
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
Пайдалану кезінде тау-кен қазбаларын күтіп ұстауды және төзімділікті қамтамасыз ететін негізгі құрал болып тіреу саналады. Тіреу қоршаған жыныстармен күрделі әрекеттестікте болады. Ол "тіреу - массив" жүйесінің құрылымдық бөлігі ретінде қараластырылуы қажет. Оның күйі қазбаны жүргізу кезіндегі геомеханикалық үдірістермен анықталынады.
Бұл жүйенің әрекеттестік шамашарттары, яғни тіреу мен массивтің байланыстарында қысымның және отырыстың байқалысы тіреудің геомеханикалық шамашарттары ретінде саналады. Оларды тіреудің икемділігі мен көтеруші қабілеттілігі деп атайды.
Тіреудің икемділігі – тау-кен жыныстарының қысымы әрекетінен тіреудің көтеруші және жұмыс қабілеттілігін сақтай отыра өзінің негізгі өлшемдерін кішірейте алуы.
Массивте механикалық үдірістердің байқалу сипаты онда кернеудің және жыныстың физика-механикалық қасиеттерінің пайда болуымен анықталынады.
Қазбаны жүргізуге дейін массивте табиғи (бастапқы) кернеу алаңы бар болады. Ол негізінде гравитациялық күштің әрекетімен анықталынады. Кернеу алабының тік компоненті Н тең, ал жазық компоненті - kН, мұндағы - жыныстың орташа өлшемді үлес салмағы; Н – қарастырылатын массив нүктесінің тереңдігі; k – бүйір кермесінің коэффициенті. Жетілген тереңдікте қазу жұмысы кезінде бүйір кермесінің коэффициенті шамамен 1 тең.
Кейбір аудандарда тектоникалық үдірістердің жалғастырылған жағдайларында немесе массивтің құрылымдық-механикалық ерекшелігі әсеріне байланысты гравитациялық алаң бұрмалануы мүмкін, және бас кернеу тік пен жазық кернеулерден ауытқуы және Н - тан сол немесе басқа жаққа шама бойынша айырылуы мүмкін.
Қазбаны жүргізу кезінде оны қоршаған массивте тұтас ортаның механика заңдарына сәйкес кернеудің қайта бөлісі байқалады. Қазбаны жүргізу арқасында оны қоршаған жыныстарда күш пайда болады. Пайда болғаш күш –тау қысымы деп аталады.
Тау қысымының әсерінен әр түрлі механикалық құбылыстың болуын (тіреу мен жыныстардың өзгерісі, құлауы, опырылысы, табанның сығуы және т.б.) тау қысымының білінуі деп атайды.
Бұл жағдайда пайда болған кернеу шамалары мен жыныстардың механикалық қасиеттерінің ара қатынастарына байланысты өзгеріс үдірістері екі түрге бөлінуі мүмкін:
- массив серпінділік шегі бойынша өзгереді немесе онда жылжымалық өзгеріс пайда болады (кернеу жыныстың ұзақ беріктігінен асырылмайды);
- массив жыныстардың бұзылуымен өзгереді, және қазбаның жан жағында серпінділі емес өзгерістік аймақ пайда болады (әрекет кернеуі жыныстың ұзақ беріктігінен асырылады).
Серпінділік өзгеріске ұшырау жыныстың жалаңаштанған нұсқасының шамалы жылжуын шақырады, және қазба бұл жағдайда көтеруші тіреусіз пайдалануы мүмкін.
Серпінділі емес өзгерістік аймақ пайда болған жағдайда "тіреу - массив" жүйесінің тепе-теңдігі қазба нұсқасының белгілі бір жағдайда жылжуымен және тіреу тойтарысымен басталады.
Айтылған мәліметтерден "тіреу - массив" жүйесінің әрекеттестік механизіміне сүйене әр түрлі кен-геологиялық жағдайларда тіреудің негізгі екі жұмыс істеу тәртібін атап көрсетуге болады:
- берілген жүктеменің тәртібі;
- бір-біріне әсер етуші өзгерістердің тәртібі.
