
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
Еңбекті ұйымдастыру тау-кен қазбаларын өтудің техника-экономикалық көрсеткіштеріне біршама әсер етеді. Бұл қазбаны өту жылдамдығымен дәлелденеді.
Қазбаны бұрғылау атылыстық тәсілмен өту кезінде жұмыстарды циклдік ұйымдастыру қолданылады. Ұңғыма цикліне кіретін үдірістер тізбекті немесе параллельді (жартылай немесе толық бірлестіре) орындалуы мүмкін. Жартылай бірлестіре орындалатын жұмыстарға теспелерді бұрғылауды, жыныстарды тиеу мен тұрақты тіреуді орнатуды жатқызуға болады. Қосалқы жұмыстар негізгі үдірістермен бірлестіреді. Циклдің ұзақтығы үдірістерді бірлестіру дәрежесіне байланысты.
Қазбаны бұрғылау атылыстық тәсілмен өту жылдамдығының мөлшері 90...120 м/айына құрайды. Алдынғы қатарлы бригадалар 200...300 м/айына жетеді. Ал рекордтық жылдамдық - 800 м/айына дейін.
Көмір өнеркәсібінде қазбаны бұрғылау атылыстық тәсілмен өту кезінде еңбек өнімділігі 1...1,4 м3/адам-ауысымына, алдынғы қатарлы бригадаларда - 2...3 м3/адам-ауысымына, ал рекордтық көрсеткіш - 8...9 м3/адам-ауысымына құрайды.
Қазбаны бұрғылау атылыстық тәсілмен өту кезінде жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштерге төменгілерді орындай жетуге болады:
- БАЖ паспортын жетілдіре (тереңдікті енбелерді, диаметрі үлкен компенсациондық төтелдерді және т.б.);
- техникалық мәліметтерге сәйкес кен-техникалық жағдайларда ұңғыма техникаларын қолдана;
- бос тұру уақытын қысқарта;
- жұмыстарды механикаландыру қондырғыларын және агрегаттық жиынтықтарды (мысалы, “Сибирь”) қолдана;
- квалификациясы және сандығы бойынша ұңғымалық буындардың оңтайлы құрамын таңдай;
- тіреудің прогрессивті конструкцияларын қолдана.
2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
жүргізудің шамашарттарын есептеу
2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
Есептеулерді бастау алдында бұрғылау атылыстық жұмыстардың паспорты есептелуі қажет (келесі есептеулерге қолданылатын шамашарттар). Бұрғылау атылыстық жұмыстардың паспортын есептеу үшін 2.2 бөлімде келтірілген формулалар қолданылады.
Есептеуге қатысты бастапқы мәліметтер келесі мағлұматтарды құрауы қажет:
- машинаның техникалық сипаттамасы мен типін немесе теспелерді бұрғылауға арналған қондырғылардың типін, олардың кенжардағы санын Nбм;
- тиеу машинасының техникалық сипаттамасы мен типін, олардың кенжардағы санын Nпм;
- қазбаның жарықтағы (Sсв) және өтудегі (Sпр) қимасын;
- қазбаның көлденең қимасының шегіндегі жыныстың қаттылығы (f );
- теспелердің тереңдігі (Lш);
- кенжардағы теспелердің саны (N );
- теспелерді пайдалану коэффициенті (ТПК);
- арқалық бекітпелеу кәсектерінің ара қашықтықтары (Lр).
2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
«Теспелерді бұрғылау» үдірісінің жұмыс қиындығын есептеу
Бұрғышылардың саны (Nб, адам)
Nб = n1·Nбм,
мұндағы n1 – бұрғылық машиналарына қызмет ететін жұмысшылардың саны; ұстынды және қол электрбұрғылары үшін 1 адамнан, бұрғылау қондырғылары үшін әр машинаға 2 адамнан.
Бұрғылық машиналарының бір уақыттағы емес жұмыстарын ескеруші коэффициент (Кбн)
Кбн = 1,05 − 0,05· Nбм.
Қосалқы және маневрлік операцияларға жұмсалатын уақытты ескеретін коэффициент (Кбм):
- ұстынды және қол электрбұрғылары үшін Кбм = 1;
- басқалар үшін Кбм = 0,052+(0,118 − 0,004·f)·f.
