
- •Мазмұны
- •2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.1 Бұрғыаттырма жұмыстарының көрсеткіштері және олардың мәні
- •2.2 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.3 Теспелерді орналастыру схемалары
- •2.4 Бұрғыаттырма жұмыстарының шамашарттары
- •2.5 Теспелерді бұрғылауды механикаландыру
- •2.6 Теспелерді оқтауды механикаландыру
- •3 Тиеме-көлік жұмыстары
- •3.1 Тиегіш машиналарының түрлері және оларды қолдану шарттары
- •3.2 Шетелдік фирмалардың өзіжүргіш тиегіш машиналары
- •3.3 Жыныстарды тиеу кезінде алмастыру тәсілдері және көліктік жабдықтар
- •3.4 Тиеме-көліктік жиынтықтардың пайдалану өнімділіктері
- •3.5 Ұңғымалық жұмыстарды механикаландыру жиынтығы
- •3.6 Өзіжүргіш жабдықтардың оңтайлы ұңғыма жиынтығы
- •3.7 Тиегіш және көліктік техникаларды жетілдірудің бағыты
- •4 Тұрақты тіреулерді орнату технологиясы
- •4.1 Бүркітпе бетонды бекітпелеу технологиясы
- •4.2 Қарнақты тіреуді орнату технологиясы
- •4.3 Жыныстарды бекіндіру
- •4.4 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •4.5 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •4.6 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолданып, дайындау қазбаларын жүргізудің шамашарттарын есептеу
- •4.6.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.6.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •4.6.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •5 Өрлемелерді жүргізу технологиясы
- •5.1 Өрлемелерді қысқа теспелік тәсілмен жүргізу
- •5.2 Өрлемелерді ілмелі клеттердің көмегімен өту
- •5.3 Өрлемелерді өзіжүргіш сөрелердің (полоктардың) көмегімен өту
- •5.4 Өрлемелерді бұрғылау тәсілімен жүргізу
- •5.5 Терең төтелдермен жыныстарды уатпалай өрлемелерді өту
3.4 Тиеме-көліктік жиынтықтардың пайдалану өнімділіктері
ППН-2Г типті тиеуші машинасынан және ВС-5 типті өзіжүргіш вагоннан тұратын жиынтықтың ауысымдық тұтынымдық өнімділігі төмендегідей анықталады:
(3.1)
мұнда Qэ – ауысымдық өнімділік, м3/ауысымына (борпылдақ массада);
V – вагонның сыйымдылығы, м3;
Кз = 0,9 – вагонды толтыру коэффициенті;
Vк = 0,32 м3- шөміштің сыйымдылығы;
Кзк= 0,75 – шөмішті толтыру коэффициенті;
tц = 0,3 мин - көсу циклінің ұзақтығы;
tв = 3,1 мин – вагонға тиеу алдында шойтасты кесектерді уату уақыты;
L – тасымалдау қашықтығы, м;
=50
м/мин
–
вагонның
орташа жылжу жылдамдығы;
tp = 0,5 мин - вагоннан жынысты кен құдыққа түсіруге жұмсалатын уақыт.
ПНБ типті тиеу машинасынан және МоАЗ типті өзітүсіргіштен тұратын жиынтықтың ауысымдық тұтынымдық өнімділігі төмендегідей анықталады:
(3.2)
мұнда Qэ – ауысымдық тұтынымдық өнімділік, м3/ауысымына (борпылданған күйінде);
QT – тиеу машинасының техникалық өнімділігі, м3/мин;
Басқа белгілер 3.1 – формуласындағыдай, оларды келесіге тең қабылдау қажет V=8 м3; К3=0,9; tв=10-15 мин; Ro= 1,05; даярлық қазбалар бойынша vс=80 м/мин және магистральдық тасымалық қазбалар бойынша vс =160 м/мин; tp=1 мин.