Тіреуге қысым жыныс массасы арқасында түскен жағдайда берілген жүктеменің тәртібі орын алады, және ол тіреу мен жыныс нұсқасының өзгеріске ұшырауына байланысты емес. Бір-біріне әсер етуші өзгерістердің тәртібі тіреу мен массивтің бірігіп жұмыс істеуін болжамдайды. Бұл жағдайда тіреуге түсетін салмақ жылжыма массивінің әрекетінен тіреудің өзгеріске ұшырауымен анықталынады.
Айтылған тертіптер алмасуы және қосылуы мүмкін. Сонымен тіреу бастапқыда төбе тұстан бөлінген жыныстарды ұстап тұруы және берілген жүктеменің тәртібі бойынша жұмыс істеуі мүмкін. Содан кейін жоғарыда орналасқан жыныс қабатшаларының қожырау қабілетінің өсу салдарынан бір-біріне әсер етуші өзгеріс тәртібіне ауысуы. Тіреу отырылымы үлкен болған жағдайда бір-біріне әсер етуші өзгеріс тәртібі берілген жүктеме тәртібіне ауысуы мүмкін.
Берілген жүктеме тәртібі бойынша жұмыс істейтін тіреу үшін жалғыз ғана геомеханикалық шамашарт болып оның көтерме қабілеттілігі саналады. Ал бір-біріне әсер етуші өзгеріс тәртібі бойынша жұмыс істейтін тіреу үшін оның негізгі шамашарттары болып отырылым мен көтеруші қабілеттіліктері саналады.
Тіреудің тау-кен массивімен әрекет ету жағдайы кезінде жұмыс істеу қабілеттілігі оның механикалық сипаттамасымен анықталынады. Ол тіреу реакциясының нұсқадан орын ауыстыру тәуелділігін көрсетеді (1.7-сурет).
Тіреудің жұмыс істеу қабілеттілігі үшін оның пішіні елеулі мән атқарады. Әсіресе күрделі кен-геологиялық жағдайлардағы қазбалар үшін. Әлсіз жыныстарда немесе үлкен тереңдіктерде қабырғалары түзу күмбезді тіреу жиі жағдайда өзгеріске ұшырайды. Себебі түзу қабырғалар бүйір жыныстарының жылжуына қарсы тұра алмайды. Бұндай конструкциялар тіреуге түсетін тік бағыттағы салмақ басым болған жағдайда қанағаттанарлық жұмыс істейді.
Күмбезі жазық тіреу төбе тұсы жағынан түсетін салмаққа қарсы тұра алмауы мүмкін. Сондықтан ол көп жағдайда өзгеріске ұшырайды.
Тау қысымының жан жақты болған жағдайларында сақиналы немесе соған шамалы тіреу пішіні (арқалы, күмбезі қайтарымды арқалы, эллиписс тәріздес) қолданымды.
Жиналмалы тіреулердің бір қалыпты жұмыс істеуіне жағдай тудыру үшін тіреу артындағы кеңістікті тиянақты толтырмалау саналады. Толтырма әртүрлі функцияны орындауы мүмкін. Бір жағдайларда ол икемділік элементін атқаруы мүмкін және сығулық қабілеттілігі жоғары болуы қажет. Басқа жағдайларда қазбаның барлық периметрі бойынша тіреу жыныстармен жақсы байланыста болуы қажет. Бұндай жағдайда тіреу өзінің серпінділік қасиетін жоғалтпауы қажет.
1.7- сурет - Тіреулердің механикалық сипаттамасы (R – тіреу реакциясы; L – тіреудің өзгеріске ұшырауы): 1 – конструктивтілігі икемділі емес (қатты тіреу); 2 – қарсылығының өсірмелі икемділі тіреу; 3 – қарсылығының тұрақтылы
икемділі тіреу
Нақты тау-кен қазбасы үшін тіреуді таңдау кезінде кен-геологиялық жағдайды талдау мен бағалау және жыныс нұсқасының күтімдік ығысу шамасын болжау қажет. Ығысуы үлкен әлсіз жыныстарда тіреу конструктивтік тұрғыдан қарағанда жоғарғы отырымдыққа және қарсылыққа жеткілікті болуы қажет. Төзімді, тұрақты жыныстарда жеңіл қоршаушы тіреулер қолданылуы мүмкін.