Бұрғылық машиналарының дайындық коэффициенті (Кбг):
- қол электрбұрғылары үшін Кбг = 0,9;
- ұстынды электрбұрғылары үшін - Кбг = 0,85;
- басқалар үшін - Кбг = 0,936 − 0,017·f.
Жыныс қаттылығының өзгерісін ескеруші коэффициент (Кбгг):
- қол электрбұрғылары үшін
;
- ұстынды электрбұрғылары үшін - Кбгг = 5,034 − (0,937 − 0,051·f)·f;
- басқалар үшін - Кбгг = 6.845 − (1,346 − 0,073·f)·f.
Теспенің ұзындығын ескеруші коэффициент (Кш)
.
Бұрғылау машинасының тұтынымдық өнімділігі (Rбэ, шм/мин)
Rбэ = Nбм·Rбт·Кбн·Кбм·Кбг·Кбгг·Кш,
мұндағы Rбт – бұрғылау машинасының техникалық өнімділігі, шм/мин (2.11 - кесте).
2.11 - кесте
Бұрғылау машиналары-ның түрлері |
Электрбұрғылары |
Бұрғылау қондырғылары |
Бұрғылық-тиеуші машиналар |
|||
Қондырғылар мен машиналардың типтері |
Қол ЭБ (СЭР) |
Ұстынды ЭБ (ЭБГП) |
БУЭ-1 |
БУЭ 3 (БУЭ2) |
1ПНБ-2Б |
2ПНБ-2Б |
Өнімділігі, шм/мин |
0,78 |
0,50 |
0,99 |
1,98 |
0,99 |
0,99 |
Теспенің максимальды ұзындығы, м |
2,2 |
2,2 |
2,5 |
2,75 |
2,5 |
2,75 |
Жыныстың максимальды қаттылығы, f |
2 |
6 |
8 |
8 |
8 |
8 |
Smin - Smax, м2 |
2 - 30 |
2 - 30 |
6 -20 |
8 - 25 |
8 - 25 |
8 - 25 |
Теспелерді бұрғылау кезіндегі механикаландырылған операциялардың еңбек қиындығы (Тбм, адам-мин/м3)
,
мұндағы
- бұрғылау бойынша 1 м3
дайын қазбасына жұмсалған
жұмыс ауыртпалықты есептеу
коэффициенті;
N – кенжардағы теспелердің саны (БАЖ паспортынан қабылданады);
КИШ – теспелерді пайдалану коэффициенті.
Бұрғылау кезіндегі қол жұмысының операциялары.
Дайындала-аяқталу операциялары (Тбп, адам-мин/м3)
,
мұндағы Тбзц - дайындала-аяқталу операцияларының еңбек ауырпалығы, адам-мин/цикл;
- қол электрбұрғылары үшін - Тбзц = 20,9,
- ұстынды электрбұрғылары үшін - Тбзц = 67,5,
- басқалар үшін - Тбзц = 29,0.
Теспелерді орналастыра кенжарды шабақтау (Тбо, адам-мин/ м3)
,
мұндағы Тбоц - теспелерді орналастыра кенжарды шабақтаудың еңбек ауыртпалығы, адам-мин/теспе;
- қол электрбұрғылары үшін - Тбоц = 0,084,
- басқалар үшін - Тбоц = 0,705;
Кбго – жыныс қаттылығының өзгерісін ескеруші коэффициент,
- қол электрбұрғылары үшін - Кбго = 0,110+(0,464+0,086·f)·f ;
- басқалар үшін - Кбго = 0,020+(0,063+0,011·f)·f.
Бұрғылық қарнақты және бұрғыбасты ауыстыру (Тбс, адам-мин/м3)
Тбс = Кб·Тбсм·Кбгс,
Тбсм - бұрғылық қарнақты және бұрғыбасты ауыстырудың еңбек ауыртпалығы, адам-мин/шм;
Кбгс - жыныс қаттылығының өзгерісін ескеруші коэффициент;
- қол электрбұрғылары үшін - Тбсм = 0,075; Кбгс = 0,173+(0,478+0,049·f)·f;
- ұстынды электрбұрғылары үшін - Тбсм = 1,980; Кбгс = 0,398+(0,079+0,001·f)·f;
- басқалар үшін Тбсм = 0,535; Кбгс = 0,391+(0,080+0,001·f)·f.
