
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
Қазбаларды комбайндармен жүргізу тәсілі төмендегі кентехникалық жағдайдың сәйкес болуы кезінде қолданылады:
- жыныс қабатшаларының қаттылықтары;
- қазбаның көлденең қимасында меншікті салмақтың;
- ұңғымалық комбайндардың техникалық мүмкіндіктері.
Басқа жағдайларда қазбаларды бұрғыаттырма тәсілмен жүргізу қолданылуы мүмкін. Егерде газ-шаңдық режимі мүмкіндік туғызса.
Бір мезетте көмір мен жыныс бойынша аттырыс жүргізілген жағдайда бұрғыаттырма жұмыстардың технологиясы қазбаларды біртекті жыныстармен өтудегі сияқты. Тек қана бұндай жағдайда БАЖ шамашарттарын есептеу кезінде төмендегі формуламен анықталатын жыныстардың орташатеңдестірілген қаттылық коэффициенті f ескеріледі
f = fпkп+fу(1-kп),
мұндағы kп – жыныстың шабылу коэффициенті, яғни бос жыныстар орналасқан қазбаның көлденең қимасының бөлігі;
fп, fу – жыныс пен көмірдің қаттылық коэффициенттері.
Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана пайдалы кендерді бөліп (сұрыптап) алу көмірді уатпалаудан басталады. Көмір кенжарында оқтамаларды электрлі аттырмалау бір алуда орындалады. Екінші кезеңмен жыныс бойынша оқтамаларды оқтау және аттырмалау алдында кенжарды міндетті түрде желдету қажет, яғни көмірді аттырмалаудан, тиеуден, метан концентрациясын өлшегеннен және кенжарды сланстағаннан кейін.
Заматтық және мезеттік электроталдырғыштарды бірге қолдануға рұқсат етіледі. Қосындылық уақыт кешеуілдетпегі 135 мс аспауы қажет. Көмір бойынша теспелердің тереңдіктері – 1,5...3 м. Кенжардың көмір бөлігінде негізінде сыналық ұңғы қолданылады, ал жыныс бөлігінде оларды кенжардың жыныс қимасы бойынша орналастырады. Жиі жағдайда теспелерді бұрғылау қол электрбұрғыларымен жүзеге асырылады. Көмірді тиеу – біртекті жыныстарда қазбаларды жүргізу кезінде қолданылатын машиналармен орындалады.
Қауіпсіздік ережесі бойынша жыныс кенжарының көмір кенжарынан 5 м-ден асырмай қалып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Көмір мен жынысты жалпы алу кезінде кенжарлар бір деңгейде болады. Жыныс қабаты бойынша тұрақты тіреу кенжардан 3 м-ден асырмай қалуы қажет.
Қазбаларды газ бен көмірлердің лақтырысы бойынша қауіпті тақталарда өту кезінде және метан газының қысымдық бөлінісі кезінде аттырыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Бұндай жағдай көмірді алу уатпа балғаларымен немесе диаметрі 500 мм-ге дейінгі төтелдермен бұрғыланыстау арқылы жүзеге асырылады.
3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
Жер бетіне шығарылатын жыныстардың көлемі кейбір шақтыларда қазып алынған көмір көлемінің 30...35% дейін құрайды. Шағын қуатты тақталарда қазбаларды енді кенжармен жүргізу жыныстын жер бетіне шығарылуын 15...20 % - ға қысқартады.
Бұл тәсілді кенінен қолдануға нәтижелі тәсілдер мен жасанды қазым кеңістігінде (раскоскада) көмірді алудың механикаландыру және кен алынған кеңістікке жыныстарды орналастыру әдістерінің болмауынан тоқтауда.
Қазбаларды енді кенжармен жүргізу қуаттылығы 0,5...1,3 м-лі жазық тақталарда қолданылады. Қуаттылығы 0,5 м-ден аз тақтада жасанды қазым кеңістігінің (раскосканың) ұзындығы 25 м-ден жоғары болуы мүмкін. Бұл оған жыныстарды толтырмалауды күрделендіреді.
Қазбаға қатысты жасанды қазым кеңістігі келесідей болуы мүмкін:
жоғарғы тұсты бір жақты (3.3 – сурет, б);
төменгі тұсты бір жақты (3.3 – сурет, а);
екі жақты (3.3 – сурет, в).
Бір жақты жасанды қазым кеңістігі кезінде кендіңгек жағынан тіреуге үлкен қысым түсетіндіктен және қазба табан жыныстарының ісінуі салдарынан қазбаны күтіп-ұстауға жағымсыз жағдай туады. Бұл кемшіліктер екі жақты жасанды қазым кеңістіктерінде жойылады.
Жоғарғы тұсты жасанды қазым кеңістігімен салыстырғанда жыныстарды толтырмалау үшін төменгі тұсты жасанды қазым кеңістігі ыңғайлы. Жазық жіңішке тақталарда екі жақты жасанды қазым кеңістігін қолданған жөн болады.
3.3 – сурет - Жасанды қазым кеңістіктерінің орналасу схемалары:
1 - штрек; 2 – көмір тақтасы; 3 - косовичник; 4 – жасанды қазым кеңістігі (раскоска)
Лава артында қазбаларды жүргізу кезінде қопарудан шығарылған жыныстарды орналастыру үшін тазартпа кенжарының кен алынған кеңістігі пайдалынады.
Қазба кенжарындағы көмірді және жасанды қазым кеңістін алу уатпа балғаларын, сумониторларын, бұрғыаттырма тәсілін және көмір комбайндарын қолдана жүзеге асырылады. Жасанды қазым кеңістінде комбайндық тәсілді қолдану үшін КСВ-1 типті кешен құрылған. Оның құрамын КМ87з типті арнаулы тіреу және Г-68 типті комбайн құрайды.
Көмір жасанды қазым кеңістігінің кенжарынан сырма науаның көмегімен шығарылады. Жасанды қазым кеңістігінен алынған кен орны тазарпа кенжарының кен алынған кеңістігін тірегендей бекітіледі.
Жасанды қазым кеңістігін толтыру төмендегідей жүзеге асырылуы мүмкін:
- механикалы әрекетті әр түрлі машиналарды қолдана (престілік, тепшулік және т.б.). Бірақ оларды ширек қолдану олардың радиус әрекетінің шамалылығынан, нәтижелік көрсеткіштерінің төмендігінен және жұмыс технологияларының күрделілігінен тоқтауда;
- сырмалық қондырғыларды қолдана. Олар толтырмаланатын массивтің тығыздығын қажетті түрде қамтамасыз етпейді және толтырмалау жұмысын толығымен механикаландырмайды (50 % - ға дейін);
- сулытолтырмаларды және сукөліктерін қолдана. Бұл тәсілдің қолдану күрделігі толтырмаланатын кеңістікті мұқиятты оқшауландырумен, суды ұстаумен және толтырма массивіндегі суды тазалаумен байланысты;
- қысымдық көлікті және қысымдық толтырманы қолдана. Бұл тәсіл өндірісте жиі қолданылады. Жұмысты механикаландыру үшін “Титан-1” типті кешен шығарылған. Оның құрамына ұсатқы-толтырма машинасы, ауа үру және сутолтырма құбырлары кіреді. Қондырғының радиус әрекеті 75 м – ге дейін және өнімділігі 60 м3/сағатына. Бұл проф. М.М. Протодьяконовтың шкаласы бойынша қаттылығы 10 – ға дейінгі жынысты өңдеуге мүмкіндік жасайды.