Жыныс ығысуы шамалы болған жағдайда конструкцияларында арнаулы отырымдық элементі қарастырылмаған тіреулер қолданылуы мүмкін. Қоршаған жыныстардың шамалы ығысуы тіреу мен жыныс нұсқасының арасындағы саңылау азғантай болған кезде байқалады.
Қазбаны жүргізуден кейін тіреуге түсетін қысым бірдей емес кезеңде әр түрлі шаманы құрайды. Бастапқыда тіреуге түсетін қысым бірнеше тәулік бойына барынша көп шамаға дейін өседі. Бұл уақыт кезеңіндегі тау қысымын тұрақтырылмаған тау қысымы деп аталады. Бұдан кейін тұрақталған кезең басталады. Тау қысымы тұрақты азайған шаманы құрайды.
Бұл кезеңде қазбаны қоршаған жыныстардың ығысуы доғарылады, себебі жыныстар тіреумен әрекеттестесе тепе-теңдік күйге келеді. Бұл кезеңде тіреуге түсетін қысым тұрақтырылған тау қысымы деп аталады.
Көршілес тау-кен қазбаларын жүргізу немесе ең таяу лавадағы көмірді алу кезінде және қайта бекітуде жыныстарда тепе-теңдік күй қайтадан бұзылуы мүмкін. Бұл кезде қайтадан әуелі тау қысымы өседі, содан кейін қандайда-бір уақыт аралығында тау қысымы тұрақталынады. Үлкен тереңдіктерде және әлсіз жыныстарда қысымның тұрақтандыруы байқалмауы мүмкін. Қысым тіреудің төзімділігі және оның өзгерісі толығымен қамтылғанша артады.
Тау-кен қазбаларын жүргізуден кейін тұрақтандырылған тау қысымының шамасы қазбаны қоршаған жыныстардың қасиеттеріне және құрылымына, қазбаның пішіні мен өлшемдеріне және басқада факторлерге байланысты. Қазбаның өлшемі неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым қысым жоғары. Шеңберлі немесе күмбезді пішінде қазба орнықты, ал тіреуге түсетін қысым тік бұрышты немесе трапеция тәріздес пішінмен салыстырғанда аздау.
Ұзын қазу бағаның жиектеуші, яғни тазартпа жұмыстарының әсерлік аймағында тұратын дайындау қазбасы тұрақталмаған тау қысымын екі рет сынайды: әуелі қазбаны өту кезінде, ал содан соң қазбамен лаваның жанасқан тұсындағы көмірді қазып алуда. Бұл жағдайда лавадағы көмірді қазып алудан кейін тау-кен қысымы жоғарғы үлкен шамаға жетеді, ал тіреуге түсетін салмақ жұмыс істейтін лавадағы кенжардан бекітпеге дейінгі ара қашықтыққа байланысты.
Жұмыс істеп тұрған лаваға жанасатын дайындау қазбасында тау қысымының үш аймағы байқалады (1.8 - сурет).
I аймақ. Бұл аймаққа қазбаның лава алдындағы 10-25 м – дей бөлігі жатады. Треуге түсетін қысымның шағындығымен сипатталады. Қазба көмір массивінің қоршауында болады.
II аймақ. Бұл аймақ тазартпа кенжар алдынан 10-25 м аралықтан басталады және оның артынан 40-100 м – ге қашықтыққа жайылады. Тақтаны қазудың әсерінен кен алынған кеңістікке төбе жыныстың сырғуы өседі және тау қысымының тез ұлғаюымен сипатталады. Төбе жыныстың қасиеті мен құрылымына, лава төбесін басқару тәсіліне, тазартпа кенжардың жылжу жылдамдығына және себептерге байланысты тау қысымы лава кенжары артында 5-20 м – дей аралықта барынша көп мәнге жетеді. Қазба лава кенжарынан көбірек алшақтаған сайын тіреуге түсетін тау қысымы төмендейді. Бұл аймақта тұрақталмаған тау қысымының әсерінен даярлау қазбасының тіреу өзгерісі және бұзылысы байқалады.