Теспеден теспеге ауысу (Тбш, адам-мин/м3)
,
мұндағы Тбшш - теспеден теспеге ауысудың еңбек ауыртпалығы, адам-мин/теспе;
- қол электрбұрғылары үшін - Тбшш = 0,255;
- ұстынды электрбұрғылары үшін - Тбшш = 3,420;
- манипулятордағы машиналар үшін - Тбшш = 1,810.
Төменгі теспелерді бұрғылау үшін табанды тегістеу және тазалау (Тбп, адам-мин/м3)
,
мұндағы Тбпш - төменгі теспелерді бұрғылау үшін табанды тегістеудің және тазалаудың еңбек ауыртпалығы, адам-мин/теспе;
Кбгп - жыныс қаттылығының өзгерісін ескеруші коэффициент;
- қол электрбұрғылары үшін - Тбпш = 0,150; Кбгп = 0,475+(0,272+0,052·f)·f;
- ұстынды электрбұрғылары үшін - Тбпш = 0,755; Кбгп = 0,314+(0,112+0,002·f)·f;
- басқалар үшін - Тбпш = 0,540; Кбгп = 0,314+(0,112+0,002·f)·f.
Теспелерді тазалау (Тбч, адам-мин/м3)
Тбч = Кб·Тбчм,
мұндағы Тбчм - теспелерді тазалаудың еңбек ауыртпалығы, адам-мин/м;
- қол электрбұрғылары үшін - Тбчм = 0,050,
- басқалар үшін - Тбчм = 0,367.
Көпірлерді жинақтау және бөлшектеу (тек қана қол электрбұрғылары үшін), (Тбрэ, адам-мин/м3)
.
Теспелерді бұрғылау кезіндегі қол жұмысы операцияларының еңбек ауырпалықтарының қосындысы, (Тбр, адам-мин/м3)
Тбр = Тбз + Тбо + Тбс + Тбш + Тбп + Тбч + Тбрэ.
«Теспелерді бұрғылау» үдірісінің жалпы еңбек ауыртпалығы (Тб, адам-мин/м3)
Тб = Тбм+Тбр.
Бұрғылау бойынша жұмыстардың ұзақтығы (tб, мин)
.
мұндағы Vц – цикл ішінде дайындалған қазбаның көлемі м3;
Vц = Lш·КИШ·Sсв.
«Жыныстарды тиеу» үдірісінің еңбек ауыртпалығын есептеу
Тау-кен массасын (жыныстарды) тиеу үзік әрекетті (ПД) немесе үздіксіз әрекетті (НД) ППМ типті жыныстиегіш машиналарының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Кенжарда бір мезгілде жұмыс істейтін ППМ (Nпм) машиналарының саны қазбаның көлденең қимасының өлшемдеріне, ППМ габаритіне және қазбаны интенсивті жүргізуге байланысты таңдалады.
ППМ машиналарына қызмет көрсететін жұмысшылардың саны (Nп, адам)
Nп = 2·Nпм.
Бір уақыттағы емес ППМ машинасының жұмысын ескеруші коэффициент (Кпн)
Кпн = 1,15 − 0,15·Nпм.
Қосалқы және маневрлеу операцияларына жұмсалатын уақытты ескеруші коэффициент (Кпм);
ППМ ПД үшін Кпм = 0,90;
ППМ НД үшін Кпм = 0,70.
ППМ дайындығын ескеруші коэффициент (Кпг)
ППМ ПД үшін Кпг = 0,902 − 0,004·f,
ППМ НД үшін Кпг = 0,776 − 0,018·f.
Жыныс қаттылығының өзгерісін ескеруші коэффициент (Кпгг)
ППМ ПД үшін Кпгг = 1,540 − (0,138 − 0,006·f)·f,
ППМ НД үшін Кпгг г = 1,559 − (0,137 − 0,005·f)·f.