ПТ және ПД типті тиеуші-тасымалық машиналармен жынысты тиеу кезінде машинаның ауысымдық тұтынымдық өнімділігі төмендегідей анықталады:
(3.3)
мұнда Qсм – ауысымдық өнімділік (тығыз массада), м3/ауысымына;
tпз = 30-70 мин/ауысымына – машинаның типіне байланысты даярлау-аяқтау операциясының ұзақтығы;
Кр= 1,5 1,8 – тау-кен массасының борпылдану коэффициенті;
tB = 0,8 – 3 мин/рейс – машинаның маневрленуіне, тау-кен массасының жиналымына, олардың борпылдануына және шойтастардың уатылуына байланысты қосалқы операцияға жұмсалынған уақыт;
to — бір рейсте негізгі операцияға жұмсалынған уақыт, мин
to =2L/vc+tп+tр, (3.4)
мұнда L - тасымалдау қашықтығы, м;
vc = 75 80 м/мин – тасымалдаудың орташа жылдамдығы;
tр=1 мин - түсіруге жұмсалынған уақыт;
tn = 0,9 - 1,4 мин – ПД типті машинасының жыныстарды тиеуге жұмсалынған уақыты (орташа уақыты 1,1 мин), ал ПТ типті машина үшін:
tп = VKзtц / (VкKзк), (3.5)
мұндағы V және VK - сәйкес, қорап пен шөміштің көлемі, м3;
Кз и Кзк – қорап (0,9) пен шөміштің (0,75) толтырылу коэффициенті;
tц = 0,8 мин - көсу циклінің ұзақтығы.
3.5 Ұңғымалық жұмыстарды механикаландыру жиынтығы
Тау-кен қазбаларын жоғары жылдамдықпен өту тек қана өндірістік үдірістерді комплекстік механикаландыру және еңбекті алдыңғы қатарлы әдістермен үйлесімді ұйымдастыру арқасында мүмкін. Қазіргі кезде шақтылар мен кеніштердің құрылыс мерзімдерін қысқарту алдыңғы қатарлы техникаларды және технологияларды қолдана шапшаң ұңғыламаларды кеңінен енгізу, сондай-ақ жұмыстарды циклдік ұйымдастыру арқылы шешіледі. Жұмыстарды циклдік ұйымдастыру ұңғымалық циклдің әрбір үдірісін көрсетілген мерзімде және белгіленген кезектікпен орындалуын қарастырады. Ол механикаландыру жолдарын толығымен қолдануды, жұмысшыларды дұрыс орналастыруды қамтамасыз етеді.
Қондырғылар (комплекстер) қаттылығы f 14 жыныс бойымен екі рельстік жолды қазбаларды өтуге арналған. Олар ұңғымалық жабдықтардың жиынтығын құрайды. Қазбаларды 300—400 м/айына жылдамдықпен өту үшін жиынтықтарда барлық негізгі қиын үдірістерді механикаландыру қарастырылған. Жыныстардың қаттылықтарына байланысты теспелерді бұрғылау қысымдық немесе электрлік бұрғы машиналарымен жүзеге асырылады. Жынысты тиеу кезінде кенжар тұсының көлігін механикаландыру қарастырылған. Жыныстардың тиелу жағдайларына байланысты тиегіштер, екі жақты съездер, плита-айырықтар, құрастырма шығыршықтар (лебедкалар) немесе арбалар және т.б. қолданылады.
Қазіргі кезде жүрісі қысым шиналық қуатты өзіжүргіш жабдықтарды кеңінен қолданудың арқасында көптеген кеніштерде қазбалардың көлденең қималарының аудандарының ұлғайғаны байқалды. Кеніштерде көлденең қимасының ауданы 10 м2 жоғары қазбалар еншісін 60 - 70% құрайды. Рельсті жүрісті ұңғымалық машиналармен салыстырғанда өзіжүргіш бұрғы және тиеу-тасу машиналарының өнімділігі, мобилизациялануы және маневрлігі жоғары. Бірақта, егерде бір ауысым ішінде олар 2 - 3 кенжарларда қолданылмаса, онда ұңғымалық жұмыстардың өзіндік құны рельстік немесе шынжыр табанды жүрісті жабдықтармен салыстырғанда артады.
Рельссіз көлікті және өзіжүргіш жабдықтарды қолдану кезінде жақсы көрсеткіштерге ұңғымалық машиналардың саны минимальды, мысалы, бұрғылық-тиеуші машинаны ВС типті өзіжүргіш вагонмен немесе өзітүсіргіш машинамен біріктіре қолданған жағдайда жетуге болады (3.19 - сурет). Онда ПНБ типті машинасында ілмелі бұрғы жабдығының болмаған жағдайында қосымша бұрғы арбасы қажет болады. Бірақта, осындай жағдайда қазбаны өтудің құны біршама қымбатқа түседі.
Көліктік қазбаларды жүргізу кезінде сондай-ақ, ПТ типті тиеп-тасушы немесе ПД типті тиеп-жеткізуші машиналармен бірге өзіжүргіш бұрғы арбалары жақсы сипатталады (3.20 - сурет).