III аймақ. Бұл аймақ лава кенжары артындағы 40-100 м – ден артығырақ қашықтықты құрайды. Тұрақталынған тау қысымымен сипатталады.
Бір аймақтан келесі аймаққа тау қысымының ауысуы бір қалыпты өтеді. Қазбаның ұзындығы бойынша тау қысымы аймағы өлшемінің өзгерісі қазбаны қоршаған жыныстың физика-механикалық қасиеттеріне, лавадағы тақтаның алу қуатына, қазбаны қорғау тәсіліне және қазба қимасының өлшемдеріне байланысты.
Тау-кен жыныстарының ығысуын және тіреуге түсетін қысымды өлшеу жұмыстары арнаулы өлшеу станцияларымен жүзеге асырылады. Станциялар қазбада бір бірінен кейбір қашықтықта орналасады және нұсқалық пен тереңдік реперлермен жабтықталады. Олар жыныстың ығысуын анықтауға арналған. Динамометрлер мен датчиктер тіреуге түсетін жүктеменің шамасын өлшеу үшін арналған.
1.8 – сурет - Жұмыс істеп тұрған лаваға жанасатын дайындау қазбасындағы тау қысымының аймақтары
1.5 Тау-кен қазбаларының тіреулерін есептеу
Кәсекелі икемділі тіреулерді есептеудің белгілі әдістемелері мыналарды анықтауға жағдай жасайды:
- қазбаның төбесі, бүйірлері және табаны үшін тау-кен жынысының ығысуын дифференциенді түрде анықтау. Бұл мәндерді қазбаның көлденең қимасы ауданының шамасын коррекциялауда қолдану үшін:
S = Sр + DS,
мұндағы S – қазбаның көлденең қимасы ауданының түзетілген өлшемі;
Sр – қазбаның қызмет ету мерзімі бойынша ойдағыдай жұмыс істеуі үшін оның көлденең қимасы ауданының міндетті шамасы; негізінде қазбада жұмыс істейтін жабдықтардың габариттерін және ҚЕ бойынша қазбада ауаның ең жоғары жылжу жылдамдығын ескере анықталынады;
DS – қазбаны өту кезінде оның есептік көлденең қимасы ауданың молайтуға қажетті шама, яғни қазбаны қоршаған жыныстардың күтімдік ығысу шамасы;
- тіреу кәсектерін орнату тығыздығын анықтауға арналған тау-кен қазбасы тіреуіне түсетін күтімдік күш.
Кәсектік тіреулерді есептеу төменгі анықтауларды құрайды:
- қазбаны қоршаған жыныстардың есептік кедергілерін;
- қазба кескініндегі жыныстардың ығысуын;
- тіреуге түсетін есептік күштерді;
- қазбада тіреу кәсектерін орнату тығыздығын.
Бастапқы мәліметтер кешендеріне мыналар кіреді:
- кен-геологиялық мәліметтер (жыныстардың литологиялық құрамы, қуаты, М.М. Протодьяконовтың шкаласы бойынша жыныстың қаттылық коэффициенті, қазба өтілетін көмір тақталарының құлама бұрыштары, тау-кен жыныстарының тақталанбасына қатысты қазбаны жүргізудің бағыты, геологиялық бұзылымның байқалысы, олардың амплитудасы және қазбалардан алшақтығы, жыныстың сулылығы, қазбалардың жатыс тереңдіктері);
- өтілетін қазбалардың сипаттамасы (қимасы, ені және биіктігі, түрлері және міндеті, қызмет ету мерзімі, қазбалардың бір біріне өзара орналасуы, қазбаларды жүргізу тәсілі);
- тіреулердің сипаттамасы (түрі, кәсектің төзімділігі, икемділік шамасы).