Тиеу машиналарының пайдалану өнімділігі (Rпэ, м3/мин)
Rпэ = Nпм·Rпт·Кпн·Кпм·Кпг·Кпгг,
мұндағы Rпт – тиегіш машинасының техникалық өнімділігі, м3/мин (2.12, 2.13 - кестелер).
2.12 – кесте - Шөмішті тиегіш машиналар
ППМ типі |
ППН-1 |
ППН-3 |
ППН-5 |
ППМ-4У |
МПК3 |
Өнімділігі, м3/мин |
0,45 |
0,90 |
0,70 |
0,70 |
1,35 |
Smin, м2 |
6,0 |
7,5 |
6,5 |
6,5 |
8,0 |
Жылжу механизмі |
доңғалақты-рельсті |
шыңжырлы |
|||
Қазбаның құлама бұрышы, град |
+3 -3 |
+3 -3 |
+3 -3 |
+10 -10 |
+10 -10 |
2.13 – кесте - Үздіксіз әрекетті тиегіш машиналар
ППМ типі |
1ПНБ-2 |
1ПНБ-2у |
2ПНБ-2 |
2ПНБ-2у |
Өнімділігі, м3/мин |
1,47 |
0,74 |
1,70 |
0,85 |
Smin, м2 |
6,0 |
6,0 |
6,0 |
6,0 |
Жылжу механизмі |
шыңжырлы |
|||
Қазбаның құлама бұрышы, град |
+10 -10 |
+10 -18 |
+10 -10 |
+10 -18 |
Жынысты тиеу кезіндегі механикаландырылған операциялардың еңбек ауыртпалығы (Тпм, адам-мин/м3)
,
мұндағы
- жынысты тиеу бойынша 1
м3 дайын қазбасына
жұмсалған жұмыс ауыртпалықты есептеу
коэффициенті.
Nпп – жынысты тиеу жұмысымен айналысатын жұмысшылардың саны, адам; кенжараралық жыныс көлігінің схемасына байланысты:
жынысты науаға тиеу кезінде - Nпп = Nп + 1.
жынысты вагонеткаға тиеу кезінде - Nпп = Nп + 2
Жынысты тиеу кезінде қол жұмысының операциялары.
Жынысты тиеу кезіндегі дайындала-аяқталу операциялары (Тпп, адам-мин/м3)
,
мұндағы Lц = Lш·КИШ – цикл аралығында кенжардың жылжуы, м.
Кенжарды шабақтау (Тпо, адам-мин/м3)
Тпо = 0,68·Кп·Кпго,
мұндағы Кпго – жыныс қаттылығының өзгерісін ескеруші коэффициент
Кпго = 0,145+(0,206 − 0,007·f)·f.
Уақытша сақтандырғыш тіреуді орнату (Тпк, адам-мин/м3)
Тпк = 1,57·Кп.
Қол жұмысының келесідегі операциялары қазылып алынған жыныстарды қолданылатын кенжараралық көлік схемасының вариантына сәйкес жеткізуге байланысты.
1 - вариант. Жыныс ППМ машинасының көмегімен тиегіш арқылы науаға жеткізіледі. Бұл жағдайда машинаны басқаруға Nп = 2 адам қатысады, ал науаны басқаруға Nо = 1 адам. Толығымен алғанда жынысты тиеуге қатысатын адам саны
Nпп = Nп+Nо.
Табанды тазалау және жынысты ППМ тиегіш ағзасына лақтырып тиеу келесідей анықталады (Тпз, адам-мин/м3)
Тпз = Кп·Тпзм·Кпгз,
мұндағы Кпгз – жыныстың қаттылық өзгерісін ескеруші коэффициент
Кпгз = 0,119+(0,220+0,009·f)·f
Тпзм - табанды тазалап және жынысты ППМ тиегіш ағзасына лақтырып тиеу операциясының еңбек ауыртпалығы, адам-мин/м3 қазбаны өтуде
ППМ ПД үшін Тпзм = 3,45;
ППМ НД Тпзм = 1,55.
