
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
Ерітінді деп тұтқырлы заттың ұсақ толтырмалармен және сумен араластырылғандағы қоспасын атайды.
Бетон деп жасанды тас материалын атайды. Ол тұтқырлы заттан, ұсақ және ірі толтырмалар мен судан тұрады. Ұсақ толтырма – құм, ірі толтырма – тас жыныстарынан тұратын қиыршық тастар (беріктігі дайын бетонның беріктігінен төмен емес). Цемент пен су әрекетті, ал толтырмалар салғыртты құрастырушылар болып саналады. Бетонның беріктігі оның маркасымен сипатталады (15х15х15 см кубикті дайындап, оны 28 тәуліктен кейін тексергенде сығуға қарсы тұру беріктік шегі). Тау-кен ісінде 100, 200, 300, 400, 500 және 600 маркалы цементтер қолданылады.
Бетонның құрамы салмақ бойынша ара қатысты білдіреді 1:А:Б (цемент - құм – қиыршық тас). Бетонның маңызды сипаты болып сулыцементті фактор саналады (С/Ц) – су массасының цемент массасына қатынасы.
Цементтің шығыны бойынша бетондар үш түрге бөлінеді:
майлы (1 м3 бетонға 250 кг - нан жоғары цемент жұмсалған жағдайда);
орташа майлы (200...250 кг/м3);
арық (200 кг/м3 кем).
Тау-кен ісінде майлы және орташа майлы бетондар қолданылады.
Судың мөлшеріне байланысты бетон қоспасы үш түрге бөлінеді:
- қатты (1 м3 бетонға 130...170 л су жұмсалған жағдайда);
- пластикалы (170...230 л/м3);
- құйылулы (230 л/м3 жоғары).
Тау-кен ісінде құйылулы қоспалар қолданылады. Оларды жеткізуде және төсеуде механикаландыру мүмкіндігі артады.
Тау-кен тіреулерінің материалы ретінде бетонның артықшылығы: едәуір беріктігі, мәңгі бақилығы, отқа төзімділігі, бағасының төмендігі, қолдану кезінде технологиялығы, біртұтастығы және қазбалар жыныстарымен жақсы ілінісі.
Бетонның кемшілігі: соққы кезінде морт сынғыштығы және керілу мен майысу күштеріне қарсылығының шамалылығы (8...10 есе сығуға қарсы беріктігінің төмендігі).
Бетонның түр өзгешілігіне мыналар жатады:
- торкретбетон - 1 м3 қоспаға 750 кг – ға дейін цемент қосылған цементті-құм ерітіндісі. Оны 0.2...0.3 МПа қысылған ауаның көмегімен цементті-пушка машинкасын қолдана қазбаның жоғары бетіне 2...3 см қабатпен шашыратады;
- бүрікпе бетон - 1 м3 қоспаға 400…450 кг – ға дейін цемент қосылған цементті-құм ерітіндісі. Оны бүрікпе машинкасының көмегімен қазбаның жоғары бетіне 5...7 см қабатпен шашыратады.
Темір бетон деп армираландырылған металл қосылған бетонды атайды. Бетонның құрамында армираланған металлдың болуы оның керілу мен майысуға жоғары беріктігін қамтамасыз етеді. Бұл күрделі пішінді тіреуді дайындауға мүмкіндік жасайды.
Алдын – ала кернеулі темір бетон деп төсеуге дейін бетон қоспасының үлкен салмақпен керіліп және қатайғаннан кейін отырған жағдайдағы темір бетонды атайды. Бұнымен темір бетон конструкциясының беріктік қасиеті жақсарады.
1.2.5 Тасты материалдар
Тау-кен қазбаларын тіреу үшін келесі тасты материалдар қолданылуы мүмкін:
- табиғи тастар - тау-кен қазбаларын тіреу үшін сирек қолданылады. Бутовты тас деп өнделмеген дұрыс емес пішінді табиғи тасты атайды;
- жасанды тастар – заводта дайындалған дара тіреу материалдары (кірпіштер, бетониттер, блоктар). Кірпіштер тау-кен қазбаларын тіреу үшін сирек қолданылады. Жиі жағдайда далдаларды құруда қолданылады. Өлшемі 250х120х65 мм. Тығыздығы 1,8 т/м3. Бетониттер деп массасы 20...40 кг кәдімгі бетоннан немесе шлакты бетоннан дайындалған жасанды тастарды атайды. Бетонды блоктар деп салмағы (200...300 кг) мен өлшемі үлкен бетонды тастарды атайды.