1.2 – кесте - Тау-кен массивінің бұзылысын ескеруші коэффициенттің Kc мәні
Тектоникалық бұзылымның сипаттамасы және олардың қазбаға қатысты орналасу орны |
Кс |
Радиусы 300 м – ден көбірек пликативті бұзылым; 4N (N – қалыптылық бойынша амплитудалық бұзылым, м) жоғары қашықтықты дизъюнктивті бұзылым |
0,9 |
Радиусы 300 - ден 100 м – ге дейін пликативті бұзылым; 4N - нен N – ға дейінгі қашықтықты дизъюнктивті бұзылым |
0,6 |
N – нен кем емес қашықтықты дизъюнктивті бұзылым |
0,3 |
Массивтегі жыныс қатпарларының есептік кедергісі оның бұзылыстығын ескере төменгі формула бойынша анықталады:
Rci = Ri Kc, Мпа, (1.1)
мұндағы Ri- жыныс қатпарларының бір бетті сығу кедергісі, МПа; егерде М.М. Протодьяконовтың шкаласы бойынша жыныстың қаттылық коэффициенті f белгілі болса, онда Ri = 10f;
Kc – массивтің бұзылымын ескеруші коэффициент (1.2 - кесте).
Қазба сулы болған жағдайда кедергінің Ri ылғалдылықтың әсерінен кемуі жыныстардың беріктігін 20% - ке, алевролиттер мен сланецтердің – 40 % - ке, аргиллиттердің – 50 % - ке төмендету арқылы ескеріледі.
Қазбаның көлденең қимасының кескіні бойынша жыныстың сығылуының есептік кедергісі қазбаға килігетін қуаты 0,5 м – ден артығырақ барлық қатпарларды (тақталарды), жатысы қазба қимасының кескінінен төбе тұста 1,5b қашықтыққа, ал табан тұста – b, бүйір тұстарда жыныстар жазық және көлбеу құламада болса – қазбаның биіктігі бойынша анықталады. Бұнда b – қазбаның ені, м.
Жыныс қатпарлары үшін Rci мәні 30 % дейін өзгерген жағдайда жыныстың қысушы есептік кедергісінің біркелік орташаланған мәні төменгі формула бойынша:
, Мпа,
(1.2)
мұндағы Rc1...Rci – ескерілетін барлық қысушы жыныс қабатшаларының есептік кедергісі, МПа;
m1...mi – жыныс қабатшаларының қуаты, м.
Жыныс қатпарлары үшін Rci мәні 30 % жоғары болған жағдайда жыныстың қысушы есептік кедергісінің біркелік орташаланған мәні төбе, бүйірлер және табан үшін (1.2) формула бойынша жекеленіп анықталынады. Қазбаның нұсқасында U жыныстардың шынында ығысуы төменгі формула бойынша есептелінеді:
,
(1.3)
мұндағы k - жыныстардың созылымына қатысты қазбаның өту бағыты мен жыныстардың жатыс бұрыштарының әсерін ескеруші коэффициент (табл. 1.3);
kc - жыныстардың ығысу бағытын ескеруші коэффициент; тік бағыт бойынша жыныстардың ығысуын анықтау кезінде kc = 1, бүйір жыныстардың ығысуын анықтау кезінде kc 1.3 кестесінің мәліметтері бойынша қабылданады;
kS - қазбаның өлшемдерінің әсерін анықтаушы коэффициент; төбе мен табан үшін (1.4) формула бойынша, ал бүйірлер үшін (1.5) формула бойынша анықталады
kS = 0.2(b - 1) (1.4)
kS = 0.2(h - 1), (1.5)
мұндағы b, h – сәйкес қазбаны өтудегі ені мен биіктігі, м;
kв – басқа қазбалардың әсерін ескеруші коэффициент; даралы қазбалар үшін 1 тең қабылданады; қазбалардың бір жақты іргелесіп түйіскен жері үшін – 1,4; бұрылмалы екі жақты қазбаларды қолдану кезінде немесе қиып өтілетін күрделі түйіспе үшін – 1,6; қатарлас қазбалар үшін kв төменгі формула бойынша анықталады
,
мұндағы L – қазбалар аралығындағы қашықтық, м;
b1, b2 - өту кезінде қазбалардың бір бірімен әсер етуші ені, м;
kL - 1.4 кесте бойынша анықталушы коэффициент;
kt – жыныстардың ығысуына әсер етуші уақытты ескеруші коэффициент; kt коэффициентінің мәні қазбаның қызмет ету мерзімі мен шама қатынасына байланысты Hp / Rc (Hp - қазбаның орналасудағы тереңдігі, Rc – жыныстар қысылуының есептік кедергісі) 1.5 кестеде келтірілген;
Uт – жыныстардың типтік ығысуы, мм; қазбалардың орналасу тереңдігі мен жыныстар қысылуының есептік кедергісіне Rc байланысты 1.6 кесте бойынша анықталынады.