Көлденең қимасының ауданы 11-ден 20 м2-ге дейінгі күрделі қазбаларды қаттылығы f = 8 - 16 жыныстарда өзіжүргіш жабдықтарды қолдана, 200 - 300 м/айына жылдамдықпен өту үшін екі негізгі ұңғымалық жиынтық (комплекс) қарастырылған:
- СБУ-2М, БКГ, Параматик типті және т.б. бұрғы арбалары, ПНБ-ЗК типті тиеу машинасы және МоАЗ-7405, Блоу Нокс типті өзітүсіргіш және т.б. машиналар;
- Миниматик, Бумер Н-115, УБШ-315 типті бұрғы арбалары және ПД-6, ПД-8, ТОРО - 350Д, ТОРО - 500Д типті тиеп-жеткізуші машиналар және т.б.
Ұңғымашылардың еңбек өнімділіктері 5,1 - 13,9 м3/адам – ауысымына құрайды.
Қазбаның өту жылдамдығы (м/айына) және комплекстік өнімділігі (м/ауысымына) жиынтыққа кіретін кеншақтылық жабдықтардың техникалық мүмкіндіктерін ескере есептік жолмен анықталынады. Әртүрлі комплекстерді қолдануды талдау механикаландыру тәсілдері шамашарттарының қазбаларды жүргізу жылдамдықтарына және келтірілген шығындардың шамаларына әсерін айқындауға мүмкіндік жасады.
Қазбаларды өтудің техника-экономикалық көрсеткіштеріне бұрғылау жабдықтарының өнімділіктері көп әсер етеді. Мысалы, бұрғылау жабдықтарының өнімділіктерінің 1,8 - 2,6 есе артуы қазбаның өту жылдамдығының 1,3 - 1,5 есе өсуіне жеткізеді.
Ұңғымалық жұмыстардың көрсеткіштеріне теспелерді бұрғылау циклінде автоматтандырушы деңгейді сипаттаудың шамашарттары елеулі әсер етеді. Осындай жетілдірілген шамашарттарға УБШ-221Д, УБШ-331Д типті жаңа бұрғылау қондырғылары ие болады. Өзіжүргіш бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстыру жылдамдықтарын арттыру қазбаны өтудің техника-экономикалық көрсеткіштері өзгерістеріне көп әсер етпейді. Теспелерді бұрғылаудың механикалық жылдамдығын 20 % өсіру теспелерді бұрғылау үдірісінің өнімділігін 5,6 %, ал қазбаның жүргізу жылдамдығын 1,5-5 % арттыруға мүмкіндік жасайды.
3.19 – сурет - Бұрғылап-тиеу машинасымен және өзітүсіргішпен қазбаны өтудің технологиялық схемасы
З.20 – сурет - ПД (1) типті тиеп-жеткізу машинасымен және 2УБН-2П (2) типті бұрғы қондырғысымен қазбаны өтудің технологиялық схемасы
Өнімділігі жоғары тиеу және қуатты көлік жабдықтарын енгізу қазбаның өту жылдамдығын арттыруға мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге, өтудің техника-экономикалық көрсеткіштеріне вагондардың жүк көтергіштері және олардың құрамдағы саны көп әсер етеді. Бір кенжарда тиеп-тасушы машиналармен бірге жұмыс істейтін жиынтықтардың техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау арқасында тау-кен массасын бірдей ұзындыққа (100 м) жеткізуде ПТ-4 типті машинаның тиімділігі ПТ-6 типті машинасымен салыстырғанда жоғары, ал ПД-2Э типті машинаның тиімділігі ПД-3 типті машинасымен салыстырғанда жоғары екендігі дәлелденді.
Есептеудің көрсеткіші бойынша қазбаны кәдімгі тәсілмен өту кезінде жиынтықтағы өзіжүргіш машиналардың қуаты арттырылған жағдайда жабдықтардың жұмыссыз тұруы күрт ұлғаяды, тиеп-тасушы машиналар мен бұрғы арбаларының қолдану коэффициентінің қуаты төменгі қуатты жабдықтармен салыстырғанда 30 - 50 % азаяды.
Есептік мәліметтерді талдаудың негізінде 3.7 - кестеде қысымдоңғалақты жүрісті өзіжүргіш машиналармен қазбаларды өтуге арналған тиімді жиынтықтар келтірілген [3].
Уақыт бойынша жабдықтарды тиемелеу дәрежесі машиналардың пайдалану коэффициентімен сипатталынады және жұмыс кезіндегі регламенттік үзіліс пен қабылданған жұмыстардың ұйымдастырылуындағы даярлық-аяқтарлық операциялардың ұзақтығын ескере есептік жолмен анықталынады.
