Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТКЖ ДҚЖТ Оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.31 Mб
Скачать

2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу

2.1 Ұңғыма циклі

Көмір және рудалық шақтыларында қаттылығы f > 6…8 жыныстар бойынша жазық қазбаларды жүргізудің негізгі тәсілі ретінде бұрғыатпалық саналады.

Ұңғыма циклі деп орындалатын жұмыстар мен үдірістердің жиынтығын атайды. Белгілі бір тәртіппен орындалған жұмыстардың арқасында даярлау кенжары теспенің тереңдігін анықтайтын тапсырылған шамаға жылжиды.

Ұңғыма циклінің құрамына негізгі үдіріс пен қосалқы үдіріс кіреді. Негізгі үдіріс тізбекті немесе жартылай бірлестіре орындалады. Қосалқы үдіріс негізгі үдіріспен параллельді орындалады. Негізгі үдіріске келесі жұмыстар кіреді:

- теспелерді бұрғылау;

- теспелерді оқтау;

- теспелік оқтамаларды аттыру;

- аттырыстан кейін кенжарды желдету;

- кенжарды қауіпсіздік күйге келтіру;

- жынысты тиеу;

-тұрақты тіреуді орнату.

Қосалқы үдіріске келесі жұмыстар кіреді:

- құбырлар мен кабельдерді ілу;

- суақпа жырасын қондырғылау;

- рельстік жолдарды өсіру;

- науаны өсіру;

- дара рельстік жолды өсіру;

- уақытша тіреуді орнату.

Негізгі үдіріс міндетті түрде орындалуы тиіс және жоғарыда айтылған тәртіпті сақтайды. Кейбір жағдайда қосалқы үдірістің жұмыстары толығымен орындалмауы мүмкін. Мысалы, егер қазба құрғақ болатын болса, онда суақпа жырасын қондырғылаудың қажеті жоқ, ал рельстік жолдарды салу жұмысы қазбаны толығымен өткеннен кейін орындалуы мүмкін.

2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары

Қазбаны жүргізу кезінде бұрғыаттырма жұмыстары келесіні қамтамасыз етуі қажет:

- берілген өлшемдер шегінде тау-кен жыныстарының бұзылуын және қазбаның көлденең қимасының пішінің;

- қазбаны дәл жиектеуді және қиманың артықтық коэффициентін азайтуды;

- жынысты сапалы (біркелкі) ұсақтауды және қазба бойынша жыныстың минимальды лақтырысын (жыныстын тиеу өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын);

- теспелердің пайдалану коэффициентін (ТПК) арттыра қазбаның берілген шамаға жылжуын.

Бұл айтылған талаптар БАЖ шамашарттарын дұрыс таңдаумен қамтамасыз етіледі: АЗ түрлерін, оқтаманың конструкциясы мен мөлшерін, теспелердің тереңдігін, теспелердің санын және олардың кенжарда орналасуын.

Әрбір қазбаға бұрғыаттырма жұмыстардың паспорты істеледі және жасалады. Паспорт рудниктің немесе шақтының бас инженерімен бекітіледі. бұрғыаттырма жұмыстардың паспорты мен кен мастерлері, бригадирлер, аттырушылар және ұңғымашылар танысулары қажет. Бұрғыаттырма жұмыстардың паспорты келесіні құрауы қажет: теспелердің номерлігін көрсете үш проекциямен кенжарда олардың орналасу схемасын, кенжар жазықтығына теспелердің құлау бұрыштарын, теспелердің тереңдігін және оларда оқтамалардың реттік аттырысын, теспедегі оқтама конструкциясының схемасын; теспелердің орналасу схемасына кестені (кестеде жыныстар категориялары, теспелердің диаметрі мен ұзындығы, әрбір теспедегі оқтама массасы, жанғыш трубкасының ұзындығы жөнінде мәліметтерді және т.б. келтіреді); адамдарды өткізбеу постасының схемасын (кен жұмыстары жоспарынан көшірмені құрайтын схема), желдетпе ағысының жылжу бағытын және аттырушының таса жерге орналасу орнын, адамдарды өткізбеу постасының және аттырыс жұмыстарын жүргізу кезінде ұңғымашылардың тосу орнын келтіре; негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері паспортының кестесін (кестеде қазбаның өлшемдері, қолданылатын АЗ түрлері және инициироваландыру тәсілі (ИТ)), АЗ меншікті шығыны және ИТ жөнінде мәлімет, атылған жыныстын көлемі, теспелердің пайдалану коэффициенті (ТПК) жөнінде мәліметтер және т.б. келтіріледі).