Қазбаның төбе, табан және бүйірлер тұстарының ығысуы жеке анықталынады.
1.3 - кесте - k және kc коэффициенттерінің мәндері
Қазбаларды жүргізу бағыты |
Жыныстардың құлау бұрыштарына байланысты ( градус) k мен kc коэффициенттері |
||||||||||
20-ға дейін |
21 - 30 |
31 - 40 |
41 - 50 |
50-ден жоғары |
|||||||
k |
kc |
k |
kc |
k |
kc |
k |
kc |
k |
kc |
||
жазылым бойынша |
1,00 |
0,35 |
0,95 |
0,55 |
0,80 |
0,80 |
0,65 |
1,20 |
0,60 |
1,50 |
|
құлама бойынша |
0,70 |
0,55 |
0,60 |
0,80 |
0,55 |
0,95 |
0,25 |
0,95 |
0,20 |
1,10 |
|
жазылымға құлама бұрыш бойынша |
0,85 |
0,45 |
0,80 |
0,65 |
0,65 |
0,90 |
0,45 |
1,05 |
0,35 |
1,10 |
1.4-кесте - kL коэффициентінің мәні
Қазбаның орналасу тереңдігі, м |
Жыныстар қысылуының есептік кедергісіне Rc (МПа) байланысты kL коэффициенті |
|||||||
30-ға дейін |
60 |
90 |
120-дан жоғары |
30-ға дейін |
60 |
90 |
120-дан жоғары |
|
жазылым бойынша/ құлама бойынша |
жазылымға құлама бұрыш бойынша |
|||||||
300-ге дейін |
3,5/2,0 |
1,8/1,6 |
1,5/1,3 |
1,2/1,0 |
1,8 |
1,5 |
1,2 |
1,0 |
301 - 600 |
4,0/2,5 |
2,0/1,8 |
1,7/1,5 |
1,4/1,2 |
2,2 |
1,8 |
1,5 |
1,2 |
601 - 900 |
4,5/3,0 |
2,5/2,1 |
2,0/1,7 |
1,6/1,4 |
2,6 |
2,1 |
1,7 |
1,4 |
901 - 1200 |
5,0/3,5 |
3,5/3,0 |
2,5/2,0 |
1,8/1,6 |
3,0 |
2,5 |
2,0 |
1,5 |
1200-ден жоғары |
5,5/4,0 |
4,0/3,5 |
3,0/2,3 |
2,0/1,8 |
3,4 |
2,9 |
2,4 |
1,7 |
1.5-кесте - kt коэффициентінің мәні
Hp/Rc |
Қазбаның қызмет ету мерзімі, жыл |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
10 |
12 |
14 |
|
20 |
0,95 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
24 |
0,82 |
0,93 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
28 |
0,71 |
0,82 |
0,92 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
32 |
0,65 |
0,74 |
0,82 |
0,97 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
36 |
0,58 |
0,67 |
0,75 |
0,82 |
0,87 |
0,91 |
0,95 |
0,98 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
40 |
0,53 |
0,61 |
0,68 |
0,75 |
0,80 |
0,84 |
0,88 |
0,91 |
0,95 |
0,99 |
1,00 |
60 |
0,39 |
0,49 |
0,56 |
0,61 |
0,66 |
0,70 |
0,73 |
0,76 |
0,81 |
0,85 |
0,88 |
1.6-кесте - Жыныстардың ығысуының Uт типтік мәні
Қазбаның орналасу тереңдігі, м |
Жыныстардың қысылуының есептік кедергісі, МПа |
||||||||
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
70 |
80 |
100 |
|
200 |
180 |
95 |
30 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
250 |
230 |
120 |
50 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
300 |
300 |
160 |
70 |
40 |
- |
- |
- |
- |
- |
350 |
380 |
200 |
100 |
50 |
30 |
- |
- |
- |
- |
400 |
460 |
250 |
120 |
60 |
40 |
- |
- |
- |
- |
450 |
570 |
305 |
160 |
80 |
50 |
15 |
- |
- |
- |
500 |
690 |
370 |
190 |
95 |