Ірі кесекті көмірді және жынысты бұзып ұсату (Тпр, адам-мин/м3)
Тпр = 0,71·Кп·Кпгр,
мұндағы Кпгр - жыныстың қаттылық өзгерісін ескеруші коэффициент
Кпгр = 0,160+(0,208 − 0,008·f)·f.
Вагонеткаларды алмастыру – бұл вариантта кенжараралық көлік схемасы қараластырылмайды.
2 - вариант. Жыныс ППМ машинасының көмегімен вагонеткалар партиясына жеткізіледі. Вагонеткалар партиясын алмастыру электровоздың көмегімен жүзеге асырылады. Партиядағы вагонеткалардың саны вагонеткалардың типтік өлшемдеріне, олардың габариттеріне, тиегіш габариттеріне, сондай-ақ уатпаланған жыныстың көлеміне байланысты (мүмкіндігінше партиядағы вагонеткалардың санын цикл аралығында қазып алынатын жыныс көлемін орналастыруға сәйкестіруге қажет).
Вагонеткаларды алмастырудың еңбек ауыртпалығы (Т2по, адам-мин/м3)
,
мұндағы Nв, Vв – сәйкес: партиядағы вагонеткалардың саны және бір вагонетканың сыйымдылығы, м3 (табл. 2.14).
2.14 - кесте
Вагонетканың типі |
ВГ-1,1 |
ВГ-1,4 |
ВГ-1,6 |
ВГ-2,5 |
ВГ-3,3 |
Сыйымдылығы, м3 |
1,1 |
1,4 |
1,6 |
2,5 |
3,3 |
Егерде уатпаланған тау-кен массасын тиеуге 4 адам қатысатын болса Nпп = 4 (2 адам ППМ машинасында және 2 адам вагонеткаларды алмастыруда), онда төмендегі операциялардың еңбек ауыртпалығының қосындысы мынаны құрайды (Т2пс, адам-мин/м3):
- ППМ машинасының көмегімен механикаландырылған тиеу;
- қол жұмысының операциялары: табанды тазалау және жынысты ППМ машинасының тиегіш ағзасына лақтыра тиеу, ірі кесекті жыныстарды ұсақтау және вагонеткаларды алмастыру – келесідей анықталады
,
Мұндағы Nо = 2 – вагонеткаларды алмастыруға қатысатын ұңғымашылардың саны.
3 - вариант. Жеке дара вагонеткаларға жыныстарды тиеу ППМ машинасының көмегімен жүзеге асырылады. Тиелген вагонетканы тиелмеген вагонеткаға алмастыру қол күшімен тасымаланады.
Вагонеткаларды алмастырудың еңбек ауыртпалығы (Т3по, адам-мин/м3)
Т3по = 3,07·Кп·Кпп·Кпгв·Кпвв,
мұндағы Кпп – вагонеткаларды алмастыруға қатысатын ұңғымашылардың санын ескеруші коэффициент
Кпп = 0,810+(0,091+0,002·Nо)·Nо,
Nо = 2 болғанда Кпп = 1;
Кпгв – жыныс қаттылығының өзгерісін ескеруші коэффициент
Кпгв = 0.920+(0.006+0.002·f)·f;
Кпвв – вагонетканың сыйымдылығын ескеруші коэффициент
.
Егерде уатпаланған тау-кен массасын тиеуге 4 адам қатысатын болса Nпп = 4 (2 адам тиеуге және 2 адам вагонеткаларды алмастыруда), онда төмендегі операциялардың еңбек ауыртпалығының қосындысы мынаны құрайды (Т3пс, адам-мин/м3):
- ППМ машинасының көмегімен механикаландырылған тиеу;
- қол жұмысының операциялары: табанды тазалау және жынысты ППМ машинасының тиегіш ағзасына лақтыра тиеу, ірі кесекті жыныстарды ұсақтау және вагонеткаларды алмастыру – келесідей анықталады
.
Барлық варианттарда үзік әрекетті ППМ машинасын қолданғанда кенжараралық көлік схемасында жылжымалық уақытша рельс жолын жылжыту және оларды төсеу бойынша операциялардың еңбек ауыртпалықтары ескеріледі (Тпу, адам-мин/м3)
.
