
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
Тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде жыныстарды бекіндіру үшін теспелер мен төтелдер арқылы инъекцияландырылатын бекітпелеуші ерітінділер қолданылады.
Жыныстарды бекіндіру жұмыстары келесіге бөлінеді:
- жыныстарды алдын-ала бекендіру. Бұл жұмыс тұрақсыз жарықшақты жыныстарда қазбаларды өтуге мүмкіндік жасайды;
- жыныстарды кейінірек бекендіру. Тіреу жұмысын жақсарту үшін кенұңғымалық жұмыстары артынан қалып орындалады. Бұл еңбек көлемдігі төмен және қымбат тұратын тіреу конструкцияларын қолдануға мүмкіндік жасайды.
Теспелерді бұрғылау үшін қарнақтауға арналған жабдықтарды қолдануға болады. Бекітпелеуші ерітінділерді еңгізу үшін арнаулы қондырғы (мысалы, “Тампонаж-1” типті) және бүрікпе бетонды “сулы” қондырғы қолданылады. Бекітпелеуші ретінде цементтік және құрамында синтетикалық смола бар ерітінділер қолданылады.
2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
Ұңғыма циклінің кейбір үдірістерін механикаландыру еңбек өнімділіктерін және қазбаны өту жылдамдығын біршама арттыра қоймайды.
Бұл көрсеткіштерді елеулі арттыру еңбекті рациональды ұйымдастыру мен барлық технологиялық үдірістердің механикаланған жиынтығын үйлестіру негізінде мүмкін. Механикаланған жиынтық ұңғыма машиналарын бір жүйеге-ұңғымалық жиынтыққа біріктіру арқасында (кинематикалық және технологиялық) қамтамасыз етіледі.
Бұрғыаттырыстық тәсілмен қазбаларды өтуге арналған ұңғыма жиынтығы арнайы құрылғылардан немесе бұрғылық машиналар мен қондырғылардан, тиегіш және бұрғытиегіш машиналардан, тіреуді орнатудың механикаландыру тәсілінен, кенжараралық тасымдау машиналарынан және жабдықтардан (тиегіштен, науадан, вагонеткаларды ауыстыру жолдарынан) тұрады.
Жиынтықтың өнімділігі барлық технологиялық бау бойынша механизмдердің қуатын максимальды қолдану арқасында анықталады.
Көмір шақтылары мен рудниктерінде қазбаларды әр түрлі кен-геологиялық жағдайларда бұрғылау атылыстық тәсілмен өту үшін ұңғымалық жабдықтардың оңтайлы жиынтығы жетілділдірілген.
Мысалы, КГВ-1 және КГВ-2 жиынтықтары теспелерді бұрғылауды, жыныстарды тиеу мен тасымалдауды және арқалық металл тіреуін бекітпелеуді механикаландырады. Жиынтықтардың құрамы 2.10 - кестеде көрсетілген.
Кенөндіріс өнеркәсіптерінде кен-ұңғымалық машиналар мен механизмдердің көптеген түрлері қолданылады. Түрлі-түсті металлургиялық рудниктерде қазбаларды негізінде тығыздығы жоғары 2,6…3,5 т/м3 (60…70 %) орташа қаттылықты және қаттылықты жыныстарда жүргізеді. Бұл жағдай өтудің технологиялық схемасында жабдықтарды таңдауды анықтайды. Жабдықтардың тұрпатының өсуімен байланысты қазбаның көлденең қимасының ауданы мен оның құны өседі.
Қазіргі кезде рудниктерде жазық даярлық және күрделі қазбалардың 80% жоғарысы 10 м2 шамасындағы қималы ауданда өтіледі. Бірақта кейбір рудниктерде қысымдоңғалақты қуатты өзіжүргіш жабдықтарды қолданудың арқасында қазбалардың көлденең қималарының аудандарын өсіруге жол ашылды. Бұндай өзіжүргіш бұрғылау және тиеп-тасушы машиналары рельс жолымен жүретін машиналарымен салыстырғанда жоғары маневрлігімен, мобилдігімен және өнімділігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, ауысым уақытында 2— 3 кенжарда қолданылуы мүмкін.
Ұңғылама жұмыстарын жобалау кезінде бұл машиналардың санын кенжарда минимальды болдыруға тырысу қажет. Мысалы, егерде қазбаны қаттылығы f < 14 төмен жыныстарда және рельс жолы бар қазбаларда өткен жағдайда жоғарғы көрсеткіштер НБ-1 типті бұрғылау жабдығы ілінген (БГА типті бұрғылау машиналарымен) 2ПНБ-2 типті бұрғылап-тиеу машинасын, бункер-поезын немесе ВПК типті ұңғыма вагондарын қолданған кезде жүзеге асырылады (2.11 - сурет). Өзіжүргіш жабдықтарды және рельссіз көліктерді қолданған жағдайда қазбаны өтудің жоғарғы көрсеткіштеріне ұңғыма машиналарының санын минимальды қабылдаған кезде жетуге болады. Мысалы, бұрғылап-тиеу машинасын ВС типті өзіжүргіш вагонмен немесе өзітүсіргішпен біріктіре қолданған жағдайда (2.12 - сурет).
2.10 - кесте - КГВ ұңғымалық жиынтықтарының құрамы
Жиынтықтың типі |
КГВ-1 |
КГВ-2 |
Тиеу машинасы |
2ПНБ-2 |
2ПНБ-2 |
Тиегіш |
УПЛ-2м |
УПЛ-2м |
Вагонетка |
ВГ-3,3 |
- |
Науа |
- |
1ЛТП-80 |
Бұрғы қондырғысы |
БУА-3С |
БУА-3С |
Бекітпеорнатқыш |
КПМ-8 |
КУ-1 |
2.11 - сурет - ВПК ұңғыма вагондарымен және бұрғытиеу машинасымен қазбаларды өтудің технологиялық схемасы
2.12 - сурет - Өзітүсіргішпен және бұрғытиеу машинасымен қазбаларды өтудің технологиялық схемасы
2.13 - сурет - Өзіжүргіш тиеп-тасушы (1) және бұрғылау (2) машиналарымен қазбаны өтудің технологиялық схемасы: 1 - ПД типті тиеп-тасушы машинасы; 2 - СБКН-2П типті бұрғылау қондырғысы.
2.14 - сурет - Қазбаны өтудің технологиялық схемасы: 1 - ППН-2Г типті тиеу машинасы; 2 - ВС-5П типті өзіжүргіш вагон; 3 - СБКН-2П типті бұрғылау қондырғысы.
Көлік қазбаларын өту кезінде жақсы көрсеткіштерге сондай-ақ, өзіжіргіш бұрғылық кареткаларын, ПТ немесе ПД типті тиеп-тасушы машиналарын қолдана жетуге болады (2.13 - сурет).
Этажаралық қазбаларды өту кезінде ұңғыма жиынтықтары (қондырғылары ) жиі қолданылады. Олар ППН-2Г типті шыңжыр табанды жүргізгіштен, ВС-5П типті өзіжүргіш вагоннан және СБКН-2ПМ типті бұрғы кареткасынан тұрады (2.14 - сурет).