Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТКЖ ДҚЖТ Оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.31 Mб
Скачать

2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу

Есептеу кезінде дайындау кенжарларындағы жұмыс режимі келесідей қабылданған: 4 ауысым 6 сағаттан қазбаны жүргізу бойынша. Бірақта кенжарлар машиналар мен механизмдерге қанық болғандықтан жұмыс режимі төмендегідей қабылдануы мүмкін:

- 3 ауысым 6 сағаттан қазбаны жүргізу бойынша;

- 1 ауысым 6 сағаттық ұзақтықпен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша.

Дайындау кенжарында еңбекті ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде кешендік бригада қабылданған. Ол ауысымдық звенолардан (топтардан) тұрады.

Есептеу ауысым звеносындағы минимальды мүмкіндікті жұмысшылар санымен орындалатын жұмыс жағдайы үшін (операцияларды біріктірмей орындау), сондай-ақ қазбаны мүмкіндігінше максимальды жылдамдықпен өту жағдайы үшін (операциялар мүмкіндігінше максимальды біріктіріле орындалады) жүргізіледі.

Ауысым звеносында минимальды жұмысшылар саны болған жағдайда қазбаны жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу

Ауысым звеносында минимальды жұмысшылар саны болған жағдайда операциялардағы жұмыстар біріктірілмей орындалады.

Ауысым звеносындағы ұңғымашылардың қажетті минимальды саны (, адам) келесі жағдайлармен анықталады:

- қолданылатын машина жүйесінің технологиялық схемасына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (жыныстиегіш машиналарына қызмет көрсету үшін және дара вагонеткаларды алмастыру бойынша операцияларды орындау үшін кем дегенде 4 адам қажет: 2 адам ППМ машинасына қызмет көрсету үшін және 2 адам вагонеткаларды алмастыру үшін);

- «ППМ – науа» немесе «ППМ – тиегіш – вагонеткалар партиясы» жүйелеріне қызмет көрсету үшін кем дегенде 3 адам қажет: 2 адам ППМ машинасына қызмет көрсету үшін, 1 адам науаға немесе или тиегішке қызмет атқару үшін; бір бұрғылау қондырғысына қызмет көрсету үшін 2 адам қажет;

- өте еңбек ауыртпалықты қол күші жұмыстарын орындау мүмкіндігі (кейбір тіреу элементтерінің өте ауыр салмақтарына байланысты арқалық тіреуді қол күшімен орындау кезінде кем дегенде 3 адам қажет).

Көрсетілген жағдайларды ескере ауысым звеносындағы ұңғымашылардың мүмкіндігінше минимальды саны 3 адамға тең қабылданады. Егерде жынысты науаға немесе вагонеткалар партиясына тиеу жағдайы туатын болса, онда 4 адам санын қабылдаған жөн болады.

Теспелерді бұрғылау (, мин), оқтау және аттыру (tзв, мин), кенжарды желдету (tпр, мин) және жыныстарды тиеу (tп, мин) ұзақтығы алдынғы есептік тапсырмаларды орындау кезінде анықталған.

Кенжарды бекітпелеу бойынша жұмыстың ұзақтығы (, мин)

,

мұндағы Vц = Lш·КИШ·Sсв – бір циклда алынатын дайын қазбаның көлемі, м3.

Барлық қосалқы жұмыстардың орындалу ұзақтығы (tвр, мин)

.

Егерде бұрғышылардың саны () звенодағы адамдардың санынан аз болатын болса (), онда теспелерді бұрғылау кезінде кейбір адамдар бос болады (Nз-Nб). Олар бұл уақытта қосалқы жұмыстарды орындауы мүмкін (суақпа жырасын өту, су құбырларын өсіру және т.б.).

Бұл жағдайда орындалған жұмыстардың еңбек ауыртпалығы мынаны құрайды (Т1, чел-мин):

Т1 = tб·(Nз - Nб).

Онда қосалқы жұмыстардың орындалу уақыты корректелінеді

.

Циклдың ұзақтығы (, мин)

tц = tб + tзв + tпр + tп + tа + tвр.

Ауысымдағы циклдер саны (, циклдер)

,

мұндағы tсм = 360 мин – ауысым ұзақтығы;

tпр = 15 мин – жұмысқа дайындалуға қажетті уақыт.