60 |
25 |
- |
- |
- |
550 |
800 |
420 |
225 |
110 |
70 |
30 |
10 |
- |
- |
600 |
930 |
495 |
270 |
130 |
80 |
40 |
15 |
- |
- |
650 |
1100 |
570 |
310 |
155 |
100 |
55 |
20 |
- |
- |
700 |
1250 |
660 |
360 |
180 |
120 |
70 |
30 |
- |
- |
750 |
1440 |
720 |
400 |
200 |
140 |
85 |
40 |
- |
- |
800 |
1600 |
780 |
450 |
230 |
155 |
100 |
50 |
10 |
- |
850 |
- |
890 |
510 |
265 |
170 |
120 |
65 |
20 |
- |
900 |
- |
970 |
580 |
300 |
210 |
140 |
85 |
30 |
10 |
950 |
- |
1060 |
630 |
340 |
230 |
160 |
100 |
40 |
15 |
1000 |
- |
1150 |
695 |
390 |
270 |
180 |
115 |
55 |
20 |
1050 |
- |
1260 |
765 |
440 |
300 |
210 |
135 |
70 |
25 |
1100 |
- |
1370 |
830 |
495 |
330 |
250 |
160 |
85 |
35 |
1150 |
- |
1490 |
910 |
545 |
370 |
280 |
175 |
100 |
40 |
1200 |
- |
1600 |
970 |
600 |
405 |
305 |
200 |
115 |
50 |
Ұзындығы 1 м қазбаға түсетін тік есептік салмақ төменгі формула бойынша анықталады:
Pв = kп kн kпр b Рнв , кH,
мұндағы kп – артылған салмақ коэффициенті, 1.7-кесте бойынша қабылданады;
kн – үміт арту коэффициенті, басты оқпан албары қазбалары үшін 1,1 тең қабылданады, ал басқа қазбалар үшін – 1;
kпр – қазбаның жүргізу жағдайын ескеруші коэффициент; қазбаларды комбайндарды қолдана өтуде бұл мән 1.8-кесте бойынша қабылданады, ал бұрғыатпалық тәсіл кезінде және қазбаны опырылысты жыныс бойымен өткен кезде - 1 тең;
b – қазбаның ені, м;
Рнв – мөлшерлемелі тік салмақ, кПа; жыныстың ығысуына U және қазбаның өтудегі еніне b байланысты 1.9-кестеден анықталынады.
Егерде қазбаның бүйір жыныстары қасиеттері әр түрлі болса, онда жыныстың үміт арту ығысуы U және мөлшерлемелі бүйір салмақ бойынша ығысуы (1.6-кесте бойынша анықталатын) бір бірінен айырмашылықта болады. Бұл жағдайда келесі есептеме үшін бүйір жақтық мөлшершемелі салмаққа және табан жақтық мөлшерлемелі салмаққа орташаланған мән қабылданады. Тұйық тіреудің мөлшерлемелі салмағы 1.6-кесте бойынша анықталады (жеке төбе, табан және бүйірлер үшін).
1.7- кесте - Артылған салмақ коэффициентінің kп мәні
U, мм |
қазбалар үшін kп |
|
ашушы |
даярлаушы |
|
50-ге дейін |
1,25 |
1,10 |
50-ден 200-ге дейін |
1,10 |
1,05 |
200-ден 500-ге дейін |
1,05 |
1,00 |
500-ден жоғары |
1,00 |
1,00 |
1.8 - кесте - Қазбаларды комбайндарды қолдана өтуде қазбаның жүргізу жағдайын ескеруші коэффициентінің kпр мәні
Hp/Rc |
16-ға дейін |
16-дан 20-ға дейін |
20-дан 25-ке дейін |
25-тен жоғары |
kпр |
0,6 |
0,8 |
1,0 |
1,1 |
Ұзындығы 1 м қазбаға бүйір жақтардан түсетін жазық есептік салмақ төменгі формула бойынша анықталады:
Pг = kп kн kпр h Рнг , кH,
мұндағы Рнг – мөлшерлемелі жазық салмақ, кПа; жыныстың ығысуына U және қазбаның өтудегі еніне b байланысты 1.9-кестеден анықталынады; h – қазбаның ені, м.
