
- •Мазмұны
- •1 Дайындау тау-кен қазбаларын тіреу
- •1.1 Дайындау тау-кен қазбаларының пішіндері мен көлденең қималарының өлшемдері
- •1.2.1 Ағашты материалдар
- •1.2.2 Металл материалдары
- •1.2.3 Тұтқырлы заттар
- •1.2.4 Ерітінділер, бетон және темірбетон
- •1.2.5 Тасты материалдар
- •1.3 Дайындау тау-кен қазбаларының тіреулері
- •1.3.3 Тіреулердің түрлерін таңдау
- •1.3.4. Дайындау тау-кен қазбалары тіреулерінің конструкциялары
- •1.4 Жыныс массиві мен тіреудің әрекеттестік механизмі
- •2 Орташа қатты жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •2.1 Ұңғыма циклі
- •2.2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.2.1 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.2.2 Аз шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
- •2.2.3 Теспелердің кенжарда орналасуы
- •2.2.4 Бұрғылық машиналар және теспелерді бұрғылау
- •2.2.5 Теспелерді оқтау және аттыру
- •2.3 Қазбаларды желдету
- •2.3.1 Желдету схемалары және тәсілдері
- •2.3.2 Тұйық қазбаларды желдетудің шамашарттарын есептеу
- •2.4 Жынысты тиеу
- •2.5 Кенжараралық көлік
- •2.6 Қосалқы жұмыстар
- •2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату
- •2.6.3 Рельс жолдарын төсеу
- •2.6.4 Кабельдер мен құбырларды төсеу
- •2.6.5 Жарықтандыру
- •2.6.6 Жеткізу жұмыстары
- •2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
- •2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
- •2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
- •2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
- •2.7.4 Жыныстарды бекіндіру
- •2.8 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •2.9 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.10 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолдана дайындау қазбаларын
- •2.10.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •2.10.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •2.10.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •3 Әр текті жыныстарда жазық қазбаларды жүргізу
- •3.1 Қазбалардың көлденең қималарының пішіндері және оларды жүргізу тәсілдері
- •3.2 Қазбаларды тар енсіз кенжарлармен жүргізу
- •3.3 Қазбаларды енді кенжармен жүргізу
- •4 Қазбаларды комбайндармен жүргізу
- •4.1 Ұңғымалық комбайндардың сипаттамасы және қолдану орны
- •4.4 Тұрақты тіреуді орнату
- •4.5 Желдету және шаңбасу
- •4.6 Жұмыстарды ұйымдастыру
- •4.7 Талдамалы әрекетті комбайындарды қолдана дайындау қазбаларын жүгізудің шамашарттарын есептеу
- •4.7.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.7.2 Еңбек көлемдігі үдірістерін есептеу
- •4.7.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық
- •5 Көлбеу қазбаларды жүргізу
- •5.1 Жалпы мәлімет
- •5.2 Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы
- •5.3 Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізу технологиясы
- •5.4 Сырғымаларды жүргізу
- •5.5 Пештерді жүргізу
2.7 Тұрақты тіреулерді орнату
Кенжарды бекіту жұмыстары негізгі үдірістердің бірін құрайды. Ол қазбаны жүргізудің жылдамдығына және құнына әсер етеді. Оған қол еңбек күші көп жұмсалады. Цикл кезіндегі жұмыстың ауырлығы және ұзақтығы 25...50 % құрайды. Бекітпелеу жұмыстары қазбаны тіреу мен жүргізудің паспортына сәйкес жүзеге асырылады.
2.7.1 Кәсектік тіреуді орнату
Кәсектік тіреу көп элементті (1 м қазбаға 50 элементтерге дейін жұмсалады), механикаландыруға ауыр көнеді (20...25%) және негізінде қол күшінің көмегімен орнатылады.
