Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТКЖ ДҚЖТ Оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.31 Mб
Скачать

2.5 Кенжараралық көлік

Жынысты тиеудің өнімділігі тиеу машинасының өнімділігі мен қолданылатын кенжараралық көліктің технологиялық схемасына тәуелді.

Дара вагонеткаға жынысты тиеу кезінде тиеу машинасының қолдану коэффициенті 0,3...0,6 құрайды. Бұндай жағдайда кенжардан жүктің тоқтаусыз тасымдау шамасына вагонетканың сыйымдылығы, алмастыру құрылғысының конструкциясы, алмастыру құрылғысының кенжардың жылжуына байланысты орнын ауыстыру қашықтығы және бір мезгілде жұмыс істейтін машиналардың саны әсер етеді. Көрсетілген факторлардың ішінен маңыздысы болып тиелген вагонетканы тиелмеген вагонеткаға ауыстыру тәсілі саналады.

Екі жолды қазбаларда бір тиеу машинасы жұмыс істеген кезде маневрлік плитасы қолданылады. Ол кенжардан 30...60 м қашықтықта орнатылады. Сондай-ақ екі тұрақты жол кенжарға дейін төселетін бір уақытша жолмен қиюластырылады (2.8-сурет, в). Екі тиеу машинасы жұмыс істеген кезде екі жол кенжарға дейін төселеді. Алмастыру құрылғысы ретінде қондырма айырық-плитасы (2.8-сурет, г), ролик типті платформа және вагонауыстырғыш қолданылады. Айырық-плитасы кенжардан 15...25 м қашықтыққа орнатылады және 5...10 м-ден кейін орны ауыстырылады. Оның көмегімен вагонеткаларды ауыстыру уақыты 2...5 минутты құрайды.

Бір жолды қазбаларда вагонеткаларды алмастыру тұйық айырықтың (2.8-сурет, а) және жабық айырықтың (2.8-сурет, б) көмегімен жүзеге асырылады.

2.8 - сурет - Төменгілерді қолдана кенжараралық аймақта дара вагонеткаларды ауыстыру схемасы: а – тұйықтық айырық; б – жабық айырық; в – бастырма айырық-плита; г – екі жақты бастырма айырық-плита

1- тиеу машинасы; 2 - тиелмеген вагонетка; 3 - электровоз; 4 - тиелген вагонетка; 5 - бастырма айырық-плита; 6 - екі жақты бастырма айырық-плита

Дара вагонеткаларды тасымалау схемасы ауыр жұмыс және орындау операцияларының ұзақтығымен ерекшеленеді.

Жыныстарды тиеу машинасының көмегімен вагонеткалар партиясына немесе науаға тиеу үшін науалық тиегіш қолданылады. Олардың бір бірінен айырмашылығы өлшемдерімен, типтерімен (таспалы, сырмалы), жүргізгіштің қуаттылығымен (15...34 квт), сұлама-тіреуді ұстау тәсілімен (ілмелі және тіректі). Тиегіштер рельс жолдарының үстінде немесе араларында орналастырылады.

Ағытылмаған вагонеткалар партиясын (4...7 дана) электровоздың (2.9-сурет, а) немесе құрастырма шығырдың көмегімен тиегіш астына жеткізіледі . Жынысты тиеудің жоғарғы нәтижелігі қазба бойынша тиегішпен бірге науаны (2.9-сурет, б) қолданған жағдайда жүзеге асырылады.

2.9 - сурет - Кенжараралық аймақта тиегішті қолдана кен массасын вагонеткаларға (а) және науаға (б) тасымдау схемасы: 1 – тиеу машинасы; 2 - тиегіш; 3 - вагонетка; 4 - электровоз; 5 - науа

Жынысты тасымдау үшін ВПК-7 және ВПК-10 типті өзі түсіретін вагондар қолданылуы мүмкін. Олардың сыйымдылықтары 7 және 10 м3. Кен массасын вагондарға тасымдау және оларды түсіру үшін түпті сырма науасы қолданылады. Сондай-ақ 3...5 вагондардан тұратын шанақ (бункер)-поездар қолданылуы мүмкін.

2.6 Қосалқы жұмыстар

2.6.1 Уақытша тіреулерді орнату

Кенжараралық аймақта жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздін қамтамасыз ету үшін тұрақты тіреуді орнату алдында уақытша тіреу тұрғызылады.

Уақытша тіреудің түрлері:

- жыныстардың опырылысынан сақтауға арналған сақтандырғыш тіреу. Жиі жағдайда екі металлды мәткеден тұратын созылмалы сұлама-тіреу қолданылады (2.10 - сурет). Мәткелер кенжарға жақын орналасқан тұрақты тіреудің 3...4 кәсектерінің маңдайшаларына скобаның көмегімен ілінеді. Мәткелерге тақтайлардан дайындалған қалқан жатқызылады. Кенжар жылжыған сайын созылмалы мәткелер тартылады;

- жоғарғы тұстағы жыныстардың құлауынан және қатпарлауынан сақтауға арналған сүйемелдеуші тіреу. Ол үшін екі ГС типті сутіректен тұратын кәсектер, ағаш маңдайшалары және тормен жиналған қарнақты бекітпелер және т.б. қолданылуы мүмкін.

2.10 - сурет - Уақытша сақтандырғыш тіреу: 1 – тұрақты тіреу; 2 – ілмелі созылмалы мәтке; 3 – тақтайдан жасалған төсегіш

2.6.2 Су арығын тұрғызу

Су арығының өлшемдері мен пішіндері су жиналымының мөлшеріне, қазбаның табан жынысының қасиетіне және тұрақты тіреудің типіне байланысты таңдалады. Су арығының пішіні жиі жағдайда трапеция тәріздес қабылданады. Су арығын адам жүретін жаққа орналастырады. Шақтының орталық су жинағышына еңкіш бағыттандырылады. Арықтар темірбетонды плиталармен немесе ағаш төсеніштерімен жабылады..

БАЖ паспортында болашақ арық орнына кенжар теспелерінің жиынтығымен бір мезгілде аттырылатын 1-2 қосымша көлбеу теспелері қараластырылады. Арықты уатпа балғасының көмегімен жобалық өлшемдеріне келгенге дейін безеңдіреді. Суланбайтын бекемді жыныстарда арықты бекітпейді. Басқа жағдайларда арық ағаштармен, монолитті бетонмен, темірбетонмен немесе асбестцементті арнамен бекітіледі.