1.9 - кесте - Мөлшерлемелі тік салмақтың Рнв мәні
Қазбаның ені b, м |
Жыныстардың ығысуы U, мм |
||||||||||
50 |
100 |
200 |
400 |
600 |
800 |
1000 |
1200 |
1400 |
1600 |
1800 |
|
4 |
31 |
40 |
65 |
99 |
119 |
136 |
150 |
162 |
176 |
186 |
195 |
5 |
35 |
47 |
72 |
108 |
135 |
155 |
170 |
186 |
196 |
212 |
222 |
6 |
40 |
54 |
78 |
119 |
150 |
172 |
188 |
203 |
215 |
233 |
248 |
1.10 - кесте - Бір кәсектің көтерушілік қабілетінің мәні
Отырғанға дейінгі қазбаның жарықтағы қимасы, м2 |
Отырғанға дейінгі қазбаның жарықтағы ені, м |
Арнаулы кескіннің түрі |
Отырма режіміндегі тіреудің кедергісі, кН |
1 |
2 |
3 |
4 |
Арқалы КМП-А3 |
|||
10,0-ға дейін |
3,2 – 3,4 |
СВП – 17 |
200 |
10,0-ға дейін |
3,5 – 3,8 |
СВП – 19 |
230 |
10,0-13,0 |
4,0 – 4,8 |
СВП – 22 |
260 |
10,0-13,0 |
4,0 – 4,8 |
СВП – 27 |
290 |
13,0-18,0 |
3,2 – 3,4 |
СВП – 27 |
290 |
13,0-18,0 |
3,2 – 3,4 |
СВП – 33 |
320 |
18,0-ден жоғары |
5,5-нан жоғары |
СВП – 33 |
320 |
Арқалы КМП-А4 |
|||
10,0-13,0 |
4,0 – 4,8 |
СВП – 22 |
260 |
14,0-18,0 |
5,2 – 5,5 |
СВП – 27 |
290 |
18.0-ден жоғары |
5,5-нан жоғары |
СВП – 33 |
320 |
1.10 – кестенің соңы
Сақиналы КМП-К4 |
|||
8,0-ге дейін |
3,0-ке дейін |
СВП - 17 |
200 |
8,0-10,0 |
3,0 – 3,8 |
СВП - 22 |
260 |
10,0-нан жоғары |
3,8-ден жоғары |
СВП - 27 |
290 |
Трапеция тәріздес (тік бұрышты) КМП -Т (П) |
|||
8,0-11,0 |
3,8 – 5,0 |
СВП - 22 |
260 |
8,0-11,0 |
3,8 – 5,0 |
СВП - 27 |
- |
9,5-13,1 |
3,8 – 5,0 |
СВП - 22 |
- |
9,5-13,1 |
3,8 – 5,0 |
СВП - 27 |
290 |
Орташаланған тік салмақ төбе және табан жақтарының мөлшерлемелік салмақ мәндері бойынша анықталады, ал орташаланған жазық салмақ – бүйір жақтарының мөлшерлемелік салмақ мәндері бойынша анықталады.
Келесі есептемелер үшін 1 м қазбаның есептік тік және есептік жазық салмақтарының жоғарғы мәндері қабылданады:
Р = max{Pв;Pг},
мұндағы Р - 1 м қазбаның есептік салмағы.
Тіреуді орнатудың тығыздығы (r, рам/м) төменгі формула бойынша анықталады:
r = P/pн
мұндағы pн - бір кәсектің көтерушілік қабілеті, кН (1.10-кестеден).
Тіреу кәсектерінің паспорттық саны кәсектер сандарының жуық стандарттық мәндері бойынша қабылданады: 1,0; 1,33; 2,00; 2,67; 3,0 кәсек/м. Бұл жағдайда кәсектердің ара қашықтықтары (тіреуді орнатудың қадымы) келесіні сәйкес құрайды: 1,0; 0,75; 0,5; 0,375; 0,33 м.