
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
Егерде қазбаны жүргізу кезінде оның көлденең қимасының шекарасында әртүрлі физика-механикалық қасиетті (қаттылық, жарықшақтық және т.б.) жыныс қабатшалары кездесетін болса, онда бұндай жыныстар әр текті деп саналады.
Әр текті жыныстарда қазбаларды жүргізу мысалы ретінде қазбаларды жіңішке тақталар немесе желілер бойынша өтуді жатқызуға болады.
Әр текті жыныстар бойынша (аралас кенжарлармен) өтілетін қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және өлшемдері олардың қызмет ету мерзімдері мен қолданылу мақсаттарына байланысты таңдалады. Жиі қолданылатын пішіндерге трапеция және арқа тәріздес саналады.
Жіңішке тақта бойынша қазбаны жүргізуде кенжардағы жыныстар жоғарғы, төменгі немесе екі жақты тұстардан қопарылуы мүмкін (3.1- сурет).
3.1 – сурет - Жыныстарды қопаруды орналастыру схемасы: а – төменгі жынысты қопару; б – жоғарғы жынысты қопару; в – екі жақты тұстағы жыныстарды қопару
Қазбаның көлденең қимасының шекарасында (жынысты қопару түрі) көмір тақтасын орналастыру жолын таңдауда мыналар ескеріледі:
- тақтаның құлама бұрышы: 10...12 градустық тақталарда төбе жынысы тұрақты болған жағдайда табан жынысы қопарылады (төменгі жынысты қопару), 12...50 градустық тақталарда төбе және табан жыныстар қопарылады (екі жақты қопару), 25...50 градустық тақталарда көмір қазбаның көлденең қимасының біршама бөлігін алатын болғандықтан жынысты қопару еншісі азаяды, 50 градустан жоғарғы тақталарда табан жынысы қопарылады;
- жыныстардың тұрақтылығы. Мысалы, арқалы пішінді қазбаларда төбе жыныстарының тұрақтылығы кезінде жоғарғы жынысты қопарған жөн болады;
- бір қазбадан келесі үңгіге пайдалы кенді тасымалдау ыңғайлығы. Мысалы, лавадағы көмірді тасымалдау жолын ыңғайландыруда төменгі жынысты қопарған жөн болады;
- қазбаны жүргізу кезінде тау-кен массасын қазымдауды жеңілдету және бос жыныстардын шығысын азайту үшін көмір тақтасын қазбаның көлденең қимасының максимальды ауданына орналастырған жөн.
Жіңішке тақта бойынша қазбалар тар енсіз немесе кең енді кенжарлармен өтіледі (3.2 - кесте).
Қазбаны тар енсіз кенжармен өткен жағдайда көмір тақтасын қазып алу тек қана қазбаның көлденең қимасының шекарасынан асырмай жүзеге асырылады және пайдалы кен мен жынысты қазымдау төмендегідей орындалады:
- бөліп алу тәсілімен (сұрыптап алу). Бірақта бұл жұмыстардың ұйымдастырылуын күрделендіреді;
- жыныс пен көмірді бөлмей алу (жалпы алу). Алынған тау-кен массасы өндірілімге қосылады немесе жер бетіне жыныс ретінде шығарылады. Бұндай жағдайда жұмыстардың ұйымдастырылуы жеңілдетіледі, яғни еңбектің өнімділігін және қазбаның жүргізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Қазбаларды көмір тақтасы бойынша кең енді кенжармен өту кезінде кенжардың ені қазбаның енінен біршама үлкендеу. Жасанды қазым кеңістігі (раскоска) деп қазбаның көлденең қимасының шекарасынан тыс жатқан кен алынған кеңістік бөлігін атайды. Жасанды қазым кеңістігінің ұзындығы оған жыныстарды толығымен орналастыру жағдайымен қабылданады (қазбаның көлденең қимасынан қазып алынған жыныстарды). Жасанды қазым кеңістігінің бір бөлігі косовичникті (жасанды қазым кеңістігінің жыныстармен толтырылмаған бөлігі) орналастыру үшін қолданылады. Косовичник өтілетін қазбаны қосымша желдету қызметін атқарады (жалпышақтылық қысымның арқасында).
3.2 – кесте - Қазбаларды тар енсіз (а) және кең енді (б) кенжарлармен жүргізу: 1 - штрек; 2 – көмір тақтасы; 3 - косовичник; 4 – жыныстармен толтырылған жасанды қазым кеңістігі
Қазбаны кең енді кенжармен жүргізудің артықшылығы: көмірдің жолай өндірілімі және жыныстарды жер бетіне шығару көлемінің азаюы.
Кемшілігінің қатарына көмірді алу және жыныстарды жасанды қазым кеңістігіне орналастыру қиындықтарының артуын, жұмыстарды ұйымдастыру күрделігін, қазбаны күтіп ұстау жағдайының нашарлауын және өту жылдамдығының төмендеуін жатқызуға болады.