
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
көрсеткіштерін есептеу
Даярлау кенжарларында үдірістердің орындалуын есептеуде қазбаны жүргізу бойынша 3 ауысымдық жұмыс режимі қабылданады (әрбір ауысымның ұзақтығы 6 сағаттан) және 1 ауысым – жөндеу-қалпына келтіру (ұзақтығы 6 сағат). Даярлау кенжарында еңбекті ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде үш звенодан тұратын бригада қабылданады.
Есептеу ауысым звеносында істейтін жұмысшылардың минимальды саны, сондай-ақ қазбаны максимальды жылдамдықпен өту жағдайы бойынша орындалады.
Ауысым звеносында істейтін жұмысшылардың минимальды саны кезінде қазбаны жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
Ауысым звеносына қажетті ұңғымашылардың минимальды саны (Nз, адам) келесі шарттар бойынша анықталады:
- қолданылатын технологиялық схемаға қатысты машиналар жүйесіне “комбайн-тиегіш-науа” қызмет көрсету үшін кем дегенде 3 адам қажет: комбайн машинисі, машинистін көмекшісі және науалар жүйесінің операторы;
- айрықша еңбек көлемдікті қол жұмыстарын орындау мүмкіндігі (кейбір тіреу элементтері салмақтарының әдәуір ауырлығы салдарынан арқалық тіреулерді қол күшімен орнату үшін кем дегенде 3 адам қажет).
Көрсетілген шарттарды ескере отыра ауысым звеносына қажетті ұңғымашылардың минимальды санын 3 адамға тең қабылдауға болады. Звенодағы адамның саны минимальды болған жағдайда операциялар тек қана тізбекті түрде орындалады, яғни әрбір жұмыс жекеленген түрде орындалуы тиісті.
Комбайнға қызмет көрсету мен тау-кен массасын қазуда жұмыстардың ұзақтығы (tк, мин):
,
мұндағы Vц = Lц×Sсв, м3 – цикл аралығындағы дайын қазбаның көлемі.
Арқылық тіреуді орнатуда жұмыстардың ұзақтығы (tу, мин)
.
Қосалқы жұмыстардың орындалу ұзақтығы (tвс, мин)
.
Циклдың ұзақтығы (tц, мин)
tц = tк+tу+tвс.
Ауысымдағы циклдер саны (Nц, циклдер)
,
мұндағы tсм = 360 мин - ауысым ұзақтығы;
tрег = 20 мин – регламенттік үзілістін ұзақтығы;
tпр = 15 мин - жұмысқа дайындыққа қажетті уақыт.
Қазбаны жүргізудегі жылдамдық: ауысымдық (Vсм, м/ауысымына), тәуліктік (Vсут, м/тәулігіне) және айлықтық (Vмес, м/айына)
Vсм = Nц×Lц,
Vсут = 3×Vсм,
Vмес = 25,6×Vсут.
1 метр немесе 1 м3 қазбаны қазуда ұңғымашының орындаған еңбек өнімділігі (Рдл, м/адам-ауысымына) немесе (Роб, м3/адам-ауысымына)
,
.
