрайды және екі этаждан тұрады. Этаждар бір-бірімен швеллерден жасалған тіреулермен қосылады. Швеллер бір жағынан клеттің өрлеме бойынша жылжуы үшін шаңғы қызметін атқарады. Үстіңгі алаң қақпақтан тұратын люкпен, ал астыңғы – бір люкпен жабдықталынған. Үстіңгі алаң жұмысшыларды кенжарға көтеру кезінде кесек жыныстардың құлауынан сақтайды. Одан теспелерді бұрғылау және оқтау жұмыстары орындалады, сондай-ақ, аттырыстан кейін кенжарды шабақтау жұмысы жүзеге асырылады. Бұрғы балғаларын және қарнақтарды бекіту үшін үстіңгі алаңда арнайы ұя бар. Үстіңгі алаң мен астыңғы алаңға қатынасу үшін саты орнатылады.

Клеттің ортасында екі негізгі каркастық құбыр қарастырылған. Құбырлар ауаны тарату үшін қызмет атқарады.

Ілмелі клеттің техникалық сипаттамасы

Жүк көтергіштігі, кг………………………………………….................................500

Көтерме шығырдың типі…………................................................ЛПК-4/500, ЛКПУ-2

Аз айналмалы көтерме арқанның диаметрі, мм.......................................................25

Көтерме биіктігі, м………………………………………………………….……...100

Көтеру және түсіру жылдамдығы, м /мин……………………………………....7 - 14

Алаңның көлденең қимасының ауданы, м2………………………….…………....1,8

Қоршаусыз биіктігі, м……………………………………………….………….......3,0

Массасы, кг…………………………………………………………………….……580

Клетті НИГРИ конструкциясының байланыс аппаратурасымен жабдықталынады. Аппарат шығыр машинисі мен клеттегі жұмысшыларды дауыс зорайтқышымен қабылдауды қамтамасыз етеді.

Ілмелі клеть өрлеме бойынша жүктерді, адамдарды түсіруге және көтеруге арналған. Клеттің көмегімен ұңғымалық циклдің жұмыстары орындалады: өрлеме кенжарын аттырыстан кейін қауіпсіздік күйге келтіру, өрлеме кенжарында теспелерді бұрғылау және оқтау.

Көтеру алдында клетке солқылдақ қорғаушы саты бекітіледі. Өрлеме кенжарына клетті көтеру жынысты тиегеннен кейін жүзеге асырылады. Клетті көтеру кезінде ұңғымашылар астыңғы алаңда тұрады.

Өрлеме кенжарында клеть бұрандалық құрылғының көмегімен бекітпеленуден алынады. Үстіңгі алаңда кенжарды қауіпсіз күйге келтіру жұмысы орындалады. Кенжарды ауамен қамтамасыздандыру диаметрі 1,5" құбыршек бойынша, ал сумен - диаметрі 1" құбыршекпен жүзеге асырылады. Құбыршектер клеттің алаңындағы ауатаратушыларға қосылады.

Теспелерді бұрғылау ПТ-36 типті телескоптық перфораторлармен орындалады.

Диаметрі 1700 мм шеңбер пішінді өрлеме үшін қатты жыныстарда теспелердің кенжарда жарма төтелімен орналасу схемасы 5.4 – суретте бейнеленген.

5.3 – сурет - Ілмелі клеттің көмегімен өрлемені өту схемасы:

1 - ЛКПУ-2 типті қысымдық шығыр (лебедка); 2 – доңғалақ (шкив); 3 – клетті ілуге арналған арқан; 4 – жұмыс күйіндегі клеть; 5 - жыныс; 6 – жарылыс алдындағы клеттің қалпы; 7 – тартқыш шығыр (лебедка)

Атылғыш заттар ретінде тастақ аммонит № 1, динафталит, аммонит № 6ЖВ қолданылады. Аттырыс тәсілі — электрліотты. Теспелерді бұрғылау мен оқтау жұмыстары аяқталғаннан кейін аттырыс алдында клеть астыңғы горизонтқа түсіріледі және ЛТ-3 типті шығырдың көмегімен клеттен босатылған көтерме арқанның тұсына жеткізіледі. Көтерме арқаны аттырыс алдында төтелден шығарылады. Кенжар аттырыстан кейін үстіңгі горизонтта орнатылған ВМ-6 типті желдеткішпен желдетіледі. Желдетудің жиі тараған схемасы - сормалы.

Тәсілдің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:

- өрлемелерді жыныс қаттылығы f <10 өту мүмкіндігі;

- өрлеменің көлденең қимасы пішінінің арқасында қазу көлемдерін экономияландыру;

- атқаратын қызметіне байланысты өрлеме салыстырма шамалы көлденең қиманы қажет етеді;

- өрлемені диаметрі 3000 мм толық қимамен ерекше қатты және тұрақты жыныстарда өту мүмкіндігі;

- төтел арқылы кенжарды желдетуді жақсарту;

- аттырыс жұмыстарының тиімділіктерін арттыру және атылғыш материалдарының шығымын азайту;

- өрлемені өту үдірісі кезінде оның бағытын маркшейдерлік бақылауды жеңілдету.

Тәсілдің кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: өрлемелерді өтудің қиындығы, төтелді бұрғылау үшін қосымша шығындардың жұмсалуы, ілмелі клетпен адамдарды түсіру мен көтеруде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің күрделілігі.

Практикаларға мысалдар.

Дзержинск атындағы кеніштің «Саксагань» шақтысында биіктігі 80 м өрлеме өтілді. НКР-100 типті бұрғы станогімен 12 күннің ішінде 76 м тереңдікті төтел бұрғыланды. Теспелерді бұрғылау жұмыс сөресінен телескоптық перфораторлардың көмегімен жүзеге асырылды (5.4 - сурет). Төтелдің болуы арқасында теспелердің саны 10 %, АЗ шығысы 22 % қысқартылды, желдетудің жақсаруы, 16 күннің ішінде ұзындығы 61 м өрлеме өтілді (114 м/айына), еңбек өнімділігі 30 % өсті.

Алтайдың «Верхний» кенішінде ілмелі клеттің көмегімен өрлемені жылдамдықпен өту жүзеге асырылды: 26 жұмыс күн ішінде көлденең қимасы 4,5 м2 құрайтын және қаттылығы f = 14 – 16 жыныс бойымен 162,5 м өрлеме өтілді.