Металлды арқалы тіреуді орнату жұмысы келесі тізбектелген түрде орындалады:
- кенжарды тексеру және жыныстардың ілікпетастарын түсіру;
- тіреу тіректерін қазбаның табанындағы ұяшыққа немесе ағаш төсемесіне орнату және оларды бұрын орнатылған кәсектерге (арқаларға) тартқыштардың көмегімен бекітпелеу;
- тіректерге маңдайшаны кигізу және оны скобалардың, планкалардың көмегімен бекітіп гайкалармен тарту;
- тіктемелердің көмегімен арқаның тік орнатылуын тексеру және маңдайшаны бұрын орнатылған кәсекпен тартқыш арқылы қосу;
- орнатылған кәсектің құлпына ағаш сыналарын қағу, кәсек аралық қоршауды (тартпаны) орнату және тіреу артындағы кеңістікті жыныстармен бітемдеу.
Кәсекті тіреулерді орнатуды механикаландыру тәсілдері (бекітпеорнатқыштар) олардың констукциялары бойынша келесілерге бөлінеді:
- ілмелі тіреулер. Ұңғымалық жабдықтарға құрастырылады (вагонеткаға немесе жынысты тиеу машинасына);
- аспалы тіреулер. Өлшемдері шамалы, пайдалануда қарапайым және перспективалы. Бастапқыда орнатылған кәсектерге аспалынады және дара рельс бойынша жылжиды;
- табан үсті тіреулері. Қималары үлкен қазбаларда қолданылады. Себебі кенжараралық аймақты ығыстырады.
Жұмыстың еңбек көлемдігін төмендету мақсатымен тіреу элементтерінің маңдайшаларың көтеру және орнату үшін әртүрлі күрделі емес құрастыру мойындары, тірек типті көтергіштер және т.б. қолданылады.
2.7.2 Бүрікпе бетон тіреуін орнату
Бүрікпе бетон тіреуін орнату арнаулы машинаның көмегімен қазба бетіне бетон қоспасын едәуір жылдамдықты қысыммен еңгізеді. Сығылған ауа энергиясы қолданылады. Бетон қоспасын беру тәсілі бойынша бүрікпе бетон машиналары екі түрге бөлінеді:
- құрғақ машина. Сығылған ауаның көмегімен құрғақ бетон қоспасы құбыр арқылы қазба бетіне беріледі және құбырдың соплосынан шығар алдында сумен араластырылады;
- сулы машина. Сығылған ауаның көмегімен дайын бетон қоспасы қазба бетіне беріледі.
Бүрікпе бетон тіреуі дербес түрде немесе металлды тормен біріге қарнақтармен қолданылады. Тіреудің басқада түрлерімен салыстырғанда бүрікпе бетон тіреуінің механикаландыру деңгейі өте жоғары.
2.7.3 Қарнақты тіреуді орнату
Қарнақты тіреуді орнату үдірісі келесі тізбекпен орындалатын операциялардан тұрады:
- теспелерді (төтелдерді) бұрғылау;
- теспелерге (төтелдерге) қарнақты орнату;
- қазба кеңістігіне шығып тұрған қарнақ шетіне металлды торды және таяныш плитасын кигізу;
- қарнақты гайканың көмегімен тартып бекіту.
Қарнақты тіреуді орнатудың қиындығы қарнақтың типіне, қарнақтың ұзындығына, қазбаның көлденең қимасының өлшемдеріне байланысты.
Қарнақты тіреуді орнатудың механикаланған жиынтығы бекітпелеудің сапасы мен беріктігін қамтамасыз етеді және жұмыстың қауіпсіздігі мен еңбек өнімділігін арттырады. Қарнақты бекітуге арналған теспелер мен төтелдерді бұрғылау үшін арнайы бұрғылау қондырғылары құрылған:
- ПА-1 типті жылжымалы станок. Ол алыстан басқаратын электр бұрғысын, жылжыту құрылғысын және керме тірегін құрайды;
- МАП16 типті машина теспелер мен төтелдерді қарнақтау үшін арналған. Ол электрліқысымдық бұрғыдан, керме тіректен, қысымкамералық шиналардан тұратын жүргізгіш бөліктен, гайкаайналдырмадан және бұрғылау құрал-саймандарынан тұрады.
Рудниктерде теспелер мен төтелдерді қарнақтау үшін қуаттылығы жоғары қондырғы, мысалы, УБШ-510ДЭВ типті бұрғылық қондырғысы құрылған.