Қазбаны мүмкіндігінше максимальды жылдамдықпен жүргізуге қарасты техникалық көрсеткіштерді есептеу
Қазбаны мүмкіндігінше максимальды жылдамдықпен жүргізу кезінде ауысым звеносында жұмыс істейтін адамдардың да максимальды саны қарастырылады. Мұндай жағдайда ауысым звеносындағы адамдардың саны өндірістік операцияларды үш категорияларға бөлу принципімен анықталынады:
А – категориясының операциялары бір-бірімен уақыт бойынша біріктірілмейді. Ұңғымашылардың саны регламентте қарастырылған санды құрауы қажет. Бұл категорияға мыналар жатады: дайындықты-соңғы операциялар, тау-кен массасын қазу кезінде машина жүйесін басқаруға қатысты операциялар (ол жұмыстармен 3 адам айналысады), сондай-ақ тістерді алмастыруға және ірі тастарды ұсатуға қатысты орындалатын операциялар (бұл операцияларды орындау үшін адамның саны 2 ден кем болмауы қажет);
Б – категориясының операциялары А категориясының операцияларымен біріктірілмейді және бір-бірімен уақыт бойынша орындалмайды. Бірақта жұмыстарды орындауда ұңғымашылардың саны регламенттелмейді. Негізінде бұл операцияларға звенодағы адамдардың барлығы қатысады. Б категориясының операциясын орындауға қатысатын адамдардың саны өндірістік тәжірибе негізінде қабылданған максимальды шамадан артпауы қажет (9...10 адамнан көп емес). Бұл категорияға мыналар жатады: тіреу элементтерін орнату және қосу, қазбаның төбесі мен бүйірлерін тартпалау және кәсектер артындағы қуысты жыныстармен бітемдеу (20...50%);
В - категориясының операциялары А категориясының операцияларымен қосыла орындалуы және жұмыстар бір-бірімен уақыт бойынша біріктірілуі мүмкін. Бұл категорияға мыналар жатады:
- қазбаның төбесі мен бүйірлерін тартпалау және кәсектер артындағы қуысты жыныстармен бітемдеу жұмыстарын аяқтау (50...80%);
- бекітпелеу материалдарын жеткізу;
- ұяшықты дайындау;
- қосалқы жұмыстарды толығымен орындау.
Тау-кен массасын қазу жүмысының ұзақтығы (tкв, мин)
,
мұндағы Nу = 3 адам - тау-кен массасын қазу үдірісі кезінде машина жүйесін басқаруға қатысатын жұмысшылардың саны.
Комбайнға қызмет көрсету жұмыстарының ұзақтығы (tко, мин)
,
мұндағы Nо = 2 – комбайнға қызмет көрсететін жұмысшылардың саны.
А категориясы операциясының ұзақтығы (tа, мин)
tа = tкв+tко.
Комбайнға қызмет көрсету жұмыстарының ұзақтығына тең уақыт аралығында бір ұңғымашының орындай алатын жұмыстарының еңбек көлемдігі (Тсок, адам-мин/м3)
.
В категориясы жұмыстарының еңбек көлемдігі (Тв, адам-мин/м3)
Тв = Там+Тал+Кс×Таз+Твр-Тсок,
мұндағы Кс – комбайнның және қазбаның төбесі мен бүйірлерін тартпалауға қатысты жұмыстарды біріктіру коэффициенті, Кс = 0,2…0,6.
В категориясының операциясын орындауға қажетті қосымша жұмысшылардың саны В (Nв, чел)
,
мұндағы Nв мәні бүтін санға дейін жуықталады.
Біріктіру коэффициентінің дәлдік мәні
,
егерде Кс < 0 болса, онда Кс = 0 тең ретінде қабылдау қажет.
Ауысым звеносындағы ұңғымашылардың саны (Nз, адам)
Nз = Nу+Nв.
А категориясының үдірісімен уақыт бойынша біріктірілмейтін қазбаны тіреуге қатысты орындалатын жұмыстардың еңбек көлемдігі (Танс, чел-мин/м3)
Танс = Тап+Тау+(1-Кс)×Таз.
А категориясының үдірісімен уақыт бойынша біріктірілмейтін тіреу жұмысының ұзақтығы, яғни Б категориясының үдірістерін орындауға қатысты жұмыстардың ұзақтығы (tб, мин)
.
Циклдың ұзақтығы (tц, мин)
tц = tа+tб.
Ауысымдағы циклдердің саны (Nц, циклдер)
,
Қазбаны жүргізудегі жылдамдық: ауысымдық (Vсм, м/ауысымына), тәуліктік (Vсут, м/тәулігіне) және айлықтық (Vмес, м/айына)
Vсм = Nц×Lц,
Vсут = 3×Vсм,
Vмес = 25,6×Vсут.
1 метр немесе 1 м3 қазбаны қазуда ұңғымашының орындаған еңбек өнімділігі (Рдл, м/адам-ауысымына) немесе (Роб, м3/адам-ауысымына)
,
.