Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТКЖ ДҚЖТ Оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.31 Mб
Скачать

1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері

1.3.1 Тау-кен тіреулерінің жіктелуі

Тау-кен тіреуі деп қоршаған жыныстардың құлауынан қорғау үшін қазбада орнатылатын және қазбаның қажетті көлденең қимасының ауданың сақтайтын жасанды ғимаратты атайды.

Тау-кен тіреулерінің негізгі жіктелуінің нышаны болып оған арналған топты қазбалар саналады. Осы нышан бойынша барлық тіреулер келесі тіреулерге бөлінеді:

- күрделі (ашушы) қазбалардың тіреулері (оқпандар мен квершлагтардың);

- қазуға шақты алабтарын дайындау үшін жүргізілген дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері (бремсбердің, еңістердің, жүріс жолдардың, штректердің, участкелік квершлагтардың және т.б.);

- тазартпа қазбалардың тіреулері.

Жер қыртысында қазбалардың орналасуы тіреу түрлерін таңдауға әсер етеді. Сондықтан оларды жазық, көлбеу және тік қазбалар үшін арналған тіреулерге бөледі.

Сондай-ақ, тау-кен тіреулерін келесі нышандар бойынша бөледі:

- міндеті бойынша – уақытша және тұрақтыв;

- материалдары бойынша – ағашты, металлды, тасты, бетонды, темір бетонды, арала;

- жинақтау түрлері бойынша - тұтас (бетонды, тасты, тюбингтерден жиналған және т.б.), рамалы (бір-бірінен қандай-да бір ара қашықтыққа орнатылатын рамалардан, сақиналардан, тәжілерден);

- жұмыс сипаты бойынша – қоршаушы (кесек жыныстардың кездейсоқ опырылысынан жабдықтар мен адамдарды сақтау үшін арналған), оқшаулаушы (қазбаларда жыныстардың жалаңаштануынан, желге мүжілуден, сулаудан, жарылудан сақтау үшін арналған), көтермелеуші (тау-кен қысымдарын қабылдаушы);

- пішіні бойынша – тік бұрышты, трапециялы, полигональды, күмбезді, арқалы (таға тәріздес), шеңберлі, эллиписті (1.1-сурет);

- конструктивтік схемасы бойынша – балкалы, күмбезді, шеңберлі және эллиписті (топсалы және топсалы емес);

- өзгерісті-күштік сипаттамасы бойынша - қатты (50 мм дейін отырмалы кезінде), шамалы отырмалы (100 мм дейін), отырмалы (300 мм дейін), аса отырмалы (300 мм жоғары);

- қазбаның үстінгі бетіне орналастыру тәсілі бойынша- төбелікп, тұйық емес, тұйық;

- жыныс массивімен байланыс сипаты бойынша – сыртқы кескіні бойынша массивпен ілініспейтін, сыртқы кескіні бойынша массивпен ілінесетін;

- конструкциясының құрылымы бойынша – бір қабатты, көп қабатты;

- қазбаның трассада орналасуы бойынша:

-- созылма учаскелердің тіреулері;

-- тоғыстыру тіреулері;

-- қиып өту тіреулері;

-- дөңгелектендіру тіреулері;

-- жер бетімен қатысы бар тіреулер (қазба аузы тіреулері);

- орнату тәсілдері бойынша – кәдімгі (орнатылатын немесе жиналатын) және арнаулы (қақпа, түсірмелі, тиеуші және т.б.);

- жылжу мүмкіндігі бойынша – жылжымайтын және жылжымалы.

1.3.2 Тау-кен қазбаларының тіреулеріне қойылатын талаптар

Тау-кен қазбаларының тіреулері функциональдық, техникалық және экономикалық кешенннің талаптарын қамтамасыз етуі қажет:

- жеткілікті мықты болуға (бұзылмай тау қысымына төзе алуға), тұрақты (қазбаның көлденең қимасының пішіні мен өлшемдерін сақтай отыра қазбаның жұмыс күйін қамтамасыздыруға), мәңгі бақи болуға (тот басуға, шірімеуге, суланбауға және шайылмауға шыдамды);

- өндірістік үдірістердің орындалуына кедергі жасамауға және қазбаны жүргізуде жынысты қазу көлемін төмендету мақсатымен қазбаның қимасын ең аз мөлшерде толтыруды қамтамасыздыруға;

- әуединамикалық кедергіге ең аз мөлшерде болуға;

- дайындауда күрделі және ауыр емес, тасымалдаулы, ыңғайлы және қазбада орнату кезінде ауыр емес, пайдалану кезінде қызмет көрсетуге оңайлы, қайтадан пайдалануға және қазбаны жою кезінде бөлшектеуге ыңғайлы болуға;

- дайындау мен қазбада орнатуда механикаландыру мүмкіндігін қамтамасыздандыруды;

- үнемділі болуға – жөндеу мен шығарып алуда, орнатуда, жеткізуде, дайындауда ең аз мөлшерде шығынды жұмсау мүмкіндігін қамтамасыздандыруды;

- кейбір жағдайларда отқа, су мен газға төзімді болуға.