
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
1.2.1 Ағашты материалдар
Тау-кен қазбаларын тіреу үшін қарағай, шырша, лиственница, пихта қолданылады. Олар келесі түрде пайдаланылады:
- шеңберлі ағаш – бөрене (жоғарғы бүйір диаметрі 12 см - ден кем емес, ұзындығы 2-ден 9 м-ге дейін) және тірек (диаметрі 7 -ден 34 см - ге дейін, ұзындығы 0,5 – тен 7 м - ге дейін);
- арамен кесілген материалдар - распил (бөрененің бойлық осі бойынша кесілген екі бөлігі), брусьтер (екі- және төрт жақты, бөренені екі немесе төрт жағынан кесу арқылы шыққан материал), обапол (брусьтарды дайындағаннан кейін қалған бөрененің шеткі кесінділері) және тақтайлар.
Тау-кен қазбаларын тіреуде ағаштарды пайдалану олардың келесі қасиеттерімен негізделген: шамалы массасы кезіндегі салыстырмалы жоғары беріктігі (0,6...0,8 т/м3 тығыздығы кезінде 20-30 МПа қысымға төзе алады), серпімділігі, өндеуге жеңілдігі, бағасының төмендігі.
Ағаш материалдарының негізгі кемістігі: отқа төзімсіздігі, беріктік көрсеткіштерінің өзгерістігі (берікті - қарағай) және шіруге бейімділігі салдарынан қызмет мерзімінің төмендігі, әсіресе жерасты жағдайларында. Қызмет ету мерзімі 3 жылға дейін, ал жоғары ылғалды қазбаларда – 1 жылға дейін.
Ағаштың жанғыштығын төмендету үшін отқа төзімді ерітінділермен сіңдіріледі, ал оның қызмет ету мерзімін арттыру үшін – ағаш 3-7% фторлы натрий немесе хлорлы цинк етітіндісімен сіңдіріледі. Бұл жағдайда ағаштың қызмет ету мерзімі 2-3 есе артады.
1.2.2 Металл материалдары
Тау-кен қазбаларын тіреу үшін мынандай металл материалдары пайдаланылады: шойынбекітпе (тюбинг) түрінде шойын және болат құймалары; типті өлшемді және әрқилы пішінді прокатты болат; дайын металл бұйымдары - болттар, бұрандалар, қамыттар және т.б.
Рамалық тіреулерді дайындау үшін алты типті өлшемді арнайы өзара ауыстырулық пішін (СВП) қолданылады (14, 17, 19, 22, 27, 33 кг/м). Аз көлемде прокатты пішіндер – екі таврлы мәткелер, швеллерлер, рельстер, бұрыштамалар және т.б. Темірбетонды тіреулерді армиролау үшін тегісті және кедір-бұдырлы пішінді болат қолданылады.
Металл материалдары тіреу ретінде жиі пайдаланылады. Себебі оның беріктігі жоғары (400-600 МПа), бірнеше рет қолдану мүмкіндігі бар, отқа төзімді, өндеуге жеңілді.
Металл материалдарының кемістігі – тотығуға бейімділігі. Тотығудан сақтау үшін металл бұйымдарын бояулармен, май битумдармен немесе кузбасс лактармен, битумдармен, цементті-құм ерітінділерімен жабады.
1.2.3 Тұтқырлы заттар
Тұтқырлы заттар ұсақ ұңтақталған порошок тәрізді құрылыс материалдарын құрайды. Олар сумен араласқан кезде бірте-бірте қатаяды және құм түйіршіктері мен қиыршық тастарды бір-бірімен байланастыра тасталған массаны құрайды. Тау-кен тіреулерін дайындау үшін цементтер, кей жағдайларда синтетикалық смолалар қолданылады.
Кенөндіріс өнеркәсібінде 300, 400, 500 және 600 маркалы портландцементті (силикатты цементті) қолдану кенінен өріс алған. Цементтің маркасы 40х40х160 мм өлшемді балка-үлгілерінің қысымға беріктік шегін сипаттайды. Зерттеу мерзімі – 28 күн. Цемент пен құм құрамының қатысы 1:3. Силикатты цементтің қатаю уақыты - 45 минуттан 12 сағатқа дейін. Қатаю уақытын тездету үшін арнайы қосымша (хлорлы кальций немесе натрий және т.б.) қолданылады. Агрессивті судың әсерінен портландцемент бұзылады. Сондықтан бұндай жағдайда арнайы цементтер қолданылады – саз балшықты, пуццоланавты, шлакты.
Силикатты цемент қатаю кезінде отырыс береді. Бұл микрожарықшақтардың пайда болуына себепкер болады. Сондықтан отырысқа төзімді (мысалы, саз балшықты) және кеңеюші цементтер шығарылады.
Синтетикалы смолалар тау-кен жыныстарын бекіндіру және тіреу материалдарын дайындау үшін қолданылады. Эпоксидты смолалар жоғары беріктік қасиеттерімен иеленеді. Бірақ бағасы жоғары. Полиэфирлі және формальдегидті смолалардың беріктік қасиеті төмен. Бірақта бағасының арзандығынан тау-кен өндірісінде шыныпластиктер, тақтабетондар және көміртақталар түрінде қолдануда кен өріс алған.
Шыныпластиктер шыны талшықтарынан армираландырылған және қатайған синтетикалық смолаларды құрайды. Шыныпластиктердің беріктігі жоғары (1200-2000 МПа), шірімейді, су өткізбейді, температураға төзімді. Олардан тіреу элементтерін даярлайды (тіректерді, маңдайшаларды, қарнақтарды). Тақтабетон – тасты материал. Қатайған смоладан, құмнан және щебеньнен тұрады. Көміртақтасы деп ұсақ көмір ұңтақтарына ағаш үгінділерін және смолаларды байланыстыра тіреу материалын жасауды атайды.