Қазбаны өту жылдамдығы: ауысымдық (Vсм, м/ауысымына), тәуліктік (Vсут, м/тәулігіне) және айлықтық (Vмес, м/айына)

Vсм = Nц·Lц,

Vсут = 3·Vсм немесе Vсут = 4·Vсм,

Vмес = 25,6·Vсут.

1 метр немесе 1 м3 қазбаны қазуда ұңғымашының орындаған еңбек өнімділігі (Рдл, м/адам-ауысымына) немесе (Роб, м3/адам-ауысымына)

,

.

Операциялардағы жұмыстарды біріктіре орындау кезінде қазбаны жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу

Қазбаларды бұрғыаттырыстық тәсілдермен жүргізу кезінде кенжарды максимальды жылжу жылдамдығына жеткізу үшін қосалқы жұмыстарды кейбір негізгі жұмыстармен (бұрғылау және тиеу) және жартылай тіреу жұмысын теспелерді бұрғылау мен жыныстарды тиеу жұмыстарымен біріктіре орындауға болады. Қазбаны бекітпелеу жұмыстарын жартылай басқа жұмыстармен біріктіре орындау мынандай жағдайда мүмкін, егерде арқалық кәсекті орнату кезінде тартпалау жұмысы тек қана қазбаның жоғарғы бөлігінде орындалса, ал бүйір тұстарын тартпалау кенжардан қалып басқа жұмыстармен параллельді орындалған кезде.

Теспелерді бұрғылау (, мин), оқтау және аттыру (tзв, мин), кенжарды желдету (tпр, мин) және жыныстарды тиеу (tп, мин) ұзақтығы алдынғы есептік тапсырмаларды орындау кезінде анықталған.

Негізгі операциялармен біріктіріле орындалатын жұмыстардың еңбек ауыртпалықтары (Тс, адам-мин/м3):

Тс = Кс·Таз + Тсс,

Nпп = Nб болғанда Тсс = Твр

Nпп > Nб болғанда ,

Nпп < Nб болғанда ,

мұндағы Кс – қазба бүйірлерін тартпалаудың басқа негізгі жұмыстармен біріктіріле орындалу дәрежесін көрсетуші коэффициент, Кс = 0,4;

r = 1, егерде қазбада рельс жолы болса, және r = 0, егерде қазбада рельс жолы болмаса.

Біріктірілетін жұмыстарды орындауға қажетті қосымша жұмысшылардың саны (, чел)

.

Табылған мән жақын бүтін мәнге дейін жуықтандырылады.

жуықтандырылған мәнге байланысты Кс мәнін анықтау қажет

.

Ауысым звеносындағы адамдардың саны (, адам)

Nз = Nпп + Nс,

егерде Nпп < Nб, онда

Nз = Nб + Nс.

Негізгі операциялармен біріктіріле орындалмайтын бекітпелеу жұмыстарының еңбек ауыртпалықтары (Танс, чел-мин/м3)

Танс = Та – Кс·Таз.

Негізгі операциялармен біріктіріле орындалмайтын бекітпелеу жұмыстарының ұзақтығы (tанс, мин)

.

Егерде қазбада рельс жолы болатын болса және Nпп < Nб , онда жыныстарды тиеу кезінде рельс жолын төсеу мүмкін емес. Рельс жолын төсеу барлық звеномен тұрақты треуді орнатқаннан кейін жүзеге асырады. Бұндай жағдайда рельс жолын төсеуге жұмсалған уақыт (tвп, мин) мынаны құрайды:

.

Циклдың ұзақтығы (, мин)

tц = tб + tзв + tпр + tп + tанс.

Егерде Nпп < Nб, онда

tц = tб + tзв + tпр + tп + tанс + tвп.

Ауысымдағы циклдердің саны (, циклдер)

,

мұндағы tсм = 360 мин – ауысым ұзақтығы;

tпр = 15 мин - жұмысқа дайындалуға қажетті уақыт.

Қазбаны өту жылдамдығы: ауысымдық (Vсм, м/ауысымына), тәуліктік (Vсут, м/тәулігіне) және айлықтық (Vмес, м/айына)

Vсм = Nц·Lц,

Vсут = 3·Vсм немесе Vсут = 4·Vсм,

Vмес = 25,6·Vсут.

1 метр немесе 1 м3 қазбаны қазуда ұңғымашының орындаған еңбек өнімділігі (Рдл, м/адам-ауысымына) немесе (Роб, м3/адам-ауысымына)

,

.