Ұңғыма циклінің негізгі операциялары бойынша ауысым уақыты төмендегідей бөлінеді: теспелерді бұрғылау 25 - 30 %, теспелерді оқтамалау және аттырмалау 10 - 15 %, тау-кен массасын тиеу 35 - 45 %. Есептік көрсеткіш бойынша көп кенжарлы қазбаларды өту кезінде бір кенжардан екінші кенжарға дизельдік машиналардың жүру ұзақтығы ұңғыма циклі ұзақтығының шамалы процентін құрайды.
Мысалы, кенжарлар арасындағы арақашықтық 75-тен 200 м-ге дейін өзгерген жағдайда бұрғы арбаларының жүру ұзақтығы орташа есеппен 2-ден 4 минутқа дейін өседі, ал тиеп-жеткізуші машиналардың жүру ұзақтығы - 2-ден 3 минутқа дейін құрайды.
Кеніштерде орындалған байқаулар бойынша дизельдік машиналардың жылжу жылдамдықтары 3-тен 10 км/сағатына дейін құрайды және жүру ұзындығына шамалы байланысты.
Бір кенжарлы қазбаларды өтумен салыстырғанда көп кенжарлы үңгілерді өту кезінде өзіжүргіш машиналардың пайдалану коэффициентінің Ки ұлғаюымен қазбалардың орташа айлық жылдамдықтары өседі және жұмсалынған шығынның көрсеткіші төмендейді. Көп кенжарларды кезінде кенжарлар бір-бірінен 300 м-ге дейінгі арақашықтықта орналасқан жағдайда өзіжүргіш машиналарды қолданған тиімді. Осындай жағдайда өзіжүргіш техниканың пайдалану коэффициенті Ки 2 еседен астам өседі, ал өту жылдамдығы 2 - 2,5 есе артады. Қуаты жоғары жабдықтарды көп кенжарлы қазбаларды өту кезінде қолданған жөн болады.
Көп кенжарлы қазбаларды өтудің ұйымдастырылуын қазбалардың орналасуының барлық технологиялық схемаларында қолдануға болады. Бұл ұңғымашылардың еңбек өнімділіктерін бір қазбаны өту көрсеткіштерімен салыстырғанда 30 - 40 % арттыруға мүмкіндік жасайды.
3.7 - кесте - Қысымдоңғалақты жүрісті өзіжүргіш машинамен қазбаны жүргізуге арналған жиынтықтың нәтижелігі
Кентехникалық жағ-дайлар бойынша жи-ынтықтарды қолдану облысы |
Жиынтықтар құрамы |
Ұңғымалық циклдің ұзақтығы, мин |
Өту жыл-дамдығы, м/айына |
Жұмсалған қаражат, тг/м |
S= 4...14 м2; f=38
S= 6...10 м2; f6
S= 10...15 м2; f6
S= 15 м2; f6 |
УБШ-120Э; ПД-2Э УБШ-120Э; ПТ-4 СБКН-2МП; ПД-2Э СБКН-2МП; ПТ-4; УБШ-331Д; ПД-5 УБШ-331Д; ПД-8М УБШ-421ДГ; ПД-8М |
273,1 279,4 390,8 388,9 412,3 265,2 399,8 |
166,2 162,4 116,1 118,2 110,1 124,3 113,5 |
34970 35490 62500 60950 106000 145400 159600 |
Мысалы, «Казахмыс» корпорациясының Анненск кенішінде СБУ-2М және ПНБ-ЗД типті ұңғымалық жиынтық шөміш сыйымдылығы 7 м3 УБШ-312А және ПДМ «Торо-501Д» типті жиынтықтарға ауыстырылған [19]. Сипаттық ерекшелігінің бірі болып тасымалдау қашықтығының алыстығы (2 км) саналады. Бұл ПДМ машинасы мен шиналардың тоздырылуын арттырады, жанғыш-майланғыш материалдардың шығынын және қазбаның газдылығын өсіреді. Сондықтан әрбір 300 - 500 м аралықта жүккөтергіштігі 22 т МоАЗ-7405 типті өзітүсіргіш жүру пункті ұйымдастырылған.
Көп кенжарлы қазбалар бұрғылау мен тиеу уақыттарын біріктіруге мүмкіндік жасайды, уақыт бойынша машиналарды қолдану арқасында олардың жүктемесі артады.
Анненск кенішінде жүргізілген зерттеудің көрсеткіші бойынша жеткізу ұзындығы 500 м-ге дейін құраған жағдайда және өзітүсіргішке жынысты тиеу кезінде қазбаның өту жылдамдығы 200 - 250 м/айына құрауы мүмкін.