«Жыныстарды тиеу» үдірісінің жалпы еңбек ауыртпалығы (Тп, адам-мин/м3):
1- вариант: Тп = Тпм + Тпп + Тпо + Тпк + Тпз + Тпр + j·Тпу;
2- вариант: Тп = Т2пс + Тпп + Тпо + Тпк + j·Тпу;
3- вариант: Тп = Т3пс + Тпп + Тпо + Тпк + j·Тпу;
мұнда j = 1 ППМ ПД үшін және j = 0 ППМ НД үшін.
Жыныстарды тиеу бойынша жұмыстардың ұзақтығы (tп, мин)
.
«Арқалы тіреуді орнату» үдірісінің еңбек ауыртпалығын есептеу
Тіреу материалдарын жеткізу (Там, адам-мин/м3)
Там = Ка·[14,49-Sпр·(0,85 − 0,0625·Sпр)],
мұндағы
- тіреуді орнату бойынша 1
м3 дайын қазбасына
жұмсалған жұмыс ауыртпалықты есептеу;
Lр – арқалық кәсектердің аралық қашықтығы, м.
Ұяшықты дайындау (Тал, адам-мин/ м3)
Тал = Ка·[2,59+f·(1,53 − 0,035·f)].
Қазбаның төбесі мен бүйірлерін тегістеу (Тав, адам-мин/м3)
Тав = Ка·(4,823 + 0,795·Sпр)·[0,216 + (0,161 − 0,007·f)·f].
Көпірлерді орнату және бөлшектеу, бекітпе тіреуішін және ағаш сыналарын дайындау, хомуттарды және планкаларды әзірлеу, тіреудің дұрыс орнатылуын тексеру (Тап, адам-мин/м3)
Тап = Ка·8,0.
Бекітпе элементтерін қосу және тіреуді орнату (Тау, адам-мин/м3)
Тау = Ка·[14,72 + Sпр·(1,435 + 0,0984·Sпр)].
Қазбаның төбесі мен бүйірлерін тартпалау және кәсек артындағы қуысты жыныстармен толтыру (Таз, адам-мин/м3.)
Таз = Ка·Lр·[28,618 + Sпр·(3,05 + 0,12·Sпр)].
«Арқалы тіреуді орнату» үдірісінің еңбек ауыртпалықтарының қосындысы (Та, адам-мин/м3.)
Та = Там + Тал + Тав + Тап + Тау + Таз.
Қосалқы жұмыстардың еңбек ауыртпалықтарын есептеу
Рельстік жолдарды төсеу (Твп, адам-мин/ м3)
Твп = Кв·Nр·[36,0 + f·(1,756 - 0,088·f)],
мұндағы
- 1 м3 дайын қазбасына
жұмсалған қосалқы жұмыстардың еңбек
ауыртпалықтарын есептеу коэффициенті.
Суақпа жырасын жүргізу (Твв, адам-мин/м3)
Твв = Кв·[64,170+f·(0,918-0,032·f)].
Желдетпелік және су құбырларды өсіру (Твт, адам-мин/ м3)
Твт = Кв·7,8.
Сырма науасын өсіру (Твс, адам-мин/ м3)
Твс = Кв·53,6.
Дара рельсті өсіру (Твм, адам-мин/ м3.)
Твм = Кв·20,0.
Қосалқы жұмыстардың еңбек ауыртпалықтарының қосындысы (Твр, адам-мин/ м3)
Твр = Твн + Твв + Твт + Твс + Твл + Твм.
Технологиялық үзілістерді анықтау
Теспелерді оқтамалау және аттыру (tзв, мин)
,
мұндағы Nзр – теспелерді оқтамалауға қатысатын ұңғымашылардың саны; Nзр = 2…3 адам.
Теспелерді аттырудан кейін кенжарды желдету (tпр, мин), ҚЕ бойынша желдетуге жұмсалатын уақыт 30 минуттан көп емес, яғни
tпр ≤ 30.
Регламенттік үзіліс (tрг, мин) кенжарды желдетумен біріктіріледі, ал егерде ауысым аралығында аттырыс жұмысы орындалмаса, онда үзіліс қандайда бір үдірісті орындау кезінде қараластырылады